Мұғалім: Оралбекова Ардак Турсынкызы
|
Мектеп: «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ
|
Сынып: 2 «В»
|
Күні: 21.02.2017ж.
|
Пәннің аты
|
Әдебиеттік оқу
|
Бөлім
|
Адам болам десеңіз
|
Тақырыбы
|
Көк кептер
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану,
өзін-өзі тану.
|
Сабақтың мақсаты
|
М.Гумеровтың «Көк кептер» әңгімесіндегі нақты мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсініп, тақырып бойынша өз ойын еркін, әсерлі жеткізуге үйренеді.
|
Күтілетін нәтиже
|
Әңгіме мазмұнын түсінеді және негізгі ойды анықтайды;
Топтық жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойланып, мәнерлі сөйлейді; Өз ойын еркін жеткізуге, өзгенің пікірін тыңдауға үйренеді;
Өздігінен тұжырым жасай білуге төселеді;
Досқа адал болуға, жануарларды қорғауға талпынады.
|
Қолданылған әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, болжау, «Миға шабуыл», «Мозаикалық әдіс», «Кубизм» стратегиясы, «Венн диаграммасы», «Бағдаршам» әдісі.
|
Сабақтың типі
|
жаңа білімді меңгерту
|
Сабақтың түрі
|
аралас
|
Кіріктірілген модуль түрлері
|
1.Оқытудағы және оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Оқыту үшін және оқуды бағалау.
3.Дарынды балаларды оқыту.
4. Оқытуда АКТ қолдану.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері және жоспарланған уақыт
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Дерек көзі мен құрал-жабдық
тар
|
Сыныпта жайлы ахуал қалыптастыру
(2 минут)
|
Төрт бөлікке бөлінген төрт түрлі кептер суретін алу арқылы топқа бөлінуді ұсынады.
|
Төрт түрлі кептер суретін құрастыру арқылы төрт топқа бөлініп отырады.
|
|
Топ ережесін құрып, табыс критерийлерімен таныстыру.
(3 минут)
|
-Топта жұмыс істеу үшін не қажет?
-Қалай жұмыс жасауымыз керек?
-Қалай сөйлеуіміз керек?
Сабақта бірін-бірі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайтынын түсіндіріп, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
Сұрақтарға жауап бере отырып, топта жұмыс істеу үшін тәртіп, белсенділік, кезекпен сөйлеу, өзгенің пікірін тыңдау қажеттігін айтады.
Қызыл
түс
|
Мәтінді толық түсініп, өз ойын жүйелі жеткізеді.
|
Жасыл түс
|
Мәтін мазмұнын біледі, бірақ сәл толықтыруды қажет етеді.
|
Сары түс
|
Тақырып төңірегінде түсінігі бар, ойын жүйелі жеткізе алмайды.
|
|
Қызыл, жасыл, сары дөңгелек
тер.
|
Үй тапсырмасын сұрау
(8 минут)
(3 минут)
(3 минут)
(1 минут)
|
«Миға шабуыл»:
-Біз қандай бөлімді оқып жатырмыз?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
«Кубизм» стратегиясы.
Кубикті лақтыру арқылы топтарға тапсырмалар береді.
Әр топтан оқушылар шығарып, тапсырма орындатады.
-Осы мысал бойынша қандай сурет салар едіңдер?
-Мысал кейіпкерлері: Қияр мен Балықтың бойында қандай қасиеттер бар?
-Бұл қасиеттер адамды қандай етіп көрсетеді?
-«Адамның бәрі жақсы, тек оны жаман етіп көрсететін- мінезі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Осы оқып жатқан бөлім «Адам болам десеңіз». Болжау сұрағын қояды:
-Бұл бөлімде неліктен адам бойындағы жаман қасиеттер туралы шығармалар берілген?
Сергіту сәті
|
Жауап береді:
-Адам болам десеңіз
- «Тәкаппар» мысал-өлеңін түсініп оқу, мысал бойынша сурет салып келу.
1-топ «Балықтың бірінші сөзін оқиды»,
2-топ «Балықтың екінші сөзін оқиды»,
3-топ «Мысалдан сусыз өмір сүргісі келген балықтың жайы суреттелген жолдарды тауып оқиды»,
4-топ «Даңғой» және «Тәкаппар» мысалдарын салыстырады».
Топтар бірін-бірі «Бағдаршам көздері» арқылы бағалайды.
Оқушылар өздері салып әкелген суреттерін қорғайды.
Топтар бағалайды.
Төмендегідей қасиеттерді атайды:
-мақтаншақтық,
-желөкпелік,
-қырсықтық,
-ақылсыздық,
-тәкаппарлық,
-менсінбеушілік
Сұраққа жауап береді.
Жаман қасиеттерді біліп, оларды өз бойына жолатпасын дегендіктен екендігін айтады.
Тап-таза тұнық суда,
Балық жүзіп ойнауда.
Біресе керіледі,
Біресе жиырылады,
Ал бірде құмға тығылады.
|
Маркер, А3 форматы.
Оқушылар салған суреттер.
|
Қызығушылық
ты ояту
(5 минут)
|
-Жаңылтпаштарды кім жаңылмай айтады? Әр топтан бір оқушыдан айту керек.
Жаңылтпаштар қандай құстар туралы?
-Басқа қандай құстарды білесіңдер? Жұмбақтарды шеше отырып, сөзжұмбақты толтырайық.
Қиянға қиын небір,
Салатын ұяны.
Өткір көзі шегір,
Бүргенін құртар тұяғы.
Қулығын асыратын,
Жұмыртқасын өзі баспай,
Басқа ұяға жасыратын.
Жоны қара тақтайдай,
Бауыры аппақ мақтадай.
Мекендейді мұз-қарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды, қашпайды,
Асықпайды, саспайды,
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді.
Қауырсыны құлпырған,
Мың бояулы гүл тұнған.
Мына қара ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.
Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкем мінез жануар,
Ашу қысқан ұдайы.
Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа.
|
Көп көкек көкектеп
Көктен келді,
Көкек кеп, көктеп көк
Көктем келді.
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
Сөзжұмбақты толтырады.
Бүркіт
Көкек
Пингвин
Тоты
Түйеқұс
Қарлығаш
Ортасынан «Кептер» сөзін оқиды.
|
Слайд
Сөзжұмбақ жазылған плакат, маркер.
|
Мағынаны тану
(4 минут)
(7 минут)
(7минут)
|
Кептер туралы не білеміз?
Кептер-бейбітшілік нышаны.
-Олай болса, бүгін М.Гумеровтың «Көк кептер» әңгімесін оқимыз.
Сөздік жұмыс:
Зақпы-рогатка
Мәтінді төрт бөлікке бөліп, әр топ мүшелеріне таратады. 1-бөлік «Шатаққа қалу», 2-бөлік «Күтпеген қорғаушы», 3-бөлік «Ішкі сезім», 4-бөлік «Таусылған төзім».
Мәтінді «Мозайкалық әдіс» арқылы талқылатады.
Топтық жұмыс береді.
1-топ: Мәтіндегі кейіпкерлердің істері жөнінде кестені толтырыңдар.
2-топ: Сұрақтарға жауап беріңдер:
-Нүсіпбектің орнында болсаң қайтер едіңдер?
-Аймағанның орнында болсаңдар қайтер едіңдер?
3-топ: Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттаңдар.
4-топ: Шала-жансар кептерді қалай өлімнен құтқарып қалуға болады?
Не істейтіндеріңді ретімен жазыңдар.
|
Білгендерін айтады.
Бейнематериалды тамашалайды.
Өтетін тақырыптың кептер туралы екендігін айтады.
Суретін көріп не зат екенін түсінеді.
Топтар бөлініп берілген мәтін бөліктерімен танысып талқылайды. Болған соң әр топтан бір оқушыдан тақтаға төрт оқушы шығып мәтінді ретімен әңгімелейді. Мысалы: 1-топ мүшесі «Шатаққа қалу», 2-топ мүшесі «Күтпеген қорғаушы», 3-топ мүшесі «Ішкі сезім», 4-топ мүшесі «Таусылған төзім».
1-топ мүшелері кестені жалғастырып толтырады.
.
-
Мәтін кейіпкерлері
|
Не істеді?
|
Сенің пікірің
|
Көрші әйел-Зияда апай
|
Нүсіпбекке болысып, қорғады
|
Нүсіпбекті жамандыққа қимады.
|
|
|
|
2-топ мүшелері мәтін кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып, алдағы іс-әрекеттерінің қандай болатынын жазады.
3-топ мүшелері Венн диаграммасы арқылы Нүсіпбек пен Аймағанның екеуіне ортақ және ұқсамайтын қасиеттерін жазады.
4-топ мүшелері шала-жансар кептерді өлімнен құтқару үшін не істейтіндерін ретімен жазады.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар бағалайды.
|
https://www.youtube.com/watch?v=shdnEW3rpIw
Зақпы суреті.
Мәтін бөліктері
А4 формат, стикерлер, маркерлер.
Сұрақтар жазылған карточкалар
|
Ой толғаныс
(4 минут)
|
Тақтамен, дәптермен жұмыс.
-Достық туралы мақал-мәтелдер жазып, мағынасын ауызша түсіндіріңдер.
imektep.kz сайты- Бастауыш мектеп бөлімі-Адамгершілік қасиеттер туралы бейнежазба көрсету.
imektep.kz сайты- Бастауыш мектеп бөлімі- «Артығын алып тастау ойынын ойнату.
imektep.kz сайты- Бастауыш мектеп бөлімі- Бос орынды толтықтыр» ойынын ойнату.
|
Әр топ достық туралы мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді.
Адамгершілік қасиеттер туралы бейнежазбаны тамашалайды.
Қисын бойынша артығын тауып, жауаптар қорабына салады.
Сөйлемдердегі бос орындарға төмендегі сөздердің тиістісін қояды.
|
http://imektep.kz/adamgershilik
http://imektep.kz/iw_686
http://imektep.kz/iw_685
|
Үйге тапсырма беру
(1 минут)
|
-«Көк кептер» мәтінін түсініп оқып, мазмұндауға дайындалып келу.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
|
Бағалау, кері байланыс алу.
(2 минут)
|
Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдап, баға қояды.
Смайликтердің астына «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс алады.
|
Топтар бір-бірін бағалайды.
Әркім өзін бағалайды.
Стикерлерге кері байланыс жазып, смайликтердің астына жапсырады.
|
Смайлик
тер, стикерлер.
|