300
10-ТАРАУ
13-бөлімде айтылатындай, мамандық- арнайы дағды мен шығар-
машылық еркіндікті талап ететін ерекше іс-әрекет түрі. Бұл анықта-
маға дәрігердің жұмысындай басқа ешбір жүмыс сәйкес келмейді.
Алайда осыдан 1000 жыл бұрын дәрігер атын алуға кез келген адам
хақылы болған. Оқыту және емдеу шаралары жиі өзгеретін, деңгейі
де өте төмен (Starr, 1982). Кейбір дәрігерлер сауатсыз болатын, өз ма-
мандығын шәкірг ретінде үйренетін. Ал көпшілігі ақысын төлеп,
сертификатқа ие болатын қысқа мерзімді курстарға қатысып та дәрі-
гер бола берген. 1848 жылы америкалық медицина ассоциациясы қү-
рылғаннан бастап, кәсіби қызмет көрсету жүйесі қалыптаса бастады.
Бұл процесс 1910 жылы толық аяқталып, медициналық оқыту мен
лицензия берудің қатаң ережелері қабылданды.
Д ә р іге р л е р д ің т а б ы с ы м ен б ед еліне д е ге н ы қ ы л а с
Медициналық мамандық сертификация теориясының үлгісі бола
алады. Қазіргі кезде тәжірибелі отбасылык, қызметкерлер орташа
163 510 $, ал хирургтар орташа 225 390 $ табыс табады (АҚШ Еңбек ста-
тистикасы бюросы, 2011с). АҚШ-та дәрігерлердің табысы неге мол және
неге жоғары беделді мамандар саналады?
Құрылымдық функцияшылдардың айтуынша, дәрігер болуға
лайықты қабілеті мен таланты жеткілікті адамдар өте сирек, ал хи
рург болуға лайықты адамдар одан да аз. Сонымен қатар дәрігерлер
ұзақ және қиын білім алу кезеңдерінен өтеді. Демек, осындай қиын
жұмысқа өз ғұмырын арнауы үшін еңбегі жоғары бағалануы тиіс.
Ал конфликтология көзқарасын үстанушылар дәрігерлерге берілетін
жоғары табыс пен бедел қоғамның қажеттілігі үшін емес, олардың
жеке пайдасы үшін билікті қолдану деп тұжырымдайды.
Осы пікірді растау үшін конфликтология теорияшылары Америка
медицина ассоциациясының (АМА) ықпалын дәлел ретінде келтіреді.
АМА дәрігерлердің емдеу тәжірибесінен өту талаптарын белгілейді. Бүл
үйым медициналық қызмет көрсету стандарттарын жүйелендіріп, сол
стандарттарды ұстанбаған дәрігерлерді жауапкершілікке тарту немесе
олардың мүдделерін қорғау үшін құрылған. АМА-ға дәрігерлердің жар-
тысынан аз бөлігі енгенімен, биліктің көп бөлігі әлі де соның қолында
шоғырланған. Ол - дәрігерлердің халыңқа көрсететін қызметін ақылы
етуді көздеп күрес жүргізді. Осы мақсатына жету үшін Medicare, Medicaid
және 2011 жылғы медициналық реформалармен бірге ұлттық медици-
налық сақтандыру жүйесінің құрылуына қарсы болды. Сонымен қатар
акушерлік, остеопатия және инемен емдеу сияқты балама медициналық
тәжірибелерді тоқтату үшін күресті (Weitz, 2012).
Д ә р іге р л е р м ә р т е б е с ін ің ө зге р у і
Дәрігерлердің жоғары табысы сақталғанмен, мамандықтың өзге артық-
шылықтарынан айырылып қалды. 1970 жылға дейін
дәрігерлер жұмыс
жағдайын анықтауда еркін, тәуелсіз болды. Мемлекет тарапынан да
жоғары қүрметке ие болды. Кейбір емделушілер үшін дәрігер білім мен
көмектің Қүдайдан кейінгі иесі деп саналатын. Қазіргі кезде бүл салаға
мынадай біршама өзгерістер енгізілді (Coburn & Willis, 2000; Weitz, 2012):
•
Дәрігерлердің көп бөлігі топпен немесе корпорация үшін жұмыс
істейді. Қағазбасты адамдар - олардың еңбекақысын, емдеу шара-
ларын және жүмыс уақытын анықтайды. Нәтижесінде, дәрігерлер
біршама тәуелсіздігінен айырылды.
•
Қоғам дәрігерлерге сенімсіздікпен, сын көзбен қарайды. Екінші тарап-
тан пікір алу- қазір қалыпты жағдай; ал қулық жасау кең етек алуда.
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫК, САҚТАУ
301
Төлемдер мен ем шараларын мемлекегтік мекемелер мен сақтан-
дыру компаниялары реттейді. Дәрігердің дербестігі шектеулі, өйт-
кені жоғарыда айтылған топтар - ем шаралардын, қанша мөлшері
қандай бағамен берілетіні жайлы нұсқау беріп отырады.
Дәрігерлер бұл өзгерістерді қабылдауға мәжбүр болды. Оның ор-
нына, олар заң бұзушылық істері бойынша және сақтандыру ком
паниялары туралы заңдар бойынша заңдық шектеулерге қарсы
күрескен еді. Сонымен қатар қоғамдық пікір согында дәрігерлер
емделушілердің мүддесін қорғайтынын дәлелдеп, емделушілердің
пікірін өзгерту үшін күресті.
Түйткілді мәселелер шығып қалатынына қарамастан, дәрігер ма-
мандығы - табысы мол және беделді жұмыс. Бірақ
жылдан-жылға қа-
дағалауы қатаң салаға айналып барады және соның әсерінен сынның
астында қалып жатыр.
Медбикелер: кәсіби мәртебе үшін күрес
Он миллион адам жүмыс істейтін денсаулық сақтау саласының ең ірі
бөлігі - 1,8 миллион адамнан түратын медбикелер. Ешбір емхана мед-
бикелерсіз жұмыс істей алмайды және оларсыз бірде-бір дәрігер қыз-
мет ете алмайды. Олардың денсаулық сақтау саласында
маңызы болға-
нымен, мәргебелері біз ойлағаннан әлдеқайда төмен. Медбикелердің
мәртебесін көтеруге деген талпыныстары неге жетістікке жете алмады?
М е д б и ке л е р д ің қ а з ір гі м әртебесі
Медбикелер денсаулық сақтауда маңызды рөл атқарады. Бірақ олар-
дың күнделікті жұмысында немесе оқыту мен сертификаттаудан өту-
де мүмкіндігі аз. Медбикелердің стандартты дайындығын анықтауда
және лицензиялау кеңесінде стандарттан өтуінде дәрігерлердің дауы-
сы маңызды.
Жұмыс кезінде ең төмен дәрежелі дәрігер, тәжірибелі медбикеге
бүйрық бере алады, яғни медбике дәрігердің нүсқауларын орындауы
гиіс. Мәртебенің осындай айырмашылығынан медбикелердің орташа
табысы 62 400 $ қүрайды, бұл отбасылық тәжірибедегі дәрігер еңбек-
ақысының үштен бір бөлігі (АҚШ Еңбек статистикасы бюросы, 2011).
Медбикелер арасында тіпті магистр немесе PhD дәрежелі мамандар
бар. Дегенмен олардың еңбекақысы әлі де дәрігерлердің еңбекақы-
сының аз ғана бөлігіне тең. Қоғам медбикелерді қызметіне адалдығы
үшін сыйлағанмен, олардың кәсіби білімін бағаламайды. Осы себеп-
терден медбикелік істің кәсіп ретіндегі әлеуметтік анықтамасы жоқ.
Неге медбикелердің мәр гебесі осыншалық төмен? Себебі ғасырлар
бойы бұл жұмысты, негізінен, үнемі әйелдер орындаған. XX ғасырға
дейін қамқорлық әйелдерге табиғатынан тән, сол себепті аналар, қыз-
дар немесе әпке мен апалар отбасында ауырған адамға қамқорлық
көрсетуге дайын болуы керек деп санаған (Reverby, 1987). Күтім жасау -
XIX ғасырдың ортасына дейін ресми кәсіп ретінде қарастырылмаған.
Тарихи түрғыдан алғанда, бұл жұмыс құрмет пен құқықты жеңіп алуды
керек етпейтін, бастапқы кезден әйел болмысына сай және оның міндеті
болды (Reverby, 1987). Медбикелер әйелге тән альтруизммен, жанқияр-
лық қасиетпен көбі ер адам болып келетін дәрігерлер мен емхана әкім-
шілігінің нүсқауларын, сонымен бірге лауазымы жоғары әйелдердің де
нұсқауларын орындауға дайын болуы керек деп болжамдалды.
Осындай
көзқарас қалыптасып қалғандықтан медбикелердің мәртебесі, дербестігі
үшін немесе жұмыс жағдайын жақсарту үшін күрес жүргізу қиын болды.