5
оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға дайын ақпарат беру ғана
емес, оқушылардың өздігінен оқып-үйренуі, өздігінен ізденуі, өзіне қажетті
білімді табуы және ұтымды пайдалануы. Мұғалім мұнда оқушылардың
пәнді өздігінен меңгеруіндегі сарапшы ретінде, оқу үрдісіне және оқушының
жаңа материалды қабылдауына мүмкіндік жасауға көмектеседі. Оқушылар
мұғалімнің басқаруынсыз өздігінен оқып-үйрену дағдыларын пайдалануға
үйренеді.
Оқушылар өздігінен оқып-үйрену, оқу материалын қабылдау
дағдыларын дамыту арқылы «
қалай оқуы керектігін үйренеді». Осындай
оқытудың нәтижеге бағытталуы нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең
ауқымды
дағдыларды, біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік алады.
5-сыныпқа арналған «
Қазақстан тарихынан әңгімелер»
курсының
мазмұны мен құрылымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.
Курс мазмұнын оқып-үйренуге бағдарлама бойынша 68 сағат бөлінген.
5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер курсының
мазмұны бес бөлімнен тұрады, қорытып-қайталауға және өлке тарихын
оқып-үйренуге қосымша сағат берілген.
5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер курсының мазмұ-
ны жағынан да, оны оқыту әдістемесі жағынан да басқа тарих курстары нан
ерекшеліктері бар.
Тарихты дербес пән ретінде оқып-үйрену 5-сыныптан, «Қазақстан
тарихынан әңгімелер» деп аталатын алғашқы курстан басталады. Әңгімелер
курсын оқып-үйрену барысында оқушылар тарихтан белгілі бір көлемде,
тұжырымдалған бастапқы білім алады. 5-сыныпта Қазақстан тарихының
сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі оқиғалары қамтылады. Еліміздің
тарихында болған аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар хронологиялық
реттілігімен баяндалады.
Бұл курстың басты ерекшелігі – ондағы материалдар көлемі жағынан
шағын әрі әңгіме түрінде берілуі. Еліміздің әртүрлі кезеңдеріндегі өмірі,
тұрмысы және тіршілігінің тарихи бейнесі суреттеледі.
Жүйелі курста ұзақ әрі күрделі үрдіс ретінде оқылатын құбылыстар
5-сыныпта суреттеу, баяндау, нақты образын тартымды да әсерлі әңгімелеу
арқылы ашып көрсетіледі. Мұнда күрделі үрдістер мен ұғымдар жүйесін
барынша толық әрі терең ашып көрсетуден гөрі, аса маңызды тарихи
құбылыстың негізгі кезеңдері, айтарлықтай белестері туралы алғашқы
түсініктер беріледі. Мұның өзі оқушылардың келесі сыныптарда өтілетін
тарих пәнінің күрделі де жүйелі курстарын жетік меңгеруіне көмектеседі.
Оқулық пен бағдарламада 10 – 11 жастағы оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері де ескерілген. Психолог ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл
7
пайдаланылады, қосымша әдебиеттермен танысады, мұғалім дәстүрлі және
интерактивті әдістерді қолданады. Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақта
оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай туғызады. Оқушылар
өздігінен жауап іздеп, талдайды, қорытындылайды, өз пікірін еркін білдіруге,
оны күнделікті өмірінде қолдануға ұмтылады. Міне, осындай оқытудың
нәтижесінде оқушыларға өмірге қажетті дағдылар мен біліктіліктерді
меңгеруге мүмкіндік беріледі.
Оқулықта жоғарыда атап көрсеткендей тарихи қайраткерлердің өмірі
мен қызметі, ерлік істері баяндалады. Іріктеп алынған материалдардың
мазмұны оқушылардың танымын кеңейтіп, тарихтағы адамның рөлін
түсінуге көмектеседі. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи
оқиғалар туралы түсініктерін нақтылай түседі.
5-сыныптағы оқу материалының мазмұны онда берілген ұғымдардың
белгілі бір жүйесі арқылы ашып көрсетіледі. Бұл сыныпта арнаулы термин-
дердің, тарихи ұғымдардың ғылыми толық анықтамасы айтылмайтыны
белгілі. Мысалы, «ғасыр», «біздің заманымыздан бұрынғы», «біздің зама-
нымыз», «тарихи карта», «топонимика», «этнография», «археология», «қазақ»
атауы, «тәуелсіздік» және басқа ұғымдар 10–11 жастағы оқушылардың
көкейіне қонымды түрде жеткізіледі. Сонымен қатар ғылыми негіздегі
мәтіннің түсінуге қажетті белгілері ғана ашылады. Бұлар сол ұғымды
басқа бір жеке не қарама-қарсы ұғымдармен салыстыру арқылы тарихи
құбылыстың
анағұрлым нақты, айқын жағын ашып көрсетуге көмектеседі.
Бағдарлама бойынша «Тарих әлемі» атты бірінші бөлімін оқып-үйренуге
14 сағат бөлінген. Оқулықта тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи карта
туралы алғашқы түсініктерді одан әрі тереңдете түсуге мүмкіндік берілген.
Бірінші бөлімде сонымен қатар білімдік, тәрбиелік және дамытушылық
жағынан маңызды фактілер мен идеяларды сұрыптап алуға ерекше назар
аударылған. Мұнда әсіресе «Отан», «туған өлке», «Қазақстан – менің
Отаным», «халықтар арасындағы татулық пен түсіністік, адамгершілік», т.б.
ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға баса мән берілген.
Жалпы түсініктердің мағынасы жүйелі түрде, тарихи оқиғалар
мен құбылыстарды жай баяндау, әңгімелеу, суреттеу арқылы ашылып
көрсетіледі.
Курстың мазмұны бастауыш білім беру сатыларында «Дүниетану»,
«Ана тілі» пәндерінен алған білімдерін пайдаланып, тарих сабағында
оқушылардың білімін одан әрі тереңдете түсуге жағдай жасалған.
Оқулық мазмұнының екінші бөлімі «Тарихқа саяхат» деп аталады,
оны оқып-үйренуге 24 сағат берілген. Бұл бөлімде сақ тайпаларының өмір-
тіршілігі, Түрік қағанатының құрылуы, белгілі билеушілер, ұлы ғалым
Әбу Насыр әл-Фараби, ортағасырлық қалалардың пайда болуы, өркендеуі,
құлдырауы, қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы,