Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет113/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
259
Символдық интеракционизм: күнделікті 
өмірдегі гендерлік теңсіздік
Символдық интеракционизм теориясы күнделікті қарым-қатынас- 
та  орын  алатын  сексизмнің  себеп-салдарын  түсінуге  ықпал  етеді. 
Мысалы,  әлеуметтанушы  Карин  Мартин  (1998)  ұлдар  мен  қыздар- 
дың өзара  қарым-қатынасындағы  гендерлік-нормативтік  реттілік- 
терді  үйренуін,  ара  кеңістігін  пайдалануды,  өздерін-өзі  ұстауды 
үйренуін  түсінуге  тырысты.  Осы  сұрақтарға  жауап  табу  үшін  ол 
мектепке дейінгі жастағы  112  баланың арасында  зерттеу жүргізді. 
Оган  бес түрлі топ,  мектепке дейінгі  екі  мекеме,  14 мүғалім қатыс- 
ты.  Мұғалімдер  балалардың  ойнауын  жүйелі  түрде  бақылап,  ген- 
дерлік  айырмашылықтарды  нығайтатын  тәртіпті  қалыптастыра- 
тыны анықталды.  Мысалы,  олар кішкентай ұлдардың қуыршақты 
киіндіріп  ойнағанынан  жиіркеніп  (тіпті  олардың  көпшілігі мұны 
ұнатса  да),  оларға  алысып,  шулы  ойын  ойнауға  рұқсат  еткен.  Қыз- 
дардан  тәртіппен  қол  көтеруді,  даусын  бәсеңдетіп  сөйлеуді  талап 
етіп, жүгіріп-секіріп, жерде  жатып аунауға  тыйым салған.  Мектеп­
ке баратын  кезде  ұлдар  мен  қыздар  сөйлесуден  басқа  да  қарым-қа- 
тынас түрлерін  үйренеді,  олар  үлкендерге  тиесілі қасиеттер  болса 
да табиғи  болып көрінеді.  Бұл  гендерлік ерекшеліктерді біз осы та- 
раудың соңында тереңірек талқылаймыз.
Символдық  интеракционизм  теориясы  арқылы  ерлер  мен 
әйелдердің  өмір  салты  күрт  өзгерістерге  ұшырауына  қарамастан, 
гендерлік  стереотиптердің  неге  сақталатынын  түсінеміз.  Жылдар 
бойы  зерттеулермен  айналысқан  әлеуметтанушы  Сесилия  Ридж­
вей  (2011  ж.)  гендерлік теңсіздіктің  гендерлік мәртебеге  сену  себе- 
бінен  сақталатынын  дәлелдеген.  Гендерлік  мәртебеге  сену  -   бір 
жыныс  (әсіресе  еркектер)  басқаға  (әйелдерге)  қарағанда  сыйлы, ла- 
йықты және құзыретті деген кеңінен таралған көзқарас.  Бұл  сенім 
әлеуметтік қарым-қатынаста  үнемі  күшейе  береді.  Ерлер  билік қү- 
рылымдарын  жиі  басқарғандықтан  және  олардың  біліктілігі  арта 
түседі деген  ойға  байланысты жұмыс  берушілер,  мұғалімдер  және 
басқалар әдетте ер адамдарды әйелдерге қарағанда, қүзыретті және 
лайықты  деп  санап,  жоғары  бағалайды.  Нәтижесінде,  ер  адамдар 
өздерін  сенімді  және  еркін  сезінеді.  Керісінше,  әйелдердің  құзы- 
реттілігі  жеткіліксіз,  жұмысты  нашар  атқарады  деп  саналғаннан 
төмен  бағаланады,  айналадағылардың  сенімінен  айрылады.  Осы- 
лайша,  гендерлік  мәртебеге  деген  сенім  үнемі  жаңаланып,  қайта- 
ланып отырады.
Гендер қоғамдық құрылыс 
және әлеуметтік құрылым 
ретінде
Әлеуметтанушылардың  айтуынша,  гендер  жеке  түлғаларға  тән, 
биологиялық тұрғыдан берілетін нәрсе  емес,  керісінше,  әлеуметте- 
ну,  медицина  мен  мәдениет  әсерінен,  қоғамдағы  өзара  әрекеттес- 
тікте  тұрақты  түрде  жаңғыртылып  отыратын  нәрсе.  Сол  сияқты 
әлеуметтанушылар гендерді тек жеке тұлғалардың ғана емес, әлеу- 
меттік құрылымдардың да атрибуты ретінде сипаттайды.
Гендерлік статусқа деген сенім - 
бір жыныс (әсіресе еркектер) 
басқага (әйелдерге) қараганда 
сыйлы, лайықты және құзыретті 
деп санайтын, кеңінен таралған 
көзқарас.


260
9 -ТА РАУ
Гендерлік бірегейлік
Бала дүниеге  келген  кезден  бастап  қоғам  қыздарға  басқаша, ұлдарға 
басқаша  қарайды;  қызғылт  немесе  қоңырқай  көрпеге  орайды,  бірін 
спортқа үйретсе, екіншісіне тігін тігуді үйретеді.  Шын мәнінде, жеке 
тұлға ретінде толық қалыптасқанға дейін бірін күшті, екіншісін әдемі 
болуіа талпындырады. Осылайша, символдық интеракционизм зерт- 
теулері  анықтағандай,  балалар  өздерінің  жынысын  және  гендерлік 
рөлдерін таниды.
Жас балалардың гендер жөніндегі ойлары әдетте түрақты болады. 
Олардың мұндай ойлары екі себептен елеулі стереотиптердің дамуы- 
на  алып келеді.  Бірінші себеп -  элем тек қана  жыныс  бойынша  бөлі- 
неді. Балалардың ойынша, әйелдер көпір салмайды, ал еркектер тігін 
тігумен айналыспайды. Стереотиптің қалыптасуына эсер ететін екін- 
ші себеп, тағы бір маңызды фактор -  олардың өздеріне деген көзқара- 
сы. Зерттеулер  көрсеткендей, ата-аналар  ұл баласы мен қыз  баласын 
әр  басқа  қабылдайды.  Олар  өз  балаларына  «жынысына  сәйкес  келе- 
тін» ойыншықтарды береді, ұлдары қыздардың, не қыздары ұлдардың 
ойыншықтарымен ойнаса  алаңдаушылық пайда  болады. Ата-аналар 
ұлдарга  белсенді және  агрессивті  болуға  ерік береді, ал қыздарының 
тыныш ойнауын және үлкендермен бірге жүруін (Orenstein, 1994) қол- 
дайды.  Ата-аналар  гендерлік  стереотипке  сай  мінез-құлықты  қолда- 
маса, балалары гендерлік стереотиптерді қатаң ұстанбас еді.
Осы процестің нәтижесінде ұлдар мен қыздардың өз жыныстары- 
на  тән  әрекеттер  туралы  тұрақты  пікірлері  дамиды.  Мысалы,  ұлдар 
қыздарға тән қасиеттер көрсеткені үшін сынға алынады.  Сол себепті 
кішкентай ұлдар  мен  қыздардың жынысқа  тән  әрекеттер  жөніндегі 
ойлары  ерекше  қатаң.  Қыздар  ұлға  тән  мінез-құлық  көрсете  алады. 
Сонымен қатар  көптеген  ата-аналар қазір  қыздарының спортпен  шұ- 
ғылдануын, компьютерде ойнауын және басқа ұл балаларға тән іс-әре- 
кеттермен айналысуын қолдайды. (Керісінше, ұл балалардың қыздар- 
ға  тән  әрекетгерімен  айналысуын  қолдау  сирек  кездеседі).  Сонымен, 
қыздар  бұрын ұлдарға  ғана  тән деп  саналатын іс-әрекеттер қолайлы 
екенін сезінуі ықтимал (England 2010).

АҚШ-тағы гендерлік рөлдердің 
I   өзгергеніне қарамастан, қыздар мен 
ұл балалар әлі де дәстүрлі гендерлік 
әлеуметтенудің ықпалында.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау