Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет102/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147

232
8 -ТА РА У
Кінәліні іздеу - адамдардың 
немесе топтардың мақсатқа қол 
жеткізуі қиынға соққанда өз 
сәтсіздігіне басқаларды кінәлау.
Дискриминация - адамдарды 
санаттардагы мүшелігіне қарай 
кемсіту.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ.  Сүйіспеншілікті,  яғни  жақсы  көруді  қалай  үйренсек, 
жек көру мен қорқуды да солай үйренеміз. Бұрмаланған пікір өзгелер- 
мен қарым-қатынас арқылы дамиды. Көзқарасы бүрмаланған адамдар- 
дың көбі жас кезінде бұрыс пікірлерді басқа да әлеуметтік нормалармен 
қатар қабылдаған. Есейгенде кездескен топтар мен институттар осы се- 
німдерін күшейгкен (Wilson, 1986; Feagin & Van Ausdale, 2001).
Сонымен  қатар  бұрмаланған  пікір  мен  көзқарасты  айналамыз- 
дағы  қоғамнан  үйренеміз.  Егер  біз  теңсіз  қоғамда  өмір  сүрсек  және 
топтық бірліктің ешкімге маңызды  емес екенін байқасақ немесе «біз 
сияқты» ешкім де «олар сияқтыларға» жолағысы келмесе, сол топ мү- 
шелері үшін де мұның еш маңызы жоқ екеніне көзіміз жетер еді. Мұн- 
дай  процесс  барысында  азшылық топ  мүшелері,  сондай-ақ  көпшілік 
топтар да азшылықтопты бағаламауға әдеттенеді (Wilson 1992; Feagin 
& Van Ausdale 2001).
КІНӘЛІНІ  ІЗДЕУ.  Барлығымыз  қоғамда  өмір  сүргеннен  кейін  әрбірімізде 
бұрмаланған пікірлер қалыптасады, ал кездейсоқ бір жағдай олардың өр- 
шуіне түрткі болады. Олардың бірі - көңілі қалу, түңілу. Адамдар өз мақ- 
саттарына қол жегкізу қиынға соқса, кінәні басқалардан іздей бастайды. 
Мүндай әрекет кінәліні іздеу деп аталады, бұл -  уақыт өте қайталанып 
отырады. Мысалы, 1930 жылдары болған Үлкен торығу кезінде нацистік 
Германияда экономика  құлдырап, көптеген немістер жұмыссыз қалып, 
кедейлікке ұшыраған кезде антисемитизм өрши бастады.
ШЕКТЕУЛІ  РЕСУРСТАР  УШІН  БӘСЕКЕЛЕСТІК.  Шектеулі  ресурстар  үшін 
бәсекелестік (мысалы, лайықты жұмыс, жақсы үй, белгілі жоғары оқу 
орнында  оқу)  бүрмаланган  пікірді  күшейтеді.  Барлық  нәсілдік және 
этностық топтарға  қагысты  бүрмаланған  пікірлер  бір  нәсілдік  және 
этностық топқа  тиетін  пайданың  басқа  бір  топқа  зияны  тиеді  деген 
сенімге  негізделеді  (Bobo  &  Hutchings,  1996).  Мәселен,  соңғы  бірнеше 
жылда  жүмыс  нарығында  қиындықтар  басталгалы  имигранттарға 
қарсы көзқарас көбейді.
Бүрмаланған пікірге бейімделу: өздігінен 
орындалатын болжам
7-бөлімде  өздігінен  орындалатын болжам жайлы  айтылған.  Бұл - күт- 
кен жағдай іс жүзінде орындалады деген сенім. Өздігінен орындалатын 
болжам  -   бұрмаланған  пікірлердің  сақталуына  көп  эсер  ететін  меха­
низм. Мысалы, егер ақ нәсілді америкалық мүғалімдер афроамерикалық 
студенттердің математиканы меңгере алмайтынына сенсе, студенттер- 
ге оны үйрету үшін көп уақыт жұмсамауы мүмкін. Нәтижесінде, афроа- 
мерикалық  студенттер  басқа  студенттерге  қарағанда,  математикадан 
жоғары  нәтижелерге  жетпейгін  болады.  Егер  христиандар,  яьудилер 
өздерін басқалардан жоғары санайды деген сенімде болса, онда олар яьу- 
дилермен  араласудан  аулақ  болар  еді.  Христиандар  кейін яьудилердің 
басқа  яьудилермен  ғана  араласатынын  көргенде,  олар  мұны  яьудилер 
өздерін жоғары санайтынының дәлелі ретінде қабылдады.
Дискриминация
Адамдарды  санатына  байланысты  кемсіту,  өзіне  тең  емес  деп  санау 
дискриминация деп  аталады.  Бұрмаланған  пікір  -  қалыптасқан  ой, 
көзқарас;  дискриминация  -   жасалатын  іс-әрекет.  Әдетте  екеуі  қатар 
кездеседі.  Мысалы,  егер  бастық  афроамерикалықтардың  білімі  «ақ»


НӘСІЛДІК  ЖӨНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК
233
Д еректерге ден  қо й с ақ
Нәсілі/ұлты, сотталғандығы 
туралы дерек және жұмысқа 
тұру үшін сұхбат
Төмендегі  дерекгер  (Pager,  Western  &  Bonikowski  2009)  екі  экспе­
римент  жүргізу  барысында  жиналған.  Бірінші  экспериментте  ақ 
нәсілді америкалық, латынамерикалық және афроамерикалық ер- 
лер топтары  хабарландыруда  жазылған  бос  жұмыс  орынга  тұруға 
өтініш  берді.  Олардың  арасынан  «ақ»  америкалықтарды  телефон 
арқылы жұмысқа жиі шақырды немесе бос орындар ұсынды. Екін- 
ші  экспериментте  «ақ»  америкалықтардың  түйіндемесінде  олар 
бүрын  сотталған деп  көрсетілді,  ал қалғандарында  ондай мәлімет 
көрсетілген  жоқ.  Алайда  «ақ»  америкалықтар  бұл  жолы  да  жү- 
мысқа қабылданды.
Телефон а р қ ы л ы  ш а қ ы р ы л д ы  н ем есе ж ұ м ы с орн ы н ан  ұсы ны с алды , 
п айы зы
«Ақ»
ам е р н к а л ы қ т а р
Латын-
ам е р н к а л ы қ т а р
Афро-
а м е р и к а л ы қ т а р
Э ксперим ент 1
31%
25%
15%
Э ксперимент 2
17% (сотталған 
деген м элім ет 
көрсетілді.)
15% (сотталган 
деген мәлімет 
жоқ.)
13% (сотталған 
деген мәлімет 
жоқ.)
Д е р е к т е р д і  т ү с і н д і р у :
  осы  тарауда  оқығандарыңызға  сүйеніп,  ақ 
америкалықтардың  басқа  латынамерикалық  үміткерлерден  көп 
үсыныс  алғанын  қалай түсіндірер  едіңіз?  Және  неге латынамери- 
калықтар афроамерикалықтарға қарағанда көп ұсыныс алған? Сот- 
талғаны туралы  мәлімет жоқ басқа үміткерлер шақырылмай,  сот- 
талғаны  туралы  мәліметтер  көрсетілген  «ақ»  америкалықтардың 
жұмысқа шақырылғаны қалай?
Д е р е к т е р д і   с ы н а у :
  бұл  үміткерлердің  нәсіл  мен  этностан  басқа 
маңызды ерекшеліктері бар ма? Бүл деректерді нәсіл мен этностан 
басқа ешқандай фактор түсіндіре алмай ма?
Көптеген үміткерлердің жоғары білімі болғанымен, орта білім дәре- 
жесін талап ететін жұмысқа  өтініш  жасаған.  Бұл қалай  эсер  етті? 
Үміткерлерде орта білім болған жағдайда дискриминация қатты я 
әлсіз болар еді деп ойлайсыз ба? Неліктен?
ДЕРЕККӨЗ: Pager, Western & Bonikowsk, 2009
америкалықтарға  қарағанда  әлдеқайда  төмен  деп  ойласа  (бүрма- 
ланған  пікір),  ол  афроамерикалық  қызметкерлеріне  еңбекақысын 
қысқартуы  (дискриминация)  мүмкін.  Алайда  кейбір  адамдар  түрақ- 
сыз болады,  себебі  олардың құндылықтары айналадагы адамдардың 
қүндылықтарынан ерекшеленеді. Олар бұрмаланған пікірде болса да 
мүмкіндігінше  дискриминацияға  жол  бермеуі  мүмкін.  Себебі  олар 
әділетсіз пайымы үшін  сынға түсіп,  айыпталғысы келмейді.  Керісін- 
ше,  адам  бұрмаланған  пікірде  болмаса  да  дискриминация  көрсетуі 
мүмкін.  Мысалы,  бастығы  азшылық топ өкілін жалдауға  қарсы  қыз-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау