Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы


МҰСЫЛМАНДЫҚ ИМАН-ШАРТТАРЫ



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет22/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

180

МҰСЫЛМАНДЫҚ ИМАН-ШАРТТАРЫ

болды, намаз басталды», – деп хабарлайды. Айт 

намазына қарияларды балалары ертіп апарады. Жастар 

да айт намазына қатысу үшін мешітке барады.

Адамдар бірін-бірі «Айт қабыл болсын!», «Айтыңыз 

мүбəрəк болсын!» деп құттықтап, тілек айтады, ашу-

араздық болса, татуласады, қателігін кешіреді.

Айт күндері əркім таза жүруге, əдепті сөз сөйлеуге 

тиіс, бұл жақсы əдет ары қарай жалғасын тауып 

жатады. Адамдардың бəрі мерекелі киімдерін киіп, 

бір-бірінің үйіне қонаққа барады.

Əр үйде дастарқан жайылып, айтқа арнайы пісірілген 

тағамдар мен дəмді-тəттілер келген балалар мен 

айттап келуші қонақтарға таратылады. Əр отбасында 

аруақтарға арнап дұға оқылады, «Құран Кəрімнің» 

біраз сүрелері айтылады.

Ауылды жерлерде балалар топ-топ болып айттап 

жүреді. Үй иелері оларға сыйлық береді, айттың 

тамағынан дəм татқызады. 

Қазақ халқының ежелден келе жатқан осы дəстүрі 

қазіргі кезде ауылды жерден қалаға да тарап жатыр.

ҚҰРБАН АЙТ

Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң “Құрбан айт” мерекесі басталады. Бұл 

мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі осы айтта құрбандық шалынады. Ораза 

айттағыдай, құрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала 

белгіленген бір орынға жиналып, айт намазын оқиды.

Құрбан айттың негізгі мақсаты – өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске 

түсіру, соларға құран оқытып, құрбан шалу. Айттан бірнеше күн бұрын ата-бабалардың 

аруағына арнап мал сойып, ішек беретін салт бар. Үш күн үйде немесе арнайы мешітке 

барып, жақындарына құран оқытады, садақа береді.

Алғашқы күні жұрт мешітке жиналып, айт намазын оқығаннан кейін құрбандыққа 

мал сояды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе, тіпті тауық та шала береді. Малдың 

басқа түрі немесе хайуандар құрбан шалуға жарамайды. Құрбандыққа шалынатын 

малды мұсылман адам бауыздауы қажет. Нашар, ауру малды құрбандыққа шалуға 

болмайды. Құрбандыққа шалынып отырған малды соймастан бұрын молда құран 

оқиды. Бауыздаушы адам шын көңілімен «Бисмиллаһир рахманир рахим!» деп малдың 

басын құбылаға, Мекке жаққа қаратып, сол жақ қабырғасымен жатқызып барып 




181

МҰСЫЛМАНДЫҚ ИМАН-ШАРТТАРЫ

сояды. Құрбандыққа шалынған малдың еті 

кемтарларға таратылады, бір бөлігі туған-

туысқан, жақын-жолдас пен көршілерге дəм 

татқызу үшін тұтастай асылады.

Бұрынғы заманда құрбандыққа адам 

шалынатын екен, мұндай сорақы əдет дүние 

жүзі халықтарының көбінде болған. Осы 

дəстүрге Алла  Тағала тарапынан бірнеше рет 

келіспеушілік танытқан хабар келген. Бірде 

бұл дəстүрге сай Ибраһим пайғамбар жалғыз 

ұлы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болғанда, 

«мал сойылсын» деген хабармен бірге жеті 

қат көктен көк қошқар жіберіліпті. Ибраһим 

пайғамбар сол көк қошқарды құрбандыққа 

шалады. Міне, сол кезден бастап құрбандыққа 

мал шалу – үлкен міндеттердің бірі болыпты.

Азаннан басталған айт мерекесі мешіттегі намаздан кейін үй-үйлерде жалғаса береді.

Үш күнге созылған құрбан айт мерекесінде əр үйде дастарқан жайылады, молынан ас 

пісіріледі. Бір-бірінің үйіне келген, үй-үйді жағалап айтшылаған адамдар құрбандыққа 

шалынған малдың етінен ауыз тиеді. Бұл күні үлкен мен кіші, жас пен қария бір-бірімен 

қуанышпен көрісіп, «Құрбан айт қабыл болсын!» – деп жүздесіп жатады. Құрбан айт 

күні дүниеге келген баланың атын Құрбанғали, Құрбанкелді, Айтбай, Айтқали, т.с.с. 

деп қойған.




182

КӨШПЕНДІЛЕР ТҰРМЫСЫ

Қазақ өмірінде малдың орны ерекше болды. Малдың күші, сүті, жүні, қылы, еті, 

терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы – өмірінің, тіршілігінің 

негізі. Мал өсіру, малшылық – тіршіліктің (егіншілік, аңшылық, балықшылық сияқты) 

бір түрі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мəдениетіне қосқан үлесі 

зор. Малдың өнімінсіз əлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт жəне одан 

өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері жəне олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі 

адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. 

Көшпенділер бүкіл адамзатқа қажет нəрселерді ойлап тапты, мысалы: шалбар, 

етік, ер-тоқым, жүген; еттен, сүттен жасалатын тағамдар; теріден, жүннен 

жасалатын бұйымдар, т.б. Малшылық – адамзаттың байырғы дəуірден бері бірге 

жасасып келе жатқан кəсібі. Ол қоғамның əлеуметтік дамуына зор əсер етті, жаңа 

қарым-қатынастар, мəдениет, өркениет, өнер, қолөнер, ой-сананың қалыптасуына 

əкелді. Көшпенділерге тəн қасиеттер жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, 

поэзияға, көркем тілге, ойға тапқырлық деуге болады. Осылайша, көшпелілер өркениеті 

қалыптасты.

КӨШ.

Көшті арнайы көшбасшы тағайындалып, сол басқарған. Көш көліктері алдын ала 

сайланған. Көштің бағыт-бағдары байырғы қазақ күнтізбесі негізінде анықталып 

отырған. 

Қазақ көшінде көптеген рəміздік мəні бар ырым-жоралғылар, тəрбиелік салт-

дəстүрлер болған.

Көш барынша сəнді болады. Жұрттың бəрі бар жақсы киімін киіп, көшті барынша 

əшекейлейді. Туыс, жақын, сыбайлас ауылдар бір-бірімен қашан, қай жерлермен көшуді, 

қайда қонуды алдын ала келісіп алып, жарыса көшеді. 

Көш басында жеңіл артылған атанға əшекейленген ақ текеметтен қоршау жасалып, 

оған сəнді киінген қыз немесе келіншек мінеді. Басқа түйелер де, олардың жүктері 

де барынша сəнді етіп жасалады, əйелдер тек кілем жапқан түйеге мінеді. Көштің ең 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау