Бағдарламасы ақтау, 015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты ағымдағы жағдайды талдау 10



жүктеу 3,44 Mb.
бет7/18
Дата30.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#8115
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Әлсіз тұстары:

табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының облысқа көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

өнімсіз жұмыспен қамтудың сақталуы;

еңбекақының жеткіліксіз деңгейі;

табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен және кедейлік шегінен төмен отбасылар санының өсуі.

Қатерлер:

аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі. масылдыққа бейімделуі.



Мүмкіндіктер:

халықтың нақты табысының өсуі;

үкіметтік емес ұйымдар қызметін жандандыру;

жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану



2.2.2.5. Мәдениет және тілдерді дамыту
Мәдениет. Облыста 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 117 мәдениет мекемесі жұмыс істеп тұрды (2010 жылы – 113 бірлік).

Мұражайға келушілер саны 2014 жылғы 1 қазанға 36,7 мың адамды, 2014 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда артуы 7,0 мың адамды құрады. Мұражай қоры 2010 жылмен салыстырғанда 2,9 мың бірлікке артып, 72,7 мың бірлікті құрады.

Облыстағы клубтар саны 2010-2013 жылдардағы кезеңде 39 бірлікке дейін артып, клубтық құрамалар 74 бірлікке кеңейді және 2014 жылғы 1 қазанға 321 бірлікті құрады. Тарихи-мәдени ескерткіштің саны 2014 жылы 449 бірлікті құрады. Облыстағы кітапханалар саны 2009-2013 жылдардағы кезеңде 2013 жылы 66 бірлікке, сондай-ақ кітап қоры 2009 жылмен салыстырғанда 92,5 мың бірлікке дейін кеңейіп, 1411 мың бірлікті құрады.

Мәдениет ұйымдары желісінің біртіндеп кеңеюіне қарамастан, бірқатар проблемалық мәселелер болып тұр.

Мекемелер желісі облыстың қажеттіліктеріне сай емес (100 және одан астам адам тұратын 10 елді мекенде клуб жоқ, облыстың 1000 және одан астам адам тұратын 4 елді мекенінде кітапхана жоқ);

Аудандар мен қалаларда мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы тепе-теңсіздікке байланысты, мәдениет ұйымдарына қолжетімділіктің теңсіздігі. Мәселен, аудандардағы кітапханалардың саны 10 000 адамға шаққанда 4,4 бірліктен (Маңғыстау ауданы) 0,3 бірлікке (Мұнайлы ауданы) дейін; 10 000 адамға шаққандағы клуб үлгісіндегі мәдениет үйлерінің саны 3,5 бірліктен (Маңғыстау ауданы) 0,1 бірлікке (Ақтау қаласы) дейін түрленеді.

Ауылдық жерде, әсіресе 2007 жылы жаңадан құрылған, облыстың ауыл халқының 40,6%-ы тұратын Мұнайлы ауданында тұрғындардың мәдениет объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету проблемасы өткір күйінде қалуда. Бейнеу ауданындағы барлық елді мекендерде кітапханалар мен клубтық мекемелер бар болса, халық саны бойынша аудандардың барлығынан үлкен болып табылатын Мұнайлы ауданында, аудан орталығында (Маңғыстау ауылында) Мәдениет үйі, сондай-ақ белсенді дамып жатқан ауылдарда (Атамекен, Басқұдық, Дәулет) клубтық мекеме де, кітапхана да жоқ.

Бұдан басқа, бүгінге көбінесе бейімделген орынжайларға орналастырылып, залдары кіші болғандықтан қайтадан салынуға қажетті мәдениет объектілері жұмыс істеп тұр. Мысалға, Облыстық әмбебап кітапхананың үлгілік мамандандырылған ғимараты жоқ, ол бейімделген орынжайда, бұрынғы балабқшаның ғимаратында орналасқан.

Мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі мамандардың тапшылығында байқалады (музыкалық аспаптардың, дыбыстық және жарық беру жабдықтарының, сахналық костюмдердің, қалпына келтіруші, каталог құрастырушы және бағдарлама жасаушы сияқты тар шеңберлі мамандықтардың жетіспеуі); мәдениет объектілерінің төмен деңгейде ақпараттандыруы (жылжымалы мәдениет мекемелерінің тапшылығы, ауыл кітапханаларының Интернет желісіне қосылмауы); материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күрделі және ағымдағы жөндеу жасауға бюджеттен бөлінетін қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

облыстың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтап қалу жұмыстары бір жүйеге келтірілді.

Әлсіз тұстары:

мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген облыс тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi ;

ауылдық мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің әлсіздігі, мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер:

облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтап, дамыту;

салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу.

Қатерлер:

тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi.



Тілдерді дамыту. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №307 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы №3/39 «Маңғыстау облысындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» шешіміне сәйкес, облыстағы іс жүргізу 2004 жылдан бастап мемлекеттік тілге ауыстырылды.

Елді мекендердегі көрнекі ақпарат пен жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша іс-шаралар қабылданды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №37 қаулысымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2014 жылы тілдерді дамытудың өзекті мәселелері, ҮЕҰ-ды тарту арқылы тіл ортасын, қазақ терминологиясын құру және ономастика мәселелері бойынша бірқатар ғылыми-теориялық семинар-кеңестер өткізілді.

Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын мониторинг жүргізілуде. Облыстық мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы үлес салмақ 2011 жылы – 96%, 2012 жылы – 97%, 2013 жылы – 98% құрап, 2014 жылы 100%-ға жеткізу жоспарлануда. Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету аясында, 3000-нан астам оқу-әдістемілік әдебиет кітаптары таратылды. Республикалық конкурстардың қатысушыларын дайындауда жан-жақты көмек көрсетілуде.

«Өңірлік тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» МКҚК-да мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау тек мелекеттік тілде жүргізледі. Облыста мемлекеттік тілген оқытатын 20 жекменшік орталықпен өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. Облыстың 20 ұлттық-мәдени орталығында 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді (дағыстандық, армян,татар). Жексенбілік мектептермен шамамен 60 тыңдаушы қамтылған, олар өз ұлттарының тілдерін, мемлекеттік тілді, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін оқып, зерттейді. Биыл жексенбілік мектеп арқылы өзге тілдің 180 адамына мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар ұйымдастырылды.



Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% құрайды;

қызметтің барлық саласында пайдалану үшін оқу-әдістемелік кешендері әзірленіп, облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне таратылды, сөздіктердің 12-ден астам түрі, үш тілді сөздіктер берілді, мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін әдістемелік көмек көрсетілуде;

мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілді;

өңірде тұратын этникалық топтардың тілдерін зерттеу және дамыту үшін жағдайлар жасалып, этникалық қауымдастықтардың (диаспора) өкілдерін ана тілдеріне оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету жүзеге асырылуда.



Әлсіз тұстары:

мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай стандарттарының болмауы;

қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;

тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.



Мүмкіндіктер:

Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;

тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу.

Қатерлер:

жоғары көші-қон қозғалысы, облыс халқы санының соңғы жылдарда күрт өсуі, облысқа оралмандардың, сондай-ақ елдің өзге өңірлері тұрғындарының көптеп келуі.


2.2.2.6. Дене шынықтыру мен спорт

Спорт. Облыста жыл сайын спорт объектілерінің саны артуда, мәселен 2014 жылғы 1 қаңтарға спорт объектілерінің жалпы саны 518 бірлікті құрады (2011 жылдың 1 қаңтарына – 471 бірлік).

Спорт кешендері негізінен облыс орталығында, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, Қарақия ауданының Құрық ауылында орналасқан. Облыстағы стадиондар Ақтау қаласында, Жаңаөзен қаласында, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында орналасқан. Жүзу бассейндері Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Маңғыстау облысының Шетпе ауылында бар.

Облыстағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 107,2 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 18,9%-ын құрады (2011 жылы – 94 мың адам).. Облыста 10 мыңнан астам балалар мен оқушылар айналысатын балалар мен жасөспірімдердің 15 спорт мектебі жұмыс істейді.

Облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды тежейтін негізгі мәселелер:

1) Бұқаралық және балалар спортының нашар дамуы. Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі мектеп жасындағы балалардың тек 10%-ын қамтиды.

2) Ауылдық жерде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі өткір күйінде қалуда. Ауылдық жерде қолда бар 93 спорт залының 72-сі жалпы білім беру мекемелерінде орналасқан және оқу сабақтарын жүргізуге арналған. Облыста жұмыс істеп тұрған 15 спорт кешенінің үшеуі ғана ауылдық жерде орналасқан. Ауылдық жерде бес ауданда бір ғана жүзу бассейні бар. 61 ауылдық елді мекенде спорт бойынша 34 әдіскер ғана жұмыс істейді, бұл 56%-ды құрайды.



Дене тәрбиесі мен спорт бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы байқалуда, спорт объектілерінің саны артуда, облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша шаралар кешені жүзеге асырылды, облыстың жетекші спортшыларының қатарынан олимпиадалық резерв анықталды.



Әлсіз тұстары:

спорттық инфрақұрылымның, әсіресе ауылдық жерде нашар дамуы, спорт залдары мен спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу.



Мүмкіндіктер:

облыстық инфрақұрылымда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер құру (жалпы пайдаланымдағы спорт құрылыстарын – спорт залдарын, спорт кешендерін және халықтың тұрғылықты жерінде, халық жаппай демалатын жерлерде спорт алаңдарын салу);

бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту;

бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау бойынша жұмысты бастау;



Қатерлер:

әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері спорт секторын қаржыландыруды азайтуы және халықтың спорт мекемелерінің қызметтеріне қолжетімділігін төмендетуі мүмкін;

спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуд және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен.

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ облыстың аудандарда спорт құрылыстарының, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасындағы қылмыстылықтың өсу фактілері артуы мүмкін.



Туризм. Қазіргі кезеңде туризм әлемдегі табысты салалардың бірі болып табылады.

Маңғыстау облысында туристік ұсыныстардың халықаралық деңгейдегі бәсекелестігін дамыту үшін ең жақсы табиғи және мәдени орындар бар:

Маңғыстау облысының аумағындағы Каспий теңізінің жағалау аймағының қашықтығы 874 километрді құрайды;

әдемі жартасты әсем көрінісі мен терең каньондары бар далалық және шөлдік әсерлі ландшафт;

ежелгі және бірегей тарихы бар көрікті мәдениет орындары: «жер асты мешіттері», қорымдар, көне қалалар және киелі жерлер.

Облыста 53 қонақ үй, «Шағала» санаторий-профилакториясы, 12 жазғы демалу базасы және 6 балаларды сауықтыру лагері, 5 мұражай жұмыс істейді, оның екеуі Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында орналасқан.

Облыстағы инфрақұрылым объектілерінің желісі «Caspian Riviera Grand Palace» жаңа қонақ үйінің, «PR» көңіл көтеру кешенінің, «TREE OF LIFE», «Sun Set» демалу базаларының, «Кендірлі» шығанағында «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ салған «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагерінің ашылуынан ұлғайды.

Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалармен шетел азаматтары және отандастар үшін ««Саура» арнасының таң қаларлық әлемі», «Ақ жартастар патшалығы», «Құпия ор», «Түпқараған мүйісінде», «Қаратау етегінде» сияқты және тағы да басқа 50-ден астам облысішілік туристік маршруттар, экологиялық маршруттар әзірленді.

Жыл сайын облыс Алматы қаласындағы KITF «Туризм және саяхат», Астана қаласындағы «Астана - Демалыс», Берлин қаласындағы (ГФР), Лондон қаласындағы (Ұлыбритания), Мадрид қаласындағы (Испания), Гонконг қаласындағы (Қытай), Көкшетау қаласындағы «Сарқылмас саяхат» (жылжымалы), «Демалыс. Туризм. Саяхат», Ақтөбе қаласындағы ITFA сияқты халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатысады.

Келушілерді орналастырмен айналысатын объектілер саны 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 55 бірлікті құрады, оларда 2181 орын бар, бұл ретте бір мезгілдегі сыйымдылық 3319 төсек-орынды құрайды. Олар 3787,7 млн. теңге сомасына 132 514 адамға қызмет көрсетті.


2011-2013 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы


Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013


Келушілерге тұрғылықты орындармен көрсетілген қызметтер  көлемі

млн.теңге

3528,5

3579,9

5010,4

Шығу туризмі келушілерінің саны

мың адам

43833

32835

29162

Ішкі туризм келушілерінің саны

мың адам

102800

144617

147136

Қонақ үйлердің

толтырылымдылығы



%

88,4

50,3

35,1

Облыс әкімдігінің 2013 жылдағы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысында «Шығу туризмі келушілерінің саны» көрсеткішіне қол жеткізе алмау анықталды. Жоспар 50301 адам болғанда, нақтысы 29162 адамды құрады. Негізгі себеп – статистикалық әдістеменің өзгеруі.

Яғни, бұрын осы көрсеткішті есептеу үшін «Туристік қызмет объектілерін орналастыратын жерлер туралы» есептен келген резиденттердің саны бойынша деректер (яғни, қона үйлерде тоқтаған шетел азаматтарының саны) есепке алынып, кейін жыл қорытындысында туристік фирмалар ұсынатын «Туристік қызмет туралы есеп» нысаны бойынша қоса есептеу жүргізілетін.

Халықаралық талаптарға сәйкес, қайталауды болдырмау мақсатында ҚР Статистика агенттігі 2014 жылғы қаңтардан бастап «Туристік қызмет туралы есеп» 1-туризм статистикалық нысанынының күшін жойып, Статистикалық жұмыстар жоспарынан алып тастады. Тиісінше, 2013 жылдың қорытындысы бойынша тиімділікті бағалау кезінде «Туристік қызмет объектілерін орналастыратын жерлер туралы» есеп бойынша резиденттердің саны ғана (29162 адам есепке алынды. Осы жағдай «Шығу туризмі келушілерінің саны» көрсеткіші бойынша мәннің төмендеуіне әсер етті.

Көрсеткіштерді жақсарту және туризмді одан әрі дамыту мақсатында, облыста жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/48 шешімімен 2008 жылы облыста туристік кластер құру және дамыту бойынша шебер-жоспар бекітілді, онда Маңғыстау облысының туристік кластерін дамыту, оның ішінде «Кендірлі» курортты аймағын салу жөніндегі іс-шаралар көздестірілген.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың жүйелік жоспары әзірленіп, онда курортты аймақтың даму стратегиясын айқындау, инвесторлар тарту үшін ерекше шарттар құру және курортты аймақты дамыту бойынша өзге де зерттеулер көздестірілген.

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бойынша 2014 жылы аталған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары мен шаралар қабылданды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жол картасына» өңірде туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

2014 жылдың басынан бері мемлекеттік органдар, ірі мұнай компаниялары, қоғамдық ұйымдар, ҮЕМ, қонақ үйлер, туристік компаниялар өкілдерінің қатысуымен ішкі және шығу туризмін, балалар мен жасөспірімдердің туризмін дамыту, жазғы мезгілде Каспий теңізінің жағасындағы балалардың сауықтыру лагерлерін жүктеу, демалыс базаларының инфрақұрылымын дамыту, туристік компаниялар мен орналастыру объектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша 14 кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылы, жүргізілген мониторингтің нәтижесінде туристік объектілер: «Қарақия» ойпатының тамашалау алаңына, Маңғыстау ауданының «Шерқала» тауына, «Ақмыш» шатқалына, Самал» шатқалына баратын кіреберіс жолдарда, Түпқараған ауданының «Саура» шатқалына, «Тамшалы» шатқалына, «Көгілдір мүйіске» баратын кіреберіс жолдарда үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 10 жол сілтегіш орнатылды.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте халықаралық деңгейдегі іс-шара «Каспий маңы өңірінде туризмді дамыту» атты І халықаралық форум өткізілді. Форумда Каспий маңы өңірінде туризмді дамыту, туристік бизнесті мемлекеттік қолдау, өңірлерде ішкі және шығу туризмін дамыту туралы мәселелер талқыланып, ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жекеменшік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыс өткізілді. Маңғыстау облысы туризм басқармасының «Mangystau.info» атты ресми сайты таныстырылып, ашылды.

Туризм бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

әлемде аналогы жоқ бірегей туристік ресурстар (Үстірт шоқысы);

Қазақстанның тарихи-сәулет өнер мұрасының 75%-ы Маңғыстау облысында орналасқан;

өңірдің географиялық орналасуына байланысты – Каспий теңізінің болуынан Қазақстандағы теңіз жағажайы туризмі дамыту саласындағы жалғыз «Кендірлі» халықаралық шипажайдың құрылыс жобасын жүзеге асыру, оның құрылысы тұрақты даму үлгісінде жүргізіледі;



Әлсіз тұстары:

жаңадан салынып жатқан және бұрыннан бар туристік объектілер мен маршруттарға апаратын сыртқы инженерлік-коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымның жоқтығы;

инфрақұрылымның, сервистік қызметтердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;

туристік индустрияның үштен көп тіл білетін жоғары білікті мамандарының жеткіліксіз саны;

инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

инвесторларға дотациялар, преференциялар және салықтық жеңілдіктер беру тетігінің болмауы.



Қатерлер:

инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

инвесторларға дотациялар, преференциялар және салықтық жеңілдіктер беру тетігінің болмауы;

өнеркәсіптік қалдықтардың себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы.



Мүмкіндіктер:

Тұтастай алғанда, талданған кезеңде Маңғыстау облысы бойынша туристік қызметте оң беталыс байқалады. Маңғыстау облысының бірегей табиғи жағдайы өңірге туристік бизнес орталығының бірі болуға мүмкіндік береді.

Шаралар кешенін қабылдау, туристердің облыс ішінен, әрі шетелден келуін арттыруға ықпал етеді, және бұл ақыр аяғында өңірлік туристік өнімінің айтарлықтай көтерілуіне әкеледі.

Бұл ретте, Маңғыстау облысының батыс қазақстандық өңірдің туризм орталығы болуы үшін нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалмақ.


2.2.2.7. Ішкі саясат

Облыста 8 саяси партияның филиалы, 300 ҮЕҰ, оның ішінде 88-і: 21 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрамына кіретін кәсіподақ органдарының қызметін үйлестіретін облыстық кәсіподақтар кеңесі ұйымдастырушылық, әдістемелік және консультациялық көмектер көрсетеді.

Облыста болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістердің жағдайы мен даму беталысын, конфессияаралық және этникааралық қатынастарды терең зерттеу мақсатында, жағдайжды жүйелі мониторингілеу тетігі жолға қойылған.

Бұдан басқа, ел мен облыстың дамуының негізгі басымдықтарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіруге, халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағыттталған ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру саласындағы облыс әкімдігінің белсенді серіктесі үкіметтік емес сектор болып табылады. Бұл ретте, маңызды институт ретінде Қазақстан халқы Маңғыстау облысының ассамблеясы, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, жастар істері, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер, сондай-ақ Саяси партиялардың қоғамдық кеңесі белсенді жұмыс істейді.

2013 жылы 26 үкіметтік емес ұйым 33 әлеуметтік маңызды іс-шараны іске асырды. 2014 жылы 48 үкіметтік емес ұйым 77 әлеуметтік маңызды іс-шараны іске асырды. Олар – өңірлік ресурстық орталық және үкіметтік емес ұйымдар желісін құру және қолдау, облыстың кәсіпорындарында әлеуметтік және еңбек дауларынан сақтандыру және болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, медицация институтын түсіндіру жобаларын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жобаны іске асыру, отбасылық-некелік институттарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ұлттық тарихты, Маңғыстау тарихын зерттеу және насихаттау, халықты зияткерлік дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, негізгі әлеуметтік-экономикалық параметрлер жөнінде зерттеу жүргізу және өңірдің қоғамдық-саяси ахуалын зерттеу, қазақстандық патриотизмді насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, халықтың азаматтық белсенділігін және құқықтық сауаттылығын көтеру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдікті дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жобалар және т.б..



Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылатын ҮЕҰ санының артуы үшін жағдай жасалған;

Облыстың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі қамтамасыз етілген;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін өңірлік ресурстық орталықтар ашылып, белсенді жұмыс істеуде, Бейнеу ауданының ресурстық орталығы 2014 жылы өз жұмысын бастады;

ауылдық жерде жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың саны артты;

Қоғамдық кеңес аясында саяси партиялармен тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылды.



жүктеу 3,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау