- конструкцияларды орналастыру зоналары, кран тұрағының орны,
жинақтау механизмдері және жинақтау көліктен жүргізілген жағдайдағы
көліктердің қозғалысының жолдары.
Технологиялары бірдей жинақтау тұрақтары үшін ұяшықтар
қарастырылады, онда көрсетіледі: конструкцияларды жинақтау кезінде
итарқа орны, жинақтау реттілігі, жинақтау кранының жұмыс параметрлері.
Кескінде бейнеленеді:
- жинақтауға дейінгі жағдайда көрсетілген түрде, жинақтау кезіндегі
негізгі элементтерді монтаждау технологиясы, жинақтау кезіндегі
механизмдер мен конструкциялар жағдайы және конструкциялардың
жобалық жағдайы ;
- қажетті жабдықтар, итарқалық құрылғылар, элементтер мен
констукциялардың уақытша бекіту тәсілдері.
Крандарды қолдану жағдайында жүк көтерілімділігін қолдана
мақсатты түрде жүк көтерілімділігін және әрбір элемент жинақтау
кезіндегі жұмыс параметрлерін келтіре жебе биіктігінен тәуелді ілгіш
көтеру биіктік графигін өзгерту.
Құрылыс-жинақтау жұмысы кешенді үрдістерінде технологиялық
карталар әзірленуі мүмкін.
Б. Құрылыс ұйымдастыру бойынша сызбалар құрамы
Күнтүзбелік жоспар және жұмысшылар қозғалыс графигі.
Өндіріс жұмысының күнтүзбелік жоспар формалары нысан бойынша
«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс бойынша құрылыс және жинақтау
жұмыс өндірісінің жобасын құрастыру және бекіту туралы нұсқаулыққа»
сәйкес қабылдау қажет. «Жұмыс атауы» кестесін толтыру кезінде келесі
бөлімдерді енгізу ұсынылады:
- дайындық жұмыстары;
- ғимараттар тұрғызу циклдері (нөлдік цикл, жер асты бөлігі, әрлеу
жұмыстары);
- сантехникалық және электржинақтау жұмыстары;
- басқа да жұмыстар.
Күнтүзбелік жоспардың оң жақ бөлігінде әрбір үрдіс горизонтальды
сызықпен белгіленеді, оның ұзындығы қабылданған масштабта үрдістің
орындалу ұзақтығын көрсетеді.
Күнтүзбелік жоспармен бір бетте жұмысшылар қозғалыс графигі
сызылады және негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
В. Құрылыстың бас жоспары
Бас жоспарды жобалау мақсатты түрде жинақтау конструкцияларын
басып өтетін кран қозғалыс осін сызумен басталады, ол бөлшек және
материалдар конструкцияларының нысан қоймаларды кезінде дұрыс
орналастыру сұрағын шешуге мүмкіндік береді. Ашық түрдегі
27
қоймаларды оның жұмыс қолайлығын ескеріп, кран қозғалыс зонасына
орналастырады.
Бас жоспар сызбасында көрсетілуі тиіс:
- жұмыс өндірушілерге уақытша конторлар, жұмысшылар үшін киім
ілетін орын, буфеттер, асханалар,жұмысшылар жылынатын
бөлмелер,медпункт, дәретхана, жуынатын бөлме, жабық сақталатын
материалдар қоймасы;
- тұрақты және уақытша автомобильдер жолдары,теміржолдар
тасымалдау жолдары;
- тұрақты және уақытша электр және су жүйелері, канализациялар,
олардың тұрақты қуат көздеріне қосылу орындары: коллектор,қазылған
құдық.
Бас жоспарда өрт сөндіру қауіпсіздігі мақсатында қарастырылады:
а) тұрғызылған ғимараттар маңайында ені 6м кем емес айналмалы
жол;
б)өрт резервуарлары немесе гидрант жүйесімен шеңберленген су
өткізу желілері ;
в) темекі шегуге арналған орындар және өрт күзет орны. Бас жоспар
сызбалары қажетті спецификациялармен және шартты белгілерімен
қамтылуы тиіс.
4.4 Өмір сүру қауіпсіздігі
Әрбір дипломдық жобада «Өмір сүру қауіпсіздігі» тарауының
құрамы төменгі тақырыпшалардан тұрады:
- еңбек қауіпсіздігі;
- төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік;
- экологиялық қауіпсіздік.
- қоршаған ортаны қорғау.
Дипломдық жобаның бұл бөлімдерінің құрамы жобаның
тақырыбына тәуелді,осы бөлім кеңесшісі және ғылыми кеңесшімен келісе
отыра орындалады.
Дипломдық жобаның тарауы сапалы орындалуы оның көлеміне,ал
құрамы жобаның басқа да тарауларына байланыса және заманауи кезеңдегі
өндіріс дамуына қажетті еңбек оптимизациясы және оның қауіпсіздік
деңгейі ғылыми-техникалық прогресске сәйкес, сонымен қатар
экологиялық қауіпсіздік сұрақтары шешіміне сәйкес анықталады.
«Өмір сүру қауіпсіздік»
тақырыпшасы өмір сүру қауіпсіздік (ӨСҚ),
ереже,нормалар,нұсқаулықтар және стандарттар таңдау
сұрақтары
бойынша баяндау емес,дипломдық жобаға негізгі ғимараттарды әзірлеуден
шығатын, нақты шешімдер екенін есте сақтау қажет. Жобаның авторы ӨСҚ
сұрақтары дипломдық жобаға абстракты қосымша емес,оның органикалық
бөлігі болуын қадағалауы тиіс.
28
«Өмір сүру қауіпсіздігі» тарауының бөлімдері жұмыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін, нормальды гигиеналық шарттардың пайда болуын
,өртке қарсы іс-шараларды жүргізу, экологиялық қауіпсіздік бойынша
қарастырылған іс-шараларды жинақтайды және біріктіреді .
«Еңбек қауіпсіздігі» тақырыпшасына кіретін сұрақтарды мысал
ретінде келтірейік:
- негізгі заңнамалық үкіметтік және басқа да нормативті құжаттарда
баяндалған еңбек қорғау саласындағы тапсырмалар;
- жобаланып жатқан нысанның санитарлық-гигиеналық сипаттама
(бөлме өлшемдері, қабырғалар мен төбелерді бояу, бейнелеу
коэффициенті, вентиляция жүйесі);
- эргономикалық талаптар (жұмыс орны ұйымы, конструкцияларға
және жұмыс орны жарықтандыру талаптары , инвентарь, ГОСТ сәйкес
құралдандыру және жабдықтау);
- жұмыс орнындағы еңбек үрдісінің қиындығы;
- физикалық еңбек деңгейі (эргономикалық көрсеткіштер,физикалық,
динамикалық жүктеме,қолмен көтеретін жүк салмағы, жұмыс қалпы,
кеңістікке орналастыру көмегімен бағаланады);
- еңбек шарттары, төмендегілерді ескере анықталған:
• қауіпті және зиянды өндірістік факторлар және жұмысшыларды
қорғау шаралары;
• химиялық табиғи зиянды заттар (пайда болу көздері және
организмге түсу жолдары, химиялық құрамы, ауадағы нақты құрамы,
организмге әсер ету сипаты, күресу жолдары);
• өндірістегі шаңдар (щаң шығу көздері, табиғи және химиялық
құрамы, нақты және шекті жіберілген концентрация шаңдары);
• метеорологиялық іс-шаралар (микроклимат параметрлері,
микроклимат көрсеткіші бойынша еңбек шартының классы, қызып кету
немесе салқындау профилактика шаралары);
• желілік орталар (табиғи және жасанды жарықтандыру,желілік
орталар параметрінен тәуелді еңбек шарты класы, жұмыс орнын
жарықтандыру оптимизациясы бойынша іс-шаралар);
• өндірістегі шу және діріл (қайнар көздері,әсер ету ұзақтығының
нақты классификациясы, профилактика шаралары);
• иондаушы сәулелену (сәулеленудің қайнар көзі, нақтылы және
болуы мүмкін деңгей, қорғау құралы мен әдістері);
• өрт қауіпсіздігі тәртіптері (өндірістік және қосымша бөлмелер,
жұмыс орындары ГОСТ 12.1.004 талаптарына сай болуы тиіс);
• электр қауіпсіздік тәртіптері (электр қондырғы конструкциялары
қондырғыларды орнату талаптары мен ережелеріне сай болуы тиіс) және
т.б.
Дипломдық жобадағы осы тақырыпшаны әзірлеу кезінде осы
тақырыпшаға кіретін сұрақтар еңбек қорғау және өндірістік бөлмелердегі
29
Достарыңызбен бөлісу: |