69
орнатуға тырысты. Сұлтандар билігін шектеп, үш жүзді сол жүздер үшін
жауапты билер арқылы басқару жолымен орталықтандыруға тырысты.
Тәуке хан – елдің беделін арттыру және мемлекеттігін нығайту үшін
қажетті шаралар жасады. Кіші жүз бен орта жүздің бірқатар руларының
бірлестіктерін құрып, қазақ жауынгерлерінің қорғаныс қабілеттерін
күшейтуге тырысты.
Тәуке хан тұсында Хан кеңесі, Билер кеңесі құрылды. Ол басқарып
тұрған кезде жыл сайын Түркістан қаласына жақын жерде және Ташкент
маңындағы Күлтөбеде үш жүздің басты билері бас қосып, жиын өткізіп
тұрған. Үш жүздің атақты билері: Төле, Қазыбек, Әйтекенің қатысуымен
жүздер мен рулар арасындағы даулы мәселелер шешілетін. Билер кеңесіне
қатардағы билер, батырлар және әскербасылар да жиі шақырылатын. Билер
тобы хандықты басқару, заң шығару, сот ісіне араласып, біртіндеп билікке
тартылды. Билер кеңесінің шешімі міндетті түрде орындалатын болды».
Сабақта «тарихи оқиға» сайысы өткізіледі.
Оқушылар оқулықпен топ болып жұмыс жасайды. Оқулық мәтінін
соңына дейін оқып танысады. Осы мәтін туралы мәлімет даярлау
тапсырылады. Осы тақырып туралы білетін мәліметті бір топтың балалары
бастайды, содан кейін мұғалім өз қалауымен қай топты көрсетсе, сол топтың
оқушылары осы мәселе жайлы мәліметті (не әңгімені) жалғастырады.
Оқушылардың зеректігін дамыту үшін мұғалім оқиға туралы айтып тұрған
оқушының сөзін кез келген жерінен үзіп, басқа топқа одан әрі жалғастыруды
тапсырады. Бұл сайыста оқушылардың жауаптары төмендегідей сапа
бойынша бағаланады. Оқушылардың назарында болуы үшін қағазға
мынандай мәселелер жазылып көрсетіледі.
Оқушылар жауабының сапасы бағаланады:
а)
мазмұндылығы;
ә) жүйелілігі;
б) тарихи
нақты фактілерді пайдалануы;
в)
қосымша материал қолдануы;
г)
ойдың жалғасын табуы;
д) өмірмен байланыстылығы.
Одан кейін оқулықта берілген тапсырманы дауыстап оқиды, ол бойынша
жауап дайындайды, талдау өткізіледі. «Білімпаздар үшін» материалындағы
«Жеті жарғыдан» үзіндіні оқушылар әр абзацты дауыстап оқып танысады,
ондағы негізгі ойды тауып, талдайды. Сабақ соңында §29 әңгімелерінің
сұрақтары мен тапсырмаларына талдау жасалады.
Үйге тапсырма: §29. «Жеті жарғы» әңгімесін оқып танысу және сұрақтар
мен тапсырмаларға дайындалып келу.
70
§31. Қазақ батырлары
сабақтың мақсаты: оқушыларда батырлар, олардың қазақ
қоғамындағы орны, Жоңғар хандығы, олардың шапқыншылық соғыстары
туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. «Отан соғысы», «әділетті соғыс»
ұғымдарын қалыптастыруда жұмысты жалғастыру. Оқушылардың отан-
шылдық сезімдерін тәрбиелеуге көмектесу.
Оқушылардың тарихи оқиғаларды салыстыра білу біліктерін дамыту.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулықтан
үзінді, иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақтар мен
тапсырмалар көлемінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.
2. Жоңғар хандығы.
3. Отан соғысы.
4. Қазақ батырлары.
5. Қанжығалы Бөгенбай.
6. Қаракерей Қабанбай.
7. Құттымбетұлы Наурызбай.
8. Баян батыр.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің ХVІІІ ғасырдың басын-
дағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы мен Жоңғар хандығы туралы
әсерлі әңгімесімен және оқушылардың карта бойынша жұмысымен
ұштастырылады.
Электронды оқулықтағы қосымша материал пайдаланылады, не қазақ
батырлары туралы бейнефильмнен үзінді, не болмаса иллюстрациялық
материал пайдаланылады.
Оқушылар төмендегідей проблемалы тапсырмаға ауызша жауап бере-
ді, не оқулық мәтінінен дауыстап оқиды:
1. ХVІІІ ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы
жағдайына сипаттама беріңдер.
2. Неге оқулықта осы кезеңде хандықтағы жағдай аса ауыр болды деп
жазылған?
3. Жоңғар хандығы қашан құрылды?
4. Жоңғарлардың қазақ жеріне үздіксіз шабуыл жасап тұруы неліктен?
5. Олар қазақ жеріне шабуыл жасағанда қандай мақсат көздеді?
Оқушылар жауаптары талданып, толықтырылады. «Қазақ батырлары –
ел мақтанышы» атты топ бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар батырлар
портретін жасауға дайындалады. 6 топқа бөлініп жұмыс жасайды. «Отан