Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет26/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

193

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

қозылар көгенделеді. Қой сауылып болған соң, қозылар ағытылып жіберіледі де, олар 

қалған сүтті еміп, енесінің жанында болады. Түнде қозыны ірі қойдан бөліп, тоқылған 

шиден жасалған қозықораға қамайды.

Қойды қойшы таңертең ерте, күн шықпай жайылымға айдап əкетеді. Түскі ыстықта 

өзеннің маңына, көлеңке жерге жусатып қойып, демалады. Қой бірер сағат күйіс 

қайырады, сосын тағы үш-төрт сағат жайып, суарады да, ауылға алып келеді. Ауылға 

келген соң қойлар сауылып, екі-үш сағат күйіс қайырып демалып, тағы да суарылып, 

қозысымен бірге қараңғы түскенше жайылады.

Көктемнің соңына қарай қойдың жүнін қырқу басталады. Көктемде қырыққан жүнді 

«жабағы жүн» дейді. Бағуы, күйі жақсы болса, жайлаудағы 3 – 4 ай ішінде қойдың жүні 

жақсы өседі. Қыркүйектің бас кезінде қой екінші рет қырқылады. 

Қыста қойды далада бағып, қар астында қалған шөпті жегізеді. Қыста оларды күніне 

бір-ақ рет суарады, өйткені олар қар жеп жүреді. 

Қазақ қоймен бірге ешкі де асыраған. Себебі ешкі – өсімтал, сақ, пысық, зерек мал, 

олар өрісте қашан да қой бастаған. Яғни ешкі аралас қойды бағу жеңілдеу болады. 

Қойдың жүніне ешкінің қылшық жүнін араластырып, мықты арқан, жіп, көген, 

желі, басқұр, желбау еседі. Ешкінің терісінен жұмсақ, сапалы, қой терісінен жасауға 

келмейтін жақсы былғары жарғақ шығады. 

Ешкінің лағы күзде «шыбыш» болса, көктемде «туша» болып өзі лақтайды. Еркегін 

«теке» дейді, тарттырылғанын «серке» дейді. Бірақ ешкінің саны аса көп болмаған. 

Өйткені олар суыққа шыдамсыз. Еті де қойдікіндей дəмді емес, сыйлы қонаққа союға 

болмайды. Сондықтан ешкі жеке түлікке есептелмейді, қойдың қосағында кетеді. 

Жылқы

Қазақ жылқы пірін – Қамбар Ата деп 

атаған. 

Қазақтың көшпелі тұрмысында жыл қының 

орны ерекше. Далада жаяу адам ұзаққа бара 

алмайды, шаруасын да мезгілінде бітіре 

алмайды. Оның үстіне жылқының қымызы – 

өте құнды, шипалы табиғи сусын. Жылқының 

еті – өте жоғары сапалы тамақ, қазысы – 

тағамдық та, емдік те қасиеттері мол дүние. 

Ал оның терісінен түрлі бұйымдар (құлын 

жарғақ, етік, жүген, айыл-тартпа, құйысқан, 

саба, өмілдірік, үзеңгі бау, қанжыға бау, ноқта, 

шідер, қамшы т.б.) жасайды,  қылынан арқан, 

жіп, желі, көген еседі, мұндай бұйымдар өте 

мықты болады. 




194

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақтың өмірі қаншама ғасыр жаугершілікпен өтті. Халқымыздың басына сан рет 

төнген жаумен айқасып, Қазақстан деген ұлан-байтақ жерді сақтап қалуға жылқының 

үлкен үлес қосқанын айтпауға болмайды. 

Жылқы төлін «құлын» деп атайды. Алты айдан асқан құлынды «жабағы», бір жасқа 

толғанын «тай» дейді. Еркектерін екіден асып үшке келгенде «құнан», үштен төртке 

өткенде «дөнен», одан кейін «бесті» дейді. Ұрғашысын екі жасында «байтал», одан кейін 

«бие» дейді. 

Көктемде жылқыны күзейді. Күзеп алынған қылға жүн қосып көген, желі, қыл арқан, 

шылбыр, ноқта сияқты өте мықты, күнделікті шаруаға қажет бұйымдар жасайды. 

Күзеген кезде тайларға таңба басады. Осы кезде тай-құлындар мініске үйретіледі. Бие 

құлындаған соң 2 – 3 аптадан қалмай бие байлап, қымыз ашыту басталады.

Қыста қазақ жылқысы жазғы жиған күйінің, өзінің төзімділігінің арқасында баспана, 

қосымша жем-шөп іздемей, қар астындағы шөпті тұяғымен теуіп аршып жеп жүре береді. 

Қазақта төрт жылқы тұқымы жеке аталып жүр. Бұлар – Жабы жылқы, Адай жылқысы, 

Көшім жылқылары жəне Қостанай жылқысы.



Түйе

Қазақтың көші-қонының тірегі – түйе. Түйенің пірі – Ойсыл қара. 

Түйе – ыстыққа да, суыққа да төзімді жануар. Күтімді аса қажет ете қоймайды (сортаң 

шөп жеп жүре береді, ол мол болса жемді қажет етпейді), суды да көп талғамайды. 

Бірнеше күн нəр татпай, су ішпей ауыр жүк көтеріп, шөл даламен жүруге шыдап 

береді. 


Түйенің тұқымы екеу: нар (жалғыз өркешті түйе) жəне айыр (қос өркешті) түйе. 

Қазақстанда көбінде айыр түйе мен нар түйенің арасынан шыққан будандар да кездеседі. 

Бұл түйелердің əрқайсысының өзіндік қасиеттері бар: нар түйелер сүттірек, айыр 

түйелер жүндірек болады. 

Түйе екі жылда бір боталайды. Түйенің еркегін «бура», ұрғашысын «інген», 

піштірілген еркек түйені «атан» дейді. Бота бір жасқа толғанда «тайлақ», екі жастан 

асқанда – «құнанша», үш жастан асқанда – «дөнен», төрт жаста: еркегі – «буыршын», 

ұрғашысы – «інген» деп аталады.

Жайлауға жетпей-ақ түйенің де жүні қырқылады. Мойнынан, басынан, иығы мен 

өркешінен алынған жүнді «шуда» дейді. Арқасынан, бүйірінен түскен жүнді «жабағы», 

басқа жерінен алынған жүнді жалпы «түйе жүн» дейді. Шудадан өте мықты шуда жіп 

иіріп, шекпен, шапан, қап тоқып, уық бау, кереге бау, басқұр, арқан сияқты түрлі мықты 

бұйымдар еседі. Жабағы жүнінен жылы көрпе сырады, күпі жасайды. 



195

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Сиыр

Сиыр – көшпелі елдің емес, отырықшы елдің малы, қазақтың төрт түлігінің бірі. 

Сиыр малының пірі – Зеңгі Баба. 

Сиыр – күйіс қайыратын ашатұяқты жануар. Олар жершіл келеді, күтім таңдайды. 

Шөл жəне шөлейт жерден гөрі шалғын шөбі, суы мол жерде өсімтал. Қыста жем-шөппен 

қамтамасыз етуді керек етеді. 

Сиыр төлін 3 – 4 ай ғана «бұзау» дейді, 6 айға дейінгіні «баспақ», бір жасқа дейінгіні 

«торпақ», одан əрі «тана» («тайынша») дейді. Осыдан бастап жынысына қарай бөлек 

атайды: ұрғашысын – екі жасқа толғанда «құнажын», үшке толғанда «дөнежін» десе, 

еркегін «бұқа», піштірілген еркегін «өгізше» дейді. 

Сиыр малын тек сүт пен еті үшін ғана емес, көлік ретінде де пайдалану орын алған. 

Өгізді арбаға жегумен қоса, соқаға жегіп жер жырту, тіпті кейде ат құсатып ерттеп міну 

салты да бар. Ол үшін өгіздің мұрнын түйенің мұрнын тескендей тесіп, шығыршық 

орнатып басқарып отырады. 

Егер қой-ешкі, жылқы, түйе жаз айларында ғана сауылса, сиыр жыл бойы сүт береді, 

тек бұзаулағанға екі-ақ ай қалғанда ғана суалады. Сиыр бұзаулаған кезде бір жетіге 

дейін сүті қою – «уыз» болады. Уыз өте құнарлы – бұзаудың тез жетілуіне себі мол 

тиеді. 


Түйені салт міну үшін емес, негізінен, жүк арту үшін асыраған. Құнанша кезінен бас 

үйретіп, көш-қон кезінде жеңіл жүк артып пайдалана бастайды. Көшкенде түйенің екі 

жағына теңдерді асып, жіппен буады. Тең болатын нəрселер – кебеже, сандық, ішіне 

түрлі дүниелер салып буылған жүк. Тең буылғасын оның үстіне түрлі басқа дүниелер 

(көрпе-жастық, киім-кешек, т.б.) салады да, үстінен кілем (немесе киіз, алаша) жауып, 

арқанмен тартып байлап тастайды. Барлық жүк артылғаннан кейін түйелерді тұрғызып, 

бір-біріне тіркейді. 

Көшкенде киіз үйдің уықтары мен шаңырағын бір түйеге, керегелерді тағы бір түйеге 

артады. Киіздерді тең жасап, басқа жүктермен бірге екі-үш түйеге бөліп артады. Түйенің 

жүрісін басқарып, олай-бұлай бұрып отыру үшін оның екі танауының арасындағы 

мұрын шеміршегін тесіп, одан мұрындық өткізіп қояды. 

Түйе жүнінің 85 пайызы өте бағалы түбіт, сүті өте майлы əрі шипалы. Түйенің сүтін 

ашытып, шұбат жасайды. Бұл денсаулыққа өте пайдалы тағам – сусынға да, тамаққа 

бірдей.



196

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛҒАН МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ

Қазақ жылқысы – салт міну, жүк тасу, ет пен 

қымыз алу үшін өсірілетін жергілікті тұқым. Ауа 

райының қолайсыз жағдайына төзімді, жем-шөп 

талғамайтын, үнемі далада тебіндеп жайылатын 

мал. Басы үлкен, кең сағақты, мойыны жуандау, 

етті, тұрқы ұзын, кеудесі кең, жоны жалпақ, 

сауырлы, аяқтары өте мықты, сүйекті, жал-

құйрығы қалың əрі ұзын, денесі тығыз, етті 

келеді. Күзде тез семіреді. Қазақ жылқысының 

торы, жирен, сонымен қатар қара, құла, сұр, көк 

түстілері де жиі кездеседі. Қазақ жылқысы ұш-

Байырғы қазақ жылқысының бір түрі – жaбы. Жaбының денесі ірі, басы дөрекілеу, 

мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы; құйрық-жалы қалың 

əрі ұзын; денесі тығыз əрі етті келеді. Əдетте, жабылар торы немесе жирен, сұр көк 

түсті болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Салт мінуге де, жегуге 

де ыңғайлы. Олар Қазақстанның оңтүстік-батыс жəне оңтүстік-шығыс өңірлерінде 

өсіріледі. 

Салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы – Адай жылқысы. Бойы биік, мойны 

ұзындау, шоқтығы биік, арқасы түзу, сауыры ұзын əрі солыңқы, аяғы жуан (бірақ етсіз) 

болады. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүреді, күтім талғамайды. 

Адай жылқысы Қазақстанның Атырау облысында өсіріледі.

Көшім жылқысы – ет-сүт бағытындағы, мініп-жегуге арналған жылқы тұқымы. 

Көшім жылқысы қазақ жылқысын орлов, орыс желісті жəне таза қанды салт мініс дон 

жылқысы айғырларымен шағылыстырып, олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы 

Батыс Қазақстанның жылқы зауыттарында шығарылған. Бұлар қазақ жылқысынан 

едəуір ірі, бітімі шымыр, басы үлкен, мойыны тым ұзын емес, шоқтығы биік, əдемі, 

кеудесі кең, қабырғасы шеңберленіп біткен, жаялы, белді (кейде қайқы бел келетіндері 

де бар), сүйегі берік, жұмысқа төзімді, тебіндетіп бағуға жақсы бейімделген. Түсі қоңыр, 

торы, жирен жəне күрең болып келеді. Биелері сүтті болады. 

қыр, жүйрік болмағанымен, алыс жолға өте шыдамды. Олар тəулігіне 300 шақырымдай 

жол жүре алады, ал 100 шақырымды 4 сағаттай уақытта шауып өтеді. Түрікмен, 

моңғол, солтүстік аймақтардың орман жылқыларымен будандастыру нəтижесінде 

«Қазақ жылқысы» тұқымының бірнеше тармақтары (Адай жылқысы, Көшім жылқысы, 

Қостанай жылқысы, жабы, т.б.) алынған.



197

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қостанай жылқысы – Қазақстанның Қостанай, Майкөл жəне Ресейдің Троицк 

жылқы зауыттарында қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, 

ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен будандастыру 

нəтижесінде шығарылған тұқым. Жеке қолтұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Олар 

негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді. Қостанай жылқысының 

бітімі дала жылқысына тəн шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған; аяғы 

сіңірлі, тұяғы берік; мініске де, жегіске де төзімді; түсі, көбінесе, жирен кейде торы, құла, 

қара болып келеді. Қостанай жылқысы Қостанай, Павлодар, Ақмола жəне Солтүстік 

Қазақстан облыстарында таралған. 

Қазақтың ақбас сиыры – сиырдың етті тұқымы. Қазақ жəне қалмақ сиырларын 

герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 – 50 жылдары Қазақстан мен Ресейде 

шығарылған. Бұл тұқым республиканың далалы жəне шөлейт аудандарының табиғи 

жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы мен құйрығының ұшы, əукесі, бауыры мен 

сирағы ақ болады. Етті малға тəн белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, 

аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 – 900 кг, сиыры 450 – 

500 кг тартады. 

Алатау сиыры – сүтті, етті сиыр тұқымы. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның 

жергілікті сиырын швиц жəне кострома сиырымен будандастыру арқылы шығарылған. 

Жаңа қолтұқым ретінде 1950 жылы мойындалды. Алатау сиырының түсі, негізінен, 

қоңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады, басы үлкен, мойыны жалпақ, 

етті, арқасы мен белі түзу, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары ұзын, түзу, 

тұяқтары мықты келеді. Орта есеппен жылына 2800 – 3500 кг сүт береді. Алатау сиыры 

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі.

Əулиеата сиыры – сиырдың сүтті тұқымы. Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд 

бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр қолтұқымы болып 

саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ 

сиырлар да кездеседі. Əулиеата сиыры жергілікті жердің ауа райына тез бейімделеді. 

Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Əрбір сауын 

сиыр жылына орта есеппен 3500 – 4000 кг шамасында сүт береді. Əулиеата сиыры 

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарында өсіріледі.



198

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Əулиекөл сиыры – сиырдың етті тұқымы. Ол қазақтың ақбас сиыры тұқымын 

абердин-ангус жəне шароле тұқымдарымен будандастыру жолымен алынған. Əулиекөл 

сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделгіш келеді. Қыста жүні қалың 

өседі, қатал ауа райына көнбіс болады. Түсі – ақшыл сұр. Қазақстанның солтүстік 

аудандарында өсіріледі.

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы (шүлен) – ет-май өндіру бағытында 

шығарылған ежелгі қой тұқымы. Дене пішіні бір-біріне ұқсас, тек өнімділігіне жəне 

өсірілетін өңіріне қарай бөлінетін 22 тармағы белгілі. Дене бітіміне байланысты 3 топқа 

бөлінеді. Iрілеріне: еділбай, қостанай, терісаққан, ырғыз-шалқар, бағаналы, бесата, т.б.; 

орташаларына: торғай, сарысу, шу, қарқаралы, т.б.; ұсақтарына: мерке, жетісу, ертіс, 

түрікмен-шымкент, т.б. тармақтары жатады. Бұл тармақтардың ішіндегі дене бітімі 

мығым, ет-жүн түсімі жоғары, түбіті қалыңырағы – еділбай қойы. 

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы 

орташа, тұмсығы түзу не сəл дөңестеу, мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы, 

сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты тұқым. Бұлардың түсі, көбінесе, қоңыр, қызғылт 

сары, көк жəне қара болады. Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.

Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы 

қой тұқымының бір түрі. ХІХ ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ 

жəне шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе, 

қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы 

үлкен. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой 

тұқымдарынан жоғары. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту 

үшін пайдаланылады. Көбінесе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.

Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы – ет, май, жүн бағытындағы қой тұқымы. 

Еділбай қойы қошқарымен жақсартылған қазақтың қылшық жүнді жергілікті құйрық-

ты қой саулықтарын сараджа, дегерес етті-жүнді жəне тəжік қойы қошқарларымен 

күрделі будандастыру арқылы 1994 жылы шығарылған. Шөл, шөлейт жəне құрғақ дала 

аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген, жыл бойы дерлік жайылымда бағылады. 

Түсі, көбінесе, қоңыр, қызғылт сары, ішінара көк, сұр, ақ түстілері де кездеседі. Бітімі 

шымыр, сүйегі мықты, тұлғасы орташадан жоғары, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен, 

жүні ұяң, ақ жəне ақшыл түсті келеді. Қойдың бұл қолтұқымы Ақтөбе, Қарағанды, 

Шығыс Қазақстан жəне Алматы облысы шаруашылықтарында өсіріледі.



199

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақтың арқар-мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1934 – 50 жылдары биязы 

жүнді жаңа кавказдық типтегі рамбулье жəне прекос саулықтарын жабайы арқармен 

қолдан ұрықтандыру нəтижесінде алынды. Бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарында 

бағуға өте ыңғайлы. Кейінірек жүн сапасын одан əрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды 

малдардың бір бөлігіне аустралия мериностарының қаны құйылды. 

Қазақтың оңтүстік мериносы – жүн, ет өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 

Еліміздің оңтүстік өңірлерінің шөл, шөлейт жəне таулы аймақтарының құбылмалы 

табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Бұл тұқымды 1932 – 66 жылдары Қазақ 

қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты шығарды. Ол жергілікті 

қылшық жүнді құйрықты қойларды кавказ, алтай, ставрополь, грозный жəне кеңес 

мериносы қой тұқымдарымен күрделі будандастыру нəтижесінде алынған. Кейінгі 

кезде жүн өнімділігінің сапасы мен түсімін арттыру мақсатында алынған қой тұқымы 

аустралия мериностарымен будандастырылды. Қой тұқымы Жамбыл, Оңтүстік 

Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі. 

Қазақтың биязы жүнді қойы – ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 

1931 – 46 жылдары жергілікті қазақтың құйрықты саулықтарын прекос жəне «америка 

рамбульесі» қошқарларымен будандастыру нəтижесінде алынған. Кейіннен жүн 

сапасын жақсарту мақсатында аскания, алтай, грозный, аустралия мериностары жəне 

полварс тұқымдарының қошқарларымен кіріспе будандастырып, етті-жүнді бағытта 

алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы жəне шөлейтті 

аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген. 

Қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы – ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін 

қой тұқымы. Бұл тұқымды 1962 – 94 жылдары Тəжірибелік биология институтының 

ғалымдары жергілікті қойлардың 5 тұқымын будандастыру арқылы шығарған. Алғашқы 

үлгі ретінде қазақы биязы жүнді қой тұқымдарының саулығын шетелдік етті, ұзын 

жүнді линкольн, ром-ни-марш, бордер-лейстер жəне тяньшань қой тұқымдарының 

қошқарларымен будандастырды. Бұдан алынған күрделі будандар əрі қарай «өз-өзімен» 

өсіру арқылы көбейтілді. Қойдың дене бітімі мықты, қошқарлары, көбінесе, мүйізсіз 

келеді.



200

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақта егін шаруашылығы қашаннан 

бар. Мысалы, ежелгі Сауран, Отырар, Тараз 

қалаларының маңайында ескі арықтардың 

ізі əлі күнге дейін байқалады. Бұл – 

Қазақстанда егін шаруашылығының ертеден 

дамығандығының дəлелі.

Суы мол Сыр өңірі, Жетісу, Есіл, Ертіс, 

Жайық бойларын мекендеген халық егін 

шаруашылығымен көбірек айналысқан. 

Қазақтың егетіні, негізінен, дəнді дақыл, 

аздап бақша өсімдіктері болды. Егін егу 

жерді суландырумен қатар жүретін. Жерді 

суландыру – өзеннен түрлі арықтар арқылы 

суды егіндікке жеткізу əдісі. Ол үшін 

егіндіктің жоғары тұсынан суды егіндікке 

бұру мақсатымен үлкен арық қазылады. 

Жерді түйе, кейде екі жылқы немесе қос өгіз жеккен соқамен жыртқан.

Егінші қазақтың ертеден өсірген дақылының бірі – тары. Оңтүстік Қазақстан, Сыр 

бойындағы қазақтардың егетін тағы бір дақылы – күріш (салы). Сондай-ақ қазақ 

даласында жүгері, арпа, сұлы өсірілген. Оларды, негізінен, малға берген, сабақтарын 

бастырып сабан жасаған, қажетіне қарай өздері азық ретінде пайдаланған. Сабанды 

балшыққа араластырып илеп, одан қам кірпіш (күйдірілмеген) жасап, қыстау, қора-

қопсы салған. 

Жер өңдеуді кəсіп еткен қазақ су диірменін ойлап тапқан. Бұл – ағын судың 

күшімен жұмыс істейтін күрделі құрылыс. Мұның негізгі тетігі – екі диірмен тасы. 

Олар дөңгелек пішінде тегістеле қашалады, ортасын теседі. Тегіс беттерін бір-

біріне қабыстыра, бірінің үстіне бірі орнатылады. Судың күшімен үстіндегі тас 

дөңгеленгенде, ортасындағы тесіктен бидай салынып, шеттерінен ұн болып шығады. 

Қазақтың «қол диірмені» де осы шартқа негізделген. Бірақ қол диірмен – көшпелі 

қазақтардың аспабы.

Отырықшы шаруалар тек дəнді дақыл егумен шектелген жоқ, олар бау-бақшамен де 

айналысты. Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шие, жиде, шабдалы – Қазақстанның оңтүстігінде 

ертеден өсетін жеміс ағаштары. Пияз, сəбіз, қызыл бұрыш, асқабақ, қияр, қызан, қауын, 



қарбыз – қазақтың ежелден тағамға пайдаланып келген көкөніс-жидектері.

Document Outline

  • SEN_BILESIN_BE_101
  • SEN_BILESIN_BE_102
  • SEN_BILESIN_BE_103
  • SEN_BILESIN_BE_104
  • SEN_BILESIN_BE_105
  • SEN_BILESIN_BE_106
  • SEN_BILESIN_BE_107
  • SEN_BILESIN_BE_108
  • SEN_BILESIN_BE_109
  • SEN_BILESIN_BE_110
  • SEN_BILESIN_BE_111
  • SEN_BILESIN_BE_112
  • SEN_BILESIN_BE_113
  • SEN_BILESIN_BE_114
  • SEN_BILESIN_BE_115
  • SEN_BILESIN_BE_116
  • SEN_BILESIN_BE_117
  • SEN_BILESIN_BE_118
  • SEN_BILESIN_BE_119
  • SEN_BILESIN_BE_120
  • SEN_BILESIN_BE_121
  • SEN_BILESIN_BE_122
  • SEN_BILESIN_BE_123
  • SEN_BILESIN_BE_124
  • SEN_BILESIN_BE_125
  • SEN_BILESIN_BE_126
  • SEN_BILESIN_BE_127
  • SEN_BILESIN_BE_128
  • SEN_BILESIN_BE_129
  • SEN_BILESIN_BE_130
  • SEN_BILESIN_BE_131
  • SEN_BILESIN_BE_132
  • SEN_BILESIN_BE_133
  • SEN_BILESIN_BE_134
  • SEN_BILESIN_BE_135
  • SEN_BILESIN_BE_136
  • SEN_BILESIN_BE_137
  • SEN_BILESIN_BE_138
  • SEN_BILESIN_BE_139
  • SEN_BILESIN_BE_140
  • SEN_BILESIN_BE_141
  • SEN_BILESIN_BE_142
  • SEN_BILESIN_BE_143
  • SEN_BILESIN_BE_144
  • SEN_BILESIN_BE_145
  • SEN_BILESIN_BE_146
  • SEN_BILESIN_BE_147
  • SEN_BILESIN_BE_148
  • SEN_BILESIN_BE_149
  • SEN_BILESIN_BE_150
  • SEN_BILESIN_BE_151
  • SEN_BILESIN_BE_152
  • SEN_BILESIN_BE_153
  • SEN_BILESIN_BE_154
  • SEN_BILESIN_BE_155
  • SEN_BILESIN_BE_156
  • SEN_BILESIN_BE_157
  • SEN_BILESIN_BE_158
  • SEN_BILESIN_BE_159
  • SEN_BILESIN_BE_160
  • SEN_BILESIN_BE_161
  • SEN_BILESIN_BE_162
  • SEN_BILESIN_BE_163
  • SEN_BILESIN_BE_164
  • SEN_BILESIN_BE_165
  • SEN_BILESIN_BE_166
  • SEN_BILESIN_BE_167
  • SEN_BILESIN_BE_168
  • SEN_BILESIN_BE_169
  • SEN_BILESIN_BE_170
  • SEN_BILESIN_BE_171
  • SEN_BILESIN_BE_172
  • SEN_BILESIN_BE_173
  • SEN_BILESIN_BE_174
  • SEN_BILESIN_BE_175
  • SEN_BILESIN_BE_176
  • SEN_BILESIN_BE_177
  • SEN_BILESIN_BE_178
  • SEN_BILESIN_BE_179
  • SEN_BILESIN_BE_180
  • SEN_BILESIN_BE_181
  • SEN_BILESIN_BE_182
  • SEN_BILESIN_BE_183
  • SEN_BILESIN_BE_184
  • SEN_BILESIN_BE_185
  • SEN_BILESIN_BE_186
  • SEN_BILESIN_BE_187
  • SEN_BILESIN_BE_188
  • SEN_BILESIN_BE_190
  • SEN_BILESIN_BE_191
  • SEN_BILESIN_BE_192
  • SEN_BILESIN_BE_193
  • SEN_BILESIN_BE_194
  • SEN_BILESIN_BE_195
  • SEN_BILESIN_BE_196
  • SEN_BILESIN_BE_197
  • SEN_BILESIN_BE_198
  • SEN_BILESIN_BE_199
  • SEN_BILESIN_BE_200

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау