Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


Қазақстандағы ортағасырлық қалалар



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет20/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

59
Кесте: Қазақстандағы ортағасырлық қалалар

Қалалар
Қай жерде
орналасқан?
Бүгінгі күнге дейін 
сақталған қала
Қалада қандай
тарихи-мәдени
ескерткіш сақталған
1.
2.
3.
4.
Отырар
Сауран
Йасы
Сығанақ
Сабақ соңында: «Қазақстандағы ортағасырлық қалалар сендерге қандай 
әсер  қалдырды?  Ол  қалалар  саған  несімен  ұнады?  Несі  ұнамады?»  деген 
сауалдарға оқушылар жауап береді. 
Үйге тапсырма: §25. «Қазақстанның ортағасырлық қалалары» әңгімесі 
және оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
    
§ 26. моңғол шапқыншылығы
сабақтың мақсаты: моңғолдардың өмірі мен тұрмысы, Шыңғысханның 
шапқыншылық    жорықтары  мен  зардаптары  туралы  түсіндіру.  Отырар 
қаласын қорғаушылардың ерлігін ашып көрсету. Оқушылардың патриотизм, 
елжандылық  сезімдерін  тәрбиелеуге  септігін  тигізу.  Тарихи  оқиғаларды 
оқушылардың дұрыс бағалай білу біліктерін дамыту жұмысын жалғастыру.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтан 
үзінділер. 
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар 
бойынша өткізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қазақ ұлыстары.
2. Моңғол тайпаларының өмірі мен тұрмысы. 
3. Шыңғысхан.
4. Шапқыншылық.
5. Отырарды қаһармандықпен қорғау. 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмесі  не  карта 
бойынша жұмыспен ұштастырылады. 
Қосымша материал:
Мұғалім моңғол тайпаларының өмірі мен тұрмысы туралы баяндайды. 
І.  Есенберлиннің  «Көшпенділер»  еңбегінен  мынадай  үзіндіні  оқушыларға 
оқып  береді: «Шыңғыстан… әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы: 
«Ұлы  мәртебелі  Әлем  әміршісі,  хан  қандай  болуы  керек?»  –   деп  сұрапты. 


60
Шыңғыс: «Хан халқының көңілін табу үшін тақымды болуы керек», – деп 
жауап беріпті.
Шыңғыстың  екінші  баласы  Жағатай:  «Ханды  қайткенде  халқы 
сыйлайды?» – деп сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең, тағың-
нан түспе», – деп жауап беріпті.
Шыңғыстың үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспей-
ді?» – деп сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы 
өзіндей адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», – деп жауап 
беріпті.
Шыңғыстың төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» – 
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай 
алар хан әрқашанда абыройлы болады», – деп жауап беріпті.
Мұғалім  бір  ғана  емес,  бірнеше  деректерден  үзінділер  пайдалана 
алады. Мұндай жағдайда біреуін өзі дауыстап оқып берсе, қалғандарымен 
оқушылармен топ болып жұмыс ұйымдастырады. 
Оқулық  мәтініндегі  сұрақтар  мен  тапсырмалар  бойынша  талдау 
жасалады.
Рөлдік ойын өткізіледі. Оқушылар төрт топқа бөлініп, тапсырма алады. 
Бірінші  топ  оқушылары  «Шыңғысхан»  мәтінімен  танысып,  жоғарыда 
пайдаланылған  жаднама  негізінде  тарихи  қайраткерге  сипаттама  береді. 
Бұл  топтың  оқушыларының  бір-екеуі  Шыңғысхан  туралы  әңгімелейді. 
Шыңғысхан  болып,  оның  қандай  болғаны,  қандай  тарихи  оқиғаларға 
қатысқаны туралы суреттейді. Бұл топтың оқушыларына басқа оқушылар 
төмендегідей сұрақтар қоюы мүмкін:
1. Шыңғысхан қандай адам?
2. Шыңғысхан жорықтарының мақсаты қандай болды?
3. Ол неліктен жорықтарда жеңіске жететініне сенімді болды?
4.  Шыңғысхан  жаулап  алған  елдерге,  адамдарға  қандай  ауыртпашы-
лықтар пен зардаптар әкелді? 
Екінші топ оқушылары «Отырарды қаһармандықпен қорғау» мәтінімен 
танысады.  Бір  оқушы  Қайырхан,  екіншісі  Қараша,  үшіншісі  Шыңғысхан 
болып  рөлге  бөлініп,  сөйлейді.  Әрқайсысы  тақтаға  шығып,  өз  рөлдерін 
орындайды.  Ал  қалған  осы  топтағы  балалар  қала  тұрғындары  рөлдерін 
орындайды, сөз сөйлейді. 
Басқа топ оқушыларының Қайырханға қойған сұрақтары: 
1. Отырар қаласы қандай бекіністі қамал болып салынған?
2. Отырарды қорғау үшін қандай дайындық жұмыстары жүргізілді?
3. Қала тұрғындары қандай ерліктің үлгісін көрсетті?
Қарашаға сұрақ: 
1. Қараша неліктен Отырарға опасыздық жасады?
2. Отанын, елін, жерін сатқан опаcыздың өмірі немен аяқталды?


61
Үшінші  топ  оқушылары  Шыңғысханның,  оның  балалары  мен  неме-
релерінің  (ұрпақтарының)  жорықтары,  шапқыншылық  зардаптары  мен 
ықпалы  туралы  материалдармен  танысады.  Құжаттар  мен  қосымша  мате-
риалға берілген тапсырмалар көлемінде жауап беруге дайындалады.
Үшінші топ оқушыларына басқа топ балаларының сауалдары:
1. Шыңғысханның шапқыншылық жорықтарына сипаттама беріңдер.
2.  Шыңғысхан  шапқыншылығына  қатысушы  (ноян,  нөкер,  сұлтан) 
атынан жорық жайлы әңгімелеп беріңдер.
3. Шыңғысханның замандастары осы кезең туралы не айтуы мүмкін?
Оқушылар назары тақтаға аударылады. Оқушыларға өздігінше картаны, 
оқулықты пайдаланып, кесте толтыру тапсырылады. 
Кесте: XIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мен моңғолдар
сипатты белгілер
Қазақстан
моңғолдар
1. Орналасқан жері
2. Негізгі тарихи оқиғалар
3. Баспанасы, киімі, тамағы
4. Негізгі шаруашылығы
5. Ішкі саясаты
6. Сыртқы саясаты
7. Қорытынды
Оқушыларға  екі  елді  салыстыру  арқылы  олардың  ұқсастықтары   
мен  айырмашылықтарын  табу  біліктерін  дамытуға  мүмкіндік  беріледі. 
Оқушылардың  (өз  қалауы  бойынша)  дұрыс  жауаптары  тақтаға  жазылады. 
Оқушылар кестені дәптерлеріне толтырады.
Сабақ соңында оқушылармен тарихи даталар бойынша диктант өткіз-
ген маңызды. 
Тарихи даталар бойынша диктант:
1. Шыңғысханның билік құрған уақыты.
2. Шыңғысханның Жетісуды басып алуы.
3. Моңғолдардың Отырарды қиратуы.
4. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы.
Сабақты пысықтау барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге  тапсырма:  «Моңғол  шапқыншылығы»  атты  әңгімемен  танысу, 
сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  дайындау.  Оқушыларға  «Менің 
отбасымның  тарихы  –  халқымның  тарихы»,  «Менің  жеті  ата-бабамның 
тарихы» деген тақырыпта өздігінше жазба жұмысын жазып келу, сонымен 
қатар §26-ты оқып келу тапсырылады.


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау