Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша проблемалар



жүктеу 8,13 Mb.
бет20/21
Дата07.12.2017
өлшемі8,13 Mb.
#3484
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша проблемалар:


Ақтөбе облысында барлық жерде дерлік мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін электронды кезекті қолдану мүмкіндігі жоқ, сонымен қатар, қызметкердің қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі жоқ. Яғни, көрсетілген қызмет бойынша жоғары сапа және халықтың толық қанағаттануы мүмкін емес. 2012 жылдағы айтылған жалғыз шағым қызмет көрсетудегі дұрыстық көрсеткіші болып табылады. Бірақ қанағаттану деңгейін қолма-қол бағалау мүмкін емес, сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үрдісінің сапасы: қызметкерлер сыпайылығы, ыңғайлылық және басқа да көрсеткіштер.

Аталған тұжырым Сандж зерттеу қорытындысымен де расталады. Орташа барлық Қазақстан бойынша сұрастырылған барлық қызмет тұтынушыларының 4%-ы көрсетілген қызмет бойынша шағым бергісі келеді. Сұхбаткерлер өзінің шағым жазу мүмкіндіктерін жоғары бағаласа да, шағым бергендер тек 22% құрады. Бұл тұтынушылардың жазбаша шағым жазуды ұнатпайтындығы туралы айтады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалауда тек осындай нұсқаға ғана сенуге болмайды.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша ҰКП зерттеуінен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін ғимараттарда иүгедектерге арналған сырғым баспалдақтар мен лифттердің жоқтығын ескеру керек, ал бұл заңға, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібіне, сонымен қатар, жергілікті атқаршы органмен расталған заңдарға қарама-қайшы келеді. Қазіргі кезде әкімдік қаулысымен 112 қалыпты қызметтерден 88 тәртіп бекітілді. Мысалы, 4-т. 15-бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызмет қалпы «өзіндік қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру» (қызмет «Ауылшаруашылық басқармасымен» МБ атқарылады): «Қызмет көрсету және орталық ғимараттары кіру жері мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін сырғыма баспалдақтармен жабдықтандырылған». Іс жүзінде бұл талап толық көлемде Ақтөбе облысы бойынша қызмет көрсетуге арналған ешқай ғимаратында орындалмаған, бұл ҰКП зерттеу шеңберінде зерттелген.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР № 88-V заңына сәйкес жергілікті атқарушы орган құзіретіне қызмет көрсету сапасының ішкі қадағалауын жүргізу кіреді. 2013-2014 жылдардағы кезеңде ішкі бақылау қаржыландырудың және ішкі бақылау жүргізу регламентінің болмауына байланысты іріктемелі жүргізілді. Ішкі бақылау қорытындысы туралы деректер облыс әкімінің сайтында ішінара ұсынылған.



КҮШТІ ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРДЫ, МҮМКІНДІКТЕР МЕН ҚАУІПТЕРДІ ТАЛДАУ (SWOT-ТАЛДАУ)
Ақтөбе облысының SWOT – талдауы

Күшті жақтары (S)

  1. Бай минералдық-шикізат база (хром, мыс, мыс-мырыш темір, никель, құрамында алтын бар, титан, алюминий рудалары, платина, вольфрам және молибден, тантал және ниобий);

  2. Мұнай мен газ және минералдық шикізат қорларының болуы тау кен өндіру өнеркәсібін одан әрі дамыту негізін құрайды;

  3. Әлемдік нарықтарға жеткізуде дамыған инфрақұрылым, жоғары транзит әлеуеті;

  4. Ірі инвесторлардың болуы (CNPC, Sinopec, Лукойл, TETHYS Petroleumжәне басқасы);

  5. Инвестициялар көлемі бойынша облыс Атырау, Маңғыстау облыстарынан және Астана қ. кейін өңірлер арасында 4-орынға ие;

  6. Қалыпты инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің және негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқындарының жоғары деңгейі;

  7. Химия өнеркәсібін дамытуда шикізат көздерінің болуы;

  8. Қара және түсті металлургия саласында ауқымды экономикалық әлеует және медициналық пен мұнкай жабдықтарын шығаруда инновациялық әлеует;

  9. Машина жасауда, металл бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаруда ауқымды әлеует;

  10. Жоғары демографиялық әлеует: айтарлықтай «жас» халық, еңбекке жарамды жастағы халықтың басымдығы (халық санының 65%-нан жоғары);

  11. Еңбек нарығындағы оң өсу серпіні: еңбекке жарамды жастан төмен халықтан демографиялық жүктеме, ол дамуға оң серпін береді, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы (4,9%), экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының артуы (71,1%);


Мүмкіндіктер (O)

  1. Облыстың авиациялық, темір жол және автомобиль магистральдарының тоғысында орналасқан ерекше географиялық орналасуы; тапсыру нарығын кеңейту және транзиттік әлеуетті арттыру

  2. Металлургияны дамыту, құрылыс материалдарын шығару үшін бай минералдық-шикізат базасының болуы.

  3. Отандық тауарлар өндірушілерін сыртқы экономикалық қолдау (кеден жеңілдіктері);

  4. Жоғары қосылған құнмен өндірістік қуаттарды жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу.

  5. ИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары (Индустрияландыру картасы, Өнімділік 2020, Экспорттаушы 2020 бағдарламалары);

  6. ҮИИДМБ 2-бесжылдығы шеңберінде ең жаңа технологияларды пайдалана отырып әлдеқайда жоғары бөліністі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;

  7. Ақтөбе қ. – облыстың әкімшілік орталығы Батыс макроөңірінде сервистік сектор және көлік-логистикалық хабтың даму деңгейі жоғары ең ірі қала агломерацияға айналады;

  8. Тиімді даму үшін мұнай-газ саласын кластерлеу, қосалқы кәсіпорындарды арттыру;

  9. Тағам және химия өнеркәсібін, көлік-логистикалық қызметтерді, құрылыс материалдарын шығаруды кластерлеу;

  10. Жергілікті шикізатта жаңа энергия шығарушы қуаттарды салу, электр энергиясын жеткізу желілерін қалпына келтіру;

  11. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы салдарынан жергілікті шикізат негізінде бірқатар ірі өндірістерді мемлекеттік қолдау және құру мүмкіндігі бар;

  12. ӘӨК және өңірлік технопарк қызметін өзектендіру, өнімді бірігіп ілгерілету мақсатында халықтың жеке шаруашылықтарын және шаруа (фермер) қожалықтарын біріктіру;

  13. Медициналық мамандарды даярлау және медициналық жабдық шығару бойынша базаның (Батыс Қазақстанда жалғыз) болуы, «кадрларды даярлау – жабдық шығару – қызмет көрсету» схемасы бойынша медициналық қызметтер нарығын дамыту;



Әлсіз жақтар (W)

  1. Өңір экономикасы дамуының көмірсутекті шикізат және металдарға әлемдік бағалар конъюнктурасына жоғары тәуелділігі

  2. Өнеркәсіптің дамуын шектейтін желілерде артып жатқан энергия тапшылығы және шығындардыңжоғары деңгейі;

  3. Салалық теңгерімсіздік: өнеркәсіп құрамында тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлкен үлесі (76,5%)(экономика осалдылығының өсуі, басқа секторларға және ЦДС дамыту инвестициялар тартымдылығының төмендігі, жұмыспен қамтуға ықпалдың аздығы)

  4. Облыстың әртараптандырылу және инновациялық даму саясаты толық көлемде іске асырылмаған, нәтижесінде экономика құрылымы шикізат бағытын сақтап қалды.

  1. Өңірдің республикалық еңбек бөлінісінде тар мамандандырылуы, терең шикізат бағыт және өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлікті дамытуға жеткілікті ынталардың болмауы;

  2. Автомобиль жолдары жабындысының тозуы, жол жабындыларының, жасанды құрылыстар мен ИКИ тасушы қабілетінің жоғалуы;

  3. Қазіргі заманғы агротехнологиялардың әлсіз енгізілуі және жоғары репродуциялы тұқымдармен қолжетімді бағамен қамтылуының жеткіліксіздігі

  4. Ауыл шаруашылық құрылулары техникалық паркінің моральды және физикалық тозуы (90,6%);

  5. ШОБ өкілдерінің салалық бөліністе инвестицияларды тарту бойынша шешім қабылдау процесіне әлсіз тартылуы.

  6. Кепіл міндеттемелері бойынша талаптардың жоғары болуы ШОК субъектілерінің көпшілігі үшін кредиттеудің қолжетімділігін төмендетеді.

  7. Инвестициялардың негізгі рецепиенті ірі бизнес болып табылады;

  8. Орта және ірі өндірістердің жеткіліксіз дамуы, ірі ауқымды селекциялық-тұқымдық жұмыстың жүргізілуін тежеу, бар жайылымдарды тиімсіз пайдалану, мал шаруашылық процестерінің механикалану деңгейінің төмендігі.

  9. Ауыл шаруашылықтағы майда тауарлы өндірушілердің үлкен саны.

  10. Экономиканың барлық секторларында білікті кәсіби кадрлар тапшылығы;

  11. Жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі: Ақтөбе қ. (3,8%), Байғанин(4,2%), Алға (3,9%), Мұғалжар(3,9%) аудандары.

  12. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың болмауымен және ауыл шаруашылығын дамытуда күрделі табиғи-климаттық жағдайлармен байланысты ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың қиындығы.

  13. Қарғалы, Мартөк және Хромтау аудандарында жалпы өлім-жітім көрсеткішінің жоғарылығы (1000 тұрғынға 9,48; 9,01 және 8,71).

  14. Мұғалжар, Қобды, Хромтау және Мартөк аудандарында онкологиялық аурулармен ауырудың жоғары көрсеткіші (100 мың тұрғынға 298,0; 266,6; 251,9; 241,3 және 232,5).



Қауіптер (T)

  1. Әлемдік экономикаға интеграциямен байланысты өңірлік экономика бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

  2. Мұнай өндірісі көлемінің төмендеуі;

  3. Мұнай қоры кен орындарының тозуы;

  4. Кен орындарда руда қорларының тозуы;

  5. Әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы және металдарға, негізінен, ферроқоспаларға, мыс рудасына және концентраттарға бағалардың құбылуы.

  6. Өңірлік экономиканың технологиялық даму мен салалық сәйкессіздіктерге артта қалу салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің артуы және шикізат экспортының жоғары үлесі;

  7. «Батыс Еуропа және Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі құрылысының аяқтаулымен байланысты құрылыс саласында көлемнің артуы (облыс бойынша көлік дәлізінің 621 км);

  8. Өңір экономикасының шикізат бағытының сақталуы;

  9. Кәсіби білім жүйесінде сәйкессіздіктердің сақталуы еңбек ресурстарына сұранысты қанағаттандыруға теріс ықпал етеді;

  10. Жол шаруашылығы мен көлік дамуының ағымдағы деңгейінің сақталуы кезінде бәсекелес артықшылықтардың төмендеуі;

  11. Тазалау құрылыстарының төмен жаңғыртылу жағдайында экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  12. Желілер тозуының жоғары деңгейі сақталған кезде халықтың өмір сүру сапасының және бизнесті жүргізу шарттарының нашарлауы;

  13. Ауыл халқының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне қалыпсыз қол жеткізілуі ауылдық аудандарда адами әлеует деңгейін төмендетеді;

3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
1-бағыт: Экономика

Өңірлік макроэкономика

Мақсат: Жалпы өңірлік өнім деңгейін жоғарлату және экономиканың базалық секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Өлш. бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд




Мақсатты индикатор

























1

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі

ресми статистикалық деректер

%

104,6

100,9

102,3

103,0

103,0

103,0

105,0

ЭБЖБ

2

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм

ресми статистикалық деректер

мың теңге / адам

2400,4



2221,5

2397,3

2586,3

2766,2

2966,8

3216,0

ЭБЖБ

3

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

ресми статистикалық деректер

%


111,0

102,2

107,2

103,7

106,3

103,8

105,5

ЭБЖБ

Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Қолайсыз ахуалдарды анықтау, өңірдің экономика саласын дамыту бойынша уақытында шаралар қабылдау мақсатында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын талдау жүргізу.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстарының көлемі, бөлшек сауда айналымы және басқада салалар есебінен облыс экономикасын тұрақты өсімін қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу.

Жергілікті өндірістердің тауарлары мен өнімдері туралы жергілікті тұтынушыларды ақпараттандыруды кеңейту.

Сауда үшін қолайлы жағдай туғызу және әлуеметтік мәні бар азық-түліктік тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандумдармен келісу.



Өнеркәсіп

Мақсаты: Өңдеу өнеркәсібінің өнім шығарылымын арттыру және саланың еңбек өнімділігін арттыру.



Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірлігі



2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд

4.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

%

99,8

103,0

103,0

105,0

107,0

103,0

103,0

ИИДБ

5.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

адам/ мың АҚШ доллары

32,6

22,0

22,5

23,0

23,5

24,6

25,7

ИИДБ

6

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі

%

30,4

25,0

22,0

22,5

23,0

23,0

23,0

ИИДБ

7.

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі

%

-

-

-

-

3,75

3,75

10,8

ИИДБ


Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Нақты сектордың одан әрі дамуы, әлеуметтік- экономикалық дамуы экономика салаларын әртараптандыруға және шикізаттық бағыттағы дамудан кетуге бағытталған индустриалық- инновациялық саясатты белсенді жүргізумен тікелей байланысты.

2016-2020 жылдары өңдеу өнеркәсібінде металургия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай химия, азық-түлік тауарлары өндірісіндегі өңір экономикасының әртараптандыруы және бәсекеге қабілеттілігінің өсімі индустриалық- инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы ауқымында қамтамасыз етілетін болады.

Металургиялық өнеркәсіп

Республикадағы теміржолдарды дамыту және жаңартуға сәйкес Ресей және Украина кәсіпорындарының шектеулі өндірістік қуаттармен сондай ақ Ресей және Украина өндірушілерінен рельс жеткізудегі тапшылығы негізінде 2015 жылы қуаттылығы жылына 430,0 мың тонна өнім шығаратын «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС пайдалануға берілді.

«Альянс Энерго» ЖШС қуаттылығы жылына 3,0 мың тонна шарлар өндіру бойынша жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

«Каспий плюс» ЖШС 2016 жылы қуаттылығы жылына 200 мың дана бекіту бұйымдарын, 500 мың тонна фибра, 100 мың дана пластик,15 мың дана акрилдік ванна, 500 мың тонна метал өңдеу «бекіту бұйымдарын шығару, металөңдеу және тб шығаратын өндірістік- өнеркәсіптік кешенін» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«Улан компаниясы» ЖШС өндірістік- өнеркәсіптік кешенін құру (металқұрылғылар және металбұйымдары, асфальт бетон, тауарлы бетон, темір бетон) қуаттылығы жылына 500 мың тонна металқұрылғылар және металбұйымдары, 200 мың тонна асфальтбетон, 400 мың текше метр тауарлы бетон, 100 мың текше метр темір бетон.

Машина жасау

Қазақстанда медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттарының жалғыз өндірушісі болып қазіргі кезде рентген аппараттарының өндірісін арттыруды жоспарлап отырған «Ақтөберентген» АҚ саналады.

«Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ-ның экспортқа бағытталған жабдықтарды өндіруі және өткізудің халықаралық нарықтарға шығуы.

2015 жылдың екінші жартыжылдығында өндірістік қуаты айына 10 тіркемені құрайтын«ТЕХНОДОМ-СТКZ» ЖШС «тіркемелі дөңгелекті техниканы» (NAZARTREILER) жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай ақ, 2017 жылы жобалық қуаттылығы жылына 100 бірлік «Арнайы техника» ЖШС «Ақтөбе арнайы техника зауытының құрылысы» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Кокс және мұнайды қайта өңдеуді өндіру

Табиғи ресурстарды әрмен қарай зерттеу жаңа кен орындар іздестіру және есепке алу.

Экологиялық стандартарға сәйкес отандық өндірістің жанармай материалдарымен ішкі нарықты қамтамасз ету.

Шикізатты өндіру мен қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларды қолдану шартымен шетелдік инвестицияны тартуга жағдай жасау.

Баламалы энергия түрлерінің өндірісін дамыту;

Кен байыту кәсіпорындарында экологиялық зияны жоқ өндірісті енгізу.

Мұғалжар ауданының Теміркөпір станциясында қуаттылығы жылына 11,6 мың тонна құрайтын аз тонналы мұнай өңдеу зауытын салу («ҚазИнРусс-трейдинг» ЖШС);

«АМЖЗ» АҚ мұнай жабдықтарын өндіруді арттыруды жоспарлап отыр («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мен меморандумдарға қол қойылды).


Химиялық өнеркәсіп

Шиелісай кен орнының кенінің базасында қуаттылығы жылына 600 мың тонна құрайтын ДАФ/МАФ типті күрделі минералды тыңайтқыштарды өндіретін химиялық кешенді салу («Chilisai Chemicals»). Өнім – ішкі нарыққа (25%) және Ресей, Украина, Үндістан, Қытайға экспорттауға (75%) бағдарланған суда еритін күрделі азоттық-фосфорлы тыңайтқыштар.



Өзге бейметалл минералды өнім өндірісі

Перспективада «Еуразметалл» өндірістік кәсіпорны» ЖШС қуаттылығы жылына 3 мың тонна құрайтын үкем шарлар өндірісін құрастыруды жоспарласа, «Bayau Capital» ЖШС қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайтын жіксіз электр дәнекерленетін тұрбалар жобасын жүзеге асырып жатыр. 2016 жылы «ASBI SAT GROUP» ЖШС алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып ТББ өндірісін бастайтын болады.

«Көктас-Ақтөбе» АҚ Қарғалы ауданында жылына 1 млн.тонна цемент өнімін шығаратын цемент зауытын салады.

Ақтөбе қаласындағы әуежайдың маңында Қазақстанның батысындағы ең ірі көлік-логистикалық орталықты салу. Ақтөбе қаласының оңтайлы орналасқандығын ескере отырып, КЛО-тың қызметтерінің өңірлік масштабтағы қамтуының жалпы ауданы шамамен 2 миллион адамның мұқтаждылықтарын қамтамасыз ететін болады. Жалпы алғанда, КЛО кешенді қызметтері ірі жеткізушілердің көлік шығындарын 30%-ға дейін төмендетеді, бұл ең алдымен халық тұтынатын тауар бағаларын төмендетуге мүмкіндік береді.


Ауыл шаруашылығы

2016-2020 жылдарға арналған басымдылық агроөнеркәсіп кешені субъектілерін дамытуға және одан әрі кеңейтуге жағдай жасай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша шаралар болып табылады.

Негізгі іс-шаралар халықтың өмір деңгейін көтеруге және агроөнеркәсіп кешенін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен кірістерді ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Мақсаты: Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Өлш. бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд.

8

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі

Ресми статистикалық деректер

%

122,2

105,0

120

115

110

111

113

АШБ


9

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі

Ресми статистикалық деректер

%

58,1

102,0

105,0

106,3

105,6

106,2

107,5

10

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі

ҚР АШМ ведомстволық есебі

ІҚМ, %

37,0

43,0

39,0

40,0

41,0

42,0

43,0

АШБ




ҰҚМ, %

51,0

59,0

51,5

53,0

54,0

55,0

56,0

11

Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі**

ҚР АШМ ведомстволық есебі

ІҚМ, %

23,0

27,0

30,0

32,0

34,0

35,0

36,0

ҚР АШМ ведомстволық есебі

ҰҚМ,%

23,2

23,5

24,0

25,0

26,0

28,0

30,0

12

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі

ҚР АШМ ведомстволық есебі

%

0

0

0

0

0

0

0

АШБ



Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Ауыл шаруашылығына инвестициялар көлемін көбейту.

Ауыл шаруашылық дақылдардың егістік алаңдарын әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыру.

Дәнді егісті өндірудің ылғал мен ресурстар үнемдеу технологияларын енгізуді жалғастыру;

Ауылшаруашылық құрылымдарды ірілендіру үшін жағдайлар жасау;

Ауылшаруашылық техниканы жаңарту үшін инвестицияларды тарту;

Егістік алаңдарды ылғал мен ресурстарды үнемдеу технологияларымен қамтуды арттыру;

Заманауи агротехнологияларды енгізу;

Облыстың АШТӨ арасында ғылыми негізделген ауыспалы егістерді енгізудің экономикалық ұтымдылығы жөнінде жоспарлы және мақсатты түсіндірме жұмысы;

Жем өндіру бойынша жағдайлар жасау;

Элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылықтарының санын арттыру;

Жергілікті азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау;

Кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру.

Малдың қыстауын, жануарлардың көбею компаниясын ұйымдасқан түрде жүргізу және тұқымдық мал шаруашылығы үлесін арттыруға бағытталған мал шаруашылығын дамытудың инновациялық жобаларын енгізу бойынша шаралар қабылдау.

Халықтың өсіп жатқан қажеттіліктерін және басқа мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жемшөп, майлы, жеміс-көкөніс дақылдарының егіс үлесінің өсуіне және дәнді дақылдар егістіктерін тұрақтандыруға бағытталған ауыл шаруашылық дақылдарының егістік аудандарын әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыру.

Дәнді дақылдар өндірісінің ылғалды үнемдеу технологияларын, жабық топырақтағы көкөністер өндірісі технологияларын және тамшылап суару технологияларын енгізуді жалғастыру.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» жобаларының іске асырылуын жалғастыру.

4 Мақсат: Ауыл тіршілігін жақсарту үшін жағдайын жасау және ауылдық жердегі әлеуетін жақсатру.




Нысалы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Есеп 2014 г.

Бағалау 2015 г.

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

13.

Тіректі ауылдық елді мекендердегі халық саны

ад.

44882

46842


45780

46677

47575

48473

49370

ЭБЖБ, Ақтөбе қаласы аудан әкімдері

14.

Облыстың шекаралас аймағында орналасқан тіректі ауылдық елді мекендердегі халық саны

ад.

10633

10699

10739

10846

10952

11058

11165

ЭБЖБ, Ақтөбе қаласы аудан әкімдері


Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы, қайта жаңарту, күрделі жөндеу.

Мемлекеттік қолдау есебінен шағын және орта кәсіпкерлік дамыту тұрғындарға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.

Туылу өсуіне және тұрғындар көшу қонуының оң сальдосына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.


Шағын және орта бизнес, сауда

5 Мақсат: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау



Нысаналы индикаторлар

Дерек көзі

Өлш. бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд.

15

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

ресми статистикалық мәліметтер

%

68,0

86,2

87,1

88

89

90

91

КБ

16

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

ресми статистикалық мәліметтер

%

108,8

101,3

101,5

101,7

101,9

102

102

КБ

17

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту(«Бөлшек сауда» қызметі түрімен)

ресми статистикалық мәліметтер

ед.

1

2

1

3

4

4

4

КБ

Ақпарат көзі: Статистикалық мәліметтер
Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қаржылық және қаржылық емес құралдардың қолдануын жалғастыру, несиелік ресурстарға қолжетімділікті арттыру және т.б.

ӨКП-мен ШОБ даму проблемалары мен перспективаларын талқылауды ұйымдастыру.

Даму институттарымен бірлесе қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қолданыстағы қаржылық және қаржылық емес құралдарды түсіндіру бойынша белсенді жұмыс.

Бөлшек сауданың заманауй форматын дамыту.

Жергіліті жасалған өнім және тауарлар туралы жергілікті тұтынушылардың ақпараттануын ұлғайту.

Сауда үшін қолайлы жағдай жасау, үнемсіз делдалдарды қоспай бөлшек желілерді жергілікті тауар өндірушілердің тауарларымен қамтамасыз ету.

Ауылшаруашылық жәрменкелерін өткізу.

Өңіраралық тауарлы ағымдарды есептеудің статистикалық базасын дамыту.

Өңір аралық экономикалық қарым қатынасты қолда бар мемлекеттік ықпал ету механизмдері есебімен ынталандыру сондай-ақ ресурстар және құрылған инфрақұрылым жүйесін өндіру.



Қазақстандық өнеркәсі өнімін өндірушілер және тұтынушыларды қолдау үшін қолда бар құралдарды жетілдіру.


Өңіраралық ынтымақтастық

6 мақсат: Өңіраралық қарым қатынастың белсенділігін арттыру және басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемін арттыру




Нысаналы индикаторлар

Дерек көзі

Өлш. бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд.

18

Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша)

ресми статистикалық ақпарат

мың. теңге

309025259,0

315205764,2

321509879,5

327940077,1

334498878,6

341188856,2

348012633,3

ИИДБ

19

Резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы қарағандабасқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнанастам көтерме кәсіпорындар бойынша)

ресми статистикалық ақпарат негізіндегі ЖАО есептері

%

86

87

88

89

90

91

92

ИИДБ

Ақпарат көзі: Статистикалық мәліметтер
Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Бөлшек азық-түлік нарықтарын құру арқылы.

Өңіраралық тауар нарықтарының жеке секторларында қойма шаруашылығы объектілерінің орналасуын оңтайландыру.

Тез бұзылатын өнімдер үшін көкөніс базаларын және СЛО, а/ш өнімдерін тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды салу.

Көрші өңірлерден сапалы шикізат алып кіру салдарынан қайта өңдеу мен қуаттардың жүктемелілігін арттыру.

Ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Көрші (жақын орналасқан) өңірлерде орналасатын кәсіпорындардың тік және көлдеңен интеграциясы.

Интеграцияланған маркетинг жүйелерін құру.

Мемлекет есебінен инфрақұрылымдық объектілерді салу.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалану.

Түрлі жеңілдіктер ұсыну, инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін жеке капиталды тарту мақсатында қажетті әкімшілік жағдай жасау.

Өңірлік сауда-экономикалық көреткіштерін мониторингілеу жүйесін құру өңірдің өңіраралық саудасының жағдайы, оның қаржысы, ынтымақтастық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпаратты жедел алуға және талдауға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы мемлекеттік әсер ету тетіктерін, сондай-ақ ресурстар мен құрылған инфрақұрылымды ескере отырып өңіраралық экономикалық өзара іс-қимылдарды ынталандыру жүйесін әзірлеу.

Облыста автомобиль және темір жол көлігі инфрақұрылымын жетілдіру мен дамыту.



Қазақстандық өндірушілерді және өнеркәсіптік өнім тұтынушыларын қолдау құралдарын жетілдіру.
Инновациялар және инвестициялар

6. Мақсат - Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту, капитал салуға жағдай жасау.



Нысаналы индикаторлар

Дерек көзі

Өлш. бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд.

20

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны % 2015 жылға

ресми статистикалық ақпарат негізіндегі ЖАО есептері

%

104,3

100,0

108,7

114,1

141,9

170,9

204,4

ИИДБ

21

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі

ресми статистикалық ақпарат

%

35,4

30,0

31

33

34

35

37

ИИДБ

22

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда)

ресми статистикалық ақпарат негізіндегі ЖАО есептері

%

141,7

100,0

105,5

158,3

210,4

263,2

306,9

ИИДБ

23

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

ресми статистикалық ақпарат

%

7,6

7,8

8,5

9,5

11

12,5

14

ИИДБ

24

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

ресми статистикалық ақпарат негізіндегі ЖАО есептері

%

0,24

0,4

0,5

0,6

0,9

1,2

1,5

ИИДБ

25

Құжаттама әзірлеу бойынша және олар бойынша конкурс жариялауда оң қорытынды алған МЖӘ жобалар санын ұлғайту

Жобалар саны




0

0

5

5

5

-

-

ЭБЖБ

(басқа мекемелер)




Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Инвестицияларды тарту институттарын дамыту.

Басым секторларға инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

Ет, сондай-ақ сүт пен сүт өнімдерін шығару мен қайта өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту.

Экономиканың басым секторларында тірек инвесторлары бар біріккен кәсіпорындар құру (ТМК, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, құрылыс материалдарының өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, туризм және т.б.).

Индустриялық аймақтарды дамыту.

Индустриялық аймақтардың қызметін талдау, кедергілерді және тежеуші факторларды анықтау.

Облыс әкімінің қатысуымен жиналыстарда АЭА қызметін қарастыруға материалдар әзірлеу.

Ақтөбе облысына инновацияның өсімі 2015-2020 жылдарда келесідей инновациялық жобаларды іске қосуға жоспарланғанымен негізделеді.

2016 жылы:

«Каспий плюс» ЖШС бекіту бұйымдары мен фибра өндірісі, сондай-ақ металл өңдеу. 200 мың дана бекіту бұйымдарын, 500 мың тонна фибра, 100 мың дана пластик,15 мың дана акрилдік ванна, 500 мың тонна метал өңдеу өндірісі жоспарлануда. Инвестиция көлемі 500 млн. теңге.

Ақтөбе қаласында тікелей тігістелген электр балқыту құбырлар және иілген пішіндер өндірісі "Bayau Capital LLP" ЖШС. Жылына 10 мың тонна құбырлы және пішінді өнімдер шығару жоспарлануда. Инвестиция көлемі 1100 млн. теңге.

2017 жылы:

1.МАФ/ДАФ түрінде күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі "Chilisai Chemicals" ЖШС. Жылына 830 мың тонна МАФ/ДАФ өндірілетін болады. Инвестиция көлемі 45000 млн. теңге.

2. Ақтөбе қаласында арнаулы техниканы жинақтау зауытының құрылысы "Спецтехника" ЖШС. Кәсіпорынмен жылына 120 бірлік (экскаватор, көлік грейдері, доңғалақты арнаулы техника) шығару жоспарланған.

2018 жылы:

1. «Юбилейное» кен орнында алтын құрамды руданы қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасы және кеніш құрылысы «Юбилейное» ЖШС. Кәсіпорынмен 7,2 тонна доре қорытпасындағы алтын өндірісі жоспарланған. Инвестиция көлемі 36200 млн. теңге.

2. Ақтөбе қаласы калий тұздарының кен орны минералды тыңайтқыштар базасында минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша «Батыс Калий» ЖШС жобасы. Хлористтік калий өндірісінің көлемі 2018 жылы 100 мың тоннадан 2020 жылы 400 мың тоннаға дейін.

3. Қарғалы ауданында цемент зауытының құрылысы бойынша «Көктас Ақтөбе» АҚ жобасы. Жылына 1,0 млн. тонна, портланд –цемент, тампонажды цемент өндірісі жоспарлануда.

2019 жылы:

Темір кенін қайта өндеу бойынша тау-кен металлургия кешенінің құрылысы "Aktobe Steel Production" ЖШС. Кәсіпорын жылына 8 млн. тонна концентрат өндіретін болады. Инвестиция көлемі 30 000 млн. теңге.

2020 жылы:

Байыту фабрикасының құрылысымен Велиховка темір рудасы кен орнын игеру "Ақтөбе Темір ВС" ЖШС. Жылына 1 млн. тонна темір концентраты. Инвестиция көлемі 24150 млн. теңге.

Бағыт 2: Әлеуметтік сала

Білім беру

7. Мақсат: Білім беру сапасын, қолжетімділігін жақсарту және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру.




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

2014ж

есеп


2015 ж

бағалау


2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

125

Жұмысістептұрғанавариялықжәнеүшауысымдықмектептерсаны

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

бірл.

2/3


2/3


2/0

2/0

0/0

0/0

0/0

ББ

226

Жаратылыстану-математикапәндерібойыншамектепбітірушілердіңарасындабілімберубағдарламаларынтабысты (өтежақсы/жақсы) меңгергеноқушылардыңүлесі

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

%


47,6

47,5

48

50

53

55

60

ББ

327

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

%

36,9

37,5

38

38

38,5

39

40

ББ

428

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

%

87,0

87,9

92

95

100

100

100

ББ

228.1

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен




10,3

11,0

12,5

13,1

15,5

18,5

21,3

229

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

ЖАО ведомстволық есептері

%

96,6

96,6

96,6

97

97,5

98

98,5

ББ

5



































8. Мақсат Жастар арасында жұмыссыздықты төмендету жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

630

15-28 жастағы жастардың жалпысанындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)

ресми статистикалық деректер

%

8,1

8,6

8,5

8,4

8,3

8,2

8,1

ББ

731

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

%

79,5

60,0

60

62

64

66

68

ББ

332

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі

ҚР БҒМ және ЖАО әлеуметтанушылық зерттеу қорытындылары

%

55

55

57

60

62

65

70

ББ

933

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі

ҚР БҒМ ведомстволық есептілігі

%

19,3

18,9

18,9

19,0

19,4

19,6

20,0

ББ


Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылу сапасына жеке жауапкершілікті арттыру.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа түрлендірілген кабинеттермен, компьютерлік техникамен және интерактивті жабдықпен жабдықтау.

Білім беру сапасын арттыру, оның ішінде жаратылыстану-математикалық цикл бағдарламалары бойынша жұмысты жалғастыру.

Облыстың техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының материалдық-техникалық базасын күрделі жөндеу мен нығайтуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру.

Апаттылықтың алдын алу бойынша қарапайым шараларды қабылдау мақсатында білім беру ұйымдары ғимараттарының техникалық жағдайын мониторингтеу.

Мемлекеттік емес мекетепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін енгізу бойынша жұмысты жалғастыру.

Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына қамқорлық көрсету және күтуге, патронатқа тапсыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмысты кеңейту.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында әр ауданда тірек мектептерінің желісін (ресурстық орталықтар) кеңейту бойынша шаралар қабылдау;

Қосымша білім беру желісін дамыту бойынша шаралар қабылдау.

Ыстық тамақтануды сапалы ұйымдастыру үшін мектеп асханаларының материалдық базасын жақсарту.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету-педагогикалық қолдау үшін арнайы білім беру орындары желісін дамыту бойынша шаралар қабылдау.

Мұғалім мамандығының беделін арттыру бөлігінде имиджтік саясатты қалыптастыру, педагогтерді материалдық және моральдық ынталандыру мен әлеуметтік қолдау бойынша жұмысты күшейту.

Кәсіби техникалық білім оқу орындарына облыс кәсіпорындарының басшылық етуін қамтамасыз ету, кәсіпорындарда тағылымдамаларды ұйымдастыру.

NEET санатындағы жастарды «Жасыл ел» еңбек жасақтарының және құрылыс жасақтарының жұмысына тарту.

NEET санатындағы жастарды белсенді жастар ұйымдарының құрамына тарту.

«Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» жүзеге асыру шеңберінде білім беру ұйымдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Өңірлік еңбек нарығында талап етілетін кәсіби білім беру бағдарламаларының тартымдылығын арттыру, әлеуетті абитуриенттер арасында басым мамандықтарды ілгерілету;

Өңірдің ЖОО-да даярланған жеке мамандарды ұстап қалу және жас білікті қызметкерлерді тарту үшін жағдай жасау.

Жастардың білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларында проблемаларын шешу мақсатында мемлекеттік органдар күштерінің үйлестірілуін қамтамасыз ету. Мысалы, жұмыспен қамту проблемасы қажетті білімнің/дағдының болмауымен, денсаулық мәселесімен және т.б. байланысты болуы мүмкін.

Сапасын жақсартуға назар аудара отырып, МРЦ желісін дамыту және жастар үшін көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту бойынша шараларды жалғастыру.

МРЦ жұмыс сапасын бағалау және негізгі проблемаларын анықтау мақсатында жастар арасында анонимдік сауалнама өткізу.

Жастар проблемаларын шешу мақсатында жастармен жұмыс жасау үшін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейту;

Жастарды өңірдің әлеуметтік маңызы бар проблемалары бойынша шешім қабылдауға белсенді тарту.


Денсаулық сақтау
Мақсат: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту.




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

2014ж

есеп


2015 ж

бағалау


2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

334

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар
өлім-жітімін төмендету

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

%

5,1

5,02

4,8

4,7

4,68

4,68

4,67

ДСБ

335

1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар
өлім-жітімін төмендету

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

%

9,91

9,8

9,3

8,9

8,8

8,7

8,6

ДСБ

336

100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

%

74,04

84,0

74.5

74.49

74.48

74.47

74.46

ДСБ

337

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

%

0,041

0,046

0,06

0,07

0,09

0,11

0,14

ДСБ


Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті басым түрде дамыта отырып медициналық көмек қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Маммологиялық, гастроэнтерологиялық, офтальмологиялық орталықтар ашу бағдарлары бойынша емдеу-алдын алу ұйымдардың материалдық және зияткерлік ресурстарын шоғырландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің құрылымдық тиімділігін арттыру.

Денсаулық сақтау менеджерлері мен экономистерін даярлау.

Емдік дәрі-дәрмектер, әсіресе халықтың жеңілдік санаты үшін қауіпсіздігін, қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету.

Ерте кезде диагностикалау және ерте сатыларында емдеу жүргізуді жақсарту арқылы онкологиялық көмек тиімділігін арттыру: онкодиспансерлер емханаларында штат кестесін екі есе арттыру, науқастарды тексеру стандарттарын енгізу, фельдшер-акушер пункттерінде және барлық емдеу-алдын алу мекемелерде бірыңғай тексеру кабинеттерін ашу (қалпына келтіру).

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу арқылы денсаулық сақтауды қосымша қаржыландыру жүйесін жасау.

Денсаулық сақтау мекемелері желісін оңтайландыру, оның ішінде тегін білікті жоспарлы медициналық көмек қолжетімділігін арттыру және науқасты төтенше жағдайларда білікті медициналық көмек көрсету орнына дейін жеткізудің ең қысқа мерзімдерін қамтамасыз ету мақсатында облыстық медициналық орталықтар құру.

Ауылда БМСК көрсету жүйесін жетілдіру, ауылдағы медициналық қызметкерлерді ынталандыруды арттыру (тұрғын үй ұсыну, бір жолғы жәрдемақылар төлеу), алыс орналасқан ауылдық өңірлер үшін мобильды медициналық бригадалар қалыптастыру.

Кадрлық жоспарлауды дамыту есебінен кадр тапшылығы проблемаларын шешу.

Ауылдық мекендер мен шағын елді мекендерде медициналық қызметкерлердің сәйкес жалақысын төлеу, үздіксіз медициналық білім берумен қамтамасыз ету, жас мамандарды материалдық ынталандыру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

10. Мақсат: Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

2014ж

есеп


2015 ж

бағалау


2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

338

Жұмыссыздық деңгейі

ресми статистикалық деректер

%

4,9

4,9

4,9

4,8

4,8

4,8

4,7

ЖҚҮӘББ

339

Жұмысқаорналастырумәселелербойыншажүгінгенадамдардыңішіненжұмысқаорналастырылғандардыңүлесі

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

%

72,8

65,0

65,0

65,0

67,0

68,0

70,0

ЖҚҮӘББ

340

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

%

25,2

29,6

46,6

47,1

47,5

48,1

48,6

ЖҚҮӘББ

441

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жиілік коэффициенті, бірлік

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

-

0,47

0,46

0,45

0,44

0,43

0,42

0,41

ЖҚҮӘББ

442

Жерглікті басқару органдарына берілген шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

%

98,4

95,2

75

78,9

78,9

78,9

79,4

ЖҚҮӘББ

443

Атаулыәлеуметтіккөмекалушыларішіндегіеңбеккежарамдыадамдардыңүлесі

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

%

26,4

26,4

26,3

26,2

26,1

26

25,9

ЖҚҮӘББ

444

Арнайыәлеуметтікқызметтердікөрсете отырыпқамтылғанадамдардыңүлессалмағы (олардыалуғамұқтажадамдардыңжалпысанының ішінде)

ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері

%

99,6

99,7

99,8

100

100

100

100

ЖҚҮӘББ

445

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар)ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі

ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері

%

5,8

5,8

7,1

7,3

7,6

7,8

8,1

ЖҚҮӘББ


Қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары:

Жұмыс беруші және бизнес қауымдастығымен жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қосымша жұмыс орындарын құру бойынша бірігіп жұмыс жүргізу.

Жұмыспен қамту жағдай жасау үшін бағытталған оның ішінде кәсіби білім беру басқа мамандық алудағы мүмкіндік беру сұранысқа ие немесе кәсіпорындардағы қосымша кәсіби білім беруге шаралар қабылдау.

Ақтөбе агломерациясын дамыту Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау аудандарының оның ішінде Алға, Қандыағаш және Хромтау шағын қалаларға 31 елді мекенге әлеуметтік- экономикалық дамуына импульс береді.

Тұрғын үй құрылысы және орта және шағын қалалардағы жалдамалы тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру.

84 тармаққа сәйкес «атаулы сипаттын нығайту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыру» «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспары» әлеуметтік көмек тек ғана қажет ететін тұрғындарға беріледі.



Кірістері төмен жұмысқа қабілетті тұрғындарға әлеуметтік атаулы әлеуметтік көмек тек ғана жұмыспен қамтуға ықпал ету бағдарламаларына белсенді қатысу және әлеуметтік бейімделу жағдайында берілетін болады.

«ЖЖК – 2020» бағдарламасы аясында жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған азаматардың әлеуметтік осал санаттарын жұмысқа орналастыру.

Табысы күнкөрістің ең кіші көрсеткішінен төмен халық үлесінің төмендеуін қамтамасыз ету;

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін кедергісіз ортаны жасау аясында мүгедектердің қолжеткізуін қамтамасыз ету мақсатында объектілерді бейімдеу бойынша жоспардың іске асырылуын жалғастыру.

Азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардарлығын ақпараттық технологиялар арқылы арттыру, мұнда әлеуметтік-еңбек саласын дамыту, оның перспективалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және басқасына қол жеткізуге болады.

Шетел компанияларының қазақстандық азаматтардың конституциялық құқықтарын және республикаға шетел жұмыс күшін енгізу ережелерінің талаптарын сақтау.

Еңбекке қабілетті жастан жоғары тұлғаларды күтім жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік қызмет көрсету, ең алдымен, станционар емес тұрпатты мекемелер желісін кеңейту.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Мүгедектерге қызмет көрсететін әлеуметтік қызмет көрсету желісін жаңғырту, ұсынылатын қызметтер спектрін өзгерту, мүгедектерді кешенді оңалту орталығын құру.

Әлеуметтік жауапты жұмыс берушілердің оң имиджін қалыптастыру мен нығайтуға жәрдемдесу, қайырымдылықты, меценаттылық пен демеушілікті іске асырудың ең үздік бастамаларын және тәжірибелерін ақпараттық қолдау.

Өндірісте жазатайым оқиғалардың пайда болу қаупін төмендетуге бағытталған еңбекті қорғау басқармасы жүйесін қалыптастыру.
Мәдениет

Мақсат - Мәдениет және өнер саласының таралуын арттыру




Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі

2014ж

есеп


2015 ж

бағалау


2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

446

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің(келу) орташа саны

ресми статистикалық деректер

адам






















ММҚБ

446.1

кітапханалардың




284,6

285

285,1

285,2

285,3

285,4

285,5




447.2

театрлардың




146,1

146,5

147

147,5

148

148,5

149




448.3

мұражайлардың




243,1

244

244,2

244,4

244,6

244,8

245




449.4

концерттік ұйымдардың




344,1

299

313

345

345,2

345,5

346




жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау