Мотивациялық-қозғаушылық
|
Педагог балаларды шеңбер бойынмен отырғыздырады. "Гүл, ағаш, жеміс" ойыны. Жүргізуші балаларға санамақ ретімен санамақ айтуды ұсынады:"Гүл, ағаш, жеміс. Гүл, ағаш, жеміс..." деп, балалар кезекпен жалғастырады. Санамақ тоқтағанк езде, бала тез арада жемістің, не ағаштың, не гүлдің атын айту керек.
|
Атаулар қайталанбау керек. Атау дұрыс болса, ойын жалғасады. Бала уақытты созып ласа, не дұрыс атамаса, ойыннан шығады. Ойын әрі қарай жалғасады.
|
|
|
Үйымдастырушылық ісденістік
|
Педагог нан туралы әңгімелейді. Нан -адал ас. Нанды жерге тастауға, аяқпен басуға болмайды. Оны қадірлеу керек. Өйткені нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді. Билингвальді компонент.
Нан - хлеб, диқан - хлебороб, земледелец.
-Нан қандай ас?
-Нанды қалай қастерлейді?
-Бүгінгі әңгіме нанның біздің дастарқанымызға қалай келетіні туралы болмақ.
-Нанды қазақ халқы өте қастерлеп, ардақтаған. Сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтел, тыйым сөз білесіңдер?Педагог әңгімеден үзіндіні келтіреді.
Әңгіме оқу. "Нанды қадірлейік" Кейбір балалар нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Диқандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайнмен орып алады. Жүргізушілер астықты машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Мұның бәрі - адам еңбегі. Сондықтан да он қадірлеуміз керек.
-Бидай неден өсіп шығады? Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?
Демонстрацилық материалмен жұмыс.
-Егін өсірушілердің мамандықтарын атаңдар.Суретте нелер бейнеленген? Бұларды бір сөзбен қалай атайды? Дәнді дақылдардың ішінен қайсы түрінен бидай тартылып, нан пісіріледі?
-Қазіргі уақытта бұл дәнді дақылдардың ішінен бидай мен қара бидайды нан пісіруге көп қолданады.
-Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді?
Педагог балалардың назарын келесі суретке аударады. Суретте элеватор бейнеленген.
-Элеватор деген не?
-Элеваторды басқаша қалай атауға болады?
Педагог балалардың назарын суретке аударып, бұрынғы уақытта ұнды қандай жолмен алғанын көрсетеді.
-Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?
-Нан пісірушілерді қалай атайды?
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп!
Торғайларға тастаңдар!
Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу.
|
Педагогті тыңдайды.
-Адал
-Нанды баспайды, жерге тастамайды.
-Ас атасы-нан.Нанды бір қолмен үзбе.
Балалар әңгімені тыңдап, талдайды.
Бидай тұқымынан өсіп шығады. Астық. Балалар суреттегі бағдаршаммен көрсетілген тұқымнан нанға дейінгі өсіп-жетілу кезеңін атайды.
Тракторшы, диқан, диірменші, комбайншы.
Балалар суреттерді атайды. Арпа, жүгері, бидай,тары.Дәнді дақылдар. Бидай, қара бидай.
Балалар аналары пісріетін нан түрлерін атайды.
Ұн тартатын орын.
Диірмен
Наубайханаға. Наубайшы.
Өлең мазмұнына сай қимылдар көсетеді.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
|
|