Темірбетонды конструкциялардың элементтерінің беріктік есебі тік
және қиғаш қималар бойынша есептік жүктемелерден және ықпалдардан
пайда болатын осы қималардағы күшке жүргізілуі тиіс.
Темірбетонды конструкциялар есебінің негізінде шекті жағдай
талаптарын қанағаттандыратын айрықша өтімді қимасын таңдау болып
табылады. Рационалды пішін және қима өлшемдерін таңдау,бетон
арқалықтарын анықтау, қажетті арматура санын және оның сызбаларын
орналастырумен бекітілген қима таңдау және элементтерді құрылымдау
кезінде келесі факторларды дұрыс ескеру қажет:
а) конструкциялар дайындалатын материалдарының қасиеттері;
б) сырттық жүктеме және ықпалдан болатын күштерді үлестіру
сипаттамасы;
в) материалдар мен конструкциялардың жұмыс істеу жағдайы.
Жобада жоғарғы класты ауыр және жеңіл бетоннан қолданылатын
темірбетонды конструкцияларды, тиімді жылытқыштар, ғимараттардың
салмағын төмендетуге мүмкіндік беретін жоғарғы беріктікті
арматураларды пайдалануы ұсынылу керек, себебі, бұл олардың
құнын,ғимараттардың тұрғызу уақытын қысқартуға және ұзаққа
төзімділігін арттыруға жағдай туғызады.
Құрылымдау кезінде келесі негізгі сұрақтарды шешу қажет:
а) қажетті беріктікті және қатаңдықты қамтамасыз ету шартымен
қиманың максимальды жіберілетін өлшемдерін тексеру;
б) бойлық, көлденең және әр түрлі арматуралардың айрықша
рационалды орналасуын қабылдау;
в) бетонның қорғау қабаты көлемін ,арматура шыбықтарының
аралығын белгілеу;
г) жазық және кеңістік қаңқаларды және арматуралық торларды
жобалау;
д) қарапайым және алдын-ала кернеуленген элементтердің шет
жақтарын арматуралауды жүргізу, сонымен қатар кернеуленген және
кернеуленбеген арматуралардың жіктерін және олардың анкерлеуін
орналастыру;
е) конструкцияларда орнатылатын салмалы бөлшектердің анықтау;
ж) олардың беріктік, қатаңдық және ұзаққа төзімділігіне назар аудара
отыра жинақтық элементтер жіктерін шешу.
Қабылданған құрылымдық шешімдерді жасау оларды тасымалдау
кезінде конструкциялардың қажетті жұмыс сенімділігін арттырады.
Г. Тастар және армотастар конструкциялары
Тастар және армотастар конструкциялар есебі екі шекті жағдай тобы
бойынша жүргізіледі: көтеру қабілеттілігі, деформация және жарықша
пайда болу.
15
Қалаудың біртекті дәрежесін ескере, элементтердің шартты жұмысы
және болжамалы жүктемеден орындалған есебі, тұрғызудағы ғимараттар
мен имараттарды пайдалану уақытында шекті жағдай болуынан кепіл етуі
тиіс. Көтеру қабілеттілігін тексеру тас материалдардың жылжығыштығы
әсерінен және көлденең иілгіштігін ескере жүргізіледі. Мұндай
конструкцияларға жататын тірек қабырғалар, зауыт құбырлары, ортадан
тыс жүктелген іргетастар қажет жағдайда аударылуға және сырғанауға
қарсы тұрақтылыққа есептелуі қажет.
Деформация бойынша тас конструкцияларын есептеудің келесі
жағдайлары жүргізіледі:
- бойлық иілгішке жұмыс істейтін биік қаңқалы қабырғалардың
көтеру қабілеттілігі горизонтальды жүктемелерді қабылдау үшін
жеткіліксіз болған кезде;
- иілуге немесе созылуға жұмыс істейтін және қаптағыш немесе
сылау қабырғаларды пайдалану кезінде жарықшалар болуы мүмкін емес.
Статикалық анықталмаған жүйелерде арнайы дәлелдеу кезінде жік
ашылуын немесе пластикалық деформация тудыратын күштерді қайтадан
үлестіруді ескеру қажет.
Тас және армотас конструкцияларын жобалау кезінде келесі негізгі
талаптарды ескеру қажет:
а) жеңіл материалдарды қолдана максималды түрде конструкция
салмағын жеңілдету;
б) тұтқырғыш материалдар мен металлдардың экономикалық
шығыны бойынша талаптарды сақтау;
в) атмосфералық ықпалдар және агрессивті ортаға қарсы тұрақты
материалдар мен бұйымдарды қарастыру;
г) ғимараттар мен имараттарды тұрғызу шығындарын төмендетуге
мүмкіндік беретін индустриалды конструкциялар мен бұйымдарды
(тақталар, ірі блоктар) қолдану.
Тас конструкцияларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін
ерекше назар аудару қажет:
- ғимараттың құрылымдық сызбасының рациональды шешімі;
- қоршаушы конструкциялардың материалдар түрін таңдау;
- ерітінділердің минималды маркаларын және оларды дайындау үшін
дұрыс тұтқырғыш таңдау.
Тас ғимараттардың құрылымдық шешіміне байланысты:
а) қоршауыш қабырғалардың өтімді экономикалық типін таңдау
және олардың тиімді қалыңдығын анықтау;
б) ғимарат элементтері арасындағы байланысты шешу (сыртқы және
ішкі қабырғалардың түйіндесуі, тік және горизонтальды жүктемелерге
бірлесу жұмысын қамтамасыз етуге аражабындарды арқалықтарды
анкерлеу);
16
в) кеңістік қатаңдықты қамтамасыз ететін бойлық қабырғалар
арасындағы қашықтықтың максималды мөлшерін анықтау;
г) ғимаратты температуралық блоктарға бөлу.
Қабылданған құрылымдық шешімдер толық түрде ғимарат немесе
имараттың беріктік, тұрақтылық және өзгертілмейтін кеңістігін
қамтамасыз етуі тиіс.
Д. Металлдық конструкциялар
Металлдық конструкциялар шекті жағдай тобы бойынша жүргізіледі:
а) пайдалануға жарамсыздығына бойынша;
б) нормальды пайдалануға жарамсыздығы бойынша.
Бірінші шекті жағдай есебі негізі бойынша тәуелді жағдайы
пайдалану, тасымалдау және жинақтау үрдісінде конструкцияларда
туындайтын кернеулердің мөлшері материалдардың есептік кедергісінен
аспауы қажет.
Әр нақты жағдайда есептік өрнектердің құрылымы элементтің
көлденең қимасы бойынша кернеуді үлестіру сипаттамасы және түрі
анықталады.
Көп рет қайталанатын қозғалмалы дірілдеткіш немесе жүктемелердің
басқа түрлерін қабылдайтын және соның салдарынан шаршап қирайтын
конструкцияларды төзімділікке есептеу қажет.
Екінші шекті жағдай тобына нормальды пайдалануды қиындататын
немесе орналастыруға жарамсыздығын көрсететін ұзаққа төзімділігін
төмендететін жағдайлар жатады (иілімдер, шөгулер, бұрылу бұрыштары,
тербелістер және т.б.).
Мұндай жағдайларда конструкциялардың серпімділік жұмысы
бойынша есебі нормативтік жүктемеге жүргізіледі. Шекті деформация
көлемі бұл конструкциялар үшін нормальді режимде пайдалану кезінде
нормативті құжаттар бойынша қабылданады. Болат конструкциялар
көбінесе дәнекерленген тиімді материалдардан, прогрессивті құрылымдық
шешімді қолдана отыра жобаланады.
Жобалау кезінде ерекше назар аудару қажет:
- болат маркасын таңдауға;
-
болат конструкциялардың түйіндес байланыстарының
шешімдеріне;
- имараттардың және олардың элементтерінің жинақтау және
пайдалану кезеңінде тұрақтылығы және өзгертілмейтін кеңістігін
қамтамасыз ететін байланыстарды жасау.
Металлдық конструкцияларды құрылымдау үрдісінде керек:
а) құрылыс алаңында оларды үлкейтіп жинақтауды қарастыру үшін
конструкцияларды элементтерге бөлуді жүргізу;
17
Достарыңызбен бөлісу: |