Техникалық реттеу мен метрологияны дамыту. Кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына жеделдетіп өтуін қамтамасыз ету мақсатында, ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізу жөніндегі жоспар бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Техникалық регламенттер мен стандарттар, оның ішінде Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы менеджмент жүйесіне стандарттар енгізу жөніндегі 2013 жылға арналған өңірлік жоспар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі келісіліп, бекітілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 340 кәсіпорны халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттады. Оның ішінде, ІSО 9001 сериясын енгізген – 323 кәсіпорын, ІSО 14001 енгізген – 118 кәсіпорын, OHSAS 18001 енгізген – 64 кәсіпорын, ІSО 22000 енгізген – 2 кәсіпорын. 14 кәсіпорын енгізу сатысында.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таяу және алыс шетелдерге экспорттауды жүзеге асырған кәсіпорындар саны 24 бірлікті құрады, оның ішінде менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған 9 кәсіпорын («Емір-Ойл» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС, «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның Ақтау қаласындағы филиалы, «Cүйiндiк» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС) 37,5% құрайды. 2 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізу сатысында.
Маңғыстау облысының кәсіпорны «Каспий Битум» ЖШС 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында:
- «Түрлендірілген жол битумы»;
- «Каспий мұнай өнімдерінің композиті» өнімдеріне ҚР СТ әзірлеуге ҚР мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына техникалық-экономикалық негіздемесі бар 2 ұсыныс-өтінім жолдады.
Техникалық реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен және «ҚазИнСТ» РМК МФ-мен бірге, 2013 жылы Кеден одақғының қабылданған техникалық регламенттерін бейімдеу және енгізу мәслелері жөнінде дөңгелек үстелдің 12 отырысы өткізілді.
«Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевтің қатысуымен 2013 жылғы 23 тамызда «Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі мен конкурс жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсмі болып өтті. Конкурсқа 30 кәсіпорын қатысты.
Номинациялар бойынша мына жеңімпаздар:
- «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында – «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС (1-орын), «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС (2-орын), «Берекет-Ф» ЖШС (3-орын);
- «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар» номинациясында – «РИГ» ЖШС (1-орын), «Шыны талшықты құбырлар зауыты» ЖШС (2-орын), «Mega Construction services» ЖШС (3-орын);
- «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» номинациясында – «Нұр-Шах» ЖШС (1-орын), «Сенек» ЖШС (2-орын), «Өрнек» ЖШС (3-орын) болып анықталды.
«Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі жеңімпаздарының қажетті құжаттарының толық пакеті ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурс-көрмесінің лауреаттары атағын беру жөніндегі республикалық сараптамалық комиссияның қарауына жолданды (12.09.2013 жылғы №02-12-1230 хат).
«ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өңірдің 7 кәсіпорны ниет білдірді, олар: «РИГ» ЖШС, «Жамал-ай» АҚ, «Жанарыс» ЖШС, «Әлім» БК» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС, «Ақ бидай – Терминал» АҚ.
Тиісті құжаттар пакеті өңірде құрылған сарапшылық кеңеспен қаралып, республикалық сарапшылық комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жолданды.
«Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі мен «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2013 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Сарайында болып өтті. «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің қорытындысы бойынша «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС 3- дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кәсіпорындарда ИСО сериясындағы сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі мәселелерді түсіндіру мақсатында, кәсіпорындарды, ұйымдарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қатыстырумен дөңгелек үстелдерді, семинарлар мен кеңестерді тұрақты өткізу ұйымдастырылды.
Облыс әкімдігінің сайтының техникалық реттеу бөлімінде ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі хабарламалар тізімі мен Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі хабарламалар және стандарттау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілер тұрақты жарияланып тұрады.
Отандық өнімнің сапасын арттыру проблемалары жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның негізгі міндеті тауар өндірушілердің халықаралық стандарттарға өту дайындығын айқындау болып табылады.
Инновациялар мен инвестициялар бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
инновациялық шағын және орташа бизнесті қолдау бөлігіндегі өңірлік даму институттары жұмыстарының жандануы.
Әлсіз тұстары:
негізгі қорлардың жоғары тозуы және тозған технологияларды пайдалану;
инновациялық жобаларды іске қосудың әлсіз динамикасы;
отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.
Қатерлер:
өңдеу өнеркәсібінің дамуына шикізат базасының жетіспеушілігі;
салық және кеден заңнамаларындағы өңдеу өндірістерін дамыту үшін әлсіз стимулдар.
Мүмкіндіктер:
облыстың инвестициялық тартымдылығы («Ақтау теңіз порты» АЭА, пайдалы қазбалардың бар болуы);
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, даму институттары, «Ақтау теңіз порты» АЭА ішкі рыногтың нарықтық тауашаларына орнығу үшін индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға жәрдемдесуі қажет;
қолда бар инновациялық жобаларды іске асырған жағдайда өңірдегі инновациялық белсенділіктің өсуі.
2.2.1.2. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2013 жылы 7227,0 млн. теңге сомасына шығарылды (көлем 2012 жылы – 7174,0 млн. теңге, құрады, 2011 жылы – 7011,4 млн. теңге). Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2013 жылы 96,6% (2012 жыл – 95,9%, 2011 жылы – 119,5%).
Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексінің азаюы өсімдік шаруашалығындағы НКИ-нің азаюымен түсіндіріледі.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 6759,5 млн. теңгені, нақты көлем индексі – 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,9% құрады. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 13,9%-ға өсуі байқалады. Қой мен ешкі басы – 19,9%-ға, жылқы басы – 5,1%-ға, түйе басы – 2,4%-ға төмендеді.
Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2013 жылы 84,0% (6006,5 млн. теңге), мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 100,3% құрады. Мал шаруашылығы жалпы өнімінің деңгейі 2011-2013 жылдардың ішінде тұрақты күйінде қалды.
Жылдар
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге
|
Нақты көлем индексі (НКИ),%
|
Барлығы
|
оның ішінде, мал шаруашылығы
|
Барлығы
|
оның ішінде, мал шаруашылығы
|
2011
|
7011,4
|
4929,4
|
119,5
|
100,2
|
2012
|
7174,0
|
5715,5
|
95,9
|
101,2
|
2013
|
7227,0
|
6006,5
|
96,6
|
100,3
|
Шаруашылықтың барлық санттарында 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ірі қара малдың саны 3,6%-ға артып, 15180 басты құрады; тиісінше жылқының саны – 1,3%-ға артып, 59723 басты құрады; ешкілердің саны – 3,3%-ға артып, 83095 басты құрады. Қой саны – 6,8%-ға төмендеп, 351768 басты құрады; шошқа саны – 36,9%-ға төмендеп, 200 басты құрады; түйе саны – 0,6%-ға төмендеп, 47735 басты құрады; құстар саны – 29,8%-ға төмендеп, 7688 басты құрады.
Қой басының – Жаңаөзен қаласы (70,4%-ға) мен Мұнайлы ауданында (36,6%-ға); шошқалар басының Ақтау қаласы (40,1%-ға) мен Мұнайлы ауданында (33,3%-ға), түйе басының – Ақтау қаласы (31,5-ға) мен Түпқараған ауданында (9,8%-ға); құстардың – Бейнеу ауданы (51,1%-ға) мен Қарақия ауданында (27,6%-ға) мейлінше төмендеуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының азаюы негізінен статистикалық деректердің дәйексіздігімен түсіндіріледі. Жүргізілген жануарларды бірдейлендіру нәтижесінде істің шын мән-жайы анықталды.
Жылдар
|
Тірі салмақта союға өткізілген мал мен құастардың барлық түрлері
|
Өткізілген шартты бас
|
Орташа тірі салмақ, кг
|
2011
|
10297,9
|
267024
|
38,6
|
2012
|
10463,3
|
283630
|
36,9
|
2013
|
10655,2
|
278912
|
38,2
|
Союға өткізілген орташа тірі салмақ үш жыл ішінде тұрақты түрде қалды (шамамен 37-38 кг).
Шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 2013 жылда 10655,2 тоннаны құрады, бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға артық. Өткен жылмен салыстырғанда мал төлінің 3072 басқа артық алынғанына (3007 бас), малдың өлім-жітімі (228 бас) 2012 жылға қарағанда аз болуына (2012 жылы – 252 бас) қарамастан, сиыр сүтін өндіру 7,7%-ға төмендеп (2012 жылы 4378,8 тонна), 4039,9 тоннаны құрады.
Құс басының 29,8%-ға азаюына байланысты, тауық жұмыртқасы 6,1%-ға азайып, 642,4 мың дананы құрады (2012 жылы – 684,0 мың дана). 661,5 тонна қой жүні қырқылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23,7%-ға аз (2012 жылы – 866,6 тонна), қой басының 6,8%-ға азаюымен түсіндіріледі.
Асыл тұқымды мал өсіретін субъектілердің саны 2012 жылғы 17 бірліктен 2013 жылы 27 бірлікке дейін, оның шінде: қой өсіру бойынша – 4 субъектіге (2011 жылы – 5 субъект, 2012 жылы – 4 субъект); адай жылқысын өсіру бойынша – 15 субъектіге (2011 және 2012 жылдары 9-дан болды); түйе өсіру бойынша – 7 субъектіге (2011 және 2012 жылдары 4-тен болды); ірі қара мал бойынша – 1 субъектіге арттты.
Оларда 19782 қой басы, 3530 жылқы басы, 1595 түйе басы мен 36 бас ірі қара мал бар. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында – 4,2%, жылқы шаруашылығында – 5,6%, түйе шаруашылығында – 2,2% құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдауға (қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге, шығынның 50%-ына дейін жабуға) бюджеттен 2013 жылы 48,5 млн. теңге мөлшерінде субсидия (2012 жылы – 53,5 млн. теңге; 2011 жылы – 43 млн. теңге) бөлінді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бюджеттен 2013 жылы (2012 жылы – 26,3 млн. теңге; 2011 жылы – 20,3 млн. теңге) бөлінді.
Жергілікті бюджеттен 2014 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 44,5 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімінің өніміділігі мен сапасын арттыруға – 36,9 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 122,7 млн. теңге сомасына субсидиялар бөлінді.
Өсімдік шаруашылығы. Облыстың жер алқаптарының жалпы ауданы 16,5 млн. гектарды, оның 12,7 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптарын, оның ішінде игерілген суармалы жердің жалпы ауданы 1200 гектарды құрайды.
Төменде 2011-2013 жылдардағы өсімдік шаруашылығындағы өндіру көлемі мен НКИ келтірілген:
Жылдар
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге
|
Нақты көлем индексі (НКИ),%
|
Барлығы
|
оның ішінде, өсімдік шаруашылығы
|
Барлығы
|
оның ішінде, өсімдік шаруашылығы
|
2011
|
7011,4
|
1955,2
|
119,5
|
184,2
|
2012
|
7174,0
|
1396,8
|
95,9
|
77,2
|
2013
|
7227,0
|
1197,0
|
96,6
|
77,9
|
Кестеден көрінгендей, өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылдан-жылға төмендеуде. Негізгі себеп – өсімдік шаруашылығындағы статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістемесінің жетілмегендігі.
Мысалға, 2013 жылдағы статистикалық есеп бойынша жалпы өнімі 6331 тонна (өнімнің 38%-ы) болатын 279,6 га егістік ауданы есепке алынбаған. Осы себепке байланысты, саланың НКИ 77,9% құрады (АДБ бойынша күн ілгері белгіленген жоспар – 100,2%). Нәтижесінде, тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша осы екі көрсеткіш бойынша жоспардың орындалмағаны анықталды.
Жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен ашық топырақтағы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын көтеруге берілетін субсидиялау нормативтері 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда орташа 40%-ға арттырылды.
Озық ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды енгізу ауданы жыл сайын артуда, өнімді өңдеу бірте-бірте жолға қойылуда, көкөніс қоймалары мен жылыжай шаруашылығының желісі дамуда.
Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану арқылы 2013 жылы 483 га қамтылды (2012 жылы – 288,5 га, 2011 жылы – 200,9 га). Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын – тамшылатып суаруды қолданумен 651 га жер қамтылған.
Өңірде жалпы ауданы 5,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 2 жылыжай және жалпы ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 6 жылыжай жұмыс істейді. Облыстың аудандарында тағы бірқатар жылыжайлар салу жоспарлануда.
Ветеринария. Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге: энзоотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар сатып алуға, серологиялық зерттеулер үшін қан сынамасын алу мен жеткізуге республикалық бюджеттен 2013 жылы – 152,5 млн. теңге; 2012 жылы – 167,9 млн. теңге; 2011 жылы – 107,6 млн. теңге бөлінді.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100%-ға орындалып, өңір аумағы эпизоотиялық қолайлы болып табылады.
Мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 2013 жылы 216,2 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, арнайы машиналар, ветеринарлық жабдықтар, сондай-ақ қызметтік жиһаз бен компьютер техникасы сатып алынды және ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық пункттерге таратылды.
Қала базарларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығының шикізаты мен дайын өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптауды жүзеге асыру, мал соятын бірнеше объектіде дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін, облыста екі зертхана: «Маңғыстауветсервис» МКК мен «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК жұмыс істейді. «Маңғыстауветсервис» МКК-ның жарғылық капиталын толықтыруға (ветеринарлық зертхананың материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға) жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.
Балық шаруашылығы. Облыстың балық шаруашылығы екі саладан: жағадағы балық аулаудан және тауарлық балық өсіруден тұрады.
Каспий теңізі жағалауындағы облыс аумағы 6 балық шаруашылығы ауданы мен 30 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген және олар 20 табиғат пайдаланушыға 10 жыл мерзімге бекітіліп берілген. Маусымында балық кәсіпшілігіне 97 балық аулау браидасы құрамында шамамен 300 балықшы шығады.
2011 жылы – 369 тонна, 2012 жылы – 702,2 тонна балық ауланды. 2013 жылда 540 тонна балық ауланды, бұл – өткен жылдың көрсеткішінен 162 тоннаға аз. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, азық базасының және жағалау учаскелерінде өмір сүретін балықтар санының азаюына алып келді.
Өңір АӨК-нің дамуын қаржылай қолдау. АӨК-нің дамуын қолдау үшін қаржы институттары 2013 жылда 232,2 млн. теңге сомасына кредит берді (2012 жылы – 236,3 млн. теңге).
Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азық-түлік тауарларына арналған тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсан айында – 100,4%, республика бойынша – 100,8% деңгейінде қалыптасты.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері үшін жабдықталған қоймалар жеткіліксіз. Қазіргі кезде Ақтау қаласында «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сыйымдылығы 0,3 мың тонна болатын және «Асар-С» ЖШС-нің сыйымдылығы 2,0 мың тонна болатын көкөніс қоймалары жұмыс істейді.
Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азық-түлік рыногындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылығы облыстарынан негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алу, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ бағдарламасы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру, оларды «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сауда нүктелері арқылы рыног бағасынан 15-20% төмен бағамен сату, жергілікті ауыл шаруашығы өнімдері мен тауарларын өндірушілердің жәрмеңкелерін өткізу практикасы қолданылуда.
Жергілікті тауар өндірушілер 2013 жылы 10288,3 тонна ұн, 263 тонна макарон өнімдерін, 4039,9 тонна сиыр сүтін, 642,4 мың дана жұмыртқа мен тірі салмақта 5538 тонна мал мен құс етін өндіріп, халыққа өткізді. Облыс халқын жергілікті жерде өндірілген етпен қамтамасыз ету деңгейі 33,8%, сүтпен қамтамасыз ету 24,3% құрайды.
Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен реттелетін қызметтерге арналған тарифтерге бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджеттен 2014 жылы 300,0 млн. теңге бөлінді.
Осы соманың шеңберінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ҚР-ның ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерімен 155,7 млн. теңге жалпы сомасына, дәлірек айтқанда:
- «Бейнеу астық терминалы» ЖШС-мен 81523,584 мың теңге сомасына 1728 тонна көлемінде 1 сұрыпты ұн;
- «Цесна-Мак» ЖШС-мен 32 256,0 мың теңге сомасына 288 тонна көлемінде макарон өнімдерін;
- Орта Азия қант корпорациясымен 44 336,0 мың теңге сомасына 272 тонна көлемінде «Ақ қант – құмшекер»;
- ЕвразияФудсКорпорейшен» АҚ-мен 3 961,0 мың теңге сомасына бір литрге 233 теңге бағамен 17 000 литр көлемінде «Күнбағыс майын»,
- «Феликс» ШҚ-мен 19 625 мың теңге сомасына көлемінде көкөністер ассортиментін (асханалық сәбіз, асханалық қызылша, басты пияз) тікелей жеткізу шарттарын жасасты.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ірі сауда және логистика компанияларын тарту арқылы, өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысын жетілдіру мәселесін қарауда. Ол үшін, азық-түлік тауарларын өткізуде және сақтауда жұмыс тәжірибесі бар Metro, Green, TG Trade сияқты компаниялармен және өзге компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Агроөнеркәсіптік кешен бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің жыл сайынғы жоғарылауы, мал шаруашылығындағы, әрі өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнімінің өсу қарқынының оң динамикасы;
жергілікті бюджеттен қаржыланатын, шағын және орташа бизнестің дамуына мүмкіндік беретін, жаңа техника мен технологияны енгізетін АӨК тауарлық несиелеу және лизинг бойынша қаржы институтының болуы («Маңғыстауагросервис» МКК);
стратегиялық тұрғыдан маңызды қордың болуы – мал шаруашылығын, әсіресе үйірлік ат шаруашылығы мен келелік түйе шаруашылығын дамытуға арналған жайылымдар.
Әлсіз тұстары:
халықтың төменгі тығыздығы және өнім өндірушінің тұтынушыдан алыс болуы;
субъектілердің материалдық-техникалық базасының төмендігі;
АӨК инфрақұрылымының әлсіз дамуы;
өндірістің ұсақ тауарлар шығаруы;
аграрлық технологиялардың артта қалуы, өндірістің негізгі құралдарының физикалық және моральдық тозуы;
білікті мамандардың жетіспеушілігі;
мал шаруашылығының әлсіз азықтық қоры, аймақтың сумен төмен қамтамасыз етілуі;
АӨК өңдеу аясын дамыту үшін өзіндік шикізаттың болмауы;
АӨК әлсіз экономикалық жағдайы қажетті инвестицияларды тартуды қиындатады;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржы институттары қызметтерін қолдану мүмкіндіктерінің шектеулі болуы;
табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігімен байланысты мал шаруашылығын жүргізудің жоғары тәуекелі;
балық аулау флотының болмауы;
балық аулауды қолдайтын жағалаулық инфрақұрылымның болмауы.
Мүмкіндіктер:
АӨК шаруашылық субъектілері санының артуы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама аталған сектордың одан әрі дамуы мен нығайтуына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін;
дәнді дақылдар мен көкөністерді қалпына келтіру бойынша қазіргі заман технологияларын енгізу есебінен облыс қалаларының айналасында азық-түліктік белдеудің қалыптасуы;
теңізде балық аулау және тауарлық балық өсірушілікті дамыту мүмкіндігі.
Қатерлер:
өндірісте қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын қолданатын кәсіпорындардың үлесінің төмендігі, бұл жалпы бүкіл саланың бәсекеге қабілеттігін төмендетеді де, оның ішкі нарықтағы жағдайын шектен тыс әлсіздендіреді;
өңделетін өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің жеткіліксіз деңгейі және осының нәтижесі ретінде олардың кейбіреуі бойынша импорттың жоғары үлесі;
халықты өзінің жеке өндірісінің азық-түлігімен қамтамасыз етудің төмен деңгейіне байланысты өнімдік қауіпсіздіктің қатерлері. Бұл аймақты басқа аймақтар мен импортқа тәуелді етеді, ал ол өз қатарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларының өсуіне әкеледі.
2.2.1.3. Шағын және орта бизнес, сауда
Статистикалық деректерге сәйкес, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны өткен жылдың осындай датасымен салыстырғанда 9,8%-ға артып, 31500 бірлікті құрады (01.01.2013 жылға – 30086 бірлік, 01.01.2012 жылға – 29268 бірлік).
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артып, 85824 адамды құрады (01.01.2013 жылға – 74214 адам, 01.01.2012 жылға – 77181 адам).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2013 жылы 344,9 млрд. теңге сомасына өнім (жұмыстар, тауарлар және қызметтер) шығарды, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға көп (2012 жылы – 321,5 млрд. теңге, 2011 жылы – 341 млрд. теңге, 2014 жылдың 1 жартыжылдығында – 292,5 млрд. теңге).
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысы үшін 2013 жылға 1,5 млрд. теңге жалпы сомасына қаражат бөлінді. Маңғыстау облысын индустриялық дамыту жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңестерінің отырыстарында 3,2 млрд. теңге жалпы сомасына 41 жоба (2012 жылы – 36 жоба, 2011 жылы – 31 жоба), оның ішінде:«Бизнес жобаларды қолдау» атты бірінші бағыт аясында пайыздық ставканы субсидиялауға – 3 154,2 млн. теңге жалпы сомасына 33 жоба; кредиттерді кепілдендіруге – 30,3 млн. теңге жалпы сомасына 4 жоба (оның ішінде мемлекеттік қолдау сомасы 6,0 млн. теңгені құрайды); мемлекеттік гранттар беруге – 12,0 млн. теңге сомасына 4 жоба мақұлданды.
2014 жылғы 1 қарашадағы жадай бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер саны 32,5 мың мың бір лікті құрады, бұл – 2013 жылдың осындай датасынан 2,71%-ға көп. Экономикалық белсенді халық санындағы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың үлесі 1.11.2014 жылға 34,5% құрады (1.11.2013 жылға – 34,3%).
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 1,8 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 10 айда – 46 жоба, оның шінде Ақтау қаласында – 26 жоба, Бейнеу ауданында – 3 жоба; Қарақия ауданында – 2 жоба; Түпқараған ауданында – 2 жоба; Маңғыстау ауданында – 7 жоба; Мұнайлы ауданында – 6 жоба мақұлданды.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында облыс үшін кәсіпкерлікті дамытуға 2013 жылға 213 млн. теңге бөлінді. 8 жоба, оның ішінде пайыздық ставканы субсидиялау бойынша – 3 жоба; мемлекеттік гранттар беру бойынша – 5 жоба мақұлданды.
2014 жылдың 10 айында пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 1 170,8 млн. теңге жалпы сомасына 16 жоба мақұлданып, 14,3 млн. теңге сомасына 5 микрокредит және ШОБ-тің 3 жобасына гранттар берілді. Технопарк үшін инфрақұрылым құру жұмыстары аяқталды.
«Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспары» бағдарламасының аясында 2013 жылға 135,0 млн. теңге бөлінді. 24 жоба, оның ішінде – пайыздық ставканы субсидиялауға – 22, кредиттерді кепілдендіруге – 2 жоба мақұлданды.
Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша рұқсат беру рәсімдері (құжаттары) мен мәлімдемелерді түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.
Маңғыстау облысында 24 мемлекеттік органда, оның ішінде 7 қала мен аудан әкімдіктерінде; 9 облыстық басқармада; 8 аумақтық басқармада бекітілген ережелеріне сәйкес рұқсат беру құжаттары беріледі.
Көрсетілген жұмыс үдерісінде «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) паспорттарының 17 түрі, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 151 түрі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 115 түрі;
Маңғыстау облысы әкімдігінің және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген рұқсат беру құжаттамаларының 8 түрі қаралды.
Жоғарыда санамаланған «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толтырылған паспорттары, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданды.
Шағын, орта бизнес бойынша SWOT-талдау:
Тұтастай алғанда, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді көтеруге және кедейлік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Алайда, әзірге облыстың шағын кәсіпкерлігінің әлсіз әртараптандырылғанын, инновациялық белсенділігі төмен инертті болып қалып отырғанын мойындау керек. Бұл – экономика құрылымында мұнай секторының басым болуына байланысты (90%-дан астам).
Мықты тұстары:
шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының, шағын және орта бизнес өндіретін өнім көлемінің сандық тұрғыда артуы;
шағын кәсіпкерлікті дамытатын рыногтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер ассосациялары, ағымдағы жылы облыстың барлық қалалары мен аудандарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен бизнес-инкубаторлар ашылды.
Әлсіз тұстары:
қаржылық проблемалар: кепілдік қамтамасыз етудің болмауына, сыйақының пайыздық ставканың жоғары болғандығына, кредиттік мекемелерде құжаттардың ұзақ мерзім қарастыратынына, салық салу саласында жеңілдіктердің жоқтығына, кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің жоқтығына байланысты кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің шектеулі;
кадрлық проблемалар: меншік иесі мен қызметкерлерде тәжірибенің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;
шағын және орташа бизнеске қатысты НҚА-дің жетілмеуіне қатысты проблемалар; заңды көмектің болмауы немесе жеткіліксіздігі, кәсіпкерлердің өз ісін жете білмеушілігі;
шағын және орташа бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандырылуының төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
кластер қалыптастыру мен дамытуға шағын және орта кәсіпкерлікті тарту;
ірі және орта кәсіпорындармен франчайзинг және аутсорсинг қағидаттарымен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды жолға қою;
шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;
рыногтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру;
шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту.
Қатерлер:
бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың артуы, крминогенді жағдайдың жоғарылауы;
ішкі рыногтың импортқа тәуелділігінің артуы.
Сауда. Облыс бойынша бөлшек сауданың көлемі 2011-2013 жылдарда 1,5 есе: 64 млрд. теңгеден 97,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Бөлшек тауар айналымының көлемі НКИ 2013 жылы 130% (2012 жылы – 112,7%) құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 98,5 млрд. теңгені құрады, бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 241,5%-ға көп. Сауда кәсіпорындарының жалпы ауданы – 278,6 мың шаршы метрді, сауда орындарының жалпы саны – 8647 орынды құрайды. Сауда объектілерінің саны – 2654 бірлікті, оның ішінде базарлар – 22 бірлікті құрайды.
Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімінің тауарларын өндірушілеріне базарлардың аумақтарында тегін және жеңілдікпен сауда орындары ұсынылуда, «жүріп сату» және жол бойында сату саудасы ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жүйелі жәрмеңкелері өткізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың аудандары мен қалаларында 90-нан аса жәрмеңке өткізіліп, онда азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері сатылды. Осы жәрмеңкелерде өнім рыногтық бағасынан 10-15% төмен бағалармен өткізілді.
Бұдан басқа, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бастамасымен Ақтау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, оған облыстың 46 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты. Өнімдер (ет және сүт өнімі, бақша өнімдері, шұбат, балық және т.б.) рыногтық бағасынан төмен сатылды. Жәрмеңкеде аз қамтылған отбасылардың 15 мүгедек баласы үшін қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін сақтай отырып, ӘМАТ бағаларына күн сайынғы негізде мониторинг жүргізуде.
Шекті бағалардың асып кетуіне байланысты, 2014 жылы ірі және ұсақ сауда кәсіпорындарының басшыларымен азық-түлік тауарларына арналған баға саясатының мәселелері жөнінде кеңес өткізілді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері ӘМАТ-на бағаны көтермеу туралы меморандумдарға қол қойды.
Алайда, тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылғы қарашада 2013 жылдың желтоқсанына 107,0% (ҚР – 106,9%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 108,6% (ҚР – 106,9%), азық-түлік емес тауарлар бойынша – 108,8% (ҚР – 107,8%), ақылы қызметтер бойынша – 103,6% (ҚР бойынша – 106,1%) құрады. Негізгі себеп – теңгені құнсыздануы, меншікті ауыл шаруашылыңы өндірісін дамытудың қиындықтары, сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерінің үлкен үлесі (80%).
Өңірдегі бәсекелестікті дамыту. Облыстағы бәсекелестікті дамыту облыстың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады, өйткені мұнда бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелері базалық болып табылады.
Маңғыстау облысы экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақты тауарлық рыногтардың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бәсекелестікті дамыту қажет бірнеше негізгі сала анықталған:
отын-энергетикалық кешен (мұнай өнімдері мен сұйылтылған газдың бөлшек саудасы);
агроөнеркәсіптік кешен.
Талдау жүргізу барысында тауарлық нарыққа кірудің кедергілері айқындалды:
экономикалық (оның ішінде салымдарды қайтарудың ұзақ мерзімдерінде маңызды алдын-ала капиталды салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі, тауарлық рыногта бұрыннан бар рыног субъектілерімен салыстырғанда әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыруға тартудың біршама көп шығындары);
әкімшілік (лицензиялау шарттары, белгілі бір сұранысты міндетті қанағаттандыру талаптары, мобилизациялық қуаттарды қолдау, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылымдарды сақтау, жер учаскелерін бөлудегі, өндірістік және басқа орынжайларды берудегі кедергілер, мемлекеттік қажеттіліктер мен тағы басқа үшін тауарларды, қызметтерді жеткізушілердің конкурстық таңдалуының шарттары және т.б.).
Сұйытылған газ. Маңғыстау облысын сұйылтылған газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша «ҚазГӨЗ» ЖШС АГҚС үшін сұйылтылған газды ерікн таратып жатыр. Облыстың 1 айдағы қажеттілігі 10 500-11 000 тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнге рыногтағы бағалар бір литрге 34-37 теңгені құрайды. Осы өнімге деген тапшылық байқалмайды. өндірушінің монополиялық өніміне сұйытылған газды сатып алушыларға тең қол жетімділікті қамтамасыз етуін және шығару көлемін өсіру шаралары іске асырылуда.
ЖЖМ. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жұмыс тобы ай сайын облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Аи-80, Аи-92/93 маркалы бензиндерінің шекті бөлшек бағаларын, сондай-ақ жеткізу көлемін белгілейді.
Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңына сәйкес, Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан аспауға міндетті.
2014 жылғы желтоқсанға АИ-80 бензиніне – 1 литрге 89 теңге, АИ-92,93 бензиніне – 1 литрге 115 теңге және дизель отынына – 1 литрге 107 теңге мөлшерінде шекті бағалар белгіленді.
Облыстағы ЖЖМ-на арналған бағаларды күн сайынғы мониторингілеу қорытындысында мұнай өнімдерінің орташа бағасы АИ-80 бензиніне – 1 литрге 89 теңге, АИ-92,93 бензиніне – 1 литрге 115 теңге және дизель отынына – 1 литрге 107 теңге мөлшеріндегі соманы құрайды. Тұтастай алғанда, белгілінген шекті баға тұрақты күйінде тұр.
Облыста 53 АЖҚС жұмыс істейді. Бүгінге «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС филиалының, «Гелиос» ЖШС-нің және «Синойл» «Гелиос» ЖШС-нің АЖҚС, сондай-ақ өзге де жекеменшік АЖҚС Аи-80, Аи-92/93 бензиндері мен дизель отынын кезексіз өткізуде. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің автомобильге жанармай құю станциялары үшін Аи-92/93 маркалы бензинін қосымша бөледі, бұл – осы өнімнің тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге облыста Аи-92 маркалы бензиннің тапшылығы байқалмайды.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау рыногындағы бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында, азық-түлік және жеміс-көкөніс рыногының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар шараларды іске асыру жоспарлануда (көкөніс сақтау қоймаларын, жылыжайлар салу, логистика).
Көкөніс өнімін сақтау рыногындағы жағдайды жақсарту үшін, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сату-сатып алу ұйымдарын дамыту, Ақтау қаласында көкөніс сақтау («Каспий-А-Трейд» ЖШС) қоймасын салу, көкөніс сақтау қоймасын салу және қызметін көрсету мақсатында шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу жоспарлануда.
Сондай-ақ, шетелдік өндірушілермен, соның ішінде Иран Ислам Республикасымен азық-түлік тауарлары мен көкөніс өнімін жеткізу бойынша тікелей шарттар жасасу мәселелері шешіліп жатыр.
Қазіргі кезде көкөніс өнімін шығару кезінде тамшылатып суаруды қолданудың оң тәжірибесін ендіруді жалғастыру туралы мәселе зерттелуде.
Бәсекелестікті дамыту мақсатында ет өндіру және сату рыногында (қой еті, жылқы еті, түйе еті) қажет инфрақұрылым құру (мал сою пункттері мен бордақылау алаңдарын салу) көздестірілген.
Бейнеу астық терминалының негізінде жергілікті мал шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрама жем өндіру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, рыногтарға еркін шығу үшін бәсекелестік мүлдем жоқ салаларда шағын және орта кәсіпкерлікті кредиттеу бағдарламасын әзірлеу жоспарланған.
Рыногтарды талдау үдерісінде айқындалған проблемалар облыста қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құзыретті мемлекеттік органдардың қажет шараларын қолдану қажеттілігін көрсетті.
2015 жылға дейін бәсекелестікті дамыту шеңберінде Маңғыстау облысының негізгі тауар рыногтарында жаңа рыног субъектілерінің тауар рыногына кіруі үшін келесі қолайлы шарттар:
басым салалардағы облыстың тауар рыногтарында инфрақұрылымды дамыту;
бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік беретін және шағын және орта бизнестің белсенділігіне ықпал ететін бәсекелестік ортаға мемлекеттің қатысуын шектеу шараларын қолдану;
бизнеске түсетін әкімшілік қысымды барынша қысқарту және бизнес жүргізу рәсімдері бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру (олардың рыногтарға кіруі үшін әкімшілік кедергілерді еңсеруі жөніндегі шаралар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру);
нормативтік құқықтық актілер әзірлеу кезінде бәсекелестікті шектеуі мүмкін нормаларды кіргізудің жіберілмеуін ескеру (бәсекелестікті шектейтін немесе тұтынушылардың құқықтарын бұзатын келісімдер бекіту және актілер қабылдау фактілерін жоққа шығару);
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, бірінші кезекте, дамымаған және әлсіз дамыған бәсекелестік салаларында мемлекеттік көмек көрсету;
Әлемдік экономикалық форумның (ӘЭФ) Жаһандық бәсекелестік индексін (ЖБИ) «жергілікті бәсекелестік қарқындылығы» субиндексінің жақсаруына ықпал ететін іс-шаралар (бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы шарттар жасау), оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) арқылы әзірлеу және іске асыру көздестірілуде.
Бәсекелестіктің артықшылығын жалпыға түсіндіру мақсатында оны тиімді насихаттау қажет. Бәсекелестікті қорғау жергілікті атқарушы және антимонополиялық органдардың бәсекелестікті дамыту шарттарын қолдау (құру), сонымен қатар өңірдің экономикалық нәтижелігі мен экономикалық дамуы тұрғысынан бәсекелестік мәнін барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпкерлер, тұтынушылар) жақсы түсінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бәсекелестікті қорғау шеңберінде жаңа кәсіпкерлерді тарту үшін тауарлар мен қызметтер тұтынымдылығы, аймақтық нарық туралы ақпарат жинау, талдау және жариялауды ұйымдастыру жұмысы жүргізілмек.
Сауда және бәсекелестікті дамыту бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
облыс аумағында жаңа кәсіпорындар құрудың оң динамикасы;
МКҰ және екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке кредиттер беру.
Әлсіз тұстары:
әр түрлі экономикалық және әкімшілік кедергілердің салдарынан тауарлық рыногтардың баяу дамуы.
Мүмкіндіктер:
мейлінше маңызды тауарлық рыногтар шоғырлануының төмендеуі;
әкімшілік және экономикалық кедергілердің төмендеуі және даму институттарының қаржылық қолдауы есебінен инновациялық белсенді кәсіпорындардың сапалық ұлғаюы.
Қатерлер:
облыста бәсекелестік ортаның нашарлауы.
2.2.1.4. Өңіраралық ынтымақтастық
Маңғыстау облысында ел өңірлері арасындағы республикаішілік кооперация өнеркәсіпте, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде жолға қойылған.
Нан, нан-тоқаш және кондитер өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қазақстандық өндірушілердің ұнын сатып алады. Мәселен, «Мағаш» ЖШС «Цесна» маркалы ұнын, «Волна» Ақтау кондитер фабрикасы» ЖШС «Ардагер» ЖШС-нен (Семей қаласы) сатып алады.
Жоғарыда көрсетілген салалардың кәсіпорындары, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар – «Ақтау-Сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС сары майды негізінен «Маслодел» фирмасынан (Алматы қаласы) сатып алады.
Өңірдің тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін қағаз буманы беруші Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын болып табылады.
«Маңғыстау шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС жиынтықтаушы бұйымдар – тот баспайтын қамыттарды «KSPSteel» ЖШС-нен (Павлодар қаласы), резеңке сақиналарды – «Восход» зауытында (Қарағанды қаласы), пластикалық тарақтарды, қорғауыш бұрандалы қалпақты «Проминвесткомплект» ЖШС-де (бұрынғы аты – «Кастинг» ЖШС, Алматы қаласы) сатып алады.
Ірі кәсіпорындардың сатып алуында қазақстанды қамтуды көтеру арқылы Тапсырыс беруші-Өнім беруші кооперациясының қарапайым нысанын дамыту «ҚазАзот» ЖШС-де жолға қойылған. Ол шығаратын аммиак селитрасы Қарағды облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не, «Жәйрем ТКБК» АҚ-на, Жамбыл облысындағы «ҚазФосфат» ЖШС-не, Павлодар облысының «Алюминий Қазақстан» АҚ-на, «ЕЭК» АҚ-на жеткізіледі. Зауыттың аталған өнімін Қазақстанның 140-тан астам кәсіпорны, сондай-ақ елдің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері сатып алады.
Аммиак пен оны одан әрі қайта өңдеу өнімдерін және амииак селитрасын өндіру үшін негізгі шикізат табиғи газ болып табылады. «ҚазАзот» ЖШС табиғи газды Маңғыстау және Атырау облысының кен орындарынан алады.
Орама материалдарды Ақмола, Алматы облыстарының кәсіпорындары, дайын өнім үшін ыдысты (қапшықтарды) «Новопэк» ЖШС, гофрокартонды «Kagazyrecycling» ЖШС жеткізеді.
«Жанарыс» ЖШС шығаратын арнайы киімін Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайшыларына, «Ақтау шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС өз өнімін Қызылорда және Атырау облыстарының кен орындарына жеткізеді.
Машина жасау саласындағы кәсіпорын, мұнай, химия және энергетика өнеркәсіптері үшін қысымда жұмыс жасайтын түтікшелер, сыйымдылықтар, жылу алмастырғыштар, құбыржолдар, болат конструкциялар өндірумен айналысатын «ГММОС Қазақстан» ЖШС өндіріске арналған негізгі материалдар – құбырларды, бұрыштықтарды Алматы облысында орналасқан кәсіпорындардан («Сталь РК» ЖШС, «АйронКоммерс Компани» ЖШС, «Металлинвест-Казахстан» ЖШС, «Лидер-металл» ЖШС), сондай-ақ «Стальной двор» ЖШС-нен (Астана қаласы), «Агис Темір» ЖШС-нен (Ақтөбе қаласы) алады. Өзге де бірқатар жиынтықтаушы бұйымдарды жеткізуді Атырау облысының кәсіпорындары, түбін жеткізуді Алматы қаласының «Белкамит» АҚ жүзеге асырады.
Темір-бетон бұйымдарды шығаратын құрылыс индустриясының кәсіпорындары цементті қазақстандық өнім берушілерден сатып алады («Бұқтырма цемент компаниясы» (ШҚО) және т.б.).
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг Лтд» КФ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС, «Жалғызтөбемұнай» ЕЖШС «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның өнімі – сыйымдылық жабдығының, мұнай қыздыру пешінің тұтынушылары болып табылады.
Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ «Ком-мұнай» ЖШС мен «Тасболат Ойл Сервис Компани» ЖШС-не өрт сөндіру машиналарын, «КенҚұрылысСервис» ЖШС-не, «ОйлСервисКомпани» ЖШС-не су тасығыштар, су тасымалдауға арналған сыйымдылықтар жеткізді.
Ақтау құбыр зауыты «АrcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ мұнай мен газды, бу мен ыстық суды тасымалдауға арналған үлкен диаметрлі болат құбырлар (530 мм-ден 1420 мм-ге дейін) шығаратын Қазақстан Республикасындағы жалғыз өндіруші болып табылады, ол 2012-2013 жылдары үлкен мөлшердегі құбырлар жеткізу бойынша Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «ЖЭО-Гагарин көшесі» жылу трассасын салуға, Алматы облысының «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырын салу жобасына қатысты.
Сондай-ақ, көрсетілген құбыр зауыты, құбырлардың ішіне және сыртына коррозияға қарсы жабын жағатын ҚР-дағы жалғыз зауыт ретінде «Арал-Сарыбұлақ» сутартқышын, «Алатау ауданының өнеркәсіптік аймағы» сутартқышын» салу жобаларына қатысты. Қазіргі замандағы зертханалық кешенге ие болғандықтан, «ТеңізШевройл» ЖШС мұнай құбырының қорғауыш жабынына сынақ жүргізді.
Осылайша, облыстың ел өңірлері арасындағы өнеркәсіптік кооперациясы тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптеріндегі, машина жасаудағы, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірудегі, металлургиядағы, мұнай-газ кешеніндегі жолға қойылған жолға қойылған байланыстарда көсетілген.
Ел ішінде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері:
Тауар өндірушілерді қолдау саласында:
- облыстардың тауар өндірушілерінің тізілімін (каталогын) өнеркәсіп салаларының кесінінде қалыптастыру және ұсыну;
- импорт алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарау үшін, облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарының импорттайтын тауарлар туралы ақпарат ұсынуы;
- іске асырлып жатқан инвестициялық жобалардың (Индустрияландыру картасының, АЭА-тың, өңірлік технопарктердің, МЖӘ-тің инвестициялық жобаларының) тізбесін қалыптастыру және ұсыну;
- Индустрияландыру картасы жобаларының өнімдерін облыстардың әлеуетті тұтынушыларына басым түрде жеткізуді қарау;
- «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның құбыр өнімдерін көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауын пайдланушыларға, су құбырларын, мұнай-газ құбырларын салуға арналған құбыр өнімін мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді жеңіп алған мердігерлік ұйымдарға өткізу бойынша жәрдем көрсету;
- «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті өндірістің құрылыс материалдарын басым түрде жеткізуді қарау.
Инновацияларды дамыту саласында:
- Өңірлік инновациялық жүйелерді құру және дамыту бойынша бірыңғай тәсіл әзірлеу;
- инновацияларды дамыту, оның ішінде жаңа технологиялар енгізу, қосылған құны жоғары жаңа өнім шығару мәселелері бойынша ЖОО, ҒЗИ, өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы кооперацияны дамыту;
- ҒЗИ-ның, ЖОО-ның инновациялық әзірлемелерін облыстың кәсіпорындарында қолдануға жәрдемдесу.
Достарыңызбен бөлісу: |