Тақырыбы 12: Жұмыртқаларды инкубациялау технологиясы
Инкубация нәтижесіне келесі факторлар әсер етеді: ата-аналық табынның азықтандыру және күтіп бағу жағдайлары, инкубацияға дейінгі жұмыртқалардың сақталу мерзімдері, жұмыртқаның салмағы, формасы, қауыздың сапасы, жұмыртқалардың биохимиялық қасиеттері. Сөйтiп, жұмыртқалардың биологиялық құндылығы мен инкубациялау режимi шығарылған балапандардың саны мен сапасын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.
Инкубаторға салу алдында жұмырттқаларды 5 күннен ұзақ сақтауға болмайды. Жұмыртқаның піспеуі туралы ауа камерасының молшеріне қарап анықтайды. Жаңа табылған жұмыртқасында ауа камерасының өлшемі 2 мм, 10 күндігінің - 3-5 мм, 20 күндігінің - 7-8 мм және ескі жұмыртқаларында 13 мм және одан да көп болады.
Инкубациялық жұмыртқалардың сапасына қойылатын талаптар: Тауық жұмыртқалардың салмағы - 52 г, ауа камерасының диаметрі воздушной 18 мм артық емес, жұмыртқалардың ұрықтандырылуы - 90 % кем емес, балапандардың аман саталуы - 70 % кем емес; жұмыртқа пішінінің индексі - 134; ақуыз және сарыуыз салмақтарының қатынасы - 2:1.
Құстардың түрлері бойынша салмақ келесі шамасында болу қажет: тауықтардың - 55-65 г, үйректердің - 90-100 г, күркетауықтардың - 85-110 г, қаздардың - 110-200 г. Өлшеу кезінде ВЛТК -500 таразын қолданады.
Жұмыртқалардың әр түрлі ақауларын және дефекттерін анықтау үшін оларды овоскопта қарайды. Бақылау кезінде қауызының бүтіндігіне, оның түс қалыптығына, ауа камерасының мөлшеріне және орналастыруына, сарыуыздың түсіне және орналастыруына, градинкалардың бүтіндігіне назар аударады.
Қауыздары жарылған, ауа камерасы үлкен, градинкалар үзілген, сарыуыз бен ақуыз орнынан қозғалған, қан сақинасымен жұмыртқалар инкубацияға жарамайды.
Жұмыртқаны жарған кезде сарыуыздың үстінде ұрық дисктің диаметрі 4-5 мм болса жұмыртқа ұрықтандырылған, 2-3 мм болса ұрықтандырылмаған деп саналады. Ақуыз, сарыуыз және қауыз эмбрионның дамуына әсер етеді, сондықтан жұмыртқаның сапасы осы бөліктердің ара қатынасына тікелей байланысты.
Сонымен жұмыртқада қауыз - 12 %, ақуыз- 56 %, сарыуыз- 32 % болу қажет.
Жұмыртқаларды инкубациялау үшін келесі икубаторлар типтерін қолданады: Универсал - 45, Универсал - 50, Универсал - 55, ИКП -90 «Кавказ». Инкубация режимі: температура- 37,5°С, қолайлы ылғалдылық -50%, тәулігіне жұмыртқа салынған лотоктарды бұрылу саны -24 рет.
Жұмыртқаларды бақылау овоскоптауды 24 сағаттан кейін: тауықтардың 7,11,19 инкубация күндеріне; үйректердің және күркетауықтардың - 7,12,25 күндеріне; қаздардың 36 сағаттан кейін, 8,13,29 инкубация күндерінде өткізеді. Ұрырықтанбаған жұмыртқаларды алып тастайды.
Инкубация ұзақтығы: тауық жұмыртқалардың 21 күн, үйректердің, күркетауықтардың, бөденелердің -27 күн, қаздардың -31 күн.
Тақырыбы 13: Құс етін өндіру технологиясы
ҚР құс шаруашылығында жұмыртқа, жұмыртқа-етті, етті бағытындығы тұқымдар кең тараған: тауықтардың - леггорн, орыс ақ, корниш, плимутрок; күрке тауықтардың – ақ және қола кеңкеуделі; үйректердің - пекин және қаздардың – шадрин тұқымы.
Бройлерларды етке өндіру кезінде ірі партиялармен бір жасты еденде және торлы батареяларда өсіреді
Бройлер етінің валдық өндірісін сою алдындағы орташа салмағын бір жылда өсірілген бролерлардың санына (кәсіпорынның өндірістік күші) көбейту арқылы табады.
Есеп шығарған кезде 19 кестеде көрсетілген бройлер өсірудің технологиялық нормаларын қолдану қажет .
Кесте 19 - Бройлерларды әр түрлі әдіспен өсірудің технологиялық нормативтері
Көрсеткіштер
|
Өсіру әдісі
|
еденде
|
клеткада
|
1 м2 бөлімшеде отырғызу тығыздығы, бас
|
18
|
20-45
|
Өсіру мерзімі, апта
|
9
|
8
|
Бройлердің аман сақталуы , %
|
95
|
98
|
Өсіру соңында бройлерлардың тірі салмағы, кг
|
1,5
|
1,6
|
Тірі салмағының 1 кг өсіміне жұмсалған азық шығыны, кг
|
2,9
|
2,7
|
1 құс қораның сыйымдылығы, мың бас
|
15
|
20
|
Сою алдында құсты аш диетада 12 сағат ұстайды (просидка – отырғызғыш).
Құсты өңдеу процесіне ұрым жығып, қансыздандыру, қауырсындарды тазарту, дәрет, тазарту, сорттау және маркирлеу кіреді.
Құстың ярем тамырларын кесіп қансыздандырады. Қауырсынды 40-45 сек 52-54° температурасында ыстық сумен ылғалдандырудан кейін тазартады. Қолмен тазарту келесі операциялардан тұрады: құйрық қауырсындардан, арқа, кеуде, мойыннан мамықтарды тазарту. Сойылған құсты тазартылмаған, тазартылған және жартылай тазартылған түрде өндіреді.
Мамақтар мен қауырсындарды қаннан тазартады, жуады, кептіреді және қапшықтарға салып қояды.
Тапсырма 26. Құсты әр түрлі әдіспен өсірудегі бройлер етінің валдық өндірісін есептеу.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
1. Животноводство. Под ред. Е.А. Арзуманяна. – Учебное пособие. – М.: Колос, 1978
2. Найманов Д.К. Мал шаруашылығы. Оқу құрал.- Қостанай, 2007 ж. 240 б.
3. Красота В.Ф. и др. Разведение сельскохозяйственных животных.- М.: Агропромиздат, 1990.
4. Александров А.Ф. и др. Практикум по животноводству.- М.: Колос, 1984. – 256 с.
5. Табакова Л.П. Частная зоотехния и технология производства продукции животноводства. – М.: Колос С, 2007. – 319 с.
6. Мурусидзе Д. Н., Левин А.Б. Технология производства продукции животно-
водства. – М.: Агропромиздат, 1992. – 222 с.
7. Алимжанова Л. В. Молочное дело. Алматы: Кайнар,1997.
8. Есенеев Т. К. Технология производства, переработки и экспертиза ка-
чества проду ктов животноводства. Кокшетау. КГУ 2004. – 107 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |