Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет123/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   147

282
10-ТАРАУ
Денсаулың және денсаулың 
сақтау -  әлеуметтік мәселе
Бір  қарағанда,  денсаулық тек  биологиялық,  ал денсаулық  сақтау тек 
медициналық сала іспетті. Алайда бұл тараудан денсаулық, ауру және 
денсаулық сақтау саласының әлеуметтік күштермен және әлеуметтік 
мәртебемен терең байланысы бар екеніне көз жеткізуге болады.
Денсаулық пен ауру студенттердің өміріне қатысы жоқ мәселелер 
деп қарастыру -  шындыққа  жанаспайтын тұжырым.  Қай жаста  бол- 
сын  ауруға,  мүгедектікке  шалдығу  және  жарақат  алу  қаупі  бар.  Бұл 
жағдай  дамыған  елдер  ішінде  АҚШ-тың денсаулық  сақтау  қызметін 
түтынуға  қолжетімділікті  барлық  азаматтарға  бірдей  қамтамасыз 
етпейтін  жалғыз  мемлекет  болуына  байланысты  ерекше  маңызды. 
Нәтижесінде,  2010  жылғы  мәліметтер  бойынша,  65  жасқа  дейінгі  49 
миллион америкалықта медициналық сақтандыру болмаған. Қазіргі 
экономикалық жағдайды ескерсек, бұл көрсеткіш одан әрі өсері сөзсіз. 
Денсаулығына  байланысты шығындардан қарызға  батып, банкротқа 
ұшыраған азаматтар  саны  артуда  (Kaiser Commission  on  Medicaid and 
Uninsured, 2011). Сонымен қатар денсаулық -  жалпы өмір сүру сапасы- 
на  эсер  ететіи  жалғыз  маңызды  фактор.  Сондықтан  біздің  мақсаты- 
мыз  -  денсаулық  пен  ауруға  эсер  ететін  әлеуметтік  күштерді  қарас- 
тырып қана қоймай, АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесінің осындай 
қалыпқа жету себептерін және  оның  нәтижелерін қарастыру.  Біз, ең 
алдымен,  әлеуметтанушылардың  ауру  жайындағы  көзқарастарын 
зерттеуден бастаймыз.
Ауруға теориялық көзқарастар
Ауру жөніндегі әрбір әлеуметтік теория тәсілдерінің әртүрлі болуына 
байланысты түрлі  сұрақгарға назар  аударып,  гурлі жауаптар  ұсына- 
ды.  Аурудың  классикалық  қүрылымдық-функциялық  теориясы  қо- 
ғамның кедергісіз жұмыс атқаруына аурудың (кейбіреулерінің) қалай 
эсер  ететінін  және  қоғамның  осы  жоспарлы  ағымға  кедергі  келтіруі 
ықтимал  ауруды  қалайша  шектейтіні  жайлы  мәселелерді  қарасты- 
рады. Конфликт теориясы ауру туралы түрлі анықтамалардың пайда 
болуына  бәсекелес  мүдделердің  қалайша  эсер  ететінін  көрсетеді,  ал 
символдық  интеракционизм  теориясы  болса,  ауру  тәжірибесін  түсі- 
нуде ерекше пайдалы екені анық.
Құрылымдық-функциялық теория: 
науқастың рөлі
Аурудың  классикалық  әлеумггтік  теориясын  алғаш  рет  1951  жылы 
Талкотт Парсонс тұжырымдаған болатын. Құрылымдық-функциялық 
зерттеуші ретінде Парсонс кедергісіз қызмет атқаратын кез келген қо- 
ғам құлдырап кетпеуі үшін, өзге де ықтимал мәселелер секілді ауруды 
да тежей алады деп пайымдайды.
Парсонстың «ауру-девианттылықтың бір гүрі, себебі бұл адамдар- 
дың қалыпты әлеуметтік рөлін сақтауға мәжбүрлейді» деген тұжыры- 
мы  әлеуметтануға  үлкен  үлес  қосты.  Мысалы,  сіз  соңғы  рет  ауырған 
кезде жұмыстан жоспарланбаған демалыс алдыңыз, жігітіңізге неме- 
се құрбыңызға азық-түлік әкеліп беруін сұрап қолқа салдыңыз неме- 
се мұғаліміңізден тапсырманы орындау уақытын созуды сүрадыңыз.


ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
283
Ертеңгі күні сіз орындамаған міндеттеріңіз үшін ақталу мақсатымен 
әлі де ауырып жүрмін деп айтуыңыз  мүмкін.  Сондықтан да  Парсонс- 
гың пайымдауынша,  аурудың  (немесе  науқас  секілді  болып  көріну), 
әдетте  қызметі  болмайды,  өйткені  адамдардың  қалыпты  рөлдерін 
орындауына  кедергі келтіреді,  осылайша,  әлеуметтік тұрақтылыққа 
қауіптөндіреді.
Алайда Парсонс кейбір аурулар әлеуметтік тұрақтылық үшін пай- 
далы болуы мүмкін дегенді де айтады. Егер ауырып қалып, өз-өзін қа- 
лыпқа келтіруге үзіліс алмаса немесе психикалық саулық күнін алуға 
мүмкіндігі болмаса ешқашан демалыс алып көрмеген жұмысшылар- 
дың,  студенттердің  және  жұбайлардың  арасында  наразылық  сезімі 
күшейер  еді.  Осыған  орай,  ауру  кейде  қоғам  арасындағы  шиеленісті 
бәсеңдету қызметін атқарады.
Н ауқас рөлін а н ы қ т а у
Әлеуметтік  тұрақтылықты  нығайта  түсу  үшін  қоғам  ауруды  қалай 
қадағалайды?  Бұның  жауабын  Парсонс  «науқас  рөлін»  алға  тарта- 
ды.  Ауру  адамның  өзін  ұстауына  және  осы  жағдайға  байланысты 
қалыптасатын  қоғам  көзқарасына  қатысты  «науқас  адам  рөлі»  төрт 
әлеуметтік  нормаға  қатысты  болады.  Біріншіден,  науқас  адамдар- 
дың  қалыпты  әлеуметтік  рөлдерді  атқармауға  заңды  негіздері  бар 
деп  есептеледі.  Сондықтан  біз  оларды  жұмыстан  шығарудың  орны- 
на  жұмыстан  уақытша  босатамыз.  Екіншіден,  мәдени  нормаға  сәй- 
кес,  адамдар  ауруға  шалдыққанына  жауапты  емес.  Сондықтан  біз 
ақымақтықпен микроб жұқтырған адамдарды жазалаудың орнына, 
тұмауға  шалдыққандарға  тауық  сорпасын  апарып  береміз.  Үшінші- 
ден,  ауруға  шалдығуды  адамдар  жағымсыз  жағдай  деп  санайды  да, 
айығып кету үшін бар күшін салады.  Сол себепті  біз  ауырып үйінде 
жатқандарға көңіл білдіріп, ал емделмегендерді сынап мінейміз.  Ең 
соңғысы, науқас адамдар медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлер- 
дің нүсқауын орындау қажет.
І
«Науқас рөлінің» сипаттамасы 
бойынша біз ауруға шалдыққан 
кезде дәрігерге көрініп, оның 
нұсқауларын орындауымыз қажет 
деп түжырымдаймыз.
Н ауқас а д а м   рөлін с ы н а у
Ауру  жайлы  әлеуметтік  тұрғыдан  ойлау  үшін  Парсонстың  науқас 
рөлі  жайлы  тұжырымдамасы  шешуші  қадам  болды.  Алайда  ке- 
йінгі  зергтеулер  науқас  рөлі  моделінің  шектеулі  екеніне  мән  бере
Ү ғы м д а р д ы ң  крры ты нды сы
Науқас адам рөлі моделінің 
әлсіз тұстары
Науқас а д а м  р ө л ін ің  э л ем ен ттер і
Ү лгінің сәйкес 
болуы
Ү лгін ің сәй кес
болм ауы
Міндеттемелерді орындамауга заңды  
негіз болып табы латы н аурулар.
А ппендицит, 
қатерлі ісік
А ны қталм аған со- 
зы лм алы  әлсіздік
Науқас адамдар ауруға ш алды ққан ы  
үшін ж ауапты  емес.
Қызылша, гемо­
филия
СПИД, өкпенің 
қатерлі ісігі
Науқас адамдар ауруы нан айы ғы п 
кету үш ін бар күш ін салу керек.
Туберкулез, 
ая қты ң  сынуы
Ревматоидты ар­
трит, эпилепсия
Науқас адамдар м ед и ц и н алы қ көмек- 
ке ж үгінуітиіс.
Асқынған фарин­
гит, пневмония
А льцгеймер ауруы, 
суы қти ю


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау