Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет22/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

65
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің Қазақ хандығының құры-
луы  туралы  түсіндірмелі  әңгімесі  мен  оқушылардың  карта  бойынша  жұ-
мысына негізделіп жүргізіледі. 
Сабақта  электронды  оқулық  пайдаланылады  және  бейнефильмнен 
«Қазақ  хандығы»  туралы  үзінді  келтіріледі.  Мұғалім  оқушыларды  алдын 
ала  рөлмен  таныстырып,  түсінік  нұсқау  береді.  Дайындалуға  5–7  минут 
уақыт беріледі.
Оқушылар «Қазақ хандары» туралы рөлдік ойын жүргізеді. 
Ол үшін тақтаға «Тарихи қайраткерге сипаттама» деп аталатын (алдыңғы 
сабақтарда қолданылған) жаднама ілінеді.
Оқушылар  Керей,  Жәнібек,  Қасым,  Есім  хандар  болып  рөлдерге 
бөлінеді.
Жаднама  бойынша  жауап  беру  үшін  оқулықтағы  мәтінмен  және 
«Білімпаздар үшін» материалындағы қосымшалар бойынша дайындалады. 
Мұнда  оқушылардың  сол  тарихи  қайраткердің  бейнесін  жан-жақты  ашып 
көрсетуіне назар аударылады. Оның осы кейіпкерге деген жеке көзқарасын 
нақты,  дәлелді,  логикалық  жағынан  дұрыс,  әсерлі  орындауы  бағаланады. 
Рөлдік  ойыннан  кейін  оқушылар  өздігінен  оқулық  пен  ондағы  қосымша 
материалдарды пайдаланып, төмендегідей кестені толтырады.
Кесте: тарихи қайраткерлер

тарихи қайраткердің
аты-жөні
өмір сүрген  
жылдары
Қандай тарихи 
оқиғаға қатысты?
«Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар» тақырыпшасын оқып-үйрену: 
хан,  батыр,  баһадүр,  бай,  төлеңгіт,  қарапайым  адамдар  туралы  жазылған 
мәтіндегі әр абзацты әрбір оқушы дауыстап оқиды. Осы абзац мәтініндегі 
негізгі ойды тауып, талдау жасалады. Содан кейін тақырып бойынша ауызша 
терминологиялық диктант өткізіледі:
1. Хан дегеніміз кім?
2. Батыр деп кімді айтқан?
3. Бай адам деп кімді айтқан?


66
4. Қарапайым адамдарға кімдер жатады?
Сабақты пысықтау мақсатында оқушылар оқулық бойынша өздігінше 
кесте толтырады.
Кесте: Қазақ хандығына сипаттама

сұрақтар
мазмұны, сипаты
1
Аумағы
2
Хандықтың жағдайы
3
Қазақ хандары
4
Қорытынды
Уақыт қалса «Білімпаздар үшін» материалы оқылады, не үйге беріледі. 
Үйге тапсырма: §28. «Қазақ хандығының құрылуы» әңгімесін түсініп 
оқу және оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу. 
    
§29. Қазақ билері
сабақтың мақсаты: оқушыларды билермен, олардың қызметімен та-
ныстыру,  қазақ  билерінің    халықтың  бірлігі  мен  ынтымағы,  тәуелсіздігі 
жолындағы еңбегін үлгі ретінде ашып көрсету. 
Қазақ халқы билерінің өмірі мен қызметін ашып көрсету арқылы оларға 
деген  үлкен  құрмет  сезімін  тәрбиелеу.  Тарихи  қайраткерлерге  сипаттама 
беру біліктерін одан әрі дамыту жұмысын жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық және 
бейнефильмнен үзінді, оқулықтағы суреттер.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырма-
лар бойынша талдауға негізделіп жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Билер туралы түсінік.
2. Төле би.
3. Әйтеке би.
4. Қазыбек би.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмелі  әңгімесіне, 
оқушылардың бастауыш сыныпта және сабақтан тыс түрлі ақпараттардан 
алған білімдерін пайдалануға негізделеді.
Мұғалім:  «Би  дегеніміз  кім?  Осы  сөзді  қалай  түсінесіңдер?»  –  деген 
сұрақ  қойып,  оған  жауап  алған  соң,  билер  туралы  оқушыларға  алғашқы 
түсінік беріледі.


67
Содан  кейін  оқушылардың  әрқайсысы  электронды  оқулықпен  
(3–5 минут) жұмыс жасайды. 
Билер туралы бейнефильмнен үзінді келтіріледі. 
Үш  бидің  асқан  көрегендігі  мен  азаматтығы  әр  жағынан  жарқырап 
көрінді. Олардың тәуелсіз ел болу жолында жұмсаған қажыр-қайраты жас 
ұрпаққа үлгі. 
Тақтаға  жаднама  ілінеді.  Тарихи  қайраткердің  өмірі  мен  қызметін 
сипаттауға арналған жоспар: 
1. Тарихи қайраткер өмір сүрген кезең.
2. Тарихи қайраткердің қызметі.
3. Тарихи қайраткердің ерекше қасиеттері, өзіндік мінез-құлықтары. 
4. Тарихи қайраткердің үлгілі өмірі мен қызметі. 
Оқушылар  төрт  топқа  бөлініп,  Төле  би,  Әйтеке  би,  Қазыбек  би  және 
«Білімпаздар  үшін»  материалындағы  қосымша  бойынша  оқулық  мәтінімен 
өздігінше оқып танысады. Содан кейін жаднама негізінде әр топ кезектесіп 
жауап  дайындап,  сұрақ-тапсырмаларды  талдап,  тарихи  қайраткерге  сипат-
тама береді. Мұғалім мен бірнеше оқушылардан құрылған сарапшылар тобы 
тарихи қайраткерлерге берілген сипаттаманы бағалап, қорытынды жасайды.
«Тарихи  тұлға»  сайысын  өткізген  де  пайдалы.  Ол  үшін  алдымен  
сарапшы топ (не әділқазылар алқасын) құрамыз. Бұл топ мұғалім мен тарих 
пәніне деген қызығушылығы жоғары балалардан жиналады. Олар сайыстың 
соңында әр оқушының жауаптарына жан-жақты сипаттама беріп, қате пікірі 
болса жөндеп, жұмысқа баға беріп, қорытынды жасайды.
Сыныптағы  оқушылар  бірнеше  (3–4)  топқа  бөлінеді.  Әр  топқа  алдын 
ала бір тарихи тұлғаның мінездемесі, не өмірінен алынған үзінді, не оның 
туындыларынан  үзінді  беріледі.  Әр  топтың  оқушылары  мінездемемен 
танысады  не  оның  өмір  жолынан,  не  жазған  еңбегінен  үзіндіні  тыңдап,  
мінездеме  кімге  берілгенін,  орындалған  үзінді  кімге  арналғанын  анықтау 
үшін  арнайы  уақыт  (3–5  минут)  бөлінеді.  Осы  уақыт  ішінде  әр  топтың 
оқушылары өз тапсырмаларын дайындап, сайысқа түседі.
Сарапшы топ оқушылардың жұмысына баға беріп, қорытындылайды. 
Сабақ соңында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §29. «Қазақ билері» әңгімесімен танысу, сұрақтар мен 
тапсырмаларға дайындалып келу. 
§30. Жеті жарғы
сабақтың  мақсаты:  «Жеті  жарғы»  –  елді  басқарудағы  құқықтық 
ережелер туралы, Тәуке хан туралы мәселелерді оқушылардың жасына сай 
түсіндіру. Әдептілік, тәрбиелілік сияқты түсініктерді ашып көрсету арқылы 


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау