Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет82/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147

С т р а т и ф и к а ц и я
(ңоғамдағы топтарды 
жіктеу)
Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан 
кейін студенттер:
стратификацияның анықтамасын 
беріп, таптық жүйелермен 
салыстырғанда  касталық жүйеде 
өмір сүру айырмашылықтарын 
сипаттай алады және Карл  Маркс 
пен  Макс Вебер тұжырымдаған 
тап мағынасының ерекшеліктерін 
түсінеді;
Халықаралық деңгейдегі теңсіз- 
дік ұғымының мағынасы  мен 
оның салдарын, сондай-ақ мо­
дернизация теориясы мен әлем- 
дік жүйелер теориясы тұрғы- 
сынан халықаралық теңсіздікті 
саралап, топта талқылай  алады;
Соғыс пен терроризмнің әлеу- 
меттік себептерін анықтап, 
басқа елдерге қарағанда  кейбір 
елдерге қауіп-қатер төну деңгейі
неліктен жоғары екенін түсіндіре 
алады;
Ш
 
Табыс теңсіздігіне қатысты 
құрылымдық-функциялық және 
конфликт теорияларын сыни 
тұрғыдан саралай алады;
■   АҚШ-та табыс пен  байлық тең- 
сіздігінің өсу себептерін және 
америкалықтардың, әдеттегідей, 
теңсіздікпен келісу себептерін 
танып, теңсіздік деңгейін төмен- 
детуге бағытталған бағдарлама- 
лар жөнінде баяндай алады;
■   АҚШ-тағы әлеуметтік таптарға 
сипат беріп, біреулердің кедей- 
лікке, төменге құлдырауына 
түрткі болатын,  басқаларына 
ұтқырлықпен жоғарылауға 
мүмкіндік беретін әлеуметтік 
күштерге талдау жасай алады.


188
7-ТАРА У
әлеуметтану және сіз
Эр адамның туа бігкен табиғи 
(аскриптивті) және қол жеткізген 
мәртебелері болады. Мүмкін, қазір 
сіз мектеп түлегі және колледж 
студенті деген мәртебеге иесіз. 
Сонымен бірге жоғары оқу орны 
түлегі мәртебесіне қол жеткізуді 
армандайсыз. Егер ата-анаңыз 
жоғары білімді болса, сіздің 
«сауатты отбасынан шыққан» 
деген аскриптивті мәртебеңіз 
болады. Ол мәртебе білім алған 
немесе алмаганыңызға қарамастан 
беріледі. Басқалардың сізге деген 
қарым-қатынасы сол 
екі - аскриптивті және қол жет- 
кізген мәртебеге байланысты.
Стратификация құрылымының 
түрлері
Стратификация  -   кез  келген  қоғамға  тән  құбылыс.  Барлық  қоғам- 
дарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар са- 
натын  анықтайтын  қағидалар  болады.  Алайда  теңсіздік  құрылымы 
жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Теңсіздік екі жағдайда:
• 
теңсіздік  әлеуметтік  құрылымдар  мен  ұзақ  мерзімді  әлеуметтік- 
нормаларға сүйеніп, институттандырылса;
• 
теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен  гөрі топ мүшелігіне  негіз- 
делсе  (мысалы,  үйдің  үлкендері  немесе  «көк  жағалы  жүмысшы- 
лар» деп) -  стратификацияга айналады.
Теңсіздікті талқылау барысьшда  назар  аударатын шектеулі ресурс- 
тар әдетте үшке бөлінеді: бедел, билік және байлық. Бедел де мәртебе си- 
яқты, яғни ол бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет біл- 
діру. Билік-басқалардыңқалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе 
үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Егер бедел, билік немесе 
байлық теңсіздігі әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметгік 
нормаларға сүйенін, топтық мүшелікке негізделген болса -  стратифика­
ция бар деген сөз.
Стратификация - әлеуметтік 
мәртебелерді шектеулі ресурстарға 
қолжетімділік тұрғысынан 
анықтайтын теңсіздіктің 
институттық құрылымы.
Бедел - бір адамға немесе топқа 
ерекше әлеуметтік ізет-құрмет 
білдіру, мәртебе деп те аталады.
Билік - басқалардың қалауына 
қарамастан, оларға ықпал ету 
немесе үстемдік көрсету арқылы өз 
еркін жүзеге асыру.
Касталық жүйелер шектеулі 
ресурстарды аскриптивті 
мәртебеге сәйкес үлестіреді.
Таптық жүйелер шектеулі 
ресурстарды қол жеткізген 
мәртебеге сәйкес үлестіреді.
Стратификация құрылымының түрлері
Стратификация  -   кез  келген  қоғамға  тән  құбылыс.  Барлық  қоғамда 
байлыққа,  беделге  немесе  билікке  ие  болуға  лайық  адамдар  сана- 
тын  анықтайтын  қағидалар  болады.  Алайда  теңсіздік  құрылымы 
жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Қоғамдар арасындағы басты айырмашылық теңсіздіктің белгілен- 
ген және  қол жеткен  мәртебелеріне  негізделу деңгейінен туындайды. 
4-бөлімде айтылғандай, аскриптивті (белгіленген) мәртебе -  туа біткен 
табиғи және мирас жолымен берілетін, өзгермейтін мәртебе.
Қол жеткізген мәртебе -  адамның өмір жолында иеленетін мәрте- 
белері. Мысалы, афроамерикалық болу немесе ер адам болу -  белгілен- 
ген мәртебе, ал сотталған, бұрын сотталған адам  болу немесе дәрігер 
болу -  қол жеткізген мәртебе.
Әрбір  қоғам  шектеулі  ресурстарды  кейбір  белгіленген,  кейбір 
қол  жеткізген  мәртебелерге  қарай  үлестіреді,  бірақ  олардың  арасын- 
дағы  тепе-теңдіктен  айырмашылық  басым.  Шектеулі  ресурстардың 
бөлінуі  жоғары  аскриптивті  мәртебеге  негізделген  стратификация- 
ның  қүрылымы  касталық  жүйелер  деп  аталады;  қол  жеткізген  ста- 
тусқа негізделген қүрылым тапты қ жүйелер деп аталады.
Касталық жүйелер
Касталық жүйелерде адамның  бай  немесе кедей  болуы,  билік  басында 
немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты (Smaje, 
2000).  Егер  сіз  ер  адам  болсаңыз,  онда  әкеңіздің  кәсібін  меңгеру  талап 
етіледі (егер әкесі болмаса, адам пақыр болып қалуға мәжбүр). Егер әйел 
адам  болсаңыз,  анаңыздың  жолымен  үй  шаруасымен  айналысу  керек, 
әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады. Ал адам 
жалқау ма, ақымақ па не еңбекқор және білімді ме -  бұл маңызды емес. 
Сонымен  қатар  касталық  жүйеде  әлеуметтік  жағдайы  өзіңіздің  жағ-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау