242
8 -ТА РА У
I
Қазіргі латынамерикалық
I иммигранттардың көбініңжағдайы
нәшар болғанымен, бұрын келгендерінің
ұрпақтары орта, тіпті кейде жоғары
топтың жұмыс орындарында істейді.
рика соғысынан кейін едәуір өсті. 1845 жылдың басында АҚШ қару-
лы күштері Мексиканың құнарлы жерлерін,
табиғи ресурстарын және
билікті басып алды (Vargas 2010). 1848 жылы Мексика үкіметі елдің сол-
түстік аумағындагы аймақгарды беруге мәжбүр болды. Сол аймақтарда
өмір сүрген латынамерикалықтардың көбі кейін көшіп кетті.
Мексика мен Американың арасындағы соғыстан кейін ақ нәсіл-
ділер АҚШ-тың жаңа жерлерін заңды түрде (дискриминация осы заң
жүйесінің негізінде құрылған) пайдалануға құқық алды. Олар заң-
ды өз пайдасына қарай қолданып, тұрғылықты мексикалықтардың
фермалары мен егістіктерін тартып алды. Шаруашылықсыз қалған-
дардың көбі кедейлікке ұшырады. Бүдан соңғы жылдары латынаме-
рикалықтар, олардың ұрпақтары бұрмалау мен дискриминациядан
көп қиналған. 1960 жылы афроамерикалықтарға мүмкіндіктер ашқан
азаматтық қүқық қозғалысы оларға да жетті. Сол кезден бері латына-
мерикалықтардың жетістіктері артып келеді.
Ағымдағы жағдаят
Латынамерикалықтар АҚШ халқының 16,3%-ын құрап, мемлекетте
кең тараған азшылық топқа айналды. Оларды барл ық штаттан, әсіресе
Флорида және Мексика, Техас, Аризона сияқты шекаралас жерлерден
кездестіруге болады (8.2-карта). АҚШ-тағы латынамерикалықтардың
2/3 бөлігі Мексикадан шыққан, қалғандары Орталық және Оңтүстік
Америкадан, Кариб аралдарынан келген. Латынамерикалықтар ұлт
болып саналмайды, олардың бәрі испан тілді болғанымен бірнеше эт-
иостық немесе нәсілдік топқа жатады.
Сондықтан АҚШ-тағы латынамерикалық топтардың сипаты
АҚШ-та өзгермелі болды, әлі де өзгеруде. Мысалы, 1960 жылы Куба
революциясы аяқтала салысымен көшіп келген кубалықтар әдетте
бекзат ортадан шыққан, қанаушы коммунистік режимнен қашқан
адамдар деген ой тараған. Сонымен қоса ақ нәсілді болуына бай-
ланысты олар АҚШ-та латынамерикалықтардан гөрі жақсы қабыл-
данды.
НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
243
8.2-КАРТА. АҚШ-тағы латынамөрикалықтар
Латынамерикалықтар Мексика мен Флориданың шекаралас штаттарында өте көп, себебі Орталықжәне Оңтүстік Америкадан
жылдар бойы ағылған иммигранттар сол жерлерге қоныстанған. Көптеген латынамерикалықтар Нью-Йорк, Нью-Джерси,
Иллинойс қалаларында тұрақтанды.
MONTANA
NORTH DAKOTA
MINNESOTA
SOUTH DAKOTA
IOWA
KENTUCKY
Штаттардэғ ы латын-
америкалықтардың
үлесі
СИТөмен: 5% не одан
төмен
□ Орта: 6-19%
ГЭ Жоғары: 20% не
одан жоғары
а і а в а м а
IISSISSIPP»
8.1-кестеде көрсетілгендей, түрлі латынамерикалық топтарды бір-бі-
рімен және испан тілді емес ақ нәсілді америкалық топтармен, азиялық,
афроамерикалықтармен үш өлшем негізінде салыстырады: білім,
кедей-
лік деңгейі және отбасы құрылымы. Мұның екі өлшемі бойынша латы-
намерикалық топ басқалардан тым төмен орында, яғни америкалық
мексикалықтар - ең нашар білімді этностық топ, ал пуэрто-риколықтар
(оларды көбі қара нәсілді деп санайды) ең кедей өмір сүретіндер қатарын-
да. Сонымен бірге пуэрто-риколықтар афроамерикалық топтан кейін үй
қожалықтарын әйел басқаратын екінші топ болып табылады.
Өзекті мәселелер
1990-2010 жылдар аралығында латынамерикалық халық саны АҚШ-
тағы жалпы халық санынан төрт есе тез өскен (U.S. Census Bureau 2011b).
Бұл сан көбінесе АҚШ-та бұрыннан тұрып жатқан халықтың туу деңгейі
есебінен және біраз бөлігі жаңа қоныстанғандар есебінен артып отыр.
Жаңа иммигранттардың басым көпшілігі жас, білімі нашар,
(әсіресе қүжатсыз иммигранттар) ең төмен еңбекақыға да келісіп, жұ-
мыс істейді. Сол себепті кейбір АҚІІІ азаматтары арасында еңбекақы
көлемі баршаға төмендетіледі деген алаңдаушылық туды. Зерттеу-
лер нәтижесінде жоғары білімі жоқ америкалықтардың еңбекақысы