Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет104/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   147

236
8-ТА РАУ
цияға қоса енді жоғары субстандартты ипотекалар мен қанаушы несие- 
лердің пайыздық мөлшерлемелері басқа жерлерден гөрі осы аудандарда 
түргынжай сатып алу қымбаттауына әкеп соқтырды. Бұл үй алушылар- 
ды күннен-күнге дағдарысқа тірей берді. Пайызды уақытында төлей ал- 
маған үй иелері үйді иемдену құқығынан айырылды, жергілікті бизнес 
тұтынушыларын  жоғалтып  тақырға  отырды.  Қалғандардың  арасында 
жұмыстан айырылу бұрынғыдан да жиіледі.
Заңдасты ры лған н әсіл ш іл д ік
Қорыта  айтсақ,  заңдастырылған  нәсілшілдіктің  салдары  ретінде  нә- 
сілдік  пен этностық теңсіздік  әлі де  сақталып отыр. Заңдастырылған 
нәсілшілдік  күнделікті  әрекеттер  мен  әлеуметтік  келісімдер  жүйелі 
түрде нәсілдік-этностық теңсіздік тудыратынына көз жүма қарап, әділ- 
дік деп санаудан пайда болады. Мысалы, сығандарға қатысты (басқаша 
рома  деп  аталады)  бұрмаланған  пікір  мен  дискриминация -   Чехияда 
қалыпты  жағдай.  Сыған  балаларының  түгелге  жуығы  ойлау  қабілеті 
төмен,  мүгедектерге  арналған  мектептерде  оқиды.  Чехия  билігі  сыған 
балалары  стандартты  көрсеткіштерге  қарай  осындай  мектептерге 
орналастырылған деп дәлелдейді.  Бірақ мүндай саясат балалардың ке- 
лешекте  чех  қоғамында  табысқа  жету  мүмкіндігін  шектейді.  АҚШ-та 
мектепаралық  сегрегация мен  бақылау нұсқалары  нәсілдік теңсіздікті 
күшейтеді.
Дискриминацияның артуы
Заңдастырылган нәсілшілдік - 
бейтарап процестердегі қалыпты 
әрекеттер нәтижесінде көпшілік 
пен азшылық топтар арасында 
жүйелі түрде теңсіздіктіц орнауы.
Нәсілдік  және  этностық  теңсіздікті  құрайтын  -   бұрмаланған  пікір, 
дискриминация,  сегрегация  және  заңдастырылған  нәсілшілдік.  Бұл 
теңсіздік  жүйесі  әлеуметтік  таптар  арасындағы  теңсіздік  себебінен 
одан  сайын  өршиді.  Мұны  8.1-кесте  арқылы  тусінуге  болады.  Кестеде 
көрсетілгендей,  әртүрлі  нәсілдік-этностық  топтардың  өзара  теңсіздік 
көрсеткіштері  бір-біріне  жақын:  әр  үш  топта  да  бай  отбасылардың
Сығандарға (немесе ромаларға)

қатыстыбұрмаланғанпікірмен 
дискриминация Европада жиі кездеседі. 
Мунда оларды күштеп көшіру, тұрғын 
үй жағдайының өте нашарлығы және 
стандартқа сай емес білім беру қалыпты 
жагдайға айналған.


НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК
237
20%-ы табыстың тең жартысына ие.  Екінші жағынан, үш топты  салыс- 
тырсақ, латын және афроамерикалық отбасыларға қарағанда, ақ нәсілді 
америкалықтардың орташа табысы 1,5 есе көп екенін байқаймыз.
Егер табысқа емес, байлық мөлшеріне қарасақ, ондағы айырмашы- 
лық тіптен алшақ.  8.1-кестеде  көрсетілгендей,  ақ нәсілді  америкалық 
отбасылардың орташа меншік капиталы $113,149 құраған.  Бүл көрсет- 
кіш  латынамерикалық  отбасылардың  табысынан  18  есе,  ал  афроаме- 
рикалық отбасыларынан 20  есе жоғары. Этностық топтар  арасындағы 
табыс  теңсіздігі  әрқашан  жоғары  болған,  бұл  көрсеткіш  2008  жылы 
басталған экономикалық құлдырау кезінде одан сайын артты. АҚШ-та 
нәсілдік және этностық теңсіздіктің жалғасу себебі -  табыстағы нәсіла- 
ралық айырмашылығында  емес, байлықтагы нәсілдік және этностық 
айырмашылықта.
А Қ Ш - т а ғ ы  н ә с і л д і к  ж ә н е  
э т н о с т ы ң  т е ң с і з д і к
Нәсілдік және  этностық теңсіздіктің  болуы  жаңалық  емес.  Бұл  та- 
рауда АҚШ-тағы іріктелген нәсілдік, ұлттық және этностық топтар- 
дың  ертедегі,  қазіргі және  болашақгағы  әлеуметтік жағдайын  тал- 
қылаймыз.
8.1-КЕСТЕ. Табыс және этностықтоптар бойынша отбасы әл-ауқаты
АҚШ-та нәсіл/ұлтаралықжәнетапаралық стратификация қалыптасқан. Әрбір 
нәсілдік немесе этностық топ ішінде ең бай 20%-ы өз тобындағылар табатын 
пайданың тең жартысын иеленеді. Бұл әлеуметтік таптар арасындағы шынайы 
айырмашылықты көрсетеді. Соныменқатарақнәсілді америкалықтардыңтоп 
ретінде афроамерикалықтар мен латынамерикалықтарға қарағанда, табыс 
мөлшері мен байлық көлемі жоғары. Бұл нәсіл жәнеүлттар арасындағы шынайы 
айырмашылықты көрсетеді.
Э тн о сты қто п тар  бо й ы нш а ж а л п ы  табы с, п а й ы зд ы қ  
кө р сеткіш і
Табыс к в и н ти л і
Афро-
а м е р и к а л ы қ т а р
Л атын-
а м е р и к а л ы қ т а р
Ақ н әсіл д і 
а м е р и к а л ы қ т а р
Ең кедей бестік
3%
4%
4%
Екінші бестік
8
9
9
Үшінші бестік
14
15
15
Төртінші бестік
24
23
23
Ең бай бестік
51
50
49
Орта
көрсеткіштер
Орташа кіріс
$32.584
$38.039
$51.861
Байлықтың
орташа
көрсеткіші
$5.677
$6.235
$113.149


238
8-ТАРАУ
Ақ н әсіл д і америкалы қтар
Солтүстік  Америкаға  ең  бірінші  келген  ерікті  иммигранттар  -   ағыл- 
шын, неміс, француз және испан халықтарының өкілдері болған. Деген- 
мен  1700  жылға  дейін  ағылшындар  бүкіл  Шығыс  жағалауда  үстемдік 
қүрды.  Ағылшындар  көпшілік  топқа  айналды,  ал  қалғандары  азшы- 
лық топтарды құрады. 1840 жылдары жұмыс берушілер «Ирландықтар 
жүмысқа қабылданбасын» деген жазулы белгілер орнатқан.  1860 жыл­
дары мұндай дискриминация қытайлар мен жапондарға, 1890 жылда­
ры еврейлер мен италиялықтарға қарсы қолданылды. Бұрмаланған пі- 
кір мен дискриминация осы күнге дейін ақ нәсілді америкалықтардың 
арасында (сирек болса да) француз-канадалықтарға және америкалық 
арабтарға қарсы қолданылуы кездесіп қалады.
Ақнәсілділер
Бүрмаланған  көзқарас  пен  дискриминацияның  тарихына  қарамас- 
тан,  көптеген  ақ  нәсілді  америкалықтар  өздерінің  этностық  тамы- 
рына деген тығыз, сенімді байланыстарын жоғалтпай жалғастырып 
келеді.  Олар  италиян,  грек,  поляк,  норвег  болғанын  мақтан  түтады 
және төл мерекелерін тойлайды, ұлттық тағамдарын жеп, өз халқы- 
ның әндерін айтып шаттанады. Дегенмен иммиграция басталғаннан 
кейінгі үшінші немесе төртінші ұрпақта ұлттық ерекшілік негізінен 
символдық және таңдау мәселесіне айналды.  Бүл таңдауда еш қатар 
жоқ  болатын.  Өйткені  ақ  нәсілділердің  әлеуметтік  интеграция мен 
жеке ілгерілеуге тосқауыл еткені сирек.
Ақ нәсілді америкалықтар енді этносқа тән болуға қатысты жағым- 
сыз сын айта алмайды.  Көбісінің ата-бабалары алғашқы иммигранттар. 
Басқаларының арғы  аталары ұлтық тұрғыдан  араласып кеткені  сонша- 
лықты, олар өздерін белгілі бір этностық топқа жатқыза алмайды. Олар 
этносқа тәнділігі бойынша ақ нәсілді америкалық деп қана анықталады.
Мұндай өзгерістер  америкалық  италиян,  америкалық поляк және 
басқа  этносқа  тән  сипаттан  «белгісіз үлтты  америкалық»  болуға  алып 
келген. Зерттеушілер мұны Американың «балқыту қазанына» айналып, 
оның ішінде этностық топтар (ақ нәсілді) басқа көптеген эгностық топ-

Ирландтықтарамерикалық 
I   ирландтардың өміріне көп эсер етпесе 
де, көптеген адамдар әлі күнге дейін 
Сент-Патрик күнінің шеруінде өздерінің 
мәдени мүраларын тойлайды.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау