ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
261
Биологиялық айырмашылықтарды
арттыру
Гендерлік әлеуметтену арқылы қыздар мен ұлдар, ерлер мен әйелдер
«нағыз ер азамат немесе әйел қандай болуы керек» екенін жақсы түсі-
неді. Бұл идеялар өздігінен орындалатын болжамға айналуы мүмкін,
себебі ерлер мен әйелдердің биологиялық түрғыдан әр басқа екеніне
деген сенімнің өзінен-ақ өздерін әртүрлі етіп үстайды (Lorber, 1994).
Бұл қалай жүмыс істейтінін түсіну үшін Шари Дворкин (2003) спорт-
тық жаттығу залындағы қатысушыларды бақылап, екі жыл зерттеу
жүргізген. Екі жаттығу залындағы бапкерлер ер адамның ғана «бүл-
шық еттері өсуі» мүмкін деп, әйелдерге қауіптенбей ауыр затты кө-
тере беруді кеңес етеді. Бірақ әйелдердің 25 пайызы «еркектік» бұл-
шық еттердің пайда болуынан қауіптеніп, ауыр көтеруден мүлде бас
таргты. Олардың 65 пайызының бұлшық еттері өсе бастаған соң, ауыр
көтеруді қысқа мерзімге немесе жеңіл салмаққа ауыстырды. Екі жыл
жаттығулар нәтижесінде бұл әйелдердің бұлшық еттері салыстыр-
малы қалыпты күйде болды. Олардың бұлшық еттерінің жетілмеген
себебі - жетілдіруге қабілеті болса да ерлер мен әйелдерге тән ерекше-
ліктерді, айырмашылықтарды ескере отырып, одан бас тартуды жөн
көрген.
Биологиялық жыныстық айырмашылықтарды медицина тәжіри-
белері де күшейте алады. Дәрігерлер кейде қыздардың бойы «тым
биік» және ұлдардың бойы «тым аласа» болуына жол бермеу үшін
гормондар қабылдауды ұсынады (Weitz, 2010) Дәрігерлер кішкентай
кеуделі әйелдерге және пекторалды бұлшық еттері дамымаған ерлер-
ге пластикалық хирургия ұсынады. Осылайша, ерлер мен әйелдердің
айырмашылықтары жөніндегі әлеуметтік идеяларды нығайтуға ай-
наламыздан көріп жүрген «денелердің» өздері көмектеседі.
Биологиялық айырмашылықтар - табиғаттан екендігі туралы
сенім, шын мәнінде, ерлер мен әйелдердің ұқсас болуын ескермегенде
күшейеді. Теледидардан ер чирлидер мен әйел футболшыларды емес,
әйел чирлидер мен еркек футболшыларды жиі көрсетеді. Бұл - әйел-
дердің ауыр спорт түрлерімен шүғылданбайтынын және «шынайы
еркектердің» чирлидингке қатысуы қоғамда қабылданбайтынын
дәлелдейді. Олимпиадалық ойындарда мәнерлегі сырғанаушы әйел-
дер грация бойынша, ал ерлер жылдамдығы мен күшіне қарай бағала-
нады. Көрермендер де әргүрлі дағдыларды дамытатын әйел спортшы-
лар мен ер спортшылар әртүрлі қабілеттерге ие деген сенімде қалады.
Сондай-ақ атлетикалық ережелер бойынша қыздар ойнайтын баскет
бол алаңы арнайы өлшемде шектеулі, ал ерлер мен әйел спортшылар-
дың жарыстарда бәсекелес болуына тыйым салынады.
«Гендерді қалыптастыру»
Гендерлік айырмашылықтар «гендерді қалыптастыру, гендерле-
ну» барысында күшейеді. Әлеуметтанушылар әйелдер мен ерлердің
гендерлік рөліне қатысты өздерінің міндеттерін көрсететін күн-
делікті іс-әрекеттерді орындауын «гендерлену» деп атайды (West
& Zimmerman, 1987; Fenstermaker & West, 2002). Кәсіби бодибилдер
әйелдердің бүлшық еттеріне қарамастан, ешкім олардың әйел екені-
не күмәнданбауы үшін шаштарын үзын және сарғыш (қажет болса
бояғыш пайдаланып) етіп сәндейді. Ал мейіргерлер кейде басқаларға
өзінің «нағыз еркек» екенін білдіру үшін атлетикамен айналысаты-
нын немесе гетеросексуалды жетістіктерін айтады. Әрқайсысымыз
262
9-ТА РАУ
әлеуметтану және сіз
Сіз қазіргі сәтте өз гендеріңізді
қалай қалыптастырасыз?
Аяғыңызды алшайтып отырасыз
ба, жоқ айқастырып отырасыз
ба? Боянасыз ба? Қалай және
қандай мақсатпен? Қандай түсті
киім киюді қалайсыз? (Ер адам
болсаңыз, қызғылт киім емес
шығар.) Осы кітапты оқыганда
кекс жеп отырсаңыз диетаны
бүзғаныңыз үшін өзіңізден
кешірім сұрадыцыз ба? Мұның
барлығы - гендерді жасау
мысалдары.
К о м п у л ь с и в т і г е т е р о с е к с у а л и з м -
адамның еркекке тән мінезін және
гетеросексуалдылығын үнемі
көрсетуі.
гендерлік істерді күн сайын атқарамыз. Мысалы, киім таңдап, (ерлер
де, әйелдер де) не юбка немесе джинсы киеміз, сыпайы немесе батыл
сөйлейміз. Осылайша, гендерлік әлеуметтік құрылымға қатысамыз.
Бұл туралы ойлануға тағы бір себеп - гендердің біз иелік еткен нәрсе
емес, біз жасайтын нәрсе екендігі.
Жасөспірімдік кезең адамның өзін-өзі белсенді түрде танитын
уақыты болғандықтан сол жылдары гендерді қалыптастыру аса ма-
ңызды. Біз гендер туралы айгқан кезде қыздар мен әйелдерге назар
аударамыз, алайда ұлдар үшін де гендерді қалыптастыру маңызды.
Бұны асыра талап ету ұл баланы компульсивті гетеросексуалды-
лыққа жеткізуі мүмкін. Компульсивті гетеросексуализм - адам-
ның ер адамға тән мінезі мен қасиеттерін үнемі көрсетуі (үстем мә-
дениеттерде гетеросексуалдылығын көрсетуі де). Калифорниялық
жоғары мектеп оқушылары арасында зерттеу жүргізген әлеуметта-
нушы С.Дж.Паско (2007) ер балалардың бір-біріне сексуалдық жетіс-
тіктері туралы әңгімелейтінін анықтады. Олар қыздарды физика-
лык; қатерге душар ету немесе қыздарға шабуыл жасау, жыныстық
қатынасқа көндіру қаупін төндіріп, қыздарға шабуылдауды ойла-
ған. Бәрінен де шошытатыны - қыздар күштеу қаупіне ұшыраған
жағдайда да мүғалімдер бұл әрекеттерге кедергі жасамаған. Ұл ба-
лалардың әрекеттері мен мұғалімдердің әрекетсіздігінің ұштасуы,
мүндай қылық ерлерге тән табиғи нәрсе деген сенімдері ұлдардың
өзді-өздеріне және басқаларға осы сенімдерін дәлелдеуге ықпал
еткен.
Гендер - әлеуметтік құрылым
Гендер - әлеуметтік құрылым, қоғамның құрамына енеді (Risman
1998). Жұмыс орны күндізгі күтімді қамтамасыз етпеген жағдайда
гендер әлеуметтік құрылымға айналады. Әйелдер бірдей еңбекақы
алмайды; әкелер бала тууына байланысты демалысқа шықпайды.
Баскетбол доптары, басшылыққа арналған орынтақтар, электр құрал-
дары орташа ер адам үшін ыңғайлы болатын өлшемде жасалады. Үй
шаруашылығына әйелмен бірдей қатысатын күйеулер достарының
күлкісіне қалады. Мацыздысы, гендерлік рөлдер мен көзқарастардағы
өзгерістер бір жағдайда - егер гендердің әлеуметтік қүрылымында қа-
тарласқан өзгерістер болса ғана қоғамның өзгеруіне алып келеді. Сон-
дай-ақ әлеуметтік құрылым өзгерсе, гендерлік рөлдер мен көзқарас-
тар да өзгереді. Мысалы, Барбара Рисман анықтағандай (1998), әйелі
қайтыс болған немесе тастап кеткен ер адамдар өздерінің балаларына
күтім көрсетуді тез арада үйреніп кетеді.
Гендерлік негіздегі денсаулың,
білім және табыс теңсіздіктері
Сексизм мен дискриминацияның ұштасуы қыздар мен үлдарды, ер
лер мен әйелдерді түрлі траекторияларға орналастырады. Бұл әртүр-
лі тәсілдермен адамдардың келешегіне эсер етеді. Алдағы тарауда біз
гендерлік теңсіздіктің денсаулыққа, білімге және табысқа қалай эсер
ететінін қарастырамыз. Әйелдердің салыстырмалы түрдегі томен
әлеуметтік дәрежесі немесе билікке қолжетімділігі оларға жиі кері
әсерін тигізеді. Алайда кейде гендерден дәмелену ерлердің де тәуе-
келін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |