Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет115/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
263
Денсаулың
Ерлер әдеттегі жоғары әлеуметтік деңгейіне қарамастан орта есеппен 
алганда, әйелдерден қысқа өмір сүреді. 2020 жылы дүниеге келетін ер 
балалар болжам бойынша 77,1 жыл өмір сүруі мүмкін, ал қыздар 81,9 
жасқа  дейін  өмір  сүреді  деген  болжам  бар:  ерлерге  қарағанда,  әйел- 
дің жасы  шамамен  5 жылға  артық (АҚШ халық санағы  бюросы  2017). 
Бұл  айырмашылықтың  бір  себебі  әрине,  биологиялық  ерекшелік:  ға- 
лымдардың айтуынша, гормондарының өзі-ақ әйелдердің денсаулығы 
үшін  кейбір  артықшылықтар  (қылықтарындағы  айырмашылық)  бе- 
реді.  Ал  ерлердің  өмір  сүру  ұзақтығына  олардың  гендерлік  рөлдері 
эсер етеді (Bird & Rieker, 2008).
Ерлердің  гендерлік рөлінің  негізгі  әдісі -  өздеріне  қауіп төндіре- 
тін  әрекеттер  арқылы  «еркек  екенін  дәлелдеу».  Соның  салдарынан 
ер азаматтар  әйелдермен  салыстырғанда  жол  апаттарынан,  атыс-ша- 
быстан  мерт болады  немесе жартастан  суға  секірем деп мертігеді.  Со- 
нымен бірге ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда қауіпті еңбек 
жағдайларында  -   мысалы,  балық  шаруашылығында  я  орман  шаруа- 
шылығында жұмыс істейді.
Бірақ  ерлер  мен  әйелдердің  өмір  сүру  ұзақтығы  арасындағы 
айырмашылықты  тәуекелмен  ғана  түсіндіруге  болмайды.  Мысалға, 
зерттеу  барысында  анықталғандай,  ерлердің  тамақтану  және  эмо- 
ционалдық  қарым-қатынастар  мәселесіне  гендерлік  рөліне  орай  аз 
көңіл бөлуіне байланысты жүрек ауруларынан қайтыс  болуы қаупі 
арта  түседі.  Отбасылық  және  әлеуметтік  қарым-қатынастарды  сақ- 
тау  әдетте  әйелдерге  тән  деп  саналады.  Ал  ажырасқан  немесе  жал- 
гыз қалған ер адамдар  көбінесе  ақырына дейін жалғызілікті ғұмыр 
кешеді.  Нәтижесінде, әлеуметтік  қолдау көрмей,  стрестік  ауруларға 
осал  болады.  Бұл  ер  адамдардың  өздеріне  қол  жұмсауы  әйелдерге 
қарағанда төрт есе көп болуының себебін айқындайды (Міпіпо 2002, 
Nardi, 1992).
Кедей елдерде, керісінше, қоғамдағы орнына қарай әйелдерге қай- 
тыс болу, ауыру және мүгедек болып қалу сияқты қауіптер елеулі эсер 
етеді.  Бұл жөнінде  «Жаьандық көзқарас: Дамуы төмен  елдердегі жүк- 
тілікжәне өлім көрсеткіштері» тарауында айтылған.
Білім
Білім алу
Елу жыл  бұрын жоғары  білім  алатын  әйелдердің саны  өте  аз  болған. 
Олар  тек  бакалавр дәрежесін  емес,  «MRS»  (яғни некеге тұрғаны  тура- 
лы куәлік) мәртебесін алуды да қолдаған. Қазіргі уақытта әйелдер мен 
еркектердің  орта  мектепті  бітіріп,  бакалавриат,  магистратура  және 
докторантурада  білім  алу мүмкіндіктері  бірдей.  Нәтижесінде,  оқуды 
аяқтайгын кезде бағаларына қатысты әйелдер емес, еркектер көбірек 
мазасызданатын болды.
Соңғы  жылдары  көптеген  сарапшылар  арасында  қазіргі  уақыт- 
тағы  білім  беру  жүйесі  қыздарға  бағытталған  деген  «дәлелсіз  пікір» 
талқылануда.  Сонымен  қатар  қыздар  ынталы  және  ережелерді  уста- 
нуга  тырысады  дейді.  Ал  ер  балалар  оқудан  жиі  шаршап,  оқуды  өз 
еркімен  тастайды  не  оқу  орнынан  шығарылады.  Деректерге  сүйен- 
сек, ұлдардың да көбі оқуға бар ынта-ықыласын салады. Алайда кедей 
афроамерикалық ұлдар мен еркектер  арасында  орта  мектепті немесе 
колледжді бітіргендері аз.
Гендердің  рөлі  маңызды  болғанымен,  бұл  тек  ғана  «гендерлік


264
9 -ТА РА У
Назар
аударыңыз
ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАС
Дамуы төмен елдер- 
дегі жүктілік және 
өлім көрсеткіштері
К
едей елдерде әйелдер денсаулығына 
қатты  қауіп  төнуде.  Мундай  елдерде 
эйел  үшін  ең  қауіптісі  -  жүкті  болу.  Жо- 
ғары  дамыған  елдерде  3600  ж үкті  әйел 
арасында  бір  ана  өлімі  тіркелсе,  нашар 
дамыған  елдерде  әрбір  90  әйелдің  бірі 
(АҚШ  халық санағы  бюросы,  2011b)  жүк 
тілік  кезінде  немесе  босану  кеэінде  қай- 
тыс  болады.  9.1  картасында  бүкіл  әлем 
бойынша  жүктілік  пен  босану  кезіндегі 
өлім-жітім қаупінің деңгейі көрсетілген 
Дамуы  томен  елдерде  ж үктілікке 
байланысты  өлімдердің  жоғары  көр- 
сеткіштері  әлеуметтік  жағдайдың  се- 
беп-салдарына  байланысты  (2010  ж ). 
Біріншіден, ж үктіл ік  пен бала туу әдетте 
қауіпсіз  болып  саналса  да  ж үкті  әйел- 
дердің  10-ға  ж уы қ  пайызы  дер  кезінде 
медициналық  көмек  көрсетілмегеннен 
қайтыс  болады.  Мүндай  жағдай  ең  да-
мыған  елдерде  сирек,  нашар  дамыган 
елдерде жиі кездеседі.
Екіншіден,  әйелдердің  қоғамдағы 
мәртебесі  томен  кедей  елдерде  олар  та- 
мақжетіспеушілігінен зардап шегеді. Іште 
өсіп  келе  жатқан  баласы  үшін  қосымша 
тамақтануды қажет еткен жүкті эйел үшін 
бүл  -  өлімге әкелер жағдай. Тамақтың жет- 
кіліксіз  болуынан  әйелдер  жүктілік  кезін- 
де ауруға шалдығады, босану кезінде қан 
кету сияқты басқа да эардабы тиеді.
Үшіншіден,  эйелдердің  қоғамдағы 
мәртебесі  томен  елдерде  денесі  әлі  де 
толық  дамымаған  қыэдарды  некеге  тұ- 
руға  мәжбүрлейді  Нәтижесінде, олар  нә- 
рестені  тууға  шамасы  келмей,  бұл  -   ана 
мен  баланың өліміне әкеледі.  Сондай  ақ 
әйелдің қадірі мен ер адамның күші олар 
дың  ұлдарының  санымен  өлшенгенде 
әйелдердің  тағь;  бірнеше  рет  жүкті  бо- 
луына  тура  келеді.  Биологиялық  негіэі- 
нен,  үшінші  жүктіліктен  кейінгісі  ананың 
алдыңғы жүктіліктеріне қарағанда үлкен 
қауіп тудырады.
Соңғысы,  әйелдің  денсаулығына 
көңіл  бөлмейтін  елдерде  көптеген  әйел 
дер  қауіпті  жасанды  түсіктерден  қайтыс 
болады  (Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
үйымы, 2010).  Жасанды  түсік  -   егер оны 
стерильді  жағдайда  тиісті  қүралдармен 
жүмыс істейтін  мамандар (Дүниежүзілік 
денсаулық  сақтау  ұйымы,  2010)  жасаса 
қауіпсіз,  күрделі  әдіс  емес  Түсік  жасагу 
заңсыз  немесе  қымбат  болса  көптеген 
әйелдер  басқа  амалын  іздейді.  Себебі 
олардың  көбінесе  қалған  балаларын  та- 
мақтандыруға  мүмкіндігі  жоқ.  Мүндай 
әйелдердің  кейбіреуі  түсік  тастаудан 
үміттеніп, улы химикаттарды ішіп қайтыс 
болады.  Кейбірі  тәжірибесіз  мамандар- 
дың  салғыртығынан  лас  қүралдардан 
ж ұққан инфекциядан  немесе күрделі жа- 
рақат алғаннан, қан кетуінен көз жүмады 
(Sedgh et al 2007).
Қыздар  мен  әйелдердің  жүктілік 
пен  босану  кезіндегі  өлім-жітімін  тоқта- 
тудың  ең  дүрыс  жолы  -   олардың  әлеу- 
меттік жағдайын жақсарту.
мәселе» емес. Біз (7 және 8-бөлімдерде) нәсіліне немесе тап мүшелігіне 
негізделген  дискриминацияның,  сондай-ақ  ресурстар  жетіспеушілі- 
гінің жағдайы төмен оқушыларға және азшылық топтардан шыққан 
студенттердің  оқуда  табысты  болуына  қалай  тосқауыл  қоятынын 
қарастырдық.  Афроамерикалық  ұлдар  мен  ерлер,  афроамерикалық 
қыздар  мен  әйелдерге  қарағанда  неге нашар оқиды?  Бұған жауап әлі
І
Муғалімдері қыздарға сенім артып, 
оларды талпындырса, қыздар 
математикадан елеулі жетістіктерге 
жетуі мүмкін.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау