Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің
салалық кәсіподағындағы 2017 жылдың 1-қаңтарындағы кәсіподақ
мүшелігі мен кәсіподақ органдары туралы статистикалық есепке
ТҮСІНІК ХАТ
Мүшелік ұйымдардың 2017 жылдың 1-қаңтарына ұсынған статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы жалпы саны 871323 кәсіподақ мүшесінен тұратын 21 облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді, бұл 2016 жылдың осы мерзіміне қарағанда 35051 адамға артық болып отыр.
Кәсіподақ мүшелерінің арасында жұмыс істейтіндер саны 676812 адам болса, бұл 2015 жылға қарағанда 24965 адамға артық және кәсіподақ мүшелерінің жалпы санынан 77,6% құрайды.
Кәсіподақтар құрамында студенттер мен оқушылардың саны – 187915 адам немесе өткен мерзіммен салыстырғанда 0,5%-ға артық, әйелдер – 611159 адам немесе 71,2 % .
2016 жылғы жұмыс талдауы есеп беру мерзімінде көптеген облыстық және аумақтық ұйымдардың кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру және Кәсіподақтың мүшелік базасын нығайту жөнінде маңызды жұмыс жүргізгендерін көрсетіп отыр. 2016 жылы 21 облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының ішінен 15 мүшелік ұйым кәсіподақ мүшелерінің санын көбейтті:
- Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы – 6027 адамға;
- Алматы қаласының «Ұстаз» кәсіподағы – 4349 адамға;
- Қызылорда облыстық ұйымы - 4124 адамға;
- Ақтөбе облыстық ұйымы – 3717 адамға;
- Алматы облыстық ұйым- 3571 адамға;
- Қостанай облыстық ұйымы – 3484 адамға;
- Атырау облыстық ұйымы- 2986 адамға;
- Маңғыстау облыстық ұйымы– 2530 адамға;
- Астана қаласының «Әділет» кәсіподақ ұйымы– 2377 адамға;
- Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы – 2005 адамға;
- Қарағанды облыстық ұйымы –1504 адамға;
- Жамбыл облыстық ұйымы – 1225 адамға;
- Талдықорған аумақтық ұйымы - 955 адамға;
- Алматы қаласының «Парасат» кәсіподақ ұйымы- 553 адамға;
- Алматы қалалық ұйымы – 333 адамға.
Жаңа кәсіподақ мүшелерін тарту жөнінде Кәсіподақтың 5 мүшелік ұйымы: Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы – 6027, «Ұстаз» – 4349, Қызылорда облыстық ұйымы – 4124, Ақтөбе облыстық ұйымы– 3717, Алматы облыстық ұйымы- 3571-ге көбейіп, әдеуір нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, 2015 жылмен салыстырғанда кәсіподақ мүшелерінің саны Ақмола облыстық ұйымында - 1013 адамға, Павлодар – 480 адамға, Солтүстік-Қазақстан – 451 адамға, Жезқазған – 427 адамға, Семей – 390 адамға, Шығыс-Қазақстан – 4 адамға азайған.
Ақмола облысында кәсіподақ мүшелігінің азаюы медицина қызметкерлерінің штаттық бірліктерін денсаулық сақтау ұйымдарына берумен және мүшелік кәсіподақ жарналарын төлемейтін жұмыс жасамайтын зейнеткерлерді есептен шығарумен байланысты.
Павлодар облысында оңтайландыру мен қайта құруларға байланысты 14 шағындалған мектеп, Шалдай санаторлық типтегі интернаты жабылып, бірқатар білім беру ұйымдарында штаттар қысқартылды.
Солтүстік-Қазақстан облысында кәсіподақ мүшелігінің азаюы бірқатар білім беру ұйымдарының, соның ішінде 12 мектептің жабылуымен және қайта құрылуымен, қызметкерлер санының қысқаруымен, қызметкерлердің облыстан және республикадан тыс кетуімен түсіндіріледі.
Семей аумақтық ұйымында да кәсіподақ мүшелері санының азаюы осындай жағдаймен байланысты болып отыр.
Жалпы салалық кәсіподақ бойынша жұмыс жасайтындар арасында кәсіподақ мүшелігімен қамту сала қызметкерлерінің жалпы санынан 72,9% құрайды. Білім саласы қызметкерлерінің қатарынан кәсіподақ мүшелігімен қамтуда Жамбыл, Атырау, Қостанай облыстары 89%-дан 94%-ға дейін, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары 80%-нен 90%-ға дейінгі едәуір нәтижелерге қол жеткізді. Саладағы жалдамалы қызметкерлер арасында кәсіподақ мүшелігімен қамту жағдайы туралы Ақпарат (№ 2 қосымша) көрсетіп отырғандай, кәсіподақтың жұмыс жасайтын мүшелерінің мүшелік базасын әрі қарай арттыру жөнінде маңызды резервтер бар.
Салалық кәсіподақтың құрамында есеп беру мерзімінде жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелерінің саны 5 облыста: Солтүстік-Қазақстанда – 451, Павлодарда – 329, Алматы қаласының «Парасат» кәсіподақ ұйымында- 285, Ақмолада – 54 адамға азайған. Салалық кәсіподақтың есебінде 6596 жұмыс жасамайтын зейнеткер бар, бұл өткен есеп беру мерзімімен салыстырғанда 275 адамға аз. Жұмыс жасамайтын зейнеткерлер саны Ақтөбе (3473), Шығыс-Қазақстан (1411), Атырау (773) кәсіподақ ұйымдарында, Жезқазған аймағында (479), Маңғыстау (445), Қарағанды (15) облыстарында есепке алынса, басқа мүшелік ұйымдарда жұмыс жасамайтын зейнеткерлер кәсіподақ есебінде жоқ.
2016 жылы барлығы 296 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған, бұл 2015 есеп беру мерзімімен салыстырғанда 41-ге артық. Мүшелік ұйымдардың да саны көбейді, Салалық Кеңестің Атқару комитетінің 11.01.2017ж. № 8 9 –т. Қаулысымен Кәсіподақ құрамына жаңа мүшелік ұйым – Алматы қалалық ұйымы қабылданды.
Есеп беру мерзімінде мүшелік ұйымдар кәсіподақтың Салалық Кеңесінің нұсқаулықтарына сәйкес кәсіподақ органдарының аппараттарын штаттық қызметкерлермен нығайту жөнінде маңызды жұмыс атқарды. Кәсіподақ органдарының аппараттарында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі 34 маманға, бухгалтерлер 15 адамға, заңгерлер – 11 адамға көбейді. Бұл кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыру мен қаржы жұмыстары нығайуының көрсеткіші.
Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымдарымен ұсынылған статистикалық есептердің сапасын атап өткен жөн. Және жекеленген есептер төмен дәрежеде, салыстырмалы талдаусыз дайындалған, оларда істің нақты жағдайы көрсетілмегендіктен, салалық кәсіподақ қозғалысындағы жағдайдың әділ талдауын жүзеге асыру мүмкін болмай отыр. Көптеген түсінік хаттарда, кәсіподақ мүшелігінің жағдайы туралы талдау түсініктемелерінің орнына, статистикалық есепте көрсетілген сандық деректер жазбаша түрде қайталана берген.
Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының статистикалық есептер деректері мүшелік ұйымды, соның ішінде кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру есебінен сақтау мен нығайту, жаңа кәсіподақ ұйымдарын құру салалық кәсіподақтың кәсіподақ ұйымдарының басты ұйымдастырушылық міндеттерінің бірі болып табылатынын көрсетеді.
Төрайым орынбасары А.М.Мұқашева
Достарыңызбен бөлісу: |