Азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы мамандығына арналған «мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру технологиясының негіздері» ПӘні бойынша зертханалық ЖӘне тәжірибелік сабақтарды орындау үшін әдістемелік нұСҚаулар


Міңгі жылқыларға қостанай, көшім, ахалтеке, дон және буденов тұқымдар жатады



жүктеу 0,67 Mb.
бет4/5
Дата23.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24376
түріСабақ
1   2   3   4   5

Міңгі жылқыларға қостанай, көшім, ахалтеке, дон және буденов тұқымдар жатады.

Көшiм жылқысы өте жақсы дамыған, iрi, жайылымды аса жақсы пайдаланатын мал болып шықты. Жетекшi жылқы зауыттары Көшiм өзенiнiң (Оралға құятын) бойында орналасқан.


Қостанай жылқысы жергiлiктi жерге өте бейiмделген, төзiмдi, жоғары өнiмдi, жылына 85-92% төл беретiн, мiнiске де, жұмысқа да аса мықты, жүйрiктiгi де өте жақсы жылқы малы. Спорттық, еттiк, сүттiк қасиеттерi де жоғары. Ахалтеке тұқымы ат спортының барлық түрiне бейiм аттарды өсiруде қолданылатын бағалы генетикалық қор болып табылады. Тұран елi, түрiкмен халқы құмды-шөлейт, ыстық жерлерде ұдайы көшу, әрi басқыншылық соғыс жағдайында ғасырлар бойы iрiктеу-сұрыптау жұмыстар жүргiзу арқасында дүниеде теңдесi жоқ, ерекше жылқы тұқымын өсiрiп шығарған. Ахалтеке жылқысының сырт көрiнiсi ерекше сұлу, дене бiтiмi өте берiк, қиыншылыққа төзiмдi, өте жүйрiк, нағыз сұлу сәйгүлiк. Сонымен қатар адамға жаны жақын, сезiмтал жылқы. Жылқының басы ашаң, өте жеңiл, ұзын мойны өте сұлу көрiнедi. Ұзындау денесi тұтас сауырға айналып, жiңiшке жiлiншiктерiне түсiп, дөңгелек топайлары арқылы берiк тұяқтарымен бiтедi. Терiсi жұқа, жалы, құйрығы жiбектей жұмсақ. Шөл-шөлейт жерлерге мiнуге өте төзiмдi, жүйрiк жылқы.

Дон және буденов тұқымдар басқа міңгі тұқымдарға қарағанда ірілеу келеді, басы мен мойыны ауыр, сүйектері жақсы дамыған .

Арбаға тез жегілетін жылқыларға орлов пен орыс желігіш және бүкіл желігіш тұқымдар жатады. Қазiргi уақытта орлов жылқысы - әлемдегi ең жақсы тұқымдардың бiрi. Бұл тұқымның дене бiтiсi сымбатты, әрi келiстi, арбаға жеккенде өзiнiң жүрiсiмен көз тартатын жылқы болып табылады. Төлдегiштiгi жоғары, әрi шапшаң. Түстерi сұр, қара, қызыл-сары т.б.

Орыс желiгiшi – iрi, қуаты мол, арбаға тез жегiлетiн, дене бiтiсiнiң гармониялығымен ерекшеленетiн, бұлшықетi жақсы дамыған, қозғалысы нық жылқы. Шапшаңдығы бойынша орловтың жылқыларынан асып түседi.

Ауыр жүк тартатындары аур жүктердi тартуға, әрi басқа да ауыл шаруашылық жұмыстарын орындауға арналады. Қазақстанда олар онша көп тарамаған, бiрақ басқа тұқымдармен шағылыстыру үшiн қолданылады.

Ауыр жегілетін жылқылар жоғары салмақпен сипатталады, өйткені салмақ олардың жүк көтеруінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл жылқылардың тарту күші шаруашылыққа пайдалы белгісі болып табылады. Олар кеңденелі, бұлшық еттері жұмсақ, жақсы дамыған. Аяқтары қысқа, конституциясы сөлекет және борпас. Ауыр жегілетін жылқыларға орыс, совет, владимир ауыр жүк тартқыш тұқымдар жатады.

Жергiлiктi дала жылқыларға қазақ және қырғыз тұқымдар жатады. Қазақстанда өсiрiлетiн жылқылардың iшiнде жылқылардың жергiлiктi популяциясы жылқы шаруашылығында ерекше маңызға ие.

Тапсырма 23. Суреттер бойынша әр типіне жататын жылқылардың дене бітімдерін қарау және дәптерге суреттеу. Жылқының жұмыс күштілігін есептеу.

Жылқыларды арбаға жегу және салт мiну оларды пайдаланудың негiзгi түрi болып табылады. Жылқының жұмыстық сапалығы оның жаттығу дәрежесiне, жасына және денсаулығына байланысты. Жегiлетiн аттардың жұмыстық сапалықтарына жатады: тарту күшi, қозғалу жылдамдығы, атқарылған жұмыстардың көлемi, қуаттылығы және төзiмдiлiгi.

Тарту күшi дегенiмiз жылқының қозғалыс кезiнде туатын қарсылықтарға қарамай арбаны немесе басқалай заттарды тартуы. Тарту күшiн динамометрмен өлшейдi, бiрақ оны профессор А.А.Малигонов ұсынған формула бойынша есептеп табуға болады:



Р = σ/9 + 8 кг, (7)

где, σ - жылқының салмағы

8,9 – тұрақты коэффициенттер

Салмағы 400 кг тартатын жылқының қалыпты тәулiктiк тарту күшi жылқының тiрiлей салмағының 15%-ын, салмағы 500 кг – 14 және салмағы 600 кг - 13%-ын құрайтыны зерттеулер жүргiзудiң нәтижесiнде анықталған. Тарту күшi өте жоғары болса жылқы тез шаршайды.

Жылжыйтын құралдың тарту қарсылықтығы оның конструкциясына, салмағына, жолға және топыраққа байланысты. Түзу жол үшін тарту қарсылықтығы келесі формула бойынша анықталады:

Р=g x f, (8)

где, gарбаның және жүктің салмағы

f жол қарсылығының коэффициенті.

Жол қарсылығының коэффициенттері: жеңіл -02, орташа-0,3, ауыр -0,4.

Жылқы механикалық жұмысының мөлшерін келесі формула бойынша анықтайды:

R = Р х S кгм, (9)

где, Р- тарту күші

S-жол

Транспорт жолдарында жылқының қуаттылығын тон­на-километрмен өлшейді.

Қозғалу жылдамдығы жылқының тез қозғалуына байланысты. Аяңдап жүру кезiндегi қозғалу жылдамдығы сағатына 4-7 шақырымды, желiгiш – 10-12 шақырымды құрайды. Жылқылардың жұмыс iстеу уақытын ұзартса - олар аз шаршайды, тарту күшiн арттырса - тез шаршайды, ал қозғалу жылдамдығын арттырса - қатты шаршайды. Жылдамдықты (км/сағ) келесi формула бойынша анықтайды:



V = s/t км/час, (10)

мұндағы, s- жүрiп өткен жол ,



t- уақыт

Аллюр үшін жылдамдық 4-8 км/сағ, желісті - 10-12 км/ сағ, галоп -20-25 км/ сағ.

Жылқымен өндірілген жұмыс тарту күшіне, қозғалу жылдамдығына және жұмыс ұзақтығына тікелей байланысты және келесі формуламен анықталады:

К= РхS = Р хV х t., (11)
Жылқының қуаттылығы– бұл уақыттың белгiлi бiр бiрлiгiнде атқарылған жұмыстардың көлемi:

N=R/t=P x S/ t= PxU кгм/с, (12)

мұндағы, R – атқарылған жұмыстардың көлемi

t – уақыт.

Қуаттылықтың бiрлiгi болып табылатын жылқының күшi (л.с.) 75 кгм/сек тең. Iрi, салмағы 500 кг тартатын жақсы жылқы қуатталығын жылқы күшiне тең болатындай етiп дамытады, ұсақ жылқылардiкi – 0,6-0,7 ж.к. тең. Шаршаудың дәрежесiне байланысты жылқының қуаттылығы төмендеп отырады. Шаршаудың сыртқы белгiлерiне жатады: терлеу, дене қызуының көтерiлуi, тыныс алуының жиiлеуi, аяғын нық баспау, аяқтарының және бұлшықеттерiнiң дiрiлдеуi, азықтан бас тартуы. Көктемгi және жазғы жұмыстарды көп көлемде атқару кезеңiнде жылқының жұмыс атқару күнiнiң ұзақтығын 10-12 сағатқа қойып, әрбiр 50 минут сайын 10 минуттық үзiлiс жасап отырады.



Тапсырма 24.

1. 8 сағаттың ішінде 5 км/сағ жылдамдығымен қозғалатын 500 кг салмақ тартатын жылқының өндіретін жұмысын (кг/м) есептеу?

  1. салмағы 300 кг арбаға қандай жүкті қоюға болады, егер оған 500 кг салмақ тартатын жылқы жегілгенсе? Қарсылық коэффициенті 0,07 құрады.

  2. тарту күші 25 кг және 13 км/сағ желісімен қозғалатын, тарту күші 55 кг және 4 км/сағ жай басу қозғалатын жылқы қандай қуаттылығымен жұмыс істейді?

  3. Жылқы шананың тарту қарсылығын анықтау (шананың және жүктің салмағы 800 кг, қарсы коэффициенттер: 0,04 (қатты емес аязда салынған), 0,06 (қатты аязда салынған), 0,08 (дұрыс салынбаған).


Тақырыб 10: Жүн, тері және елтіріні есептеу, бағалау, өндіру технологиясы
Қазақтанда барлық қой тұқымдарын олардың негізгі өнімдерінің мінездемесі бойынша келесі топтарға бөледі:

- биязы жүндi қойы - алтай, солтүстік-қазақ мериносы, қазақтың биязы жүндi қойы, қазақ арқар-меринос;

- жартылай биязы жүндi қойы - цигай (ақтөбе типі), кроссбредті етті-
жүнді, қазақ етті-жүнді, дегерес;

- қылшық жүнді - карғалы тұқымдық тобы кілем жүнін береді;

- елтірлікқаракөл;

- етті-майлы - қазақ, еділбай тұқымдары жатады.

Жүн – иіру мен ұйыстыру арқылы көптеген бұйым жасауға жарайтын жануардың жамылғы түгі, өнеркәсіп шикізаты. Жүннің бірнеше ерекше қасиеттері бар: жеңіл, мықты, ұйысқыш, иректі, ұзын, созылғыш, серпімді, иілгіш, жылтыр, бояу жақсы сіңеді, ультра күлгін сәулелер мен ауаны жақсы өткізеді, жылуды жақсы сақтап тұрады. Жүн мата, тоқыма, кілем, киіз бұйымдары жасалатын тамаша шикізат болып табылады.

Қойлардың жүнді жабынының құрамына енетін талшықтардың түріне байланысты жүн биязы, биязылау, қылшық және ұяң деп бөлінеді.

Биязы жүн диаметрі 25 мкн-нан, сапалығы 60-тан аспайтын бірегей түбіттен тұрады. Әдетте оның ұзындығы 6-10 см, бұйра, шайырлы және тығыз келеді. Мұндай жүн биязы жүнді қойдың тұқымдарынан қырқылады. 60-80 сапалықтар, шығымы 40-48 %, ұзындығы 8-10 см.

Биязылау жүн 25 мкн-нан артық, сапалығы 50-ден аспайтын аралық қылшықтан немесе аралық қылшық пен ірі түбіттің қоспасынан тұрады. Ұзындығы 8-15 см, кейбір қой тұқымдарында 25-30 см. Ирегі жоғары, жылтыр, шайыры орташа. Мұндай жүн биязылау жүнді қойдың тұқымдарынан, сонымен бірге қылшық жүнді қойлардың саулықтарын биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарының қошқарларымен шағылыстыру нәтижесінде алынған будандардан қырқылады. Бұл типке биязылау жүннің ерекше түрі – кроссбредті қойлардан қырқылған жүнді жатқызады. Кроссбредті жүн биязы жүнді саулықтар мен етті-жүнді бағыттағы биязылау жүнді қошқарлардың будандарынан алынады. 46-58 сапалықтар, шығымы 55-65 %.

Кроссбредті жүн иректілігімен, созылғыштығымен, жылтырлығымен, жұмсақтығымен ерекшеленеді. Одан тоқыма маталары мен бұйымдары жасалынады.

Қылшық жүннің құрамына қылшық, түбіт, аралық қылшық, кейде өлі қылшық та кіреді. Қылшық жүннің шикізаттық құндылығы түбіті мол болса артып, кем болса төмендеп отырады. 46-48 сапалықтар, ұзындығы 12-17 см, шығымы 60-75 %.

Ұяң жүн аралық қылшықтан және түбіттен тұрады. Қылшық жүнге қарағанда шайырлы, жұмсақ, түбіті мен аралық қылшығы мол, қылшығы жіңішкелеу, әрі жұмсақ келеді. Ұяң жүннен сапалы кілем, тоқыма бұйымдары жасалынады. Ұяң жүн қылшық жүнді саулықтар мен биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарынан алынған будандардан, сонымен қатар кейбір мамандандырылған сараджин, тәжік, дегерес т.б сияқты қой тұқымдарынан қырқылады. 44 сапалығы, ұзындығы 15-19 см, шығымы 70-85 %.

Диаметрі бойынша жүн жіңшкелігінің 13 негізгі сапалығы (32-80) бар. Әр сапасына микрометрмен өлшенетін анық диаметрдің мөлшері сай.

Қой терісі – 5 жастан төмен емес жастағы қойдың терісі. Одан да жас төлдерден алынған терілер қозы терілері деп аталады. Қой терісі тондық, үлбірлік және былғарылық деп бөлінеді.

Тондық қой терісі – жүнінің ұзындығы 2,5 см кем емес қылшық жүнді қойлардан алынады. Жүні біртекті емес, жабағысының сырт көрінісі тұлымданып келген, жабағысы ұзын, ірі қылды, түбітті талшықтардан тұратын терілер. Биязы жүнді қойлар мен қылшық жүнді қойлардың будандарының терісі де осы топқа жатады.

Қылшық жүнді қой терілерінен қаптап ішік, тон, ұзын тұлып, қысқа тон, басқа да жүні ішіне қаратылып тігілген жылы киімдер тігіледі. Бұл терілерге мынадай талаптар қойылады: өңі жұқа, жұмсақ, жеңіл, әрі берік, жүні тығыз, ұйыспайтын болуы тиіс.

Әлемде қалыңдығы бойынша ең жақсы романов қойларының жүнінің 1 мм2 30-40 талшықтан тұрады. Олардан, әсіресе, 5-6 айлық жастағы қозыларынан ең тамаша тондық терілер алынады. Бұл терілердің ерекшелігі – бір қысқа тiрегi 5-10 ұзын түбітті талшықтан тұрады. Мұндай қатынасты терілер еш уақытта ұйыспайды.

Былғарылық қой терісі – бұл топқа жүнінің сапасы нашар, үлбірлік және тон жасауға жарамсыз терілер жатады. Ол негізінен қылшық жүнді қой мен олардың будандары, кейде біртекті (1 см кем) биязы және биязылау жүнді қой терілерінен де құралады. Былғарылық тері алу үшін қырыққаннан кейін әлі жүні өсіп жетілмеген (тықыр) қой терілері, жүні ошағанды, оны тазартуға мүмкін болмайтын қой терілері, қара күйе жеген терілерді, жүн талшықтарының жиду немесе түлеу белгісі бар терілерді және жүнінің басқа да кемістігі бар терілерді пайдаланады.

Сондай-ақ көлемі 35дм2 кем сақа қой терісі, 25 дм2 кем қозы терісі, көлемінің 50%-ң жүні жидеген көтерем қой терісі, өте ұйысып қалған, жүні қысқа, біртекті емес (2,5 см кем) қой терілері стандарт бойынша былғары шикізаты қатарына жатқызылады.

Былғары өнеркәсібінде, негізінен тек, ересек қойлар мен тоқтылардың терісі қолданылады. Сапалы былғары дайындау үшін көбінесе жазда және күзде сойылған қой терілері пайдаланылады. Қой терісінен былғарының «шеврет» деген түрі жасалынады. Жалпы қой терісінің былғарысы басқа малдың (сиыр, ешкі) терілерiмен салыстырғанда өнеркәсіптік сапасы төмен. Сондықтан көбінесе галантериялық, астарлық, басқадай техникалық орындарда қолданылады.

Елтірілер – бұл елтірілік тұқымдарға жататын қойлардың жүнінің жамылғысы бұйра-бұйра 1-3 күндік жасында сойылған қозылардың терілері. Қаракөл типті өте әдемі де сәнді елтірілер қаракөл, сокол, решетил тұқымдарының қозыларынан, сол сияқты қаракөл және қылшық жүнді қойлардың будандарынан алынады. Қаракөл елтірісінің сапасы түсіне, бұйраларының пішініне (ең жақсылары валек және бұршақ пішіндес), қалыңдығына, жылтырлығына және тері аумағына қарай бағаланады.

Елтірінің 90% қара түстен (арави) тұрады. Қара-көк түсті елтірілер бурыл түстес елтірілерге қарағанда жоғарырақ бағаланады.

Қоңыр түсті елтірілер (қамбар) ашық-сары түстен қара-қоңыр түске дейін ауытқиды.

Ақ және қара түсті елтірілер араласқан уақытта сұр түсті елтірі (ширази) пайда болады. Оның түсі ашық-сұрдан қара-сұрға дейін ауытқиды. Сұрлылығы шамалы елтірілер өте сәнді көрінеді. Сұр түстес елтірілер 9% құрайды.

Кез келген елтірі талшықтарының шеті ашық түсті болса, ол сұр деп аталады. Талшықтарының шеті ашық, ал негізі қара түсті елтірілер өте сәнді көрінеді. Талшықтарының негізі қара-қоңыр, күл түстес елтірілер алтын немесе күміс түстес елтірілер деп аталады.

Ақ және қоңыр жүн талшықтарының қоспасы (гулигаз) мен күл түстес елтірілер өте сирек кездеседі.

Ирексіз, теріге жабысқан жүн бөліктері ласалар деп аталады. Елтірінің шетіндегі ласалар оның құндылығын төмендетпейді.

Ауданының көлеміне байланысты елтірілер қалыпты (700 см2 және одан жоғары),ауданы аз (350-700 см2) және жарамсыз (350 см2 төмен) деп бөлінеді.

Кейде қаракөл қойларынан қаракөлше мен жылбысқы елтiрi алынады.


Тақырыбы 11. Тағам жұмыртқаларды өндіру технологиясы
Жұмырқалардың құрамын ақуыз 13 %, майы 12 %, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер (А, В, Д, Е және басқалар) құрайды.

Алғашқы жұмыртқа салу кезеңі тауықтарда 120-180 күн, үйрек пен қаздарда 250-300, күркетауықтарда 200-250 күн жасында басталады. Жұмыртқа өнімділігінің негізгі көрсеткіштері бір мекиеннен алынған жұмыртқалардың саны және олардың салмағы болып табылады. Орташа есеппен 220 жұмыртқа, орташа салмағы 55-65 г; үйректер - 110 жұмыртқа, салмағы 90-100 г; қаздар -25-30 жұмыртқа салмағы 110-200 г, күркетауықтар 70-80 жұмыртқа салмағы 85-110 г табады.

МСТ сәйкес жұмыртқаларды диеталық, жаңа табылғын, салқындатылған және әқтелінген

Диеталық жұмыртқалар – жаңа табылған жұмыртқалар, тұтынышуға 5 күннің ішнде жеткізіледі.

Салқындатылған жұмыртқалар 1-2º температурасында 85-88 % ылғалдылығында 1 айдан артық уақытында сақталады.

-тан төмен температурада 30 күнге дейін сақталатын жұмыртқаларды жаңа табылған деп атайды. Әқ ерітінде сақталатын жұмыртқаларды әқтелінген деп атайды.

Тағам жұмыртқаларды өндіретін мекиендерді 17 ай жасына дейін (жұмыртқа салудың бірінші жылында) ұстайды . Одан кейін бүкіл құстарды етке тапсырады. Құс қорасын тазартады, жуады және дезинфекциялайды. апта Профилактика үзілісі сақа құстарды торларда ұстағанда – 3 апта, еденде ұстағанда – 4 аптаға дейін созылады.

Жұмыртқа өндіруді жоспарлаған кезде келесі көрсеткіштер еспке алынады: валдық жиналым, орташа мекиеннің жұмыртқалағыштығы, құс табынның айналымы, бір құс-орнына есептелетін жұмыртқалардың өндірісі, бастауыш мекиеннің жұмыртқалағыштығы және құс-орындарды пайдалану пайызы.

Орташа мекиеннің жұмыртқалағыштығын анықтау үшін жұмыртқалардың валдық жиналымын және сол мерзімінде мекиендердің орташа бас санын білу керек. орташа бас санын құскүндердің соммасын календарлық күндердің санына бөлу арқылы анықтайды.

Орташа мекиеннің жұмыртқалағыштығын валдық жиналымын орташа бас санына бөлу арқылы табады. Орташа мекиеннің жұмыртқалағыштығын данамен өлшейді және 1 айда, кварталда, жылда анықтайды.



Мекиендердің айналымын анықтау үшін сақа құстардың табына аударылған 5 ай жасындағы жас тауықтардың жалпы санын мекиендердің орташа бас санына бөледі. Бір құс-орнына есептелетін жұмыртқалардың өндірісі жұмыртқалардың валдық жиналымын құс-орындар санына бөлу арқылы есептеледі. Құс-орындар пайдалану көрсеткіші – бұл орташа бас санының құс-орын санына ара-қатынасы.

Тапсырма 25. 30 мың бас құс қорасындағы жұмыртқа өндірісін, мекиндердің орташа бас саны және орташа мекиеннің бір жылдың жұмыртқалағыштығын есептеу. Құс қорасы өткен жылдың желтоқсан айында комплекттелген және 2010 жылдың 1 қантарында құстың жасы 5 ай құрайды.

Бір айдың орташа бас санын жеңіл тәсілмен анықтаңдар, айдың басында және аяғында бас санын екіге бөлу арқылы.

Бір жылдың орташа бас санын жоғарғыдай анықтау, 12 айдың орташа бас санының соммасын он екіге бөлу арқылы.

Есептерді 18 кестеде көрсетілген форма бойынша шығару.

Есеп шығарғаннан кейін тапсырма бойынша қорытынды жазу.



Кесте 18 - 30 мың бас тауық қорасындағы бас санның және жұмыртқа өндіруінің өзгеруі


Ай



Жасы, ай



Айдың басында құс саны



Айдың ішінде шығарылды

Айдың орташа бас саны



Орташа мекиеннің жұмыртқал.,

дана



Валдық жиналым (мың дана)



%

бас

I

5-6

30000

1,5

450

29775

6




II

6-7

29550

1,5







16




ІІІ

7-8




1,5







21




IV

8-9




1,5







24




V

9-10




1,5







24




VI

10-11




1,5







23




VII

11-12




2,0







21




VIII

12-13




2,0







20




IX

13-14




2,0







19




X

14-15




3,0







17




XI

15-16




3,0







16




XII

16-17




3,0







15




Бір жылда







100

30000











жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау