Бағдарламасы бойынша басылып шығарылды «Торғай кітапханасы»



жүктеу 4,14 Mb.
бет6/19
Дата07.12.2017
өлшемі4,14 Mb.
#3439
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қаздардың Ұрымды алуы
Кел енді, Сейдахмет, қаламыңды ал,

Бұрынғы өткендерге назарың сал.

Көңілге ілетұғын жері болса,

Бір ұқсас хикаятын баяндап қал.


Өзіңді жалықтырар қылған ісің,

Қой қуып, кетер түбі текке күшің.

Қолыңда жұрт түзеуге пәрменің жоқ,

Наданға өтер бірақ тіл – қылышың.


Жазбаққа бір хикаят қылдым талап,

Тәмсіл қып, аз да болса көпке балап.

...Ертеде Ұрым деген зор шаһарды

Жау келіп, айналдыра алды қамап.


Бірнеше айлар қамап әлсіретті,

Шығармай сыртқа бірін, мансұқ етті.

Таусылып қару – жарақ, азықтары,

Шаһардың адамының халі бітті.


Ақылын таба алмайды не қылмаққа,

Сөйлесіп келмек болды ынтымаққа.

Ұрысып кетірерге дәрмені жоқ,

Риясыз қайлалары бағынбаққа.


Сол шақта қаңқылдады бір қаз тулап,

Көрген соң бірін – бірі бәрі шулап.

Көптігі Ұрым қаздың дауысымен

Көк пен жер жаңғырығып кетті дулап.


Дауысы бірі – біріне кетті ұласып,

Қаңқылы жерді жарып, көкті басып.

«Жәрдемші бұл шаһарға келді ме?» - деп,

Түсінбей сырттағы әскер кетті қашып.


Сол қаздың өзі жоқ та, тұқымы көп,

Адамның пайдасына, қазаға дөп.

Бір адам бір бөлегін айдап жүрді,

Базарға алып барып сатамын деп.


Қаздарды иесі жүр ұрып айдап,

Бір пысық қаз биікке өзін сайлап.

Ұйғарды иесіне қатты ренжіп,

Айтуға хакім көрсе арыз ойлап.


Бір әділ қаздар хакім іздеді енді,

Құдайым шын тілесең, тез береді.

Қолында күмістеген таяғы бар,

Бір төре қарсы алдынан кез келеді.


Төреге арыз айтты сонда қаздар,

Таулардан көңілі биік, ақылы аздар.

-Тақсыр – ау, бұл иемнің қорлығы өтті,

Басына не күн туды бізді қозғар?


Түсіндір оған айтып қаталарын,

Базарға қойдырыңыз апарарын.

Бұрыннан шынжыр балақ нәсіл едік,

Ұрымнан жау қашырған аталарым.


Төре айтты:

-Бар ма қайрат өз басыңда?

Болмаса ондай өнер жолдасыңда?

О баста атамыздан жау қашты деп,

Әлі де соны қайрат қыласың ба?
-Атамыз – жау қашырған артық нәсіл,

Ешбір қаз бола алмаған одан асыл.

«Атамыз жау қашырған» дей беріпті,

Басқа айтар дәлелі жоқ ешбір тәсіл.


Қаздар тұр бұрынғы өткен қазды мақтап,

Төренің қаздан қалды көңілі тоқтап,

«Бір іске сендер таңда жарарсыңдар», -

Деп орнын берді төре лайықтап.


Құс бар ма шындығында қаздан осал?

Кім туыс, кім атадан болса нашар?

«Жақсыдан өзі болған тек сұрама,

Іледі қарға сұңқар» деген мысал.


Кел енді, Сейдахмет, бекер жатпа,

Өтті деп Тілеулі атам асыл затта.

Атадан жаман туған сендей нәсіл,

«Атам, атам» деп жүріп түседі отқа.


Атаңды бұрынғы өткен ұлықтама,

Алтынды мысқа әкеліп булықтама.

Ерлікпен Тілеулі атам қолы жеткен,

Бұзаудай өгізге ерген солықтама.


Ата, мал жолдас емес бағытымен,

Әркімнің өзіне өлшеу уақытымен.

Қалмақтан атам қоймай қатын алған,

Кезі жоқ бірақ нашар хақын жеген.

Аяғы осыменен болды тәмам,

Азырақ бес – алты ауыз нақыл өлең.


Әмір иен Мәлике қыз
Қолыңа, Сейдахмет, қалам алғын,

Жазуға бір хикя тағы ойлағын.

Әмір мен Мәликені дастан етіп,

Жазуға ғашықтарды көп толғағын.


Ұрымда Әмір атты падиша болған,

Басына бақыт пенен аруақ қонған.

Әйелден еркекке опа болмайды деп,

Өтуге әйел алмай белді буған.


Бағдатта Мәлике атты сұлу болған.

Көркіне көрген адам қайран қалған.

Еркектен әйелге опа болмайды деп,

Өтуді ерге шықпай армандаған.


Бір күні Әмір аңға шығып төрт киік көреді, екі лақ, енесі және бір теке. Екі лақ су ішем деп өзенге құлап кеткенде, ағыс ала жөнеледі. Тек суға түсіп, екі лақты жел жағына алып, арғы бетке өтеді. Енесі кейін қашып, жайылып тұрады. Мұны көрген падиша әйелсіз өтуге бел байлайды.

Мәлике қыз түс көріп, түсінде асқан сұлу жігіт көреді. Қыз жігітке барса, жігіт қарамайды. Қыздың еркектен безу себебі осы болған. Бір күні Әмір ұйықтап жатып, түсінде айдай сұлу қыз көреді. Әмір қызға ғашық болып, аты – жөнін сұрап жатқанда бас уәзірі келеді. Әмір қызға ғашық болғанын айтады. Сонда бас уәзір: «Түр – түсін айтып отыр, мен қабырғаға суретін салып берейін. Бағдат шаһарында болса да іздеп табамын», - дейді.

Сонан соң қымбат дүниелер артып жүріп кетеді. Бағдатта қыз сарайының терезесінің алдына үлкен дүкен салдырады. Дүкеннің бір қабырғасына төрт киіктің суретін салып, екінші жағына атқа мінгізіп, киікке қаратып падишаның суретін салады. Дүкеннің заты арзан болады. Дүкенді жұрт мақтайды. Бір күні Мәлике дүкенге зат алуға келіп, суретке ұзақ қарап, жігітке ғашық болады. Қыз уәзірден: «Мына жігіт кім?» - деп сұрайды. «Бұл – Ұрым патшасы Әмір», - дейді. Қыз сатушыға: «Осы жігітті кездестір, қандай тілегің болса да орындаймын», - деп жалынады. Жігіт сурет жайын баяндайды.

Қыз жалынған соң, Әмірге хабар жіберіп, алдырады. Екі ғашық бірін – бірі сүйіп қосылады. Бір күні Мәлике: «Жер алыс, шаршап жетеміз - ау», - дейді. Сонда Әмір:

Мәлике ай мен күндей жарқыраған,

Жолыма жолы болмас қақпан құрған.

Аз күнде аман – есен жетіп барам,

Ұрымың алыс емес, мына тұрған, -

депті.
Ұрым шахының қызы Шахбану
Кел енді, Сейдахмет, жетті жасың,

Кемітпе ғапылдықпен ғазиз басың.

Қызы екен Ұрым шахының Шаһбану,

Зейініне кетті менің ықыласым.


Кітабын Тотынама қолыма алдым,

Қарасам бір хикая, назар салдым.

Ол зейін әйел түгіл ерге бітпес,

Парасат, ақылына мен таңғалдым.


Бар екен өзі диқан, бір мүсәпір,

Мұсылман таза көңіл, емес кәпір.

Кәсібі әуелден – ақ ауқат еткен

Бір жерге қос айдауға келе жатыр.


Қос айдап түгелімен тісін салды,

Кәсібім жоқ берсе деп ойына алды.

Алуға бір адамның күші жетпес

Бір гауһар құны қымбат табылады.


Қуанып бейшара алды ол гауһарды,

Достына бір ашына алып барды.

«Бір нәсіп Тәңірім өзі берген екен,

Ойлашы, достым, бұған не қыларды.


Ей, достым, менен көрі сіз білімді,

Мен сізге берсем керек тізгінімді.

Риясыз дос досына зиян қылмас,

Алармын не десең де мен тіліңді».


Досы айтты: «Сізге берген Хақ тағала,

Хақ берген халал кәсіп ойлап қара.

«Ұрлап сен қазынамнан алыпсың» деп,

Падиша ғажап емес қылса жала.


Қолыңнан мұны сатсаң дүние кетпес,

Бір жанның бұл шаһарда күші жетпес.

Ұрымның шаһарына апарып сат,

Құпия керуенге болып імдес».


Момынның аты – Қадыр. Екі досын ертіп, үшеу болып, керуенмен Ұрым шаһарына жүріп кетеді. Жолда момын ауырып, екі досы күткен болып жүріп, гауһарды ұрлап алады. Сұраса өлтіріп кете ме деп қорқады. Ұрымға барған соң момын падишаға арыз етеді, гауһарын алып беруді өтінеді. Сонда падиша қызы Шаһбануды шақырып: «Қиянатсыз алса, гауһарын тапқызып бер», - депті. Шаһбану үшеуін сарайына апарып, моншаға түсіріп, жақсы киім кигізіп, күндіз – түні менің қарауымда болыңдар, күндіз базарға барып тұрыңдар деп кеңес береді. Түнде ұзақ уақыт неше түрлі қызық әңгіме айтып, қыз жігіттерді еліктіреді.

Бір күні Шаһбану үш жігітке: «Қонақтарым, шеше алмай жүрген құпиям бар, соны шешіп беріңдер, мен айтайын», - депті. Үш жігіт: «Айтыңыз, шешіп берейік», - депті. Сонда қыз: «Қалқа деген шаһардың ханы Шымырдың сұлу қызын екінші бір ханның баласы айттырыпты. Зылиха қыз сол өз шаһарының жігітімен көңілдес болыпты. Жігіт: «Қосылайық», - дейді. Қыз: «Екеумізді де өлтіреді, жақында қалыңдық ойнауға күйеу келеді», - депті. Сонда жігіт қызға: «Күйеуің келген күні күйеуіңнен бұрын маған жолық», - дейді. Қыз келіседі. Көп кешікпей күйеу келеді. Жеңгелері қызды күйеуіне әкеледі. Қыз күйеуіне жалынып, рұқсат сұрайды: «Етегімді жел ашпаса, ер көргенім жоқ», - деп жалынады. Күйеуі рұқсат береді. Қараңғы жолда адам тонайтын ұры кездеседі. Қызды тонай бастайды, өзін зәбірлеуге айналады. Қыз жалынып, жігітпен уәдесін және күйеуінің рұқсат бергенін айтып зарлайды. Ұры рақым жасап қоя береді. Аман – есен ғашық жігітіне кездеседі. Жігіт: «Аһ, Зылиха, сен – хан қызы, мен – бай саудагер, сенің жомарттығыңды байқау үшін әдейі айттым», - деп, қызды сарайына әкеп салыпты. Міне, осы үшеуінің қайсысы жомарт, айтып беріңдерші!» - депті.

Момын артын бағып үндемейді. Екі жігіт үшеуін де жамандап, өлген адамға санайды. «Біз болсақ дүниені, сұлу қызды олжалап кетер едік» - деп өкінеді. Сонда момын: «Ей, ақымақтар, күйеу жомарт, дүние – малын сарп етті, екіншіден, бірінші кездескен қалыңдығына сеніп қоя берді», - депті. Сонда қыз: «Екі жігіт, гауһарды әкел, әйтпесе дарға тартамын», - дегенде, гауһарды әкеп берген. Шаһбану момынға тиіп, оны падиша қояды. Екі жігітке де адам әперіп, үшеуі де мұратқа жетеді.


Панисрайыл заманында
Сөз сөйле, Сейдахмет, аманыңда,

Жүйткіші он саусақ пен қаламым да.

Өтіпті бір әулие, ізгу қатын

Бұрынғы панисрайыл заманында.


Бұл дүние опасы жоқ өтер еді,

Сол қатын мұратына жетер еді.

Құлшылық ететұғын бір мешіт бар,

Таһар ап сол бақшадан кетер едіі.


Бар еді сол бақшада аққан арық,

Жүрмеген оныменен басқа халық.

Бақшаға ешбір адам кіргізбеске,

Екі шал жүреді екен бақша бағып.


Жас әйел күнде суға келіп жүрген,

Екі шал келген сайын көріп жүрген.

«Келеді күнде мұнда не жұмысқа,

Ғашық па екеумізге өліп жүрген?»


Екі шал сол әйелге болды ғашық,

Жолығып сөз сөйлейді лебіз ашып:

-Сен өзің екеумізді күнде іздейсің,

Жүрмісің екеумізге болып ғашық?


-Екі шал, мұндай сөзді айтпа бізге,

Бишара, бір Құдайдан күдер үзбе.

Халіңіз ақиретте қандай болар,

Не көрдің, бұлай деме көрер көзге.


-Бишара – ау, айтқан сөзге көнесің ғой,

Ғашық боп күнде іздеп келесің ғой.

Екеуміз куә болып пәле салсақ,

Сен байғұс падишадан өлесің ғой.


-Екі шал, мұндай сөзді айтпа маған,

Сақтасын ызнадан Хақ тағалам.

Етемін Құдайыма мен құлшылық,

Естіртпе мұндай сөзді, екі надан.


Екі шал сол арада айқай салды,

Дауыстап бар адамды жиып алды.

«Бақшада мына қатын ызна етті», - деп,

Барды да падишаға мағлұмдады.


Падиша екеуіне берді жауап:

-Айтайын шариғатпен үлкен сауап.

Екеуің ант бер – дағы мойнына қой,

Қолыңа Құран ұстап, етіп тауап.


Бағыбан екеуі де ант берісті,

Нақақтан бір пәлеге қатын түсті.

Күні енді бишараның нешік болар,

Пәлеге душар болды мұндай күшті.


Нақақтан екі зәлім антын берді,

Жиналған халайықтың көзі көрді.

Қышқыртып үш күн ұдай бір шаһарда,

Мойнына арқан тағып алып жүрді.


Үш күндей қатын жүрді Хаққа зарлап,

Қарайды шаһар елі бұған аңлап.

Хақлығы бір Аллаға мағлұм еді,

Көзінен ағып жүрді жасы парлап.


Жылайды қатын байғұс басы қатып,

Өлтірер төртінші күн таспен атып.

Жүгіріп Тақ Сүлеймен ойнап жүрсе,

Әйел тұр белуардан жерге батып.


Барлық жан сол қатынның басында екен,

Бір – бір тас қолына алып қасында екен.

Сұрайды келе сала Тақ Сүлеймен,

Сол күні дәл он екі жасында екен.


Жұрт айтты: «Бұл қатында жаза көп», - деп,

Сөйлейді: «Бақшада еткен ызна», - деп.

«Екі шал бақша баққан ант берген соң,

Падиша әмір қылды өлтірсін деп».


Сол жерде әйел байғұс қалжырады,

Бір жерге Тақ Сүлеймен отырады.

«Тез келсін, сұрайтұғын сөзім бар», - деп,

Шақыртып екі шалды алдырады.


Екеуін айырады екі басқа,

Бір – біріне көзі қысып, ымдамасқа.

-Бақшада қай уақытта жатты қатын?

Қария, дұрыс сөйле, етіп қысқа!


-Я, тақсыр, мен айтпаймын өтірік сөз,

Бақшаның күнбатыс жақ жолықты кез.

Екеуі тамыр екен, ойнап – күлді

Ағаштың алма деген түбінде кез.


Апарып мұны қойды алыс жерге,

Енді екінші қарт келді сөйлер сөзге.

-Бақшада қай уақта жатты қатын?

Қария, дұрыс сөйле, өлім жақын.


-Я, тақсыр, мен айтпаймын өтірік сөз,

Бақшаның күншығыс жақ жолықты кез.

Екеуі тамыр екен, ойнап – күлді

Ағаштың баулы деген түбінде кез.


Бұл іске халық болды таңғалғандай,

Келмеген бұл шаһарда жан қалмады.

-Обалы әйел өлсе, падиша, сізге,

Куәнің сөзі болды сандалғандай.


Шүкірлік қатын қылды бір Құдайға,

Тақсырдан тақ Сүлеймен көрді пайда.

Сол жерде екі шалды дарға тартты,

Әуелі қатынға деп құрған қайла.


Жалғанда Сүлеймендей патша қайда,

Әуелі өз басына қылмас пайда.

Сол қатын мұратына кетті жетіп,

Таппассың залымдықтан басқа пайда.


Сүлеймен падиша боп дүниені алған,

Қалмаған көңілінде ешбір арман.

Куәдан жалғыз – жалғыз жауап алмақ

Мирас боп кейінгіге сонан қалған.


Әке өсиеті
Алпыс бес жасың келді осы мартта,

Бәрі де көрген дәуір қалды артта.

Көз кеміп, көңіл өліп, Сейдахмет,

Не күйің қалды енді басың қартта?


Кетті ғой енді құмар бар қызығы,

Көбейді түзуінен халық бұзығы.

Бұл күнде бір теңгелік бағаң бар ма,

Сен едің тәуір заттың бір тұздығы.


Дүниенің рахаты – саламатың,

Алар ма ақылыңды бала, қатын?

Айтқанды қатын – бала қылып тұрса,

Сол деп біл дүниенің рахатын.


Өтіпті ерте уақытта бір саудагер,

Болыпты үш баласы өңкей жігер.

Асыпты он шаһардан мал мен басы,

Қисапсыз қалай берген пәруардігер?


Ақылға кем болыпты балалары,

Істі оңға бастыруға жарамады.

Ыдығын еш кәсіптің білмейді екен,

Келсе де мал шашуға шамалары.


Саудагер тәуекелге бекінеді,

Бар малды ғисап қылып екі бөлді.

Жартысын алтын – күміс пұлға аударып,

Жер қазып топыраққа және көмді.


Саудагер ақылға да кемеңгер – ді,

Болжаған болатұғын күнді ілгері.

Баяғы көміп қойған алтын – күміс

Бұлардың ешбіріне білдірмеді.


Шақырып үш баланы алдына алды,

Үшеуіне үш түрлі ақыл салды:

-Үшеуің ақылымды алар болсаң,

Дүнияда жиған малым саған қалды.


Айтады үлкен ұлға: «Тыңда сөзім,

Перзентім, жігерімсің, көрер көзім.

Шаһар сайын бір жақсы үй салып қой,

Басыңа пана болар барсаң өзің.


Кім алса ата сөзін дана болар,

Бір күні келмей қалмас сана болар.

Сыр айтпа қатыныңа қойныңдағы,

Бір күні өз басыңа пәле болар».


Айтады екінші ұлға: «Маған нансаң,

Қабылдап насихатқа тілімді алсаң,

Көрерсің жар қызығын, жаным балам,

Ажарлы жұма сайын бір қыз алсаң».


Айтады үшінші ұлға: «Құлағың сал,

Тұтынсаң үшеуіңе де жетеді мал.

Қарағым кенжетайым, қоңыр қозым,

Күнде же тамағыңа май менен бал.


Жұмсасаң жөнін тауып жетер малың,

Жұмсамасаң жоқтықпен көшер әлің.

Үшеуің жұмсай алмай жарлы болсаң,

Айтайын бір насихат сізге мәлім.


Дүниеден ахыретке болсам ғайып,

Тіленіп, барма ешкімге қолың жайып.

Үшеуің тарықпай – ақ күн көрерсің,

Осы үйдің керегесін ішсең шайып».


Мұны айтып ахыретке сапар шекті,

Үш ұлдың кеудесіне ақыл екті.

«Тірлікте айтқан тілін алмайтын ек,

Алайық бұл ақылын енді», - депті.


Үй салды әр шаһардан үлкен бала,

Болар деп істі болсам басқа пана.

Бәрін де тамашадан әйбатылатып,

Қалмады үй салмаған ешбір қала.


«Атамның қылдым, - дейді, - насихатын,

Әр жұртқа білінді ғой менің атым.

Атамның айтқан сөзін сынайыншы,

Сырымды қалай шашады енді қатын?»


Бір қойды бауыздады жеке барып,

Тастады ішек – қарнын, ішін жарып.

Қалғанын қапқа салып буып, байлап,

Түн ішінде үйіне келеді алып.


-Қатын – ай, бір сөзім бар, тыңда, - дейді,-

Әкелдім кісі өлтіріп мында, - дейді. –

Таластым ашуменен бір саудаға,

Өлсең де мұны әшкере қылма, - дейді.


Сасқан боп өп – өтірік абдырады,

Астына тамам жүктің қалдырады.

«Құдай – ай, ешкім мұны білмесін», - деп,

Үстіне тамам жүгін жидырады.


Өтеді арасында бірнеше күн,

Ойлап жүр қатын мұны көңіліне шын.

Бір күні бай тепкілеп сабай берді,

Себеп қып жоқ нәрседен тауып бір мін.


Келеді көршілері арашалап,

Байы жүр арашаға болмай сабап.

-Түнеугіде бір кісіні өлтіріп ең,

Қылдың ба дәндеген соң маған талап?


Мына сөз көршілерден жайылды елге,

Сөз кетер тілден шыққан талай жерге.

Бір адамын жоғалтып, таппай жүрген,

Келеді бір – екі адам хакімдерге.


-Ол кісі үйіңде ме, қатын? – дейді, -

Қорықпай айтшы кәне, батыл, - дейді.

-Ораулы ақ киізге, осы күні,

Қарасаң жүк астында жатыр, - дейді.


Қараса ақ қой екен мұның өзі,

Халайық бірі қалмай көрді көзі.

Ашумен айтқан сөзі жалған шығып,

Қатынның қара болды қызыл жүзі.


Хакімдер, халайықтар кетті жайға,

Осымен талақ болды қатын байға.

Қатын мен мал – мүлкінен жұрдай болып,

Жылайды бала пақыр бір Құдайға.


Үлкен ұл осыменен тұрсын налып,

Біз келіп ортаншы ұлға жолығалық.

Бұл – дағы бар дәулетті тауысыпты

Сұлудан жұма сайын бір қыз алып.


Бұл тұрсын, жолығалық үшінші ұлға,

Тоюмен ертелі – кеш май мен балға,

Қолдағы бар дәулетті тауысыпты,

Ақыры зар болыпты жалғыз пұлға.


Үшеуі жоқшылықтың тартты зарын,

Тұтынып мұқтаж болып жиғандарын.

Киер киім, ішерге тамақ таппай,

Адасып, біле алмады не қыларын.


Табуға өнері жоқ кәсіп істеп,

Құр текке отыра алмай тілін тістеп,

Айтқаны атасының ойға келді:

«Үйіңнің керегесін шайып іш», - деп.


Алды да бір кірпішті суға шайды,

Қарын ашып, тамақ ішпей шыдамайды.

Кірпішті әрі – бері суға шайып,

Ішеді үшеуі де құр лайды.


Құр лай ішін тырнап бара жатыр,

Біле алмай не қыларын болды пақыр.

«Қаңғырып бұл шаһардан кетейік», - деп,

Үшеуі шұбырысып жөнелді ақыр.


Үшеуі келе жатып зарланады,

Тұруға бұл шаһарда арланады.

Шаһардан бұлар шығып келе жатса,

Сахарадан бір жалғыз үй кез болады.


Ішіне кіріп келсе – бір кәрі шал,

Не дерін бұлар білмей болады дал.

-Ғаріп боп, неғып жүрген жандарсың? – деп,

Бұлардан шал сұрады хал – ахуал.


Баршасын бұлар ашты өткен бастан,

Атасы айтқан өсиет – қалдырмастан.

Шал айтты: «Атаң дұрыс адам екен,

Байқамай сендер екен шын адасқан.


Атаңның өсиетін алмаған соң,

Түсініп, мәнісіне қанбаған соң,

Мәнісін өсиеттің мен айтайын,

Түсініп, екіншіде аңдағайсың.


Әр жерде досың болса, үйің болар,

Қадірлі қара басың,сыйың болар.

Болмаса көзтанысың әрбір жерде,

Басыңа қиын болар іс түскенде.


Атаңның әр тарапқа жеткен көзі,

Уақытында құтты болған басқан ізі.

Қарныңды әбден ашырып, ас сағынып,

Су ішсең балдай болар деген сөзі».


Шал айтты: «Әй, балалар, қайтыңыз тез,

Сіздерге душар болдық бұл жерде біз.

Атаңның көміп қойған қазынасы бар,

Иншалла, Хақ бұйыртса жолығармыз».


Шалды ертіп бұлар келді үйлеріне,

Кірген жоқ әлі нәрсе миларына.

Әйтеуір бұлар шалды алып келді,

Кірмейді не қылары ойларына.


Шал айтты: «Әй, балалар, үйіңді бұз,

Аянба бар қайратың, қимылда тез.

Осы жерде көміп қойған қазына бар,

Иншалла, Хақ бұйыртса жолығармыз.


Үшеуі ал балталай үйді жықты,

Лезге қайыспайды, бәрі мықты.

Теп – тегіс үйді бұзып болып еді,

Астынан кісі бойы сандық шықты.


Босатты бұлар істеп біраз жұмыс,

Сандық шығып, бұларға болды тыныс.

Сандықтың қуанғаннан аузын ашса,

Шамасыз іші толған алтын – күміс.


«Қазына сізге қойған аталарың,

Көңіліңнен шықсын енді қапаларың.

Үшеуің қазынаны үш бөліп ал,

Сендердің ойдан кетсін қаталарың».


Үшеуі қазынаны бөліп алды,

Алдына қора – қора малдар салды.

Жұмсамай ысырапқа тұтынған соң,

Кейінгі әулетіне мирас қалды.


Кей бала жасы жетпей дана болар,

Кей бала жасы жетсе де бала болар.

Көп айтпа бала сөзін, Сейдахмет,

Өзіңе қартайғанда пәле болар.




ЕСЕНЖОЛ ЖАНҰЗАҚҰЛЫ
(1945-?)

Торғай ақындық мектебінің тағы бір ұстазы – Есенжол Жанұзақұлы. Есенжол ақын 1845 жылы Торғай уезі, Аққұм болысында дүниеге келген. Ел аузында “Ахметке домбыра үйреткен Есенжол ақын”, - деген сөз бар. Назарбек Бектемісұлы “Ахмет ұшқан алтын ұя” еңбегінде Есенжол ақындықпен қатар күйшілік, сазгерлік өнерді де меңгерген үлкен өнер иесі екендігін айтады. Оның “Он екі үйрек” әні Затаевичтің “Қазақтың 1000 әні” жинағында жарияланған. Есенжолдың бүгінгі күнге жеткен бірнеше өлеңдері мен дастан-шежіресі бар. Есенжол өлеңдері мазмұндылығымен, көркемдігімен және төрт буынды мығым ұйқасымен ерекшеленеді. Есенжол шығармалары қолымызға толық түспегенімен, оның өз заманындағы белді ақын болғандығын Есенжол ақынның туысы Қирақайдың Молдағалиы деген кісінің қызылордалық Мақсұт Қалиұлынан жазып алған Тұрмағамбет Ізтілеуовтың мына өлеңінен аңғарамыз:

...Есенжол ақын екен таптырмайтын,

Кері ұйқас, кесір сөзді жақтырмайтын.

Сұмырай, залым да емес жасырынып,

Жүректен жүлде бермес бақты ұрлайтын.


Дәріптеп өзін-өзі сүйремеген,

Кедейлік құрсауына күйремеген.

Күншілдің ісін істеп күңкілменен,

Озғанның өңменінен түйремеген.


Қалыптан қана деген аспайды екен,

Сөйлесе түйдек-түйдек тастайды екен.

Кеудесі күмбірлеген алтын сандық,

Болса да көп мақтанға баспайды екен.


Бесікке өлеңменен жөргектелген,

Халқынан құрмет көріп төрлеп келген.

Дәл мұндай сом ұйқас пен сазды әуенді,

Әзірге көргенім жоқ жер-көктен мен [3, 24 б.].

Торғай ақындық мектебін қалыптастыруда Есенжол Жанұзақұлының еңбегі ересен. Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің анасы Әбіш жас кезінде Қостанай төңірегіндегі айтулы ақындардың бірі Басықараның Қанапиясымен айтысында:
... Сүймеймін текіректі, жортақыны,

Торғайдың көтерген соң төрт ақыны... [3, 16 б.]


дегендегі төрт ақын: Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Есенжол Жанұзақұлы және Әбіқай Нұртазаұлы. Жоғарыда айтып өткен Әбіш пен Қанапия айтысына Есенжол ақын төрелік айтқан екен. Айтысты талдай келе Әбішке

...Өнердің қалқып алар қаймағы боп,

Қуанды-ау, елің, жұртың, аймағың боп.

Ортада аман жүрші, айналайын,

Торғайдың үкілеген тайлағы боп, –
деп батасын бере келе Қанапияны:
... Жерім жоқ өнеріңе өкпелеген,

Ақын ең көк нөсердей төкпелеген.

Жер түтігіп Қанапия айғайымен,

Ұшатын қанат байлап көкке де өлең.


Алпыс жас арқандаған алқындырып,

Өлеңің танытпады тартымдылық.

Жастарға жол берейік Қанапия,

Үлкеннің шын үлкендік қалпын біліп [3, 17 б.], –


деп тоқтатқан екен.

Есенжол ақын өлеңді киелі өнер деп танып, қадірмен өткен. Ол өлеңді Абай айтқандай “бөтен сөзбен былғамауға” тырысады. Оның төрт аяғын басқан жорға өлеңдерінен артық-ауыс сөзді кездестірмейсіз:


...Тербесе домбыраны он бармағым,

Оралар ақ қағазға толғанғаным.

Шығатын кер ауыздан кесір сөзді,

Өлеңді өлтірер деп қолданбадым, –

дейді ақын тіл туралы өлеңінде. Бұл өлеңінде ақын өлеңге өте биік талап қойып, оның тілінің көркем болуы бөтен сөзбен шұбарланбауы қажеттігін айтады. Осы арқылы ол өз заманының үлкен проблемасы – тіл проблемасын қозғайды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында азды-көпті кітап шығарған діни-ағартушылық бағыттағы, кейбір ғалымдарымыз “кітаби ақындар” деп атап жүрген ақындар шығармаларында араб-парсы, шағатай тілдеріндегі сөздер орынды-орынсыз көп қолданылғаны белгілі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында бұл саладағы ақындардың идеялық бағытына сәйкес тілдерінде де араб-парсы сөздерін көп қолдану жиі ұшырады. Араб-парсы сөздерін өлеңдерінде неғұрлым көбірек қолданса, ол – ақынның “мәдениеттілігін”, басқалардан “артықшылығын” көресетеді деп білді [19, 186 б.].

Бұл жайлы С. Торайғыров 1913 жылы жазған “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан” деп аталатын мақаласында: “Қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ... тілдері бытбырақ. Оларда шала тілдер көп араласқан. Кейде шолжықтап, жығылып-сүрініп жүрген жайы бар” [16, 195 б.], – деп қатты сынға алған.

Осы мәселеге өз тұрғыластарының арасынан бірінші болып тіл қатқан Есенжол ақын десек қателеспейміз. Бұл өлеңінде ақын мына жайттарды қадап айтады:

біріншіден, тіл – ұлттық сипаттың басты белгісі;

екіншіден, өз тілін білмеу – өліммен тең;

үшіншіден, шұбар тіл өлеңнің мәнісін кетіріп, “өлеңді өлтіреді”;

төртіншіден, өлеңді өзге тілмен келсін-келмесін, оңды-солды шұбарлау білімділіктің белгісі емес.

Аузыма бал татыған ана тілім,

Сондықтан қазақ болып жаратылдым.

Құдай бір, құран шынды қазақша айттым,

Арабтың оқысам да санатын мың.


Білімнің тілден тарар сабағы да,

Қызығы, желісі мен сағағы да.

Өз тілін білмеу өлім тірі адамға,

Жүрген соң екі аяқты санағында.

Бұл өлеңнен сонымен бірге ақынның өлеңді жазып шығарғандығын, “арабтың мың санатын оқығандығын”, яғни ескіше діни сауатты болғандығын да аңғарамыз. Ақын өлеңдерін оқып отырғанда оның сауаттылығы бірден көзге ұрады. Ақын тағы бір өлеңінде өлең туралы былай деп тұжырым жасайды:
...Кеудемен кейбір ақын көк тіреген,

Шарлайды жерді қойып көкті кілең.

Өлеңге табан тірер көкте орын жоқ,

Шамасы жердегі өлең отты білем.

Ақынның мұндағы айтпағы – асып-тасқан, әлем-жәлем, сылдыр, жылтырақ, ойсыз, нәрсіз өлеңнен көрі ойлы, нәрлі, асып-таспайтын қарапайым өлеңнің отты келетіндігі.

Өлең әдебиеттің көне жанры ғана емес, көлденең көк атты кимелей алмайтын көш бастаушы “көсем жанры” [17, 109 б.]. Сондықтан да Есенжол ақын екі ауыз сөздің басын қосып, “кеудесімен көк тіреген, жерді қойып көкті шарлаған” ақынсымақтарға қарсы.

Ақындық міндет. Бұл ұғымның аясы кең. Оған ақынның азаматтық асыл мұраты, асқақ мақсаты, қоғам мен адам, уақыт пен мораль, адамдық пен надандық, парасат пен кесапат туралы ордалы ойлары жатады. Азаматтық пен адамгершіліктің биігінде тұрған адам ғана алдына ұлы міндет-халқына қаламмен қызмет ету міндетін асқаралы мақсат етіп қояды. Үлкен жүрегі бар адамнан ғана үлкен өнер туатындығын тарих тағылымы көрсетіп келеді. Бұл Пушкиннің “Даналық пен зұлымдық ешқашан сыйыспайтын екі дүние” деген ұлы сөзін дәлелдей түседі [17, 108 б.].

Есенжол ақын өнерді халықтікі деп түсінеді. Ақындық өнерді халыққа қаламмен қызмет ету деп ұғады. Бойындағы өнерді, асыл қазынаны халқына беруді ақындық міндеті деп санайды:


...Бере алмай келем елге берерімді,

Тере алмай келем елден терерімді.

Залымдық ғалымдыққа ақыл айтса,

Дал болам білмей кімге сенерімді.

Есенжол ақын үнемі өзін халыққа қарыздармын деп санап, халықты ұстаз тұтады. “Тере алмай келем елден терерімді”, – деп отырғаны – халықтың үлгі, ғибрат, тәлім-тәрбие, оның бай рухани мұрасы, мәдениеті, парасаты. Ақын өзінің бойындағы өнерін халқына толық бере алмадым деп өкініп, оған кедейліктің қолбайлау болғандығын айтады:
...Дүние жеткізбейді қос аттыға,

Кедейлік екі қолды босатты ма?!

Тоқпағы тіршіліктің күнде ұрғылап,

Ауру ғып аяқ-қолды тұсатты да.


Көңілім шағалаша шарықтамай,

Өлімнен қайтып жүрмін барып талай.

Әйтеуір, тірі жанға жазығым жоқ,

Бағамды берер екен халық қалай?! [3, 28 б.].


Есенжол ақынның өлеңдерінен ұйқасқа қатты мән беріп қарайтындығын байқаймыз. Төрт буынды ұйқас сол кезеңдегі қазақ ақындарынан өте сирек кездесетін құбылыс. Есенжол өлеңдерінің ұйқасы алып келді, барып келді дейтін әншейін ұйқас емес, артық сөз жоқ төрт аяғы тең ұйқас. Бұл дәстүр Торғай ақындық мектебінің Жұмабай, Әбіқай, Әбдірахман, Сейдахмет, Құбаша, Аяп т.б. ақындарына тән дәстүр. Келесі бөлімде бұған арнайы тоқталатын боламыз. Жоғарыдағы үзіндіге назар аударып қарасаңыз Есенжолға ғана тән ерекшелікті байқауға болады. Қазақ поэзиясындағы қара өлең үлгісінде айтылатын ойдың негізгі түйіні үшінші, төртінші тармақта айтылып, шумақтағы ой аяқталатын да, келесі шумақ басқа ойға ауысатын. Ал, шумақ көп тармақты болып келсе, ойдың түйіні шұбыртпалы ұйқаспен өрілетін. Тіл білімі тілімен айтсақ, өлеңдегі шумақ – бір күрделі сөйлемнің міндетін атқарады. Ал, Есенжолдың жоғарыда берілген өлеңінің бірінші шумағында ой аяқталмайды, яғни бірінші шумақ құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті қызметін атқарып, екінші компонентте айтылатын ойдың бағыныңқы сыңары ретінде оның себебін білдіріп тұр. Бұл ерекшелік Есенжол ақынның мына бір өлеңінде де кездеседі:
...Ойламай дүниеде жалқылығын,

Ұстанған имандылық салты мығым.

Қаршадай Ахметке басын иіп,

“Торғайда туа салған алтын інім”, –

Деп оны қадірлеуі танығаны,

Шарықтап шығуы да анық әлі.

Шын ақын Сейдахмет әттең кедей,

Қайтейін – дейді өзі, қамығады.

Есенжол өз ұстазы Уақ Жұмабай ақынды, замандасы Сейдахмет ақынды қатты қадірлеген. Біз сөз қылып отырған өлеңде Жұмабай ақын туралы ойын былайша түйіндейді:
... Айына бір соқпасам Жұмабайға,

Қалам ғой бір құдайға ұнамай да.

Өлеңнің от қызуы тік көтеріп,

Келеді ол көп ауруға құламай да.

Есенжол кедейлік, жоқшылық тақсіретін көп тартқан адам. Сол себепті де оның өлеңдерінің бір парасы осы тақырыпқа арналған.

...Сездірмей келдім пендеге,

Қанатымның талғанын.

Жүрегімнің жанғанын,

Түндей өмір түрмесі,

Талантымды жалмадың.

Шығармасқа үнімді,

Жұтқыздың жоқтық қармағын

Көсіліп шаба алмадым.

Жұртпен бірге жазылып,

Ойын-тойға бармадым.

Иыққа салдың именбей,

Дүниенің салмағын.

Тістеумен келді Есенжол,

Қанатып күнде бармағын.

Секемді сезім жеткізді,

Қоршауға мені алғанын,

Өкініш болды өзекте,

Түнекте түндей қалғаным, –
деп қайғырған ақын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті қуана қарсы алады.

...Арманым, менің, арманым,

Теңдікке қолды жалғадың.

Енді бүгін естідім,

Бақыттың таңы атқанын,

Қараңғы өмір қарасы,

Келмеске мүлде батқанын.

Азаттық үшін азамат,

Жағалай жортып, шапқанын.

Тілегіңді тілеймін,

Арайлы, нұрлы, ақ таңым.

Шынжырын үзіп лақтырдым,

Аурудың қанды қақпанын.

Тілегім мен жүрегім,

Сарбаз деген саптамын.

Күтіп едім осындай,

Ұлы дүбір боларын.

Түйдек жырды төгейін,

Жауға шапқан қосындай,

Тілегі бір бауырмен,

Басым бүгін қосылды-ай

Бас батыр мені қолтыққа ал,

Езілген Еділ-Қапал ем,

Теңдікке жүрген қосылмай, –


деп тебіренеді. Есенжол шығармалары 11 буынды қара өлең үлгісінде ғана емес, 7-8 буынды жыр үлгісімен де айшықты. 11 буынды өлеңде ақынның тереңдігі мен сыршыл суреткерлігі танылса, жыр үлгісінде небір көркемдеуіш-бейнелеуіш бояуларды түйдек-түйдегімен тастайтын эпикалық қуаты көрінеді.

Өзі өмір сүрген дәуірдегі саяси-әлеуметтік мәселелер, қараңғылық, пайдакүнемдік, жағымпаздық, парақорлық сияқты жат мінез құлықтар ақын қаламынан тысқары қалмаған. Оның дидактикалық сарында жазған насихат термесінде осы жайлар сөз болады:


...Дүние тілін алғанның,

Көрмедім пайда тапқанын.

Оңғанын естіп білмедім,

Тиынға арын сатқанның.

Құлқынның құлы болғанның,

Кім көрді жұрттан артқанын.

Жараса ма жамандық,

Қасқыр боп ұрлап тартқаның?

Харам болған шәймене,

Тойып ұрлық кереңе,

Он екі ағза денеңе.

Дақ салдың да арыңа,

Арамды жиып сақтадың,

Оқсыз мылтық секілді

Шайтанды дұрыс атпадың.

Айла, қулық, арамдық,

Болса егер баққаның –

Көруің күнә тірліктің

Арайланған ақ таңын.

Ерте тұрған біледі,

Сәулелеп таңның атқанын.

Ертешіл пайда іледі

Дұрыс па ұйықтап жатқаның, –
деп қараңғылық тұманын серпіп, “таңың атты, ұйыңнан тұр”, – деп елін оятқысы келеді. Бұл дәстүр кейіннен Есенжол ұстаздық еткен Торғай ақындық мектебінен түлеп ұшқан Ахмет Байтұрсынұлының “Масасы” мен Міржақып Дулатұлының “Оян, Қазағында” жалғасын тауып, түрленіп кеңейе түсті.

...Ұрпағым ақын болсаң – Қыран бол! – деп,

Құдайдан тілек тілеп бата берем...
...Мұрам бар ұрпағыма жалғасатын,

Арман көп соларменен алға асатын, –


деп жырлаған ақын Есенжол Жанұзақұлының аңсаған арманы да, мақсат-тілегі де сол болатын.

жүктеу 4,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау