Жеке күрделі инженерлік нысанілер бір уақытта бірнеше дипломшы
кешенді жобаның өзіндік бөлімдерімен жұмыс жасай отыра жобалауы
мүмкін.
Дипломдық жобаның тақырыбын анықтау кезінде студенттің
курстық жобалау және өндірістік тәжірибедегі икемділігі,түлектің келешек
жұмыс сипаты ескерілуі керек.
Дипломдық жобалар академиялық және нақты тапсырмалар не
болмаса ғылыми-зерттеу тарау бар тапсырмалар бойынша орындалуы
мүмкін.
Студенттердің өндірістік тәжірибелер кезінде жиналған материалдар
немесе мекеме және ұйым тапсырысы (өндіріске енгізу кепілінсіз)
негізінде диплом жасауға академиялық тапсырмаларды шығарушы кафедра
береді. Осы топқа бұрын орындалған нысандарды жобалау тапсырмалары
да кіреді.
Нақты тапсырмалар студенттер дипломдық жобаларын толық немесе
оның арнайы бөлімдерін орындауына байланысты жобалау мекемелерімен
беріледі. Сонымен қатар жобалау нысандары нақты жобалау кезінде
жобалау мекемелерінде қолданылатын,
жобалау мекемесінің
жоспарындағы нысандар немесе жобалары ұқсас нысандар болып
табылады.
Ғылыми-зерттеу бөлімдері бар тапсырмалар ғылыми-зерттеу
жұмыстарында икемділік көрсеткен студенттерге беріледі.Бұл дипломдық
жоба бойынша студенттің жеке теориялық немесе эксперименталдық
дипломдық жобалау кезінде немесе оған дейінгі уақытта жасалған
жұмысы.
Дипломдық жобаның тақырыбы диплом алдындағы тәжірибеден
бұрын студентпен таңдалып кейін университеттің ректорының
бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алдындағы тәжірибе аяқталған соң дипломдық жоба
(жұмыс) тақырыбы қажеттілігіне қарай нақтылануы және кафедраның
ұсынысымен түзетілуі мүмкін.
Дипломдық жоба тақырыбы бекітілгеннен кейін ғылыми жетекшісі
студентке дипломдық жобаны орындауға тапсырма береді және диплом
орындаушы студент дипломды орындаудың күнтүзбелік жоспары
жұмыстарын жасайды.
3 Дипломдық жобаға арналған тапсырмалар мен берілгендері
Дипломдық жобалаудың жалпы жетекшілігі «Өнеркәсіптік,
азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы тағайындаған ғылыми
жетекшімен жүзеге асады. Сол уақытта дипломдық жоба бөлімдері
бойынша кеңес беруді университеттің басқа салалы кафедралардың
тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.
6
Дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі студентке арнайы бланкте
толтырылған тапсырма береді, онда жобалауға арналған арнайы мәліметтер
қарастырылған және сонымен қатар орындауға арналған сұрақтар,есептік-
графикалық бөлімнің көлемі,орындау мерзімінің күнтүзбесі көрсетілген .
Жобаның басқа бөлімдері бойынша студент тапсырмаларды кеңес
берушілерінен алады және оны ғылыми жетекшісімен үйлестіреді .
Дипломдық жобаның арнайы қарастырылған материалы болуы
мүмкін: проекті жоба негізінде жасалған типтік және жеке жобалар,нысан
паспорты, басжоспар көшірмелері, ғимараттар мен имараттардың
кескіндері, құрылыс алаңдарының гидрогеологиялық шарттары.
Берілген материалдардың сандық және сапалық құрамдары
кафедрамен студенттерді диплом алдындағы тәжірибеге бағыттаған кезде
анықталады.
Тапсырма берер алдында ғылыми жетекші дипломдық жобаның
тақырып мазмұнын, студенттің теориялық және тәжірибелік дайындық
дәрежесін және басқа да жағдайларды ескеруі тиіс.
4 Жобаның құрамы мен көлемі
Дипломдық жобаның құрылымдық элементтері болып табылады: тыс
беті; титул парағы; дипломдық жобаға арналған тапсырма; мазмұны;
кіріспе; негізгі тараулар; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
Тыс бетінде дипломдық жоба орындалған ұйым атауы, автордың тегі
және инициалы, дипломдық жоба тақырыбы, жұмыс түрі- дипломдық жоба
(жұмыс), мамандық атауы мен коды,қала және жыл көрсетеді.Тыс беті
нөмірленбейді .
Титул парағы дипломдық жобаның бірінші беті болып табылады
және онда келесі мәліметтер көрсетіледі: дипломдық жоба орындалған
шығарушы кафедра, ұжым атауы, жұмыс түрі- дипломдық жоба (жұмыс),
«тақырыпта:» нұсқаулығымен дипломдық жобаның тақырып атауы,
мамандық атауы мен коды , сол жағынан «орындаған» сөзі, оң жағынан
қарама- қарсы студенттің тегі көрсетіледі, бір жол төменірек сәйкес
«ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі,ғылыми лауазымы көрсетіледі»
және тегі, қала және жыл.
Дипломдық жоба төменгі құрамда орындалады:
- графикалық бөлім, көлемі А1 форматты 6-8 сызба;
- есептік түсіндірме хат 80-90 бет.
Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады: сәулет-құрылыс,
есептік-құрылымдық, құрылысты ұйымдастыру және технологиясы, өмір
сүру қауіпсіздігі және экономикалық. Жеке бөлімдерінің мазмұнының
көлемі мысал ретінде 1 және 2 кестелерде көрсетілген.
7
Кесте 1 – Ғимараттар мен имараттарды есептеу және
жобалау оқыту
бағдарламасы үшін дипломдық жоба бөлімдерінің мазмұны мен мысал
ретіндегі көлемі
№
Бөлім атауы
көлемі
в %
сызба
(саны)
Түсіндір
ме хат
(бет)
кіріспе
1
Сәул
ет-
құр
ылы
с
тара
уы
20
2-3
12-15
1.1
Сәулет-құрылыс
шешімі.
Қабылданған
шешімдер
сипаттамасы
1.2
Жылутехникалық есеп
1.3
Инженерлік жүйелер
2
Есептік құрылымдық тарау
40
2-3
30-35
2.1.
Нұсқалық жобалау (жинақтау және
салмақ түсетін конструкциялар
таңдау нұсқаулығы)
1
2.2
Статикалық
есептеу
және
элементтерді жобалау (МК, ТК)
1
2.3
Статикалық
есептеу
және
элементтерді жобалау (МК, ТК)
1
3
Ұйымдастыру-технологиялық тарау
25
3
20-25
3.1
Салмақ түсетін конструкцияларды
тұрғызу және өндірудің принципті
тәсілдері
3.2
Технологиялық бағалау бойынша
тұрғызылатын техникалық карта
және техника қауіпсіздігін сақтау
шаралары
1
3.3
Жұмыс өндірісінің күнтүзбелік
жоспары
1
3.4
Құрылыстың бас жоспары
1
4
Өмір сүру
қауіпсіздігі
5
8-10
5
Экономикалық тарау
10
8-10
8