Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет105/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   147

НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК
239
пен араласып, жаңа  америкалық ұлт пайда  болды деп  қарайды.  Алай- 
да шындық анағұрлым  күрделі.  Әрине,  америкалық ағылшын тілінде 
басқа тілдерден  алынған көптеген кірме сөздер  бар  (омбудсмен,  франк- 
футер  секілді),  адамдардың  бойында  бірнеше  ұлттың  қаны  ағып  тұр, 
сондықтан  бір  ұлтқа  тән  сипаттар  бойынша  адамныц  шыққан  тегін 
анықтау  қиын  болады.  Оның  орнына,  түрлі  мәдениеттердің  араласып 
бітісуі АҚШ-тың тілі мен мәдениетіне ассимиляциялануға әкелді. АҚШ 
қоғамына сіңу және әлеуметтік үтқырлықпен ілгерілеуді көздеген түлға 
«дұрыс» ағылшын тілінде сөйлей білуі керек -  «дүрыс» акцентпен, ым- 
ишараны артық пайдаланбай сөйлесіп, сенбі күндері жұмыс істеп, жек- 
сенбіде  ғибадатханаға  барып, жалпы  алғанда, АҚШ  ушін үстем  болған 
Солтүстік және Батыс еуропалықтар мәдениетін қабылдауы қажет.
Ақ нәсілдің бірегейлігі
Ақ  америкалықтардың  этностық  бірегейлікпен  байланысы  азайған 
сайын әлеуметтанушылар ақ нәсілдік бірегейлік туралы айта бастады. 
Өкінішке қарай, қазір ақ нәсілдік бірегейлікті түсіндіретін маңызды еш- 
теңе болмай қалды. Ерекше ғана жағдайларда, мысалы, ақ нәсілді емес 
адамдардың арасында болмаса  өздерінің нәсілі, ұлты ақ нәсілді амери- 
калықтардың ойына келмейтін  болды. Ақ нәсілді  америкалықтар  сок- 
кер емес -   футболды тамашалағанда,  сальса  емес -  рокты тыңдағанда, 
картоп емес -  алма бәлішін жеп тамсанғанда өздерінің осындай таңдау 
жасайтыны ақ нәсілге тәндігімен байланысты екенін түсіне бермейді.
Ақ нәсілдің артықшылығы
Ақ нәсілді америкалықтар өздерінің нәсілдік санатына көп мән бермей
бір жағынан, алаңсыз өмір сүріп, яғни қауіпсіз ауданда түруының, жад­
ен  жүмыс  істеп,  беделді  оқу  орындарында  білім  алуының  арқасында, 
нәсілдің іргесі өздері тумастан бұрын құрылған теңсіздік жүйесі негізін- 
де қаланғанын  ескере  бермейді.  Мысалы,  афроамерикалықтар нәсілдік 
себеппен жұмысқа қабылданбай жатқан сәтте, жұмыс іздеген ақ нәсілді 
америкалықтардың көбінің мүмкіндіктері күн сайын артқан.«
А қ  
нәсіл- 
дің  артыдшылыгы»  термині  ақ  нәсілді  америкалықтарға  терісінің 
түсі  ақ  нәсілді  болғанына  ғана  байланысты  берілетін  ерекше  мүмкін- 
діктер  мен  жеңілдіктерден  туындаған  (Rothenberg  2002).  «Ақ  нәсілдің 
артықшылығы»  білінсе де, білінбесе де, тілесе де, тілемесе де барлық ақ 
нәсілді америкалыққа пайда келтірді.
Афроамерикалықтар 
Тарихи шолу
Афроамерикалықтардың әлеуметтік жағдайы олардың көпшілігі қүл- 
дардан  шыққан  деген  басты  айғаққа  негізделген.  Құлдардың  мүлік 
иеленуге,  білім  алуға,  үйленуге  құқықтары  болмады  және  қайта  қа- 
уыша алмайтынын біле тұра балаларын плантация иелеріне сатудан 
қорғай алмады. Қүлдық жүйе күйреген соң олар мүліксіз қалды. Өзге- 
лерге тойтарыс беруге мәжбур болды. Көптеген жағдайда ауыр жұмыс 
істеуден басқа қабілеттері болмаған. Сол себепті бұрынғы құлдардың 
басым  көпшілігі  және  олардың  ұрпақтары үзақ  уақыт  кедейшілікте 
өмір сүрді. Сонымен бірге заңды (афроамерикалықтарды нашар қамта- 
масыз етілген мектептерге бөлу; олардың дауыс беру құқықтарын шек- 
теу мақсатында әділетсіз «сауаттылық тестін» жасау және дауыс беру 
салықтарын  бекіту)  және  заңсыз  кедергілер  (афроамерикалықтарды
әлеуметтану және сіз
Сіз сауда орталығына бартанда, 
ешкім сізді қарагіайым жүмысшы 
деп ойламауы үшін жақсы киінесіз 
бе? Егер жоқ деп жауап берсеңіз, 
онда ақ нәсілді болғаныңыз. 
Көптеген адамдар ақ адамдарды 
заңға мойынсұнатын азаматтар 
деп есептейтіні басқаша 
дәлелденгенге дейін бұл ақ 
нәсілдің артықшылығының үлгісі 
болып табылады. Бұл 
артықшылықтар әдетте 
көрінбейді: Афроамерикалықтарды 
күзетшілер жиі тоқтатады. 
«Ақтардың» кейбіреулері тана 
нәсілдік ерекшелігі оларды 
қорғайтынын мойындайды.
« А қ  н ә с і л д і ң   а р т ы қ ш ы л ы ғ ы »   -
терісінің түсі ақ болғанына 
ғана байланысты ақ нәсілді 
америкалықтарға берілген ерекше 
мүмкіндіктер мен жеңілдіктер.


240
8-ТА РА У
«ақтардың» билігіне қандай да бір жолмен тап болғандығы үшін қинау) 
афроамерикалықтардың  қоғамдық  және  экономикалық  құрылымда 
көгерілуіне жол бермеген. 1964 жылы Азаматтық құқықтық акт қабыл- 
данганша,  1960  жылдардың  соңында  азаматтардың  құқықтары  үшін 
қозғалыс  басгалғанша  олардың  өмірінде  ешқандай  өзгеріс  болмаған. 
Афроамерикалықтарға  қарсы  дискриминация  жұмыс  орындарында, 
білім, қоныс, денсаулық сияқты салаларда әлі де кездеседі.
Қазіргі жағдай
2010  жылғы  санақ  бойынша  афроамерикалықтар  АҚШ  халқының  12,6 
пайызын құрайды. ГІайыздық көрсеткіші осы шамалас афроамерикалық 
тұрғындар қазір  орта тапқа  енді.  Осы орайда ескере  кетер жайт -  АҚШ 
тұрғындарының  басым  бөлігінің  (43%-ы,  ақ  нәсілді  америкалықтар- 
ды  қоса)  афроамерикалық  Барак  Обамаға  дауыс  беріп  президенттікке 
сайлауы,  оған  билік  берілуі нәсілшілдіктің  азайганын көрсетті.  Кейбір 
афроамерикалықтар орта не жоғары тапқа да жатады және АҚШ қоғамы- 
на  бірден сіңісіп кеткен. Алайда басқаларының жағдайы төмен, жұмыс 
орындарымен аз қамтылган және оқшауланған аудандарда өмір сүреді.
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  бері  афроамерикалықтарға  деген 
көзқарас  күрт  өзгере  бастады.  Ақ  нәсілділердің басым  бөлігі  қазір  шы- 
нымен бірлестікті қолдайды. Олар азшылық топтарға жататын афроаме- 
рикалықтармен  көршілес  тұрып,  нәсіларалық  некелерді  де  мойындай- 
тын болды. Осы сияқты маңызды жаңалықтар афроамерикалықтардың 
өмірінен орын алуда. Алайда аудандық сегрегация әлі де сақталган.
Осы орайда  афроамерикалықтар  білім  саласындағы жегістіктер- 
мен  ақ  нәсілділерге  жылдам  жетуге  тырысты,  бірақ  сонда  да  артта 
қалып отыр. Тіпті ақ нәсілді мен қара нәсілдінің білім деңгейі бірдей 
болса  да  «ақтардың»  табысы  көп.  Афроамерикалық  отбасылардың 
төрттен бір бөлігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүруде. Олар- 
дың  орташа  табыс  мөлшері  ақ  нәсілді  отбасыларының  59%-ын  ғана 
қүрады. (АҚШ санақ бюросы, 2011) Одан да өкініштісі, 40 жас шамасын- 
дағы  афроамерикалық отбасылардың көбінің қазіргі табысы  ата-ана- 
сының тапқан табыстарынан да төмен.
Осындай  таңғаларлық  кемшіліктің  пайда  болуына  әкелген  екі 
фактор бар:  афроамерикалықгардың табыс мөлшері ақ нәсілді амери- 
калықтардікіне  қарағанда  төмен  және  афроамерикалық  отбасында 
екі табыскер болуы сирек кездеседі.
ТӨМЕНТАБЫС. Егер толық күндік жүмыспен жыл бойы қамтылған афро- 
америкалықгарды  алсақ,  олардың  орташа  табысы  ақ  нәсілді  америка- 
лықтардан 20% төмен. 8.1-картасында көрсетілгендей, жағдайдың осын­
дай қалыпта болуының себебі -  афроамерикалықтардың көбі еңбекақы 
көлемі  ең төмен  деңгейдегі  оңтүстік  аймақтарда  тұратындығынан  бо­
луы мүмкін. Сонымен бірге ақ нәсілді америкалықтармен салыстырған- 
да  білімі  нашар  афроамерикалықтарға  төлемі  төмен  егістіктерде  ауыр 
жағдайларда  еңбек  етуге  тура  келеді.  Нәтижесінде  нәсілшілдік  салда- 
рынан жұмыссыз қалу және төмен еңбекақы алу кең жайылған. Қандай 
кәсіп  болмасын  көптеген  афроамерикалықтар  ақ  нәсілді  америкалық- 
тармен салыстырганда кем айлық алып, төменгі деңгейде түр.
М АТРИАРХАТТЫ Қ  ОТБАСЫ. 
Ақ  нәсілді  америкалықтар  мен  афроамери- 
калық  отбасылардың  жартысының  табысындағы  айырмашылық  - 
14%,  ақ  америкалықтар  отбасылармен  салыстырганда  46%.  Мұның 
себебі - афроамерикалық отбасыларында ересек ер адамның болмауы- 
нан, яғни табыс табушы жалғыз басты әйел болуынан бастау алады. Зерт- 
теушілердің  ойынша,  кедейлік  афроамерикалық  әйелдер  мен  ерлердің


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау