- Арт-терапия терминін (art-terapy тікелей қазақша баламасы «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтып, енгізген. Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек.
Арт-терапияның түрлері Студиялық ашық топ - Бұл топтың “студиялық”деп аталуының себебі, оған қатысушылардың көркем жұмысы, шығармашылық студияның жұмысын еске түсіреді. Топтың жұмысына қай уақытта болмасын келушілер қосыла алады. Студиялық ашық топтарда сабақ әдейі жабдықталған, белгілі-бір орын саны бар, шығармашылық жұмысқа индивидуалды құралдар жиыны бар, кабинет-студияларда жүргізіледі.
Өзгермелі топ - Бұл топтың атауы білдіретіндей “жабық” сөзі, бұл барлық жұмыс процесінде қатысушылар құрамы тұрақты болып қалады. Динамикалық (немесе аналитикалық) деп аталу себебі, бұл топтық арт-терапияның дамуындағы бұл формасына психодинамикалық бағыт көп әсерін тигізген. Сессияның құрылымдық дәрежесі, ұзақ жұмыс істеу барысында жоғары болмайды.
Тақырыптық топ - Тақырыптық топтың іс-әрекетінің негізделуі кең әртүрлі жинағы психикалық және психотерапиялық теория жинағы қолданады.Тақырыптық бағыт топтық арт-терапия кең көлемдегі клиенттерге қолдануға болады, бұл мынамен байланысты: топтық құрамның тәуелділігімен және тапсырылған жұмыстар, сол болмаса келесі бір тақырыптар және іс-әрекет түрлері, сенсомоторлық дағдыларды дамытуға бағытталған вербалды емес ойлау, ес және зейін немесе сол және басқа аспектілерін, топтың мүшелерінің тәжірбиесін және олардың қарым-қатынас жүйесін зерттейді.
- Арт-терапиядағы диагностика кезеңі
- Вербальды және вербальды емес
- Кішкентай топтар арсындағы топтық жұмыс
Дайындық кезеңі - Бұл кезеңнің міндеті - топ мүшелерінің спонтандық көркемсурет іс-әрекетіне дайын болулары және топ мүшелерінін өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы. Бұл жерде психологиялық ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде бақылау жойылады да реалаксация жүреді.Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар суретті пайдалануға болады.
Жеке дара бейнелеу жұмысы - Бейнелеу жұмысында адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы елестер) көрінеді. Сурет салып отырган кезеңде жеке адамның «осында және қазір» принципін, күйзелістерін жасыруын, сезімдерін бақылап отыруын қадағалап қарау керек. Түрлі-түсті бояулар нақты түрде көңіл-күй мен психикалық күйдің нюанстарын көрсетеді. Бұл техниканы қолдау арқылы сенімсіздікті жоюға, жағдайға байланысты үрейді жояға болады.
Вербальды және вербальды емес - Бұл кезеңнің міндеті топ ішіндегі қарым--қатынасты жақсартуға жағдай жасау. Топ мүшелерінің әрқайсысына өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу жұмысы кезінде пайда болған байланыстар, ойлар, сезімдер жайлы айтулары керек. Егерде, белгілі-бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, оны қинауға болмайды. Топ мүшелеріне салған суреттеріне ат қойып, әңгіме айтуларын сұрауға болады. Мұндай бастама ішкі жан дүниелерін ашуға көмектеседі. Топ мүшелерінің суретері арқылы барлық маглұмат алуға болады.
Кішкентай топтар арсындағы топтық жұмыс - Топ мүшелері кішкентай қойылымдарды қоюына болады
Рефлекциялық талдау - Бұл қортынды кезең болып саналады. Яғни, өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды. Және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар, арт¬-терапияда басқалармен салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдемілігі талданбайды, мағынасы талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғүрлым эффект жақсы болады. Арт-терапия сабағында ¬әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді, драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады.
Қорытынды - Арт-терапия шығармашылық процесс.Арт-терапия арқылы күйзеліске ұшыраған адамды және жақының жоғалтқандарды,психикалық ауытқулары бар және т.б адамдарды емдеу процесіеде қолданылады.Арт-терапияның ерекшелігі-бұл оңай терапия және біздің елімізде жаңадан қолданысқа ие тәсілдердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |