Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

80
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Мүсінші Ермек балаларды ғарышқа саяхатқа аттануға 
шақырады. Біз көппіз, бір зымыранға сыймаймыз. 
Сондықтан командаларға бөліну керек. 
(Ұ, Т, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгімен танысу. 
Ермек командаларға сюжеттік композиция құрауды 
ұсынады.
Балалар команда ішінде атқаратын міндеттерін өзара 
бөлісіп алады (жұлдыздар жасау, зымыран жасау, 
ғарышкерді мүсіндеу). 
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә-Жоқ». Балалар ермексазбен 
жұмыс істеу ережелерін еске түсіреді.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін талқылау».
Педагог: балаларға тапсырманы берілген сызба 
бойынша ғана емес, шығармашылық қабілеті мен 
қиялын пайдалана отырып өз бетінше жасауға 
мүмкіндік береді.
1.
Цилиндр және конус жасаймыз.
2.
Бөлшектерді бір-бірімен қосамыз.
3.
Біріккен жерлерін ширатпамен жасырамыз. 
Зымыранның төменгі жағын да осындай ширатпамен 
сәндейміз. Ол үшін бірдей үш конус жасап аламыз 
және оларды жалпайтып, үшбұрыш пішініне 
келтіреміз. Оларды да зымыранның төменгі жағына 
жапсырамыз.
4.
Иллюминаторға кірісеміз. Ол үшін ермексазды 
домалақтап, кішігірім шар жасаймыз. Оны 
жалпайтып, кеменің корпусына жапсырамыз. 
Содан соң қара түсті ермексаздан кішкентай шар 
жасаймыз. Оны да жалпайтып, бірінші жалпақ 
пішінді ермексаздың үстіне жапсырамыз. Ермексаздан 
жасалған зымыранымыз дайын деуге болады.
5.
Зымыранды ұсақ моншақтармен, әйнек 
сынықтарымен (стеклярус) безендіруге болады.
6.
Ғарыш кемесі ұшуға дайын.
(Т, Ө) Ой қорыту:
– Біз мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?  
(Ширату, домалақтату, жалпайту, барлық бөлшектерді 
мұқият біріктіреміз).
 (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Луноход». 
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас»
ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсетіп отыру.
Ермек балаларға жұмыс барысында барынша мұқият, 
зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық пен 
тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом,
Түрлі түсті ермексаз, 
кескіш, тақтайша, 
қағаз майлық, ұсақ 
моншақ, стеклярус.


81
(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.
Ғарышкерлер мен жұлдыздардың мүсінін жасап, 
сюжетті толықтыр. 
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(К, Г) Балалар жұмыстарының көрмесі «Ғарышқа 
апарар жол».
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға 
шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысына баға 
беруін ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл 
түспен бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалардың 
жұмыстарына 
арналған көрме.
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№27 ҰОҚ. Ертеңмен суға толтырам, қайда 
менің құмырам?
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ҰОҚ-нің оқыту 
мақсаттары
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын 
қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, 
Қазақстанның және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, 
ыдыс-аяқ жасау. 
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік 
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, орындау технологияларын пайдалана 
біледі; 
•  безендіруге қажетті ою-өрнекті таңдай алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  мүсіндеудің жаю, созу сынды тәсілдерін орындай алады; 
•  жекелеген элементтерден композиция құрастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  сәндік композицияларды жасағанда ой-қиялын мейлінше пайдалана 
алады;
•  түстерді бір-бірімен үйлесімді пайдалана біледі.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту:
•  ауызекі сөйлеу қабілетін; сұрақтарға жауап беру, тұжырым жасау, 
ойша қорытындылау.
Көптілділік: құмыра – кувшин –jug.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, жаю, қауіпсіздік 
техникасы, ермексазбен жұмыс істеу тәртібі. Ою-өрнек.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
 Талқыланатын сұрақтар:
– Біз мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
– Бұйымды жасау үшін қандай форма қажет?
– Ермексаздан жіпті қалай жасаймыз?
– Құралдармен жұмыс істеудің қандай ережелерін білесіңдер?


82
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «безендіру» сынды 
бағыттары туралы қарапайым түсініктер. Мүсіндеудің «мүсіндік», 
«құрастырушылық», «аралас» тәсілдері.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
(Ұ, Ө) Ермек ҰОҚ-не құмыра ала келеді.
Балалар құмырамен мұқият танысып шығады. Оған не 
құюға болатынын айтады (қымыз, су...) 
 
Құмыра. 
 
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ, Т) Қорытынды.
 Табиғат сусыз тіршілік ете алмайды. Адамдар да, жан-
жануарлар да, ағаштар мен гүлдер де. Сондықтан суды 
көздің қарашығындай сақтаңдар! Ол – біздің өміріміз 
бен денсаулығымыздың қайнар көзі! Сазбалшықтан 
жасалған құмырада сақталған су дәмді әрі пайдалы.
 (Ұ, Ө) Ой тұжырым.
Балалар ҰОҚ не жайлы сөз болатынын болжап, 
зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
(Ұ) Педагог:  «Қыштан және сазбалшықтан жасалған 
ыдыс-аяқтар: шығу тарихы» атты слайдты тамашалауға 
шақырады.
Проектор.
Қыш пен саз 
балшықтан 
жасалған 
құмыралар туралы 
иллюстрациялар 
слайды.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Ермек ширатпаларды өру тәсілімен «Құмыра» жасауға 
шақырады.
(Ұ) Талқылау. 
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
 Үлгімен танысу.
 Балалар үлгіні қарап шығып пікір білдіреді: 
– Құмыраны қандай материалдан мүсіндеуге болады? 
– Құмыра жасау үшін ермексаздың қандай түстері 
қажет?
– Мүсіндеудің бұл тәсілі қалай аталады?
– Біз оны мүсіндеудің қандай тәсілдерімен жасаймыз?
– Қандай ерекшеліктер байқадыңдар?
– Ою-өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? Атап 
көрсетіңдер.
– Ширатпадан бұйымды қалай жасаймыз?
Әліппе-альбом.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау