Азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы мамандығына арналған «мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру технологиясының негіздері» ПӘні бойынша зертханалық ЖӘне тәжірибелік сабақтарды орындау үшін әдістемелік нұСҚаулар



жүктеу 0,67 Mb.
бет1/5
Дата23.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24376
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясының кафедрасы
Л.Б.Здерева, Г.И.Шайкамал
050727 - АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қостанай, 2010



Авторлар:

Здерева Людмила Байзакқызы, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент

Шайкамал Гүлшат Иманжанқызы, аға оқытушы
Рецензенттер:

Муратов Асқар Аронұлы, аыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚИЭУ-тегі стандартизация бойынша 44 «Технолог» техникалық комитетінің төрағасы


Здерева Л.Б., Шайкамал Г.И.


050727 - азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығына арналған «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының негіздері» пәні бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2010. – 35 б.

Оқу-әдістемелік құралда «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының негіздері» пәні бойынша негізгі тақырыбтар қарастырылған. Ет және сүт өндіру технологиялық процесстеріне, ауыл шаруашылық малдарының әр түрлі өнімдліктеріне, есеп жүргізу әдістемесіне ерекше назар аударылды.


Технология мамандықтарының студенттеріне арналған, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша сабақтарды жүргізу кезінде жоғары оқу орындарының оқытушыларына ұсынуға болады.

Ветеринария және азық-түлік өнімдірінің технологиясы факультетінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітілген, ____________ 20__ ж. хаттама № ____.


© А.Байтурсынов атындағы Қостанай

мемлекеттік университеті, 2010

Мазмұны



Тақырыбы 1:

Ауылшаруашылық малдарының конституциясы мен экстерьері ...................................................................................

4


Тақырыбы 2:

Малдардың жасын және тірі салмағын анықтау технологиясы ………………………………………………….

7


Тақырыбы 3:

Малдардың өсуін және дамуын есептеу технологиясы ........

8

Тақырыбы 4:

Азықтар және малдарды азықтандыру технологиясы …….

10

Тақырыбы 5:

Сиырлардың сүт өнімділігін бағалау және есеп жүргізу технологиясы ............................................................................

13


Тақырыбы 6:

Ет өнімділігін бағалау және есеп жүргізу технологиясы .....

15

Тақырыбы 7:

Ірі қара малдардың төлдерін бордақылау технологиясы және етке өткізу .....................................................................

19


Тақырыбы 8:

Сүт сапасын бақылау технологиясы ………………………..

21

Тақырыбы 9:

Қожалық шаруашылықтарында жылқыларды қолдану технологиясы ......................................................................

24


Тақырыбы 10:

Жүн, тері және елтіріні есептеу, бағалау, өндіру технологиясы .............................................................................

28


Тақырыбы 11:

Тағам жұмыртқаларды өндіру технологиясы .........................

30

Тақырыбы 12:

Жұмыртқаларды инкубациялау технологиясы ………………….

32

Тақырыбы 13:

Құс етін өндіру технологиясы ………………………………..

33

Қолданылған әдебиеттердің тізімі ......................................................................

35


Тақырыбы 1: Ауылшаруашылық малдарының конституциясы мен экстерьері

Сабақтың мақсаты: ауылшаруашылық малдарының дене бітімдерімен және ақауларымен танысу, әр түрлі малдардың дене бітіміндегі ерекшеліктерін оқу; өлшеу құралдардың құрылысымен және қолдану техникасымен, ауылшаруашылық малдарының негізгі өлшемдерімен танысу. Малдардың экстерьерін өлшеу арқылы бағалау үйрену.

Малдардың негізгі ақауларына және кемшіліктеріне назар аудару қажет.

Тапсырма 1. Сабақта жұмыс дәптерлеріне малдардың (сиыр, жылқы, шошқа, қой, әтеш және т.б.) суретін салып дене бітімінің топографиясын зерттеу: бөлек дене бітімдерінің шеқараларын анықтау және тізімге сай келетін сандарын қою.

Тапсырма 2. Тапсырманың мақсаты – ең кең тараған дене тұлғасының ақаулармен және кемшіліктермен, конституцияның әлсіз болуы: тұрпайы және дамымаған бас, биік, тар, кең шоқтық, кең және жон кеуде, алдынғы аяқтарының жақың тұрқысы, артқы аяқтарының қисық және түзу тұрқысы, түзу арқасы мен белі, түсіп қалған арқасы мен белі, сүйір шоқтығы, түсірінкіріген арты және т.б., оларды дұрыс емес жолмен қолдануымен танысу.

Осы тапсырмаларды орындауға 2 сағат беріледі.

Тапсырма 3. Өлшеу құралдардың құрылысымен және қолдану техникасымен танысу, ауылшаруашылық малдарының негізгі дене өлшемдерін окып білу.

Малдың экстерьерін бағалау түрлі әдістермен жүргізіледі. Ең көп тарағаны көз мөлшермен бағалау. Бұл жағдайда жалпы түрі мен дамуын, дене тұлғасының сәйкестілігін, тұқымның ерекшелігінің көзге ұрынуын және де басқа жеке мүшелерді бағалайды. Ол үшін малдың әр түрін бонитирлау нұсқаулығында көрсетілген арнайы шкалаларды қолданады. Экстерьерді бағалаудың объективті және нақты әдісі малды өлшеу болып табылады. Өлшемдер негізінде малдың дене тұлғасы жайлы бағам беріп және оны өзара салыстыруға болады. Өлшемді мал денесінің белгілі бір нүктелерінен алады. Малды өлшемнен өткізу оның экстерьерін бағалау ғана емес, жас төлдің өсуі мен дамуын да қадағалауға мүмкіндік береді.

Малдардың дене өлшемдерін шешу үшін арнайы өлшеу құралдарды қолданады: Лидтин өлшеуіш таяғы, Вилькенс циркулі, өлшеуіш таспа.

Барлық құралдарда сантиметрмен өлшенетін бөліктеррі бар. Есеп 1 см-ға дейін дәлелдігімен жүргізіледі.

Өлшеуіш таяқ – ағаштан жасалған немесе метрикалық, іші бос болады, ішінде темір жылжыйтын таяғы бар. Ашылған кезде ұзындығы 120 см, ішкі бөлімінің таяғы 100 см-ға дейін жетеді.

Есеп жоғардан төменге қарай жүргізіледі.



Өлшеуіш циркуль – темір, жартыдөңгелекті аяқтарының екі шетінде малды ауыртпау үшін дөңгелектер бар.

Таспа матадан жасалған, ұзындығы 3-5 м, дене орамын өлшеу үшін арналған.

Экстерьерді бағалауда тәуліктің жарық кезінде, арнайы алаңда, малды дұрыс қойып суретке түсіруді де қолданады.

Өлшемдерді шешу алдында құралдардың жөндеуін, жұмысқа дайындығын және дәлілдігін тексереді.

Малдың экстерьерін бағалаудағы маңызды өлшемдер төменде келтірілген.


Ірі қара малдар үшін:

  1. Бас ұзындығы (циркульмен)

  2. Маңдайының ұзындығы (циркульмен)

  3. Маңдайының кеңдігі (циркульмен)

  4. Шоқтық тұсының биіктігі (таяқпен)

  5. Арқа ұзындығы (таяқпен)

  6. Бел ұзындығы (таяқпен)

  7. Құйымшақ тұсының биіктігі (таяқпен)

  8. Шонданай төмпесінің биіктігі (таяқпен)

  9. Кеуде тереңдігі (таяқпен)

  10. Дене тұлғасының қисық ұзындығы (таяқпен немесе таспамен)

  11. Артқы жағының ұзындығы (циркульмен).

  12. Кеуде кеңдігі немесе жауырын сыртындағы кеуде енділігі (таяқпен)

  13. Мықын тұстағы артқы енділік (циркульмен).

  14. Ыңыршық төмпешігі тұстағы артқы енділік (циркульмен).

  15. Кеуде орамы (таспамен)

  16. Сирақ орамы (таспамен)


Жылқылар үшін:

  1. Шоқтық тұсының биіктігі

2. Құйымшақ тұсының биіктігі

  1. Кеуде тереңдігі

  2. Жауырын сыртындағы кеуде ауқымы

  3. Дене тұлғасының қисық ұзындығы

  4. Бас ұзындығы

  5. Маңдай ұзындығы

  6. Бас кеңдігі (ең кең жері)

  7. Мықын тұстағы артқы енділік

  8. Сирақ орамы

Жылқы өлшемін жасағанда көбіне төрт өлшем алады: шоқтық тұсының биіктігі, дененің қөлбеу ені, жауырын сыртындағы кеуде ауқымы және азу ауқымы. Жылқының дене пішімін сипаттау үшін осылар толығымен жеткілікті.
Шошқалар үшін:

  1. Шоқтық биіктігі

  2. Кеуде орамы

  3. Кеуде кеңдігі

  4. Кеуде тереңдігі

  5. Дене ұзындығы


Қойлар үшін:


  1. Шоқтық биіктігі

  2. Арқа биіктігі

  3. Құйымшақ биіктігі

  4. Кеуде кеңдігі

  5. Сербектердің кеңдігі

  6. Сирақ орамы

  7. Дене тұлғасының қисық ұзындығы

Малдардың экстерьерін салыстыру үшін дене тұлғасының индексін есептеп шығарады. Индекс дегеніміз - бір өлшемнің екінші өлшемге пайызбен келтірілген арақатынасы. Индексті есептеуге алынған өлшемдер өзара анатомиялық байланысты болуы қажет.

Өлшемдерді кейбір өлшемдер бойынша малдың стандарттан ауытқуын көрсететін экстерьерлік профилін құрастыруға да қолданады. Экстерьерлік профильді малдың бір тұқымға жататын кейбір топтары мен типтерінің дене тұлға ерекшеліктерін сипаттауға пайдаланады.
Тапсырма 4. Сиырлардың өлшемдерін Мемлекеттік асылтұқымды кітапта (МАК) жазылған мәліметтермен салыстыру және экстерьерлік профильді құру. Қырдың қызыл (сүт бағыттағы) тұқымына жататын сиырдың өлшемдерін 100%, ал симментал (аралас, сүтт-етті бағыттағы) мен қара-ала (сүтті) тұқымдырын – Х деп есептеу. Тапсырма бойынша сиырлардың өнімділік бағыттарына байланысты қорытынды жазу.
Кесте 1 - Әр түрлі тұқымына жататын сиырлардың дене өлшемдері


Тұқым

Бұзаулау жасы

Шоқтық биіктігі

Құйымшақ биіктігі

Кеуде тереңдігі

Кеуде кеңдігі

Сербектер

дің кеңдігі




Кеуде орамы

Дене тұлғас қисық ұзындығы

Сирақ орамы

Қырдың қызыл

3

127

132

67

40

48

182

152

19

Қара-ала

3

132

138

68

41

50

179

158

18,5

Симментал

3

133

137

69

44

50

188

159

20

Кесте 2 – Сиырлардың негізгі дене өлшемдері




Тұқым

Бұзаулау жасы

Шоқтық биіктігі

Құйымшақ биіктігі

Кеуде тереңдігі

Кеуде кеңдігі

Сербектер

дің кеңдігі




Кеуде орамы

Дене тұлғасының қисық ұзындығы

Сирақ орамы

Қырдың қызыл

3

127

132

67

40

48

182

152

19

Қара-ала

3

132

138

68

41

50

179

158

18,5

Симментал

3

133

137

69

44

50

188

159

20

+6




























+5




























+4




























+3




























+2




























+1




























100%




























-1




























-2




























-3




























-4




























-5




























-6


































Ш.Б.

Қ.Б.

К.Т.

К.К.

.К.

К.О.

Д.Т.Қ.Ұ

С.О.


Тақырыб 2: Малдардың жасын және тірі салмағын анықтау технологиясы
Сабақтың мақсаты: Жануардың жасын және дене өлшемдер бойынша малдың тірі салмағын анықтау техникасын меңгеру.

Малдың тірі салмағы таразыда анықталады. Егер таразы болмаса, дене өлшемдер бойынша анықталады. Ірі қара малдарда сақа малдың тірілей салмағын дене өлшемдер бойынша, төмендегі формула арқылы анықтайды:

и АхВ V 100 (1)

қайда, М- малдың тірілей салмағын, кг;

А – кеуде орамы, см;

В-дене тұлғасының түзу ұзындығы (таяқпен), см;

К- түзеу коэффициенті (2,5).



Малдың қондылығына қарай есеп көрсеткішін жоғары қондылығында 5-10 % жоғарлатады, ал төмен қондылығында 5-10 % төмендетеді.

Жылқының тірі салмағын келесі формула бойынша анықтайды:

У = 6 х-620 (2)

қайда, У – тірі салмақ, кг;

Х - кеуде орамы, см.

Жас анықтаудың ең нақты әдісі малдың туған күнін жазу болып табылады. Жазбалар жоғалтса ірі қара малдардың жасы мүйіз және тістер бойынша анықтайды. Сиырдың жасын мүйіздегі сақиналарына қарап анықтайды. Алғашқы рет бұзаулаған сиырдың мүйізінде сақина қалыптасады және бұзаулаған сайын сақиналар қосылады. Сиырдың жасын анықтау кезінде мүйіз сақиналарының санына алғашқы рет ұрықтандыру жасын (1,5-2 жыл) қосады.



Малдың жасын тісіне қарай тіс жүйесінің өзгерістері бойынша анықтайды.

Тапсырма 5. Малдың тірі салмағын анықтау үшін мал денесінің белгілі нүктелерін окып зерттеу және 3 кестеде берілген форма бойынша жазу.
Кесте 3 – Дене өлшемін алу нүктелер


Дене өлшемдердің көрсеткіштері, см

Өлшем, см

Өлшеу құралы

Тірі салмағы, кг

Кеуде орамы










Дене тұлғасының түзу ұзындығы











5 тапсырманың шарттары:

Симментал тұқымына жататын он сиырдың тірі салмағын анықтап, дәптерге жазу.

  1. Дене тұлғасының түзу ұзындығы 150,149,151,148,155,157,154,152,158 см құрады.

  2. Кеуде орамы: 188,190,180,181,182,183, 187,189,184,185 см.


Тапсырма 6. Жасын анықтайтын әр түрлі тәсілдерін қолдану кезінде белгілерді окып зерттеу.

жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау