|
Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білуді, сурет енгізуді, фигуралық мәтін енгізуді және т б жұмыстарды жасап үйренуге баулу
|
Дата | 20.05.2018 | өлшемі | 14,78 Kb. | | #14994 |
| - Білімділік:
- Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен жұмыс
- жасай білуді , сурет енгізуді , фигуралық мәтін енгізуді және
- т.б жұмыстарды жасап үйренуге баулу.
- Дамытушылық:
- Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында
- ойлау ,есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай
- білуге дағдыландыру.
- Тәрбиелілік:
- Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,
- шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
- I. Ұйымдастыру кезеңі.
- II. Үй тапсырмасын тексеру.
- III. Жаңа сабақты түсіндіру.
- IV. Жаңа сабақты бекіту.
- Қорытындылау.
- VI. Білімгерлердің білімін бағалау.
Сабақтың барысы: - а) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
- ә) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
- б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
- Сұрақ1
- Кестені әрлеу үшін
- жолақтың қандай тіркеме
- парағы қолданылады?
- Сұрақ 2
- Қаламұштың мәнерін таңдау
- батырмасы:
- Сұрақ 3
- Қаламұштың жуандығын
- таңдау батырмасы:
- Сұрақ 4
- Кесте ұяшығының құйып
- бояуы батырмасы
- А: Кестенің ішкі және
- сыртқы
- шекараларын
- қосуға
- B: Кестенің ішкі
- шекараларын
- жеке қосуға
- C: Кестені көрінбейтін
- етуге
- D: Кестенің ішіндегі
- мәтіннің әрпін өзгертуге
- Бекіту сұрақтары:
- 1.Кесте құруда барлық тәсілдерін атау
- 2.Кесте бойымен перненің ауысуын атау
- 3.Баған енінің өзгеру тәсілдерін атау
- 4.Мәнер дегенді қалай түсінеміз?
- 5.Қаламұштың жуандығы не үшін өзгереді?
- 6.Түстер тізіміндегі жоқ түсті қалай өзгертеміз?
- 7.”Қарындаш” және “Өшіргіш” құралдары не үшін қажет?
- Жаңа сабақ: Құжатқа сурет, сызба (схема) құрылымдарын орналастыру үшін: 1) Нысандар қойылатын жерге курсорды әкелу; 2) Кірістіру→Сурет→Картинкалар (Вставка→Рисунок→Картинки) командаларын таңдау; 3) Пайда болған терезедегі Картинкаларды кірістіру (Вставка картинки) өрісінен қажет файлды сипаттайтын сөзді немесе сөйлемді жазуға болады. Суретті таңдап, оған курсорды апарып тышқанның сол жағын шертсеңіз, таңдалған сурет орналасады. Клиптер коллекциясынан сурет қою: 4) Таңдалынған сурет құжатқа орналасады.
- Суреттің шеттері қоршаумен ерекшеленеді. Қоршауда қара нүктелер бар. Сурет өлшемін өзгерту үшін оны тышқанмен шерту керек. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгерту. Суретті кез келген жерге көшіруге болады. Ол үшін курсорды суреттің ортасына қойып, оны қажет жерге апару керек немесе көшіріп алып, қажет жерге орналастыру. Суретте тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, суреттің параметрлерін өзгертетін Шекаралар мен бояу (Границы и Заливка) батырмалары бар тақта пайда болады. Осы жерде шекараның түрін, сызықтың ені мен түсін таңдауға болады. MS Word-та суреттерді салу үшін арнайы құралдар қолданылады. Сурет салу үшін Түрі→Құрал-жабдықтар тақтасы→Сурет (Вид→Панели инструментов→Рисование) командасын таңдау керек. Сонда экранда сурет салу үшін қажет құрал-жабдықтар тақтасы пайда болады. Енді қарапайым суреттер мен блок-сызбаларды орындауға болады. Сурет салу құрал-жабдықтар тақтасы сурет салуға, дайын суреттерді орналастырып қоюға, сондай-ақ обьектілерді пішімдеу параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Суреттің қажет элементін таңдап (тышқанмен шерту), тышқанның батырмасын басып тұрып сілтемені мәтіндегі сурет қоятын жерге апарып орналастырылған соң суретті сала беруге болады. Сурет салынып біткен соң обьектінің сыртындағы кез келген жерге тышқанды шерту.
- Графикалық
- редактордан кірістіру
- 1. Графикалық редакторында сурет салу
- 2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
- 3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
- 4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.
- Фигуралық мәтін кірістіру
- 1. Курсорды мәтіннің басына орнатыңдар.
- 2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орындаңдар.
- 3. Коллекция WordArt диалогтық терезесінде ұнаған қаріп стилін таңдап, ОК шерту.
- 4. Изменение текста WordArt диалогтық терезесі
- пайда болады ондағы “Текст надписи” өрісіне
- өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіп, ОК шерту.
- 5. Тышқанмен фигуралық жазбаны орнатыңдар.
- Тапсырма. 1. Word мәтіндік редакторын іске қосу. 2. Беттің параметрін өзгерту ( №1 тапсырма) 3. Бетті жиектеу. (№2тапсырма) 4. Автордың аты-жөнін жазу. Мәтіннің харіпін, өлшемін және түсін таңдау. 5. Кітаптың тақырыбын және сыныбын фигуралық мәтінмен жазу. 6. Кескінді кірістіру . (№4 тапсырма) (Оқушылардың компьтерінде компьтердің суреті болу керек). 7. Алдын –ала көріп шығу батырмасының көмегімен кітартың мұқабасының бетін көру. Суретті бұрып, орын ауыстырып және өлшемін өзгертіп, қалаған жерге апарып кою. ( №5 тапсырма) 8. Кітаптың сыртқы мұқабасы дайын. Жұмысымызды өзіміздің сыныбымыздың атымен сақтау.
- Көзге жаттығу: 1. Көзді бірнеше секунд қатты жұмып, содан кейін ашып, босаңсыту. Демалыс қалыпты 4-5 рет қайталау. 2. Жанарыңды мұрныңның үстіне қаратып ұстау. Сонан кейін алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. 3. Басты бұрмай, бірнеше секунд көзді оңға қаратып ұстау, сонан кейін тура алысқа қарау. Осындай әрекетті солға, жоғары, төменге қарап қайталау. Барлық жаттығуды 4-5 рет қайталау. 4. 20-30 секунд бойы көзді ашып-жұмып, жыпылықтату.
- Жаңа сабақты бекіту.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар: - Суретті қалай мәтінге кірістіруге болады?
- Суретті үлкейту, созу, кішірейту, көшіру амалын айтып бер?
- Paint редакторындағы суретті қалай мәтінге енгізуге болады?
- Мәтінді қалай безендіруге болады?
- Мәтіннің қатесін қалай тексеруге болады?
- §25. Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу
- Тест жұмыс
- Зейін қойып
- тыңдағандарыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|