11
Оқулық бөлімдерге, бөлімдер параграфтарға, ал параграфтар тақырып-
тарға бөлінген. Әр параграфтың соңында сұрақтар мен тапсырмалар
енгізілген.
Сабақты қалай әзірлеу қажеттігі жайлы оқушыларға кеңес береміз.
Жаднама:
1. Үйге берген сабақты асықпай түгел оқып шығып, мазмұнын түсінуге
тырысыңдар.
2. Тапсырмалар мен сұрақтарға жауап дайындаңдар.
3. Оқулықпен жұмыс істеуде қара әріппен, курсивпен жазылған
терминдер мен ұғымдарға, сандық мәліметтерге, даталарға, адам аттарына
назар аударыңдар.
4. Иллюстрацияларға, суреттерге назар аударыңдар, оларға байланысты
сұрақтарға жауап беріңдер.
5. Оқулықтың карталарын зер сала оқыңдар. Географиялық атауларды,
шекараларды, оқиға болған жерлерді, тарихи ескерткіштерді және басқа
объектілерді табыңдар.
6. Тарихи оқиғалар жылнамасын білу тарихты түсіну үшін маңызды.
Тарихи оқиғалар жылнамасы оқулықтың соңында, 218–223 беттерде
берілген.
7. Оқулықтың мәтінін жақсы ұғып алу керек, оны жаттаудың керегі жоқ.
Оқыған тақырыптың мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге үйренгендерің
дұрыс.
Кітап – халықтың мәдени игілігі.
Оқулық – білім көзі, адал дос, көмекші, ақылшы. Кітапқа деген
сүйіспеншілік, оған ұқыпты қарау ғасырлар бойы қалыптасты. Ол сендердің
қолдарыңда, жас достар. Оның өмірін ұзарту, өз орындарыңды басатын
жеткіншектерге жыртылмаған, шимайланбаған, таза күйінде табыс ету
сендерге байланысты. Сондықтан оны құрметтей білейік, күтіп ұстайық.
Оқулық туралы жаднамамен танысып болған соң, оқулық жазу күрделі
де жауапты жұмыс екенін, ол әр азаматтың қолынан келе бермейтінін айту
керек. Бір ғана кітапты шығару үшін көптеген ғалымдардың еңбектері
зерттеліп, іріктелетіндігі, мұғалімдердің озат тәжірибесі, табандылығы,
үлкен білімділігі мен жауапкершілігі талап етілетіні атап көрсетіледі.
Оқушыларда ғалым, ұстаз және еңбек адамдарына деген құрмет, білім
алуға құштарлық сезімдерін қалыптастыру және кітапқа деген құрмет пен
сүйіспеншілік сезімдеріне баулу маңызды.
Жаңа материалдарды қорытындылай келе, оқушылар төмендегі-
дей ой жинақтайды.
Қазақстан Республикасы – Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың
Отаны. Әр оқушы өзін ең алдымен өз халқының бөлшегі, Қазақстан
12
Республикасының азаматы ретінде сезінуі қажет. Елінің бүгінгі және
ертеңгі болашағына, оның қандай болатынына жауапты және өзі өмір сүріп
отырған қоғамды одан әрі жетілдіруге үлес қосуы тиіс. Олай болса, әрбір
адамның тарихты, өз Отанының тарихын білуінің маңызы зор. Отан тарихы
халқымыздың өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін және ертеңгі болашағын
оқытып-үйретеді. Қолдарыңдағы Қазақстан тарихының құндылығы да
сонда. Онда Отанымыздың күрделі тарихы, ұзақ жүріп өткен жолы, маңызды
фактілері мен оқиғалары объективті, яғни ол қандай болса нақ сондай, алуан
түрлі, тұтас күйінде баяндалған деп мұғалім сөзін қорытындылайды.
Үйге тапсырма: §1. «Қазақстан тарихы пәні» тақырыбын оқу, сұрақтар
мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§2. тарихи деректер
сабақтың мақсаты: оқушыларда дерек, жазбаша және заттай деректер,
тарихи деректер туралы алғашқы түсініктер қалыптастыру. Тарихты оқып-
білудің маңызы туралы білімдерін кеңейте түсу. Дерек көздерін салыстыра
отырып, айырмашылықтарын таба білу, біліктерін дамытуға бағыт беру.
Оқушылардың қазба жұмысын жүргізетін, ертедегі жазулар сырын оқитын,
шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамдардың еңбегін бағалауға, оларды
құрметтеу сезімін тәрбиелеуге септігін тигізу.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, қазба жұмыстары
материалдары, ертедегі жазулар бейнеленген иллюстрация, бейнефильмнен
үзінді пайдалану.
оқып-үйренген материалды қайталау.
1. Жаңа пән қалай аталады?
2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйренудің қандай маңызы бар?
3. «Тарихтың атасы» атанған ғалымдар туралы не білесіңдер? Олар не
жайлы жазып қалдырған?
4. «Қазақстан тарихы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі» деген
сөйлемді қалай түсінесіңдер?
5. Үйде сабаққа қалай дайындалу керек?
6. Оқулықты қалай пайдаланасыңдар?
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Тарихи деректер.
2. Жазбаша деректер.
3. Заттай деректер.
4. Қазақ шежіресі.
Жаңа материалды оқып-үйрену.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің әсерлі ауызша баяндауы,
оқушылармен сұрақ-жауап бойынша әңгімелесу, оқулық мәтінімен жұ-
13
мысқа, иллюстрацияларды талдауға және картамен жұмыс істеуге ұш-
тастырылады.
Мұғалім оқушылар назарын тақтадағы жазуға аударады. Онда былай
жазылған: «Өте ертеде, бұдан он мыңдаған жылдар бұрын адамдар қалай
үй салған, немен шұғылданған, шапқыншыларға қарсы қалай күрескенін біз
қайдан білеміз»? Бұл проблемалық сұрақтарға оқушылар сабақ соңында
жауап беретіні атап айтылады.
Мұғалім бейнефильм, не мультимедиялық фильмнен (электронды
оқулықтан), археологиялық жұмыс нәтижесінде табылған заттар (қыш
құмыралар, ыдыстар, олардың сынған қалдықтары т.б.), ертедегі жазулар,
тастағы суреттер, көне қолжазбалар, кітаптар бейнеленген фильмдерден
үзінді көрсетеді. Егер бейнефильм не электронды оқулық болмаған
жағдайда, қазба жұмыстарында табылған заттар, көне жазулар бейнеленген
иллюстрация тақтаға ілінеді.
Оқушылар бейнефильм, мультимедиялық фильм не иллюстрациялық
материалдарды мұқият қарайды, ондағы түсініктеме жазуды дауыстап оқып
танысады. Содан кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Қазба жұмыстары
қай жерде жүргізілді? Одан қандай заттар табылды? Олар қай жылдары
табылған? Оны тапқан қандай ғалымдар? Қандай жазулар табылды? Ертедегі
жазуларда нелер жазылған? Бізге олар қалай жеткен?
Мұғалім оқушылар жауаптарын мұқият тыңдап, толықтырады. Элек-
тронды оқулық не иллюстрациялық материалдардан жазбаша, заттай
деректерге не жататынын көрсетеді. Жоспарда қарастырылатын 4 мәселені
әңгіме түрінде баяндайды. Оқушылар тақтадан кадаскоп арқылы көрсетілген
жаңа сөздерді: тарихи деректер, сына жазу сөздерінің мағынасын жазып
алады.
Мұғалім «Қазақ шежіресі» тақырыпшасын әрқайсысы өздігінше оқып
танысып, мына сұрақтарға жауап берулерін өтінеді: Қазақ шежіресі деген
не? Онда не жазылған?
Оқушылар өздігінше оқулық мәтінімен танысып, қойылған сұрақтарға
жауап береді. Содан кейін оқушылар «Тарихи, жазбаша және заттай деректер»
деп аталатын кестені өздігінше толтырады.
Кесте: тарихи, жазбаша және заттай деректер
р/с
заттай дерек-
терге не жатады?
Жазбаша дерек-
терге не жатады?
тарихи дерек-
терге не жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |