Азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы мамандығына арналған «мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру технологиясының негіздері» ПӘні бойынша зертханалық ЖӘне тәжірибелік сабақтарды орындау үшін әдістемелік нұСҚаулар


Тақырыб 5: Сиырлардың сүт өнімділігін бағалау және есеп жүргізу технологиясы



жүктеу 0,67 Mb.
бет3/5
Дата23.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24376
түріСабақ
1   2   3   4   5

Тақырыб 5: Сиырлардың сүт өнімділігін бағалау және есеп жүргізу технологиясы
Сиырлардың сүт өнімділігі лактацияның 305 күнінде 10 күнде 1 рет немесе айына 2 рет бақылау сауу өткізу негізінде бағаланады. Осы тәсілдерді қолдану негізінде бірінші жағдайда сүт сауымын 10-ға көбейтіп, екінші жағдайда 15-ке көбейтеді. Үш көрсеткіштің соммасы, ал екінші жағдайда көбейтіп шығарған орнектердің нәтижесі лактация айының сүттілігі немесе сауымы болып табылады.

Тауарлы табындарда бақылау сауымын айына бір рет өткізеді. Осы жағдайда сүттілігін 30-ға азайтып бір айының сауымын анықтайды. Айлардың сүт саумдарының қосындысы лактация бойынша сүттілігін көрсетеді. Лактациядағы сиырдың сүттілігін анықтау дәлелділігі бақылау сауымын өткізу реттілігімен анықталады.

Сүттілікпен бірге лактациядағы сүт майының мөлшерін (кг) және сүт майлылығын ( %) есептейді.

Сүттегі май пайызын айынның соңында бір рет бақылау сауымын өткізу кезінде Гербер қышқылды әдіс бойынша анықтайды. Лактациядағы сүттің орташа майлылығын анықтау үшін әр айының сауымын майдың пайызына көбейтіп бір пайыздық сүтін шығарады. Лактация бойынша бір пайыздық сүттің қосындысын 305 күнінде сауылған сауымына бөледі және орташа май пайызын анықтайды. Бір пайыздық сүттің соммасын 100 бөлгенде (1% сүттің 100 кг-да 1 кг май кіреді) лактациядағы сүт майының мөлшерін шығарады.

Екі сиырдың бақылау сауымының мәліметтері 8 кестеде көрсетілген.



Тапсырма 11. 8 кестенің мәліметтері бойынша орындалады.

а) Айына 1 рет бақылау сауымдары бойынша лактациядағы сүт сауымын анықтау.

б) бір- және екіреттік бақылау сауымын өткізу кезіндегі Астра мен Аурика арасында лактация сүттілігінің айырмасын анықтау.

Қорытындыны жазу.

Таблица 8 - Бақылау сауымының нәтижелері




Лактация айы

Сиырдың аты

Айына 2 рет өткізілетін бақылау сауым

Айына 2 рет өткіз. бақылау сауым

1 күні

15 күннің сауымы

15 күні

15 күннің сауымы

бір айдың сауымы

30 күні

бір айдың сауымы

1

Астра Аурика

25

24





26

21







21

22





2

Астра Аурика

25 22




26

23








25

24





3

Астра Аурика

21

23





20

24








22

23




4

Астра Аурика

17 19




19

20








20

21





5

Астра Аурика

22 18




18

17








17

16





6

Астра Аурика

18 19




17

16








15

14





7

Астра Аурика

14 16




15

12








13

12





8

Астра Аурика

12 13




11

12








11

10




9

Астра Аурика

12 10




11

10








11

10





10

Астра Аурика

9

8





6

7








8

7





Лактация бойынша сауым

Астра Аурика






















Айырма

Астра Аурика



















-


Тапсырма 12. Жылының бір пайыздық сүт бойынша лактациядағы орташа пайыз майын және сүт майының мөлшерін есептеу. Тұқымдар арасында май пайызының және май мөлшерінің айырмасы бойынша қорытынды жасау.

Мәліметтерді 9 кестеге толтыру.
Таблица 9 – Қырдың қызыл және симментал тұқымдарының сиырларда сүттілігі мен сүт майлылығының өзгерістері


Лактация айы



Симментал

Қырдың қызыл

сүттілік, кг

сүт майы,%

1% сүт

сүттілік, кг

сүт майы,%

1% сүт

I

740

3,8




680

3,7




ІІ

650

3,9




666

3,6




III

580

4,0




651

3,8




IV

497

4,1




600

4,0




V

510

4,2




550

4,1




VI

488

4,3




460

4,2




VII

460

4,4




471

4,3




VIII

380

4,4




362

4,4




IX

375

4,5




291

4,5




X

271

4,7




242

4,6





Тақырыб 6: Ет өнімділігін бағалау және есеп жүргізу технологиясы
Сабақтың тақырыбы - ет өнімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштерін – сойыс салмағын, сойыс шығымын, ұшадағы жеуге жарайтын және жеуге жарамайтын бөліктерінің ара қатынасын (еттілік коэффициентін), азықты өсімімен төлеу есептеуге студенттерді үйрету.

Ол үшін әр түрлі малдың жынысына, тұқымына және жасына қарай бакылау сойысы бойынша сан мәліметтерді қолданады.



Ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері сойыс салмағы мен сойыс шығымы болып табылады. Основными показателями мясной продуктивности животных являются убойная масса и убойный выход.

Сойыс салмағыбұл қаннан тазартылған , басы, терісі, ішкі құрылымы және аяқтары жоғарғы буынға дейін жоқ ет салмағы.

Сойыс шығымдылығы – сойыс салмағының сою алдындағы салмағына пайызбен есептелген қатынасы. Ең жоғары сойыс шығымдылығы шошқаларда – 75-82 пайыз. Ірі қара малдың сойыс шығымдылығы семіздігіне байланысты 50-65 пайыз болады.

Оның сыртында, малдардың сапаларын бағалау кезінде тезжетілгіштігін, бордақылауға жарамдылығын және еттің сапасын есептейді.

Мал өсу көрсеткішінің бірі - тәуліктік өсім. Ең интенсивті төлдер өседі, олардың өсім өлшеміне аз азық жұмсалады.

Сойыс шығым тұқымға, жынысына, жасына, семіздігіне және басқа да факторларға байланысты. Ірі қара малдардың, қойлардың, ешкілердің және шошқалардың сойыс салмағына қаннан тазартылған, басы, терісі, ішкі органдар (бүйрек майымен кірмейді) және аяқтары жоғарғы буынға дейін жоқ ет салмағы жатады.

Құстарда сойыс салмақ ұшаларды сою кейінгі өңдеуге байланысты

Ең жақсы сойыс шығымы мен еттің сапасы малдардың мамандандырылған ет тұқымдарында болады. Олар жоғары тезжетілгіштігімен, жақсы дамыған бюұлшық ет пен майымен, еттің шырындылығымен және нәзіктілігімен сипатталады. Солтүстік Қазақстанда қазақтың ақ бас және әулиекөл етті тұқымдарын өсіреді.

Зерттелетін тақырыпты меңгеру үшін кестенің мәліметтері бойынша сойыс шығымын; азықты өсімімен төлеу - өсіру мерзімінің азық шығымдарын сойыс салмағына бөлу арқылы; жеуге жарайтын бөліктерінің шығымы және еттілік коэффициентін есептеп шығару.



Тапсырма 13. 10 кестенің мәліметтері бойынша қалмақ, қазақтың ақ бас, герефорд, шортгорн және шароле етті тұқымдардың 18 ай жасында сойыс салмағын, сойыс шығымын, еттілік коэффициентін және азықты өсімімен төлеу көрсеткіштерді анықтау. Етті тұқымдар бұқалардың ет өнімділігі және оларды етке өсіру тиімділігі туралы қорытынды жазу.
Кесте 10 – 18 ай жасындағы етті тұқымдарға жататын бұқалардың ет өнімділігінің өзгеруі


Көрсеткіш



Малдың тұқымы

қалмақ

қазақтың ақ бас

герефорд­

шортгорн

шароле

Сойыс алдындағы салмақ, кг

525

538

561,7

534

566

Ұшаның салмағы, кг

290

304,4

327,7

294

337,4

Іш майының салмағы, кг

243

252

193

28,7

123

Сойыс салмағы, кг
















Ұшадағы еттің құрамы, %

79,3

80,5

81,1

79,4

82,2

Сойыс шығымы, %
















Ұшадағы сүйек құрамы, %

20,7

19,5

18,9

20,6

17,8

Еттілік коэффициенті, кг
















Азық шығымы, азық өлшемі, кг

2750

2560

2340

2270

2150

Азықты өсімімен төлеу, азық өлшемі кг

















Тапсырма 14. 11 кестенің мәліметтері бойынша әр түрлі азықтандыру деңгейінде өсірілген симментал тұқымы бұқалардың сойыс салмағын, сойыс шығымын, еттілік коэффициентін және азықты өсімімен төлеу көрсеткіштерді анықтау. Симментал тұқымы саны бойынша әлемде екінші орын алады және Ақмола облысында кең тараған.

Тапсырма 15. 12 кестенің мәліметтері бойынша Көкшетау облысында өсірілген кроссбредті аталықтар мен аналықтар қойлардың сойыс салмағын, сойыс шығымын, еттілік коэффициентін және азықты өсімімен төлеу көрсеткіштерді анықтау. Кроссбредті қошқарлар мен саулықтар қойлардын ет өнімділігі тіралы қорытынды жазу.



Кесте 12 – 8 ай жасындағы кроссбредті қошқарлар мен саулықтардын ет өнімділігі


Көрсеткіш

Мал тобы

қошқарлар

саулықтар

Сойыс алдындағы салмақ, кг

47,13

42,87

Ұшаның салмағы, кг

21,92

21,73

Іш майының салмағы, кг

2,8

2,69

Сойыс салмағы, кг







Сойыс шығымы, %







Өсіру мерзімінің азық шығымы, азық өлшемі, кг

236,2

230,0

Азықты өсімімен төлеу, азық өлшемі кг корм, ед.кг






Тапсырма 16. 13 кестенің мәліметтері бойынша бройлердің сойыс шығымын және еттілік коэффициентін анықтау. 60 және 75 күн жасындағы (корниш х плимутрок) және (корниш х секс х қызыл аққұйрықты) екііздік пен үшіздік бройлерлардың ет өнімділігі туралы қорытынды жазу. Сделать заключение о мясной продуктивности двух- и трехлинейных бройлеров в возрасте 60 и 75 дней.



Кесте 13 - 60 және 75 күн жасындағы екііздік пен үшіздік бройлерлардың ет сапалары


Көрсеткіш

Екііздік

Үшіздік

60 күн

75 күн

60 күн

75 күн

Сойыс алдындағы салмақ, кг

1,30

1,86

1,14

1,65

Тазартылмаған ұшаның салмағы, кг

1,21

1,72

1,04

1,52

Сойыс шығымы, %













Тазартылмаған ұшаның салмағына жеуге жарайтын бөлшектер, %

65,5

66,7

64,1

63,4

Жеуге жарамайтын бөлшектер, %

34,5

33,3

35,9

36,6

Еттілік қоэффициенті, кг












Тапсырма 17. 14 кестенің мәліметтері бойынша қазақ, якут және олардың будандары үш топ жылқылардың алдынғы, орташа, артқы бөлімдерінің қатынасты салмағын, сойыс салмағы мен шығымын анықтау.



Жергілікті жылқы тұқымдардың және олардың будандардың ет өнімділігі туралы қорытынды жасау.
Кесте 14 - Қазақ, якут және олардың будандары құлындарының ет өнімділігі


Көрсеткіш

Тұқымдар

қазақ

якут

будандар

Сойыс алдындағы салмақ, кг

190,0

183,0

199,0

Ұшаның салмағы, кг

106,0

98,0

112,0

Іш майының салмағы, кг

1,5

2,9

1,2

Сойыс салмағы, кг










Сойыс шығымы, %










Ұшаның алдынғы бөлімінің салмағы, кг

40,6

34,4

42,6

Қатысты салмақ, %










Ұшаның орташа бөлімінің салмағы, кг

18,5

18,9

19,6

Қатысты салмақ, %










Ұшаның артқы бөлімінің салмағы, кг

46,9

44,6

49,8

Қатысты салмақ, %











Тақырыб 7: Ірі қара малдардың төлдерін бордақылау технологиясы және етке өткізу
Бұзауларды 10 күн жасында 40 кг салмағымен бордақылауға жібереді және 400 кг салмақ тартатын малды етке өткізуді жоспарлайды.

Бордақылаудың екі кезеңі мен үш фазасы бар. Бірінші кезіңнің бірінші фазасы 60 күн созылады, ол кезде бұзауларға сүт, комбинирленген азық және шөп береді. Осы кезеңде орташа есеппен тәулігіне 600 г өсімінің қосылуын жоспарлайды. Бірінші кезіңнің екінші фазасы 50 күн созылады, ол кезде бұзауларға комбинирленген азық және шөп береді. Осы кезеңде орташа есеппен 900 г тәулік өсімінің қосылуын жоспарлайды. Екінші кезіңнің үшінші фазасы 280 күн созылады, төлдерге араластырылған пішендеме және комбинирленген азық, тәулігіне 1100 г салмақ өсімінің қосылуын жоспарлайды.

Өсіруге және бордақылауға барлығы 390 күн беріледі, бордақылауға қойғанда бұзаулардың орташа салмағы - 40 кг, бордақылаудан шешкенде соңғы салмағы -390 кг болады.

Ет өндіру кезінде қожалық малдардың ауруларға тағы басқа себептерге бордақылауға жарамайтынын 1 % өлім және 1,5 % брактау қарастыру қажет.

Бордақылау кезеңінде азық шыгындар: Затраты кормов составят за весь период откорма: сүт немесе сүттің ауыспасы 28 кг, комбинирленген азықтар - 1600 кг, шөп-52 кг, пішен -2200 кг құрайды.

Тапсырма 18. ҚШ-да 10, 15, 20, 35, 55, 60 бұзауды өсіру және бордақылау жұмыстары бойынша, олардың өлім мен брактау есепке алып, технологиялық схемасын құрастыру. Тақырыптың мәліметтерін қолдана отырып оқытушының тапсырмасы бойынша бұзаулардың әр кезеңіндегі мен фазаларында тәуліктік өсімдерін есептеу.
Кесте 15 – Өсіру және бордақылау схемасы


Фаза

Кезең

Топта бас саны

Фаза аяқталу кезіндегі төлдің жасы, ай

Тәулік өсім, г

Фаза басталу

ындағы төлдің тірі салмағы, кг

Фаза аяқталу кезіндегі төлдің тірі салмағы, кг

Салмақтың өсімі, кг

Азықтардың түрі

Азық шығы

мының мөлшері, кг

І

І

























ІІ

І

























ІІІ

ІІ


























Ет өндіретін өндіруші малды өткізу (сату) нарықты табу міндетті. Ол үшін ет өңдейтін жеке цехтарды тауып, келісім-шартты жасайды. Сонда малдың тірі салмағын және тапсыру күнін белгілейді.

Ет сапасы малдың қондылығына, тірі салмағына, жынысына, жасына әсерлі. Осыған байланысты ҚР мемлекеттік стандарттарымен және техникалық шарттарымен қарастырылған мал шикізатына кейбір талаптар қойылады.



МСТ 5110-55 бойынша ірі қара мал қондылығының үш типі бар: жоғары, орташа және орташадан төмен.

Жоғары қондылықты малдарының бұлшық еттері жақсы дамыған, дене тұлғасының сырт пішіні ірі, құйрығының түбірін сипау кезінде май байланымдары, қабырғалары, дененін артқы бөлігі жақсы дамыған.

Орташа кондылығының малдарының бұлшық еттері қанағатты дамыған, құйрығындығы және қабырғалары, май байланымдары орташа, жауырын сүйектері мен арқа омыртқалары кішкене көрінеді.

Қондылығы орташадан төмен малдар бұлшық еттері қанағатсыз дамыған, артқы жағының сүйектері көрінеді. Шонданай төмпесілер мен сербектер. Шонданай төмпесінде, бел және соңғы қабырғаларында кішкентай май байланымдар көрінеді. Төлдерде май болмайды.

Нарыққа немесе етті цехына апару алдында қожалық шаруашылықтар малды таразыға өлшеп, айдап келеді немесе темір жол, авто, су көлікпен жеткізеді. Кабылдау кезінде мал дәрігер врач немесе басқа маман При приеме құжаттарды тексереді және малдарды қарап шығады. Ауру малдарды анықтайды. Ауру малдар болмаса, оларды таразыға өлшейді және асқазан-қарын трактына 3%-дық жеңілдік жасайды, акт толтырады. Соыстан кейін ұша аяғының оң жағына қондылық мөрін қояды (Ж - жоғары, О - орташа, Т – орташадан төмен). Төлге – Т мөрін қояды.

Актында ет бағасы көрсетіледі.

Сақа малдарда (сиырларда, бұқаларда) ет шығымының нормасы: жоғары қондылығында – 47,3, орташа – 44,3, орташадан төмен - 41,1, арық малдарда -38,3 % құрайды. Жоғары қондылықты төлдерде бұл көрсеткіш - 47,7; орташа - 44; орташадан төмен - 42,3; арық төлдерде -38,6%.

Ет мөлшерін тірі салмаққа аудару коэффициентін 100 ет шығымы нормасына бөледі. Етті тірі салмаққа аудару коэффициенті келесі: жоғары - 2, 06; орташа -2,15; орташадан төмен - 2 39; арық - 2,51.

Сонымен, тапсырмада берілген сойыс салмағын коэффициенттерге көбейтеді және қондылығына байланысты тірі салмағын табады.

Тапсырма 19. Қостанай ет комбинатында 13 ай жасында қазақтың ақ бас тұқымының 20 бұқаштарын сойды. Ұшалар салмақтарының және қондылықтарының мәліметтерін қолдана отырып малдардың сойыс алдындағы салмақтарын анықтау.
Кесте 16 - Қазақтың ақ бас тұқымының бұқаштардың сойыс мәлеметтері


Малдың №

Сойыс салмағы, кг

Қондылығы

Сойыс алдындағы салмақ, кг

Малдың №

Сойыс салмағы, кг

Қондылығы

Сойыс алдындағы салмақ, кг

11

240

В




218

260

В




9

210

Н




216

215

Н




3

200

Т




10

208

Т




4

250

В




14

257

В




105

240

В




15

281

В




112

231

С




17

209

Т




115

222

С




267

237

С




240

218

С




308

241

С




2

216

Н




310

270

В




8

218

С




18

212

Н





Тақырыб_8'>Тақырыб 8: Сүт сапасын бақылау технологиясы
Сүтті өңдеуге жіберу алдында оның сапасын анықтайды.

Жоғары сапалы өнім алу үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды мұқият сақтау кажет. Жоғары сапалы сүт алудың ең басты жолы - оған сауу кезінде сырттан бактериялардың түсуіне жол бермеу, сүтті тез өңдеп, қыска уақытта тұтынушыға жеткізу болып табылады. Өнімді өңдеу мекемесіне жеткізу мерзімі неғүрлым ұзақболса, соғүрлым сүтке микроорганизмдердің түсіп, даму мүмкіндігі көп, ол санитарлық сапасының, кейіннен қоректік құндылығының төмендеуіне әкеліп соғады.

Сүгті тапсырып-қабылдау кезінде өнім температурасы 10°С-тан аспауы керек. Сондықтан сүтті 5-7°С-ка дейін суыткан дұрыс.

Сүт пробаларды 2 тәулік сауылған және жиналған сүтінен алады. Пробаны алу алдында сүтті 1 см диаметр темір ожаумен арластырады. Ожауды құмыранның түбіне түсіріп, жоғары шетін саусақпен жауып, алынған сүтті таза құрғақ этикеткасы бар шыныға апарады және қақпағымен жабады.

Сүттің қышқылдығын анықтау үшін 50 мл, тығыздығын, тазалығын, майлылығын, ақуызын, қантын анықтауға - 200-250 мл сүт жарайды.

Егер сүтті екі тәуліктен артық емес сақтаса, оны салқындатады және 3-5ºС температурада сақтайды. Сүтті 8-10 тәулік сақтау үшін оны 3% сутек қос тотығымен консервілейді – 100 мл сүтке 1-2 тамшы сутек қос тотығын қосады.

100 мл сүтіне 1 мл 10% екіхромқышқылды калийді қосса, сүт пробалары 10-12 тәулік сақталады.

100 мл сүтіне 1-2 тамшы 40% формалинді қосса, сүт пробалары 15 тәулік сақталады.

Сүттің санитарлы-гигиеналық қалпын тұтынуға және сүтті өнімдерге өңдеуге жарамдылығы бойынша бағалайды.

Сүт тазалығын фильтрлеу арқылы анықтайды. 250 мл сүтті фильтрден өткізуден кейін фильтрда тұңба қалады, оны эталонмен салыстырады және сүттің тазалық тобын анықтайды. Егер тұңба фильтрда байқалмаса тазалық бойынша бірінші тобына, фильтрда із көрінсе – екінші тобына, фильтра тұңба анық көрінсе – сүтті үшінші топқа жатқызады.

Тығыздықты (көлемдік салмағы) анықтау. Температурасы 20°С қаймағы алынбаған сүт тығыздығы 1,027-1,032 г/см3-ге тең, орта есеппен 1,030 г/см3, немесе 30°А (Ареометр градусы). Сүт тығыздығы құрамдас бөлігінің тығыздығына байланысты, ол келесі деректерден көрінеді (г/см1): май - 0,923; сүт қанты - 1,610; белок - 1,391; тұз -2,858.

Көк сүт тығыздығы құрамындағы майды айырып алғандықган жоғары - 1,038 г/см. Сүтке су араластырса, тығыздығы төмендейді, ал көк сүт қосса артады. Ол сүттің температурасына (температура артқанда тығыздық төмендейді), химиялық құрамына (сүт құрамындағы белок, тұз, сүт қанты мөлшері көбейгенде тығыздық артады) байланысты.

Сиырды сауғаннан кейін анықгаған сүт тығыздығы бірнеше сағаттан кейін анықтаған көрсеткішке қарағанда 0,8-1,5°А төмен болады. Бұл газдардың біраз бөлігінің ұшуымен және сүтті біртіндеп суытканда май мен белок тығыздығының артуымен түсіндіріледі. Сондықган сүттің тығыздығын сауғаннан кейін 2 сағат өткен соң анықтайды.

Сүттің тығыздығын анықтау үшін сүтті ареометрларды қолданады. Ареометрдің түзеуі 20ºС-дан жылжыйтын әр температурлік градусына ±02° құрайды. Мысалы: 16°-та анықтау өткізілсе және ареометр көрсеткіштері 1,029 немесе 20° А болса, онда температурлік түзеу тең: 20°-16° = 4°; 4 x 0,2=0,8. Сүт тығыздығы (А0)= 29-0,8 = 28,2 немесе шын белгісінде - 1,0282 болады.

Сүттің фальсификациясын анықтау. Сүтке су, көк сүт, қаймақ қосылады, Сүтке су қосылса майлығы, тығыздығы, құрғақ заттардың мөлшері, қышқылдығы төмендейді. Сүтке көк сүт және қаймақтың қосылуы майлылығын төмендетеді, құрғак заттардың мөлшері және тығыздығы жоғарлайды.

Сүттің қышқылдығын анықтау. Қышқылдық сүттің ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Сұтгің титрленетін және белсенді қышқылдығы болады.

Титрленетін қышқылдық. Майдан басқа, сүт және сүт онімдерінің титрленетін қышқылдығын шартты бірлік Тернер градусымен (°Т) белгілейді. Жаңа сауылған сүтгің қышқылдығы шамамен 16-18°Т, оның 9-13°Т тұздар, 4-6°Т белоктар және 1-3°Т көмірқышқылы мен басқа қышқылдардан тұрады.

Сүттің қышқылдығы сүтті сақтағанда оған түскен. микроорганизмдердің дамуы нәтижесінде сүт қантын сүт қышқылына дейін ашытуына байланысты артуы мүмкін. Кейбір малдардың сүт қышқылының ауытқу мүмкіндігі өте кең. Ол мал организміндегі зат алмасу жағдайына; байланысты, ал зат алмасу процесіне азықгандыру деңгейі, мал тұқымы, жасы, физиологиялық жағдайы және жеке басының ерекшелігі әсер етеді. Сауу кезеңі барысымен мал денсаулығына байланысты сүт қышқылдығы үйлесімді өзгереді. Сауу кезеңінің алғашкы| күндерінде, құрамында белок пен түздың көп мөлшеріне байланысты сүт қышқылдығы жоғары болады да, кейін ол біртіндеп төмендеп нормаға дейін түседі. Сиыр суалту алдындағы сүттің жөне желіні қабынған сиыр сүтінің қышқылдығы төмен болады.

Сүттің титрленетін қышқылдығы шикі сүттің жаңа сауылғандығын және нақтылығын (натуралдығын) бағалайтын көрсеткіш болғанымен, сүт қышқылдығы жоғары (25°Т) жөне төмен (16°Т) болатынын ескеру қажет.

Қышқылдығы жоғары жаңа сауылған сүтті қышқыл сүт өнімдерін май, ірімшік 40 дайындағанда пайдалануға болады. Қышқылдығы төмен сүтті ірімшік дайындау үшін өңдеу тиімсіз, себебі ұлтабар ферментінің әсерінен баяу ұйыды, қойыртпағы нашар өнделетін босаң болып келеді.



Белсенді қышқылдық сүттегі иондарының концентрациясын білдіреді, ауыткуы өте тар 6,55-6,75. Мемлекеттік талап бойынша сүт қышқылдышн Тернер градусымен анықтайтын болгаңцықтан, оны белсенді қышқылдықпен салыстыру үшін орташа катынасты пайдаланады. Дайындалатын сүт үшін бұл катынастар төмендегідей: Титрленетін қышқылдық, °Т 16 17 18 19 20 21 22 рН 6,73 6,69 6,64 6,58 6,52 6,46 6,41. Сүт қышқылы пайда болатын шикі сүттің титрленетін қышқылдыш 18°Т жоғары болғанда, рН аздап кана төмендейтші көрініп түр. Бұл сүт қүрамында буфер жүйесінің бар екенін түсіндіреді, буферлердің қышқыл мен сілті қосканда ортаның бір деңгейде үстап түру кдбілеті бар. Белоктардың қышкңлдық диссоциациясы шамалы, совдықтан титрленетін қышқылдық артканда сутегі ионының концентрациясы өзгеріссіз калады.

Қышқыл қосканда сүт рН өзгерісі, тек сүттің буферлі кшемі артканда кездеседі. Сүттің қүрамдас бөлігінің буферлік кэсиетінін, ірімшік пен ашыган сүт өніэдцерін дайыңцаіаңда микроорганизэддердің тіршілік әрекеті үшін өте маңызды. Сонымен кефирлік шикізаттың ұю процесінің соңына карай титрленетін қышқылдығы 80°Т бол-гавда рН тек 4,8-4,7 деңгейде болады, осывдай жағдайда сүт қьппқ-ылды стрептококктер жақсы дамып, жүпар иісті заттардың жина-луы жүреді. Қатты ірімшік дайъшдаганда шикізатты тыгыздаганнан кейін титрленетін қышқылдықгың өте жогары деңгейінде рН 5,2-5,6 шамасында болады, оны протеолизде буферлік касиеті артатын белоктың көп мөлшерімен түсіндіруге болады.



Тапсырма 20. 20°С сүттің тығыздығын анықтау. Анализ өткізу кезінде 17 кестеде көрсетілген мәліметтер шыққан.
Таблица 17 - Сүттің зертханалық талдаудың нәтижелері


Сүттің температурасы, ºС

Ареометрдың көрсеткіштері, ºА

16

31

19

29

20

32

26

27

28

25

30

28

Тапсырма 21. Сүттің екі пробасы алынған:



а) тығыздығы 30º А және майлылығы 3,7 %

б) тығыздығы 30º А және майлылығы 2,2 %.
Екеуінен қайсы фальсификацияланған, немен және қандай мөлшерімен?

Тапсырма 22. Сүт пробалардың қайсы фальсификацияланған, немен және қандай мөлшермен?

а) тығыздығы -1,026, майлылығы 2,8 %

6) тығыздығы - 1,035, майлылығы 2,1 %

Норма бойынша болу қажет: тығыздығы - 1,030 және майлылығы 3,8%.



Тақырыб 9: Қожалық шаруашылықтарында жылқыларды қолдану технологиясы
Қазақстанның жылқы шаруашылығы үш бағытта дамиды:

        1. өнiмдiлiк

        2. жұмысшы

        3. асыл тұқымды және спорттық

Өнiмдiлiк бағыттағы жылқы шаруашылығы – өнiмдiлiгi жоғары жылқылардың басын арттыруға мүмкiндiк беретiн республикамыздың дәстүрлi саласы.

Барлық түлiктен де жылқы өсiру жеңiл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, етi де, сүтi де өте арзанға түседi. Қазiр жылқы малы өте өнiмдi, пайдалы түлiкке айналды. Жылқы өсiруден және қымыз өндiруден пайда көрiп отырған фермер-азаматтар да аз емес. Жылқы етiнiң арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшiн ол аса қадiрлi тағам болып саналады.

Ат үстiнде өтетiн бәйге, көкпар тарту, қыз қуу, теңге алу сияқты ұлттық спорт ойындары да қазақстандықтардың арасында үлкен қызығушылықты тудыруда.

Қазақстан Республикасында келесі жылқы тұқымдар өсіріледі: казақ «жабе» және «адай» типтері, қостанай, кушум, буденов, дон, ахалтеке, орлов, орыс желігіш, муголжар және т.б.

Қазақ тұқымы - әмбебап өнімділігімен сипатталады, халық селекция әдісімен шығарылған. Олар ірі емес, көрнікті емес, кеңсүйекті, кеңкеуделі, аяқтары биік емес. Басы ауыр, мойны қысқа, бойы үлкен емес, сауыры түсірінкіреген, арқасы мен белі кең болады.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау