Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет118/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
271
Бұл  гендерлік  айырмашылықтар  күнделікті  сөйлесу  сәттерінен 
де  байқалады  және  алшақ тарта  түседі  (Таппеп,  2001).  Ерлер  көбірек 
сөйлейді; әйелдердің сөзін жиі үзеді және, ең бастысы, өзіне қолайлы 
түста үзеді. Сонымен қатар ерлерге қарағанда әйелдер әңгімелескенде 
жиі сыпайы сөйлеп, жөнсіз қасарыспайды. Әйелдер  өздерінің пікірін 
сүрақпен жеткізеді  («Сіз  көгілдір түстен қызыл түс жақсы деп ойлай- 
сыз ба?»). Осындай сөйлеу мәнері жиналыстар мен іскерлік кездесулер- 
де де болады. Бұл -  іскер әйелдердің, ерлерге қарағанда өз идеяларына 
сенімінің аз болуы себебінен (Таппеп, 2001).
Зертханалық және басқа  зерттеулер  көрсеткендей,  ерлер  мен  әйел- 
дер арасындағы айырмашылықтар көбінесе олардың мәртебесінің айыр- 
машылықтарына негізделеді (Kollock, Blumstein & Schwartz 1985; Ridgeway 
&  Smith-Lovin  1999;  Tannen  2001).  Әйелдердің  мәртебесі  ep  адамдікінен 
жоғары болса, мысалы, әйел профессор студент жігітпен сөйлескенде сту- 
денттің мәртебесінің төмендігіне ерекше көңіл аудармайды.
Case-study: ж ы ны сты қ қаты насқа 
итерм елеу
Әйелдердің  ер  адамдармен  салыстырғанда,  әлсіз  болуының  зардабы 
жыныстық харассмент тақырыбында түсіндіріледі. Бұл -  жыныстық 
қатынасқа итермелеу, сөзбен немесе ерсі қимылмен жыныстық қаты- 
насқа  шақыру  сипатында  емеурін  жасау,  жағымсыз  қылық  көрсету. 
Мұның анықтамасына және оқиғаларына байланысты түрлі пікірлер 
болғанымен,  жұмыс  істейтін  әйелдердің  тең  жартысы  өмірінде  жы- 
ныстық харассментке тап  болатыны анық (Welsh  1998).  Ер  адамдарға 
әйелдер тарапынан да  сондай  әрекет жасалуы  мүмкін,  бірақ  бүл  өте 
сиреккездеседі.
Жыныстық  харассменттің  екі  түрі  бар  (АҚШ-та  жұмыспен  қамту- 
дың тең  мүмкіндіктеріне  арналған  комиссия).  Заңға  сәйкес  жұмыс  бе- 
руші,  мұғалім  немесе  басқа  жоғары  лауазымды  басшының  жұмыстан 
шығармау, қызметте жоғарылату, ұсыныс хат беру т.с.с түрлі амалдарды 
қолданып, жыныстық әрекетке мәжбүрлеуі (ерсі қылықтан жыныстық 
қатынасқа  дейін) жыныстық харассмент деп танылады.  Басшы  немесе 
мұғалім барынша мейірімді болу үшін, жыныстық харассмент -  сыйақы 
туралы емеуріннен басталып, зорлаумен аяқталған оқиғалар да болады. 
Сондай-ақ кеңседе порнографиялық фотосуреттер орнатылса немесе әріп- 
тестер сексистік әлде жыныстық мазмұндағы әзіл-қалжыңды жиі айтып, 
жеке түлғаға жұмысын атқаруға кедергі ететін жағымсыз ұжым ахуалы 
қалыптасса, бұл жыныстық харассмент болып саналады.
Әйелдердің ерлерге қарағанда  күші  аз,  әлсіз  болуына  байланысты 
оларға қарсы жыныстық харассмент жиі жасалады. Алайда жыныстық 
харассмент әйелдердің әлеуметтік әлсіз  жағдайын  ашып қана  қоймай, 
сол жағдайдан құтылудың жолын таба алмай күйзелуіне де әкеп соқты- 
рады. Мысалы, инженерлік мамандығы бойынша оқып жүрген немесе 
сондай компанияда  іс-тәжірибеден  өтіп  жатқан  қыздар  жыныстық ха­
рассмент  мәселесіне  тап  болған  жағдайда  мансаптарын  инженерлік 
салада  жалғастырудан  бас  тартады.  Сондай-ақ  өздерінің  қабілеті  мен 
ұстанымдарына деген  сенімін жоғалтуы  мүмкін, тіпті созылмалы пси- 
хологиялық қиындықтарға үшырауы ықтимал (Sadker & Sadker, 1994).
Сексизмге қарсы күрес
Алдағы  тарауда  жыныстық  харассмент,  әйелдерді  қорлау,  жұмысқа 
қатысты дискриминация және басқа  мәселелерге қарсы күресу үшін
і   Заңсызболғанына қарамастан, 
і   жыныстықхарассмент жұмыс 
орындарында жиі кездеседі.
Жыныстық харассмент - 
жыныстық қатынасқа итермелеу, 
сөзбен яки ерсі қимылмен 
жыныстық қатынасқа шақыру 
сипатында емеурін жасау, 
жағымсыз қылық көрсету.


272
9 -ТА РА У
әлеуметтану және сіз
Сіз орта мектепте спорт 
командасында ойнадыңыз ба 
немесе әлі де ойнайсыз ба? Егер 
солай болса және сіз әйел болсаңыз 
спорттық мансабыңыз үшін 1972 
жылғы Білім беру саласындағы 
өзгерістер туралы федералдық 
заңның 9-тарауына ішінара 
қарыздарсыз. 9-тарау - либералдық 
феминистік белсенділіктің 
жемісі. Бұл кез келген білім беру 
мекемесінде жынысы бойынша 
кемсітуге тыйым салады, 
және федералдық деңгейде 
қаржыландырылады. 9-шы 
гарау қаржылай көмек пен спорт 
түрлерінен бастап медициналық 
сақтандыруға дейін қамтиды 
және бала бақшадан мектепті 
бітіргенге дейін қолданылады. Бұл 
әйелдердің білім алу деңгейіне 
және спорттағы жетістіктеріне 
сындарлы эсер етті.
әйелдер  мен ерлердің феминистік қозғалысқа  қосылуы талқыланған 
(Evans  2003,  Freedman  2002).  Феминистік  қозғалыс  негізінде  әйелдер 
мен  еркектердің  құқықтары  тең  және  әйелдердің  өмірі,  мәдениеті 
мен  құндылықтары  ерлердікіндей  маңызды  деген  ұстаным  жатыр. 
Бүл  бөлімде  феминистік қозғалыстың жетістікке  жетуі  сипатталған. 
1970 жылға дейін әлеуметтануға арналған оқу құралдарында жыныс- 
тық қагынас пен гендер туралы ешқандай бөлім болған жоқ.
Бұл тарауда  феминистік  қозғалыстың тарихына  және  ақ нәсілді 
емес әйелдерге қатысты нақты мәселелер қарастырылады.
Феминистік қозғалыс
Америкадағы  феминистік  қозғалыстың  бірінші  толқыны  он  тоғы- 
зыншы ғасырдың ортасында пайда болды. Ол кезде әйелдердің заңды 
мәртебесі,  негізінен,  мүлікпен  бірдей  болатын.  Құлдар  тәрізді  (ерлер 
де,  әйелдер  де)  әйелдердің де  нәсіліне  қарамастан  мүлікке  ие  болуға 
хақысы  болмады.  Оларға  дауыс  беруге,  келісімшарт  жасауға  немесе 
сот  алдында  куәгер  болуға  тыйым  салынды.  Әйелдерді  оқуға  қабыл- 
дайтын  екі  ғана  шағын  колледж  болды.  Құлдықты  жою  жолындағы 
қозғалыста белсенділік көрсеткен көптеген әйелдің (афроамерикалық 
және  ақ  нәсілді)  тәжірибелері  теңдікке  деген  сенім  орнауына  және 
феминистік  қозғалысты  бастауға  қажетті  үйымдастырушылық  дағ- 
дылар қалыптасқанын көрсетті.
Феминистік  наразылықтар  арқасында  XIX  ғасырдың  аяғында 
әйелдер  өміріне  қатысты  заңдық  шектеулердің  тым  қатаңдығы  жө- 
нінде  мәселе көтерілді.  Сол  кезден  бастап  оқу орындарында  әйелдер- 
дің  саны  (әлі  күнге  дейін)  өсіп  келе  жатқаны  анық.  Сол  кезде  феми- 
нистер әйелдердің дауыс беру (сайлау құқығы) құқығына қол жеткізуі 
үшін бар күшін салды. 1920 жылы Конгресс әйелдерге сайлау құқығын 
беретін Он тоғызыншы түзетуді қабылдады.
Он тоғызыншы түзету қабылданғаннан кейін феминистік белсен- 
ділік бәсеңдеді. Алайда  60-шы жылдары әйелдердің екі тобы одан әрі 
өзгерістер  жасау  мақсатында  істерін  жалғастырды.  Бұл  -   феминизм- 
нің  екінші  толқыны  деп  аталды.  Бірінші  топ  (либералдық  феминис- 
тер)  саяси  және  кәсіби  ұйымдарға  қатысу  жолымен  құрылды  және 
әйелдердің тең құқықтары үшін күрес жүргізді. Олар әлеуметтік өзге- 
рістер жасауды талап  етті:  таңдаулы  мемлекеттік мектептер  мен жо- 
ғары  оқу  орындарына  қыздар  қабылдансын  және  жұмыс  берушілер- 
дің «тек ерлерге арналған жұмыс» деген жарнамасын таратуға тыйым 
салынсын  деген  талап  қойды.  Екінші  топ  (радикалды  феминистер) 
феминизмге азаматтық құқықтар үшін күрес жүргізу мен Вьетнамда- 
ғы соғысқа қарсы қозғалыстар арқылы келді және түбірлі әлеуметтік 
өзгерістерді талап  етумен  болды.  Олар  қоғамның  инсект  (үйден  шы- 
ғармау),  үйдегі  зорлық-зомбылық және  күнделікті зорлауға  қатысты 
хабардар болуын насихаттады (Шын мәнінде, соңғы екі термин феми- 
низмнен бұрын болған жоқ).  Сондай-ақ әйелдердің жыныстық рақат- 
қа бөленуге және нәресте тууды бақылауга қүқығы бар деген идеяны 
насихаттады.
1990 жылдан бастап феминистердің үшінші толқын деп аталатын 
жаңа  тобы  шықты.  Алдыңғы  феминизмнің  толқындары  қатты  эсер 
еткен қоғамда өскен Үшінші толқындық феминистер, әйелдердің жағ- 
дайы  жақсарғанын  ескертті.  Сонымен  қатар  бұлар  жыныстық қауіп- 
қатер  мәселесінен  гөрі  әйелдердің  жыныстық  еркіндік  пен  рақатқа 
бөленуі  мәселесіне  көңіл  бөлді.  Үшінші толқындық  феминистер  сек­
сизм,  нәсілшілдік,  таптық теңсіздік,  теңсіздіктің басқа түрлері әйел- 
дердің  әртүрлі топтарына  эсер  етуін  мәселе  етіп  көтерді  (Evans  2003, 
Freedman, 2002).


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау