Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет16/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44

47
Мұғалім топтағы оқушылардың жұмысын бақылайды. 
Берілген  уақыт  біткен  кезде  әр  топтың  оқушылары  өз  тапсырмалары 
бойынша  көзқарастарын  білдіреді  (әңгімелейді).  Топтық  жұмыстың  нәти-
жесін баяндайтын оқушы өзінің жеке пікірін емес, топтағы оқушылардың 
көзқарасын жеткізуі тиіс. Мұғалім топтарға өздерінің жеке пікірін айтуды 
ұсынады.  Оқушылар  тапсырма  бойынша  өз  пікірлерін  дәлелдейді.  Содан 
кейін  оқушылар  сынып  болып  әр  топтың  пікірін  талдайды.  Мұғалім 
оқушылардың  жауаптары  негізінде  ортақ  қорытынды  шығаруға  бағыт 
береді. 
Үйге  тапсырма:  §19.  «Еділ  патша»  атты  тақырыппен  танысып,  оның 
күрделі жоспарын жасап келу.
              
§ 21. ертедегі  түріктер
сабақтың  мақсаты:  Түрік  қағанаты,  түрік  халқының  кәсібі  мен 
тұрмысы  туралы  мәселелерді  ашып  көрсету.  Түрік  тайпаларының  өмірі 
мен  тұрмысын,  қағанаттың  өміріндегі  маңызды  оқиғаларды  айқын, 
бейнелі  материал  арқылы  әңгімелеу.  Халықтың  тәуелсіздік  жолындағы 
күресінің ерлік беттерін  ашып көрсету. Оқушыларды елжандылыққа, еңбек 
адамдарына деген құрметтеушілік сезімін тәрбиелеуге көмектесу. 
Тарихи  оқиғаларды  салыстыра  білу  біліктерін  одан  әрі  дамытуға 
септігін тигізу. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, карточкалар, кесте.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырма-
лар және мұғалімнің қосымша сұрақтары негізінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. «Түрік» атауы. 
2. Түрік қағанаты. 
3. Түрік қағанатының ішкі-сыртқы жағдайы.
4. Түрік қағанатының ыдырауы.
5. Түрік қағанаты халқының кәсібі мен тұрмысы.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің «түрік» атауының шығуы 
туралы  аңызды,  Түрік  қағанатының  құрылуы,  оның  әскери  жорықтары 
туралы  түсіндірмелі  әңгімесінен  басталады.  Бұл  әңгіме  картамен  жұмыс 
жасауға ұштастырылады. Картадан Түрік қағанатының аумағы көрсетіледі.
Оқушыларға жаңа ұғымдар: қаған, қағанат сөздерінің мәні түсіндіріліп, 
оның мағынасы ашып көрсетіледі. Оқушылар жаңа ұғымдарды дәптерлеріне 
жазып алады.


48
Оқушылар Түрік қағанаты туралы маңызды мәтінмен өздігінше оқып 
танысады. Оқушыларға тапсырманы қалай орындау керектігі туралы нұсқау 
беріледі.
Бірінші топ «Түрік қағанатының ыдырауы» туралы оқулық мәтінімен 
танысып, төмендегідей тапсырмаларды орындайды. 
Түрік  қағанатының  аумағын  картадан  табыңдар.  Түрік  қағанаты 
қандай мемлекеттермен көрші тұрды? Қай мемлекеттермен қарым-қатынас 
жасады? Сол кезде Түрік қағанатының беделі неліктен жоғары болды деп 
ойлайсыңдар?  Бұл  мемлекет  неліктен  ыдырап  кетті?  Оның  қандай  басты 
себептері  болды?  Оқушылар  теориялық  материалмен  танысқаннан  кейін, 
оларға тапсырма беріледі.
Екінші топ оқушыларына «Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмысы» 
туралы  оқулық  мәтінімен  танысып,  осы  тақырыпшаның  жоспарын  жасау 
тапсырылады. 
Үшінші топ оқушылары оқулықтағы «Білімпаздар үшін» деп аталатын 
мәтінмен  танысып,  оны  талдайды.  Сабақты  бекіту  мақсатында  мұғалім 
оқушылар назарын тақтаға аударады. Тақтада не қағазға мынадай тапсырма 
орындау тапсырылады.
Түрік қағанатына мына жоспар бойынша сипаттама беріңдер:
1. Аумағы.
2. Қоғамдық құрылысы.
3. Ішкі саясаты.
4. Сыртқы саясаты.
5. Түрік қағанатының ыдырау себебі.
6. Қорытынды.
Сабаққа қатысу, көп жылғы тәжірибе нәтижесі оқушылардың бірқатары 
тақырыптың күрделі жоспары тұрмақ, жай жоспарын да жасай алмайтынын 
және  жоспар  жасауға  қойылатын  талаптарды  ескермейтінін  байқатады. 
Сондықтан мұғалім алдымен оқушыларды жай, содан кейін күрделі жоспар 
жасауға,  кесте,  сызба,  диаграмма  дайындауға,  тарихи  қайраткерлерге 
сипаттама беруге үйретеді.
Оқушылар жоспар жасауда қателіктер жіберуін болдырмау үшін оған 
қойылатын талаптар тақтаға жазылып, жан-жақты түсіндіріледі. 
Содан  кейін  барлық  оқушылар  жұмыс  дәптерімен  жұмыс  жүргізеді, 
«Күрделі  жоспар  жасауды  үйрен»  деген  жазуы  бар  ватман  қағаз  тақтаға 
ілінеді,  бейнефильм не кадаскоп арқылы көрсетіледі. 
Қымбатты балалар! Жоспар жасарда мыналарды есте сақтаңдар:
Әңгіменің ең басты, ең негізгі мазмұны түгелдей қамтылып, жоспарда 
қарастырылуы тиіс.
Тақырып атауларында бір ой қайта-қайта қайталанбауы қажет.
Мәтінді мұқият оқы, ол туралы ойлан, оны аяқталған бөлімдерге бөл.


49
Жетекші ой бойынша әрбір бөлімге тақырыпша атын қой. Бұлар негізгі 
пункттер. Олардың реттілігін рим санымен көрсет.
Әрбір  бөлімнің  негізгі  ойын  анықтайтын  бірнеше  тұжырымдарды 
көрсет. Оның әрбіреуіне тақырып атын қой, оларды араб санымен белгіле.     
Өзің  жасаған  жұмысыңның  дұрыстығын  тексер.  Жоспар  жасауға 
қойылатын талапты естен шығарма.
Оқушылар  жаднама  талаптары  бойынша  тақырыпшаның  күрделі 
(толық) жоспарын жасайды. Жұмыс сабақта талданып тексеріледі, түзетулер 
енгізіледі, баға қойылады.
Үйге  тапсырма:  §21.  «Ертедегі  түріктер»  тақырыбын  оқып  танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу.
   
§ 22. көне түркі жазуы
сабақтың мақсаты: ертедегі түркі жазуы қалай пайда болғаны, қандай 
ескерткіштер сақталғаны, «Күлтегін», «Білге», «Тоныкөк» ескерткіштерімен 
таныстыру. Ертедегі түркі тайпаларының ерлік күрестерін нақты мысалдар 
арқылы  суреттеу.  Оқушыларды  елжандылыққа  тәрбиелеуге  септігін 
тигізу. Оқушылардың тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра білу 
дағдыларын дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Көне түрік жазуы.
2. Күлтегін.
3. Тоныкөк.
4. Білге.
Оқушыларға ойланып жауап беру үшін тапсырма беріледі. Тақтада не 
плакатта жазылған мынадай сөйлемдерге оқушылар назары аударылады.
Жазу дегеніміз не? Ол не үшін қажет? Ертеде адамдар қалай және неге 
жазған? Оларда не туралы баяндалған? 
Оқушылар  жауаптары  талданып  толықтырылған  соң,  мұғалім  көне 
түркі «руна» жазуының пайда болуы мен Білге, Күлтегін, Тоныкөк сияқты 
қолбасшылардың өмірі мен қызметі жайлы әсерлі әңгімелейді.
Қосымша материал:
«тоныкөк (шамамен 646–731) – Түрік қағанатының көрнекті мемлекет 
және қоғам қайраткері, бас қолбасшы, ойшыл, ақын. 683 жылы Шығыс Түрік 
қағанатының бірінші қағаны Құтлықпен бірге Тоныкөк Түрік қағандығын 


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау