Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет85/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   147

СТРАТИФИКАЦИЯ
193
тарлықтай болса да, дамуға бағытталған шараларды іске асыруға ын- 
таланбауы бірдей.
7.1-картада әлемдегі дамуы ең төмен елдер мен қарқынды дамыған 
елдер көрсетілген, ал 7.1-кестеде түрлі елдер үшін өмір сүру сапасының 
бірнеше маңызды көрсеткіші салыстырылады және адами даму индексі 
(дамудың жалпы өлшемі) мен гендерлік мәселеге қатысты даму индексі 
(елдегі ерлер мен әйелдердің даму деңгейінің айырмашылыгын анықтау 
өлшемі) бойынша бағалау келтірілген.
Дамуы төмен елдерде әсіресе әйелдер мен балалар қауіпті жағдайда. 
Мысалы, ондай елдерде босану үстінде өлім-жітімге душар болған әйел- 
дердің саны дамыған  елдердегімен  салыстырғанда  100  есе  жоғары,  Сол 
сияқты, Сьерра-Леонедегі бір жасқа толмай қайтыс болған сәбилер саны 
Норвегиямен салыстырғанда (БҰҰ-ның 2011  жылғы даму бағдарламасы) 
40 есе басым.
Бірақ ең бай  елдерде  өмір  сүру сапасы міндетті түрде  ең жоғары 
деңгейде деп айтуға болмайды. Мәселен, АҚШ-та жан басына шаққан- 
дағы жалпы ішкі табыс Канадаға қарағанда 22 пайызға жоғары. Ал Ка­
нада адами даму индексі рейтингісінде бірінші орында, себебі бұл ел- 
дегі азаматтар денсаулық сақтау, білім алу және қажетінше тамақпен 
америкалықтарға  қарағанда жақсы қамтылған  (Б¥¥-ның 2011  жылға 
арналған даму бағдарламасы).
Неліктен  кейбір  мемлекеттердің  дамуы  басқаларға  қарағанда 
тым  төмен?  Біз дамудың негізгі  екі теориясын -  модернизация  және
7.1-КАРТА. Қарқынды дамыған елдер мен дамуы төмен елдердіңарасы
Қарқынды дамыған елдер -  Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның кейбір бөліктерінде орналасқан. 
Дамуы томен елдер -Африка мен Азияныңбасқа бөліктерін қамтиды.
ДЕРЕККӨЗ: Біріккен Үлттар статистикасы (2009).
АҚШ-тағы аралас 
нәсілдер
Дамуы томен 
■  Ортадамыған 
Н  Қарқынды дамыған
I 3-251


194
7-ТАРАУ
7.1-КЕСТЕ. Халықаральіқдеңгейдегі теңсіздіктіңкөрсеткіштері
М ем лекет
Бір ад ам ға 
ш а қ қ а и д а ғы  
ж а л п ы  ұ л т т ы қ  
табыс
Өмір сүру 
ү за қ т ы ғы
Нәресте өлім і 
/туганІООО 
тірі сәбиге 
ш ақ қ ан д а
А дами д ам у 
р ей ти н гі
Гендерге 
бай л ан ы сты  
д ам у  рей тин гі
Қ арқы н ды  д а м ы г а н  е лд е р
Н орвегия
$58,810
81
3
і
5
АҚШ
47,094
79,6
7
4
37
К анада
38,668
81
6
8
16
Ж апония
34,692
83,2
3
11
12
Корея Республи касы  
(О ңтүстік Корея)
О рт аш а
 
дам ы ган е лд е р
29,518
79,8
5
12
20
Сауд Арабиясы
24,726
73,3
18
55
128
Ресей Ф едерациясы
15,258
67,2
11
65
41
Б разилия
10,607
72,9
18
73
80
Қ ытай
7,258
73,5
18
89
38
Эль Сальвадор
Д а м у ы  т ө м е н  е лд е р
6,498
72
16
90
89
Руанда
1,190
51,1
72
152
83
Гаити
949
61,7
54
145
119
Сьерра Леоне
809
48,2
123
158
125
Конго д е м о к р а т и я л ы қ  
республикасы
291
48
126
168
137
Зим бабве
176
47
62
169
105
әлемдік жүйелер теориясын қарастырамыз және бұлардың жаьандық 
теңсіздікпен күресудегі әсерін анықтаймыз.
Құрылымдық-функциялық талдау: 
модернизация теориясы
Модернизация теориясы даму 
деп қарапайым қоғамдардың 
эволюциялық процесс барысында 
күрделі экономикага айналуын 
және институттық құрылымдар 
деңгейіне жетуін пайымдайды.
Модернизация  теориясы  бойынша,  даму  дегеніміз -   эволюциялық 
процесс  барысында  қарапайым  қоғамдардың  күрделі  экономикаға 
айналуы және институттық қүрылымдар деңгейіне жетуі (Wimmer& 
Feinstein,  2010). Қоғамға  бейімделу -  әлеуметтік құрылымның басты 
детерминанты  екені туралы құрылымдық-функциялық теорияның 
пікірі негізінде қалыптасқан.  Осы жағынан жоғары дамыған мемле- 
кеттер табиғи эволюциялық процеске сай дамып келе жатқан мемле- 
кеттерден озып шығады.
Модернизация теориясы дамуды қарапайым немесе күрделі эко- 
номикадан  және  институттық  құрылымдардан  шыққан  эволюция- 
лық процестің табиғи дамуы ретінде қарастырады.
Модернизация  теориясы  1950  және  1960  жылдары  көптеген  ға- 
лымға белгілі болды.  Бұл  «дамыған мемлекеттердің ізімен алға түсу 
керек»  деген  пікірден  пайда  болды.  Индустрияландыру  арқылы 
өнімділікті  арттыру денсаулық  сақтау,  білім  беру  салаларын  дамы-


СТРАТИФИКАЦИЯ
195
туға және технологияларды жақсартуға септігін тигізетін көп артық- 
шылық береді. Ал индустрияландырудың өрістеуінің бастапқы кезе- 
ңі өмір сүру стандарты мен өнімділіктің өсуіне алып келеді.
Алайда  даму  белгілі  бір  шек  қойылған  процесс  емес.  Жоғарыда 
айтылғандай, біраз  елдер  заманауилану арқылы қарқынды дамыса, 
басқалары замандану процесінде қиындықтарға тап болады.  Кейбір 
мемлекеттердің басқа елдермен салыстырғанда әлі күнге дейін даму 
деңгейі төмен  болуының негізгі  себептері -  олардың  ауыр,  тоқырау 
кезеңдерден өтуі, дамыған державалардың қанауында болып, зардап 
шегуі және  әлемдік нарыққа кеш кіруі.  Осындай  күрделі кедергілер 
элемнің жаңғыруы жөніндегі баламалы көзқарастар  қалыптасуына 
себеп болған.
Конфликті талдау: әлемдік жүйелер 
теориясы
Конфликтология  теорияшылары  «200  жылдан  бері  капитализм  үс- 
темдік  етіп  келе  жатқан  әлем  жалғыз  экономикалық  жүйе  ретінде 
әрекет  етеді»  деген  пікір  айтады.  Сонымен  қатар  теорияшылар  бұл 
жаьандық  еркін нарық жүйесінде  ауқатты мемлекеттер  мен  транс- 
ұлттық  корпорациялар  (тауарларын  бір  емес,  бірнеше  елдерде  өн- 
діріп  шығаратын  корпорациялар)  тауар  өндіруді,  қызмет  көрсетуді 
және  еңбек  етуді  өздерінің  қажеттілігі  үшін  жете  бақылайтынын 
айғақтады (Wallerstein, 2004).
Үлттық  мемлекеттер  өзінің  пайдасын  арттыру үшін  түрлі  стра- 
тегияларды  қолданады.  Олар  мұнай  сияқты  ресурстарды  және  на- 
рықты басып алуды көздейді. Сонымен қатар олар Солтүстік Америка 
Тегін Сауда келісімшарты (NAFTA) сияқты шарттар арқылы нарықты 
ұстап  тұрады  немесе  қалаған  тауарларды  шығару  үшін  қажетті  ре­
сурстарды пайдаланады. Ұялы телефонның әлемдік нарығында Фин- 
ляндияның үстем  болуы  (Nokia  корпорациясы  арқылы)  -   стратегия 
қолданудың үлгісі.
Трансұлттық корпорациялар -
халықаралық деңгейдегі тауарлар 
өндіретін және сататын аса ірі 
корпорациялар.

Экономикалықжәнесаяси 
I  күшінебайланыстытрансулттық 
корпорациялар жоғары дамыған 
мемлекеттерде шоғырлана отырып, 
орташа дамыған елдердің нарығын 
жаулап алуды көздейді  Мысалы, қазіргі 
таңда FedEx Вьетнам нарығында басым.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау