Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет25/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

189

КӨШПЕЛІЛЕР ТҰРМЫСЫ

Тоқыма бұйымдарының бірі – алаша. Арнайы 

аспап арқылы басқұр тəрізді жалпақ етіліп тоқылып, 

бірнешеуінің арасын қатарынан біріктіріп, терме 

алаша жасайды.

Үй жиһаздарының ішінде сырмақ – көне 

дəуірден келе жатқан көшпелілердің материалдық 

мəдениетінің озық жетіс тіктерінің бірі. Сырмақ 

(сыру деген сөзден шыққан) – ою бастырып 

немесе жиектері өрнектеліп сырылып жасалған 

түрлі-түсті төсеніш. Оны биязы жүннен 

басылған жұқа киіздің бетіне оюлар салып, 

кенеппен астарлап жасайды. Сырмақ, 

негізінен, мал баққан қазақ, қырғыз, моңғол 

сияқты көшпелі малшыларға тəн бұйым. 

Оның ою-өрнегіне жəне көлеміне сəй кес 

бірнеше түрі бар. Ошақ тұсы (ортасы) 

ашық келетін, дөңгелектене жасалған 

көлемді сырмақ откиіз, шай сырмақ 

деп аталады.

Көлемі жағынан киіз үйге тұтастай төсеуге болатын төсеніш киіздің 

бір түрі – текемет. Текеметтің оюлы текеметшашақты текемет



салбырама текемет сияқты түрлері бар. Текемет сырмақтан үлкен, 

енді болып келеді. Текемет жұқа басылған киіздің бетіне бөлек боялған 

түрлі-түсті киізді оюлап орналастырып, су сеуіп, шиге орап, киізше 

басып жасалады.



Тулақ – тайдың терісін шикідей 

керіп кептірген көн төсеніш. 

Сондықтан оны тайтері деп те 

атайды. Тулақ жасау үшін жаңа 

сойылған тайдың терісін шелінен, 

көк етінен арылтып, тазалап 

алады. Егер тері өте майлы болса, 

күйдірілген əктас, сортаң топырақ 




190

КӨШПЕЛІЛЕР ТҰРМЫСЫ

немесе тұзды көлдің сазын жағып, майын алады. Терінің майын алу үшін құстың 

саңғырығын да жағады. Содан кейін теріні тегіс жерге немесе тақтайға керіп, шегелеп 

тастайды. Əбден кепкен тері қатайып көнге айналады. Теріні күн көзінен таса, көлеңкеде 

кептірген абзал. Кепкен терінің үстіне бөстек, көрпе, жержастық салып төсеніш ретінде 

пайдаланады. Жүн сабағанда тулақты төсеніш ретінде жүннің астына салады.

Үй тұрмысында тұтыну мен сəндік мəні зор бұйымдардың бірі – сандық. Ол киім-

кешек, мата-пұл сияқты бағалы заттарды салып сақтауға арналған. Сандықтың бетін 

былғарымен қаптап, құйма күміспен əшекейлейді. Түгел былғарымен қапталғанды 

жағлан (шабадан – чемодан) деп атайды. Сондай-ақ сандықтың бет жағына жұқа мыс 

қаңылтыр, жез қаңылтырларды шаршылап, кереге көздеп қадау арқылы əшекейлеу де 

кең тараған. Əрбір үйде 2-4 сандық болады.

Əбдіре (абдыра) – үй бұйымдары мен ұсақ-түйек заттарды сақтайтын, көлемі əр түрлі 

болып келетін сандық түрі. Көтеруге ыңғайлы болу үшін екі бүйіріне қос-қостан тұтқа 

орнатылып, қақпағына құлып салынады.

Ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлікті кебеже деп атайды. Көші-қонда 

түйеге арту үшін төрт бұрышына қайыс өткізетін тесігі бар құлақ жасалған. Төртқұлақ 

кебеженің астына жүкаяқ қойылмайды. Қақпақтарын оймыштап, бедерлеп əшекелейді. 

Бір үйде 3-5 кебежеге дейін болған.

Асадал – ыдыс-аяқ жəне азық-түлік сақтауға арналған ерекше мүліктің бірі. Ол 

кебеже, сандықтарға қарағанда биік болып келеді. Екі немесе үш қабат сөрелеріне 

күмістелген, сүйектелген қақпақтар орнатылған.

Ұсақ-түйек бұйымдар мен əшекей-зергерлік бұйымдарды шайсандықта сақтаған. 

Оны ерекше сəндеп, сүйектеп, күмістеп, əшекейлеп ұстаған.

Жүкаяқ – буылған тең, қатталған, бүктелген сырмақ, көрпе-жастық, кебеже, сандық 

сияқты заттарды қою үшін пайдаланылатын жиһаз. Асты қуыс болатындықтан үнемі 

жел кеулеп, жүктің асты дым тартып, көгермейді. Оны да алуан түрлі өрнектермен 

əшекейлеген.




191

КӨШПЕЛІЛЕР ТҰРМЫСЫ

Үйге сəн беретін тұтыныс бұйымының бірі – ағаш төсек. Қазақтарда төсектің негізгі 

үш түрі сақталған. Біріншісі – екі басы қайқылау келген сүйеніш тақтайы бар төрт 

сирақтысы. Екіншісі – екі басы қайқылау келетін алты, сегіз сирақтысы. Соңғысы – екі 

басы тік келген төрт сирақты кереует.

Төсек бастарының қайқы болуы – жатқан адамның аяғы мен басы денесінен сəл биік 

келіп, демалғанда қан айналысы жақсы болатынын қазақтар баяғы заманда-ақ ескерген. 

Ол сондай-ақ, ажыратылып жəне құрастырылатындықтан көшкенде түйеге артуға өте 

қолайлы. Ағаш төсектерге салынатын қиюланған жəне оюланған төсек сырмақтар, 

тұсына қойылатын адалбақан, ілінетін тұскиіз, тоқылған, кестеленген төсекжапқыш, 

төсекаяқ, кермелері керемет жарасып, үйдің сəні мен ажарын аша түсетін болған.



192

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қазақ өзінің малын қой-

ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөлген. Осы төрт түлік малдың əрқайсысын 

халық барынша өнімді, орынды пайдалана білген. 

Қазақ даласында, негізінен, көшпелі мал шаруашылығы кеңінен дамыған. Мал 

бағудың өзіндік əдістерін, малды күтіп-баптаудың тəсілдерін онымен айналысқан ел 

жете меңгерген. Жайылымдарды жыл мерзімінің төрт кезеңіне байланысты тиімді 

пайдалану үшін белгілі қалыптасқан жүйемен көшіп, қоныс аударып отырған. Ол 

қоныстар қыстау, көктеу, жайлау, күздеу деп аталған. 

Сонымен қатар қазақ даласында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен 

айналысатындар да кездесіп отырған. Олардың қыста бораннан, желден қорғанатын 

үй-жайы, қора-қопсысы болады. Жартылай көшпелі шаруашылықтар жайлауға көктем 

шығып, күн жылыған соң көшеді. Бұлардың жайлауы қыстаудан онша алыс болмайды. 

Қыстаумен байланысын үзбей, ондағы шаруаны да қолы тигенде істеп жатады. Ал, ең 

бастысы, бұлар жаз кезінде шөп шауып, малының қыстық азығын əзірлеуге күш салады. 

Жартылай көшпелі шаруашылықтар төрт түліктің ішінен жылқы мен қойды көп, түйені 

аздау, оның есесіне, сиыр малын жеткілікті мөлшерде асырайды.

Қой-ешкі

Қой шаруашылығы қазақтың көшпелі шаруа-

шылығының негізі болып табылады. Мыңдаған 

жыл дардың барысында күшті, етті, табиғаттың ыс-

тық-суығына көнбіс қазақ қойлары пайда болды. 

Қазақы қойлар ірі, түстері қызғылт, қоңыр, ақ, қара, 

құйрықтары үлкен, майлы, қошқарлары көп жағдайда 

мүйізді болып келеді. 

Ескі нанымы бойынша, қазақтар əр түліктің өз пірі 

болады жəне ол түліктерді қолдап-қорғап отырады 

деп сенген. Қой өсіруші қазақ қойларын індеттен, 

жұттан аман алып қалуын, өсіп-өнуін тілеп Шопан 

Атаға жалбарынған. Ал ешкінің пірі Шекшек Ата деп 

аталған. 

Көктемде қой жаппай төлдейді. Қойлар қоздай 

бастасымен ел қой сауған. Қой сауу үшін қозылары 

енелерінен бөлек бағылады, қой өрістен келер алдында 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау