244
8-ТАРАУ
төмендетілгені анықталды. Дегенмен басқа зерттеулердің қорытын-
дысы бойынша, иммигранттар барша америкалықтардың пайдасына
экономиканың дамуына ықпал етуде (Сфкв 2005).
Тағы бір ортақ мәселе - латынамерикалық мәдениет АҚШ мәде-
ниетін «жаулап» алады немесе олар өздерін ассимиляцияланудан
сақтайды деген қауіп. Латынамерикалықтардың саны жақын жыл-
дарда артатыны жасырын емес. Сонымен қоса
Латын Америкасынан
ұзаққа созылған иммиграциядан соң АҚШ-та дүниеге келген латын-
америкалықтар қазір сальса биін билеп, Густамалан ресторандарын,
латынамерикалық мәдениеттің басқа да элементтерін қалыпты қа-
былдап, қызықтап жүр. Көптеген испантілді иммигранттардың ба-
лалары мен немерелері АҚШ мәдениетіне оңай сіңісіп, жұмыс тапты.
Олардың латынамерикалық емес көршілері аздап болса да латынша
сөйлей алады.
Америкалық азиаттар
Тарихи шолу
Алғаш рет азиялықтар АҚШ-қа 1848 жылы Калифорнияда болған алтын
іздеушілер қозғалысы кезінде көптеп келе бастады. Әуел бастан олар
ерекше жаулық әрекеттер мен дискриминацияға тап болды. Оларға қар-
сы жауыздық әдепкі жайт болып саналды. Заң жүзінде, Калифорния-
дағы қытайлықтарды ақ нәсілді америкалықтарга қарсы сотта куәлік
беру құқықтарынан айыртан соң, оларға ешқандай көмек көрсетілмеді.
1880 жылдан бастап федералдық заңдарға байланысты Азиядан им-
мигранттардың келуіне кедергілер пайда бола бастады (Окіһіго 2005). Со
нымен қатар заңға сәйкес азиялық иммигранттар мен олардың
АҚШ-та
дүниеге келген балалары азаматтық алу құқығынан айрылды. Америка-
лық қытайлар II Дүниежүзілік сотые кезінде тана Америка азаматтығын
алуға құқылы болды (Қытай мен АҚШ одақтас болтан кезеңде), ал амери-
калықжапондар 1952 жылы тана осындай құқыққа не болды.
II Дүниежүзілік сотые кезінде 100.000-га жуық америкалық жапон-
дар (олардың көбі АҚШ азаматтыгын алгандар және кішкене балалар) өз
дүние мүлкін тез арада сатуга мәжбүр болып, арнайы оқшауланган ла-
герьлерге жөнелтілді (Окіһіго 2005). АҚШ билігі жапондарды лагерьге қа-
маган себебі - олар Жапон елінің атынан бүлік үйымдастырады деп сен-
ген. Бүның өзі дәлелдерге емес, бұрмаланган пікірге негізделген. Алайда
1988 жылы АҚШ Конгресі бұл саясатты әділетсіздік деп мойындап, амери-
калық жапондар алдында ресми түрде кешірім сұрады.
1965 жылдан бастап жаңа заң бойынша азиялықтар үшін әсіресе
мұнда олардың отбасы болса немесе жогары оқу орындарында білім
алуды жоспарласа, АҚШ-қа қоныс аудару ережесі жеңілдетілді. Нәти-
жесінде америкалық азиаттардың саны біршама өсті.
Ағымдағы жағдаят
АҚШ-та өмір сүретін Азия халықтарының саны (жапондар, қытайлар,
филипиндер, кәрістер, лаостар және вьетнамдар) 1980 жылдар мен қа-
зіргі уақыт аралыгында екі еселенді. Бірақ жалпы АҚШ халқы санының
3,6 пайызын гана қүрайды (Humes, Jones & Ramirez 2011). Америкадагы
азиялықтарды үш сегментке белуге болады: 1) XIX гасырдагы иммигран-
тардың ұрпақтары (қытайлар мен жапондар); 2) II Дүниежүзілік согыс-
тан кейін қоныс аударган иммигранттар (филипиндер, азиялық үнділер
және кәрістер); 3) соңгы кезде Оңтүстік-Шыгыс Азиядан келген босқын-
дар (камбоджалықтар, лаостар және вьетнамдар).
246
8 -ТА РА У
Бір ғасыр бұрын Азиядан қоныс аударған иммигрантар үшін нэ-
сілшілдік мәселесі көкейкесті болған. Қазір азиялық үлттарға қатысты
зорлық-зомбылық көрсету мәселесі азайса да, кейде мүндай жағдай бо-
лып жатады. Кейбір ақ нәсілді америкалықтармен салыстырғанда, аме-
рикалық азиаттар арасында жоғары білім алған, медициналық және
қүқықтану саласында гылыми дәрежесі бар адамдар саныныц пайызы
жогары (Le, 2006). Білімі жогары америкалық азиаттарга қытайлықтар
мен жапондықтар жата^ы. Бүлар - үзақ жылдар бойы АҚІН-та бірнеше
буын үрпағы өмір сүріп келе жатқан америкалық азиаттар. Сонымен ка
тар Азияиың жоғары білімді халықтарыныц қатарына азиялық үнділер
мен филипиндер де кіреді. Бүлар - АҚШ-қа жогары білім алу үшін
келген
немесе қолдарында жоғары білімін растайтын қүжаттарымен келген им-
мигранттар. Мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік-Шыгыс Азиядан келетін
иммигранттар ағымы дәл осы жолмен іске асырылады. Мысалы, 1975-
1984 жылдар аралығында Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған бос-
қындар алғашқы кезде жәрдемақы көмегімен өмір сүрген. Ал 20-24 жас
аралыгындағы екі есе көп вьетнамдық жастар ақ нәсілді америкалык
жастармен бірге оқу орындарына түскен.
Өзекті мәселелер
Америкалық азиаттардың жогары білімі олардың жақсы маман бо-
луына, жоғары басқарушы орындарында қызмет етуіне және ақ нәсіл-
ділерге қарағанда қомақты қаржы табуына мүмкіндік береді. Бірақ
дискриминация әлі де бар. Бейресми саясат америкалық азиаттардыц
жоғары дәрежелі колледждер мен университеттерде оқуға жолдама
алуын қиындатып жіберген. Америкалық азиаттардың білімі, білік-
тілігі және еңбек өтілі ақ америкалықтармен бірдей бола түра еңбек-
ақысы аз, басқарушы орындарга жетуі сирек.
Америкалық азиаттар әдетте қызметтік мансапта көтеріле ал-
майды. Өйткені ақ нәсілді жүмыс берушілердің ойынша олардың
даралығы, әлеуметтік білімі жегкіліксіз, тіпті «келбеті келіспеген».
Сонымен қатар азиялық америкалықтар бос жоғары жұмыс орында-
ры туралы біле алмайды, себебі кәсіби тәлімгерлік ететін «бүрыннан
істеп, барлыгын білетін қызметкерлер қатарына» жіберілмейді.
Ақыр аяғы, америкалық азиаттардың аргы аталары иммигрант
болып келіп, осы жерде үрпагын өрбітсе де оларды «таза америка-
лықтар» деп қабылдамайды. Осыған қатысты америкалық жапондар-
дың үшінші үрпағы болып саналатын бір адам былай дейді:
«Кейде б ір еу л ер м а г а н ж а қ ы и д а п : «С ізд ің а ғ ы л ш ы н т іл ін д е сөй леген і-
ң із н е т к е н т а м а ш а » д е г е н д е а ш у ы м к е л е д і. Олар: «Сізде еш б ір ак ц е н т
ж о қ . А гы л ш ы н т іл і н қ а й д а н ү й р е н д іц із ? » деп т а ң г а л а д ы . « Қ ай д ан үй-
р е н д ім ? Ә рине, о с ы н д а , А м е р и к а д а . Мен с о л ар с е к іл д і осы ж ер д е дүн и е-
ге к е л д ім . Б ір а қ а д а м д а р м е н і к өре с а л а и м м и г р а н т д еп қаб ы л д ай д ы »
(Zhou & G atew ood 2000, 18).
Байырғы америкалықтар
Тарихи ш олу
Байыргы америкалықтар («Америкалық үндістер») Солтүстік Амери-
каны мекендеген жергілікті түрғындардан тараған. Олардың ата-ба-
балары АҚШ қогамының қүрамы болуды өз еркімен шешкен жоқ. Ға-
сырлар бойы оларга куш көрсетіліп, бағындыру көзделген. Жанжал,