298
10-ТАРАУ
шар болуы көп қиыншылық тудыруда. Қатерлі ісік ауруынан қайтыс
болғандарды ескермегенде, ішімдіктен, зорлықтан және
оқыс жағдай-
дан және өз-өзіне қол жұмсаудан қайтыс болушылар саны Батыс Еу-
ропа мен АҚШ-қа қарағанда, Ресейде басым (Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы, 2006).
Қорытындылай
келгенде, Кеңес өкіметінің және
АҚШ-тың әлеумет-
тік жағдайын - денсаулық, ауру және өлім көрсеткіштері анықтайды..
М е н т а л д ы қ а у р у л а р
Әлеуметтік факторлар - психикалық ауруларға тән ауыруы секілді эсер
етеді. Алайда психикалық денсаулық - жылына миллиондаған адамды
қамтитын маңызды мәселе.
Психикалық аурулар саны қанша?
Ұлттық кездейсоқ сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-та жұмысқа
қабілетті азаматтардың 11 пайызы жыл сайын әлі анықталмаған
психикалық ауруға ұшырайды. Ал 20 пайызы жеңіл немесе күрделі
ауруларға шалдығады (Kessler et al, 2005). Ең көп тараған аурулар -
күйзеліс және спирттік ішімдікке тәуелдік. Алайда бұл көрсет-
кіштер шындыққа жанаспауы мүмкін. Өйткені олар медициналық
диагнозға емес, ауру белгілерін мәлімдеген құжаттарға сүйенеді
(Horwitz, 2002; 2007). Зерттеушілер нақты нәтиже бере алмайды.
Мысалы, олар үшін кімнің күйзеліске ұшырағаннан немесе жа-
рысқа дайындалғаннан салмақ тастағанын айыру мүмкін емес.
Психикалық ауруларға кім шалдығады?
Тән ауруына шалдыққан жағдайдағыдай, психикалық ауруларға да
әлеуметтік факторлар эсер етеді. Осыған қарай, негізгі екі факторды
қарастырамыз, олар - әлеуметтік тап және жыныс.
Ә л е у м е ттік тап е р е кш е л ігі
1920 жылдан бастап әлеуметті зерттеушілер психикалық ауытқуларға
көңіл аудара бастады. Соның нәтижесінде, кедейлердің бақуатты адам-
дарға қарағанда, көбірек психикалық аураларға душар болатыны анық-
талды (Eaton & Muntaner, 1999). Оныц екі себебі бар: біріншісі - психика-
лық аурулар адамдарға жұмысқа орналасуға немесе жұмыс орнын сақтап
қалуға кедергі келтіруі мүмкін, ал адамдар соған қарай әлеуметтік бас-
палдақ бойынша бірер саты төмендейді (Link et al., 1997).
Өмір сүру деңгейі томен адамдар арасындағы әлеуметтік күйзеліс-
гер психикалық ауытқуға алып келеді (Aneshensel, 2009; Schwartz and
Meyer, 2010). Мысалы, шизофрения диагнозы бар адамдардың көбі төменгі
таптан шыққан және шулы, күйзелісті, қауіпті және физикалық тұрғы-
дан жайсыз жұмыс орындарда еңбек еткен (Muntaner et al, 2004). Күйзеліс
сияқты психикалық бұзылыстың себебін түсінуде кедейлік күйзелісі
мен экономикалық қорғансыздық сезімдерінің маңызы зор.
Психикалық ауру көрсеткіштеріндегі әлеуметтік айырмашылықпен
бірге психикалық ауру тәжірибесіндегі айырмашылық та маңызды. Пси-
хикалық ауруға шалдыққан төменгі тап өкілдері ұзақ уақыт ауруханаға
жатқызылады, бірақ тиімсіз ем қабылдайды.
Шын мәнінде,
психикалық
денсаулықты қалпына келтіру, күрделі психикалық ауруға шалдыққан