Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы


ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ БОЛҒАН ДІНДЕР



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет21/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

176

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ БОЛҒАН ДІНДЕР

Əлемнің түрлі нəсілді, ұлтты, тілді 1 миллиард 800 

миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам діні 

VII ғасырда Жазиратул-л Араб деп аталатын Араб 

түбегінде дүниеге келді. Аллаһ Тағала қасиетті Құранды 

осы елдегі Құрайыш тайпасынан шыққан Абдолланың 

баласы Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға уахи 

етті. Ислам жаһандағы жанға қайырым, əділдік пен 

мейірім, игілік пен ізгілік тілейтіндіктен жүректерге 

жол тапты. Ол адам баласын жақсылық жасап, рухани 

тазалық пен ізгілік дəнін себуге үндейтін гуманизм 

діні болғандықтан, VII – VIII ғасырларда-ақ Азия, 

Африка жəне Еуропаның да біраз жерлеріне тарап 

үлгерді. Бірте-бірте жаңа дін Мəуереннаһр деп аталған 

Орта Азия өлкесіне де жетті. Сөйтіп, ислам ІХ – Х 

ғасырларда сүнниттік бағытта түркілер əлемінде де 

нығая түсті. 

Қазақ халқы жартылай көшпелі, жартылай 

отырықшы өмір сүрді. Сондықтан ислам дінінің кең-

байтақ елімізге тарауы, қанатын қатайтып, түпкілікті 

тұрақтауы бірнеше ғасырларға созылды. 

Ислам діні, əсіресе, Өзбек хан (1280 – 1342) тұсында 

ресми дінге айналғандықтан ықпалы күшті болды. 

Арғы түркілердің Тəңірі, парсылардың 

Құдайы, арабтардың Аллаһы əр түрлі тілдерде 

қолданылғанымен, бір ғана мағына береді. Қазақтар 

«Тəңір жарылқасын! Құдай сақтасын! Аллаһ Тағала 

байлық-береке берсін!» деп дуалы сөздердің үшеуін 

қатар пайдаланады. Осындағы əрбір жағдайда 

жоғарғы Құдай – Көк құдайы – Тəңір мегзеліп тұр. 

Мұсылмандықты қабыл алған соң да қазақтар өз тамыр-

тектерін, өздерінің басты діні болған тəңіршілдікті 

ұмытпаған.

ИСЛАМ ДІНІ



177

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ БОЛҒАН ДІНДЕР


178

МҰСЫЛМАНДЫҚ ИМАН-ШАРТТАРЫ

ОРАЗА ҰСТАУ

Мұсылмандардың ай есебі бойынша, жыл сайын белгілі мерзімде, яғни тоғызыншы 

айда – қасиетті рамазан (рамадан) айында мұсылмандар отыз күн ораза ұстайды. Рамазан 

сөзі «келтіруші» деген мағынаны білдіреді. Бұл айда істеген құлшылық, тұтқан ораза 

Аллаһ алдындағы күнəлардың кешірілуіне себеп болады деп есептелінеді.

Ораза ұстаудың негізгі себебінің бірі – ашығу арқылы бүкіл іш құрылысын тазарту. 

Əрі осы айда ораза тұтқан адам рухани тазарып, байиды деген сенім бар.

Ораза тұту исламға дейін де болған, бірақ оны белгілі бір мерзімде емес, қалаған 

кезінде тұта берген. Ал исламның бекітуі бойынша ішіп-жеуден белгілі бір мерзім 

арасында тыйылады. Ораза ұстау дегеніміз – отыз күн бойы таң білінгеннен күн батқанға 

дейін ауызға дəм алмау, су, дəрі-дəрмек ішпеу, темекі тартпау, əдепсіз сөздер айтпау.

Рамазан айы – өте қасиетті ай. Осы айда «Құран Кəрім» түсірілген жəне періштелер 

жерге жиі түседі деп есептелінген. Рамазан айында мешітте болып, сонда уақытын 

өткізу – сауап. 

Отыз күн бойы кешке қарай ораза тұтушы 

адамдар үшін таң атпай тұрып сəресін ішу жəне 

күн ұясына кіргеннен кейін ауызды ашу үлкен 

міндет болып саналады. Сəресін ішу мезгілі 

кезінде отқа піспеген дəммен, яғни жеміспен 

(құрма не мейіз), су не болмаса тұзбен ауыз ашады. 

Күні бойы астан тыйылу дəстүрінен кейінгі осы 

салт – оразаға ниет еткен адамның денсаулығына 

жақсы əсер етеді, себебі ораза тұтушы мұсылман 

баласы бірден асқазанға ауыр тиетін тағамдармен 

ауыз ашпайды.

 Кешкі ауызашар кезінде 

көршілері немесе жақын адамдары 

ораза тұт қындарды асқа шақырса, 

үлкен сауап бо лады деп есептеледі. 

Сондықтан ораза ұс таған мұсыл-

мандарды ерекше қадірлеп, ауыз-

ашарға арнайы шақыру жалғасын 

тапқан үлкен дəстүрлердің бірі 

болып табылады.



179

МҰСЫЛМАНДЫҚ ИМАН-ШАРТТАРЫ

«Оразаңыз қабыл болсын!» деген ақ ниеттегі тілектер рамазан айы бойы үнемі 

естіледі. Ораза айы үлкен мереке болып саналып, ауызашар кезінде жарапазан айтылған. 

Жарапазан айтушы үй иесін мақтап, өлең айтып, өзіне тиісті сыйлық алған. 

Жарапазан айтқандарға құрт пен ірімшік, тəттілер мен дəмді тағамдар беріледі. 

Жарапазан айтушыларды дастарқан басына шақырады.

Дəстүр бойынша, рамазан айының 27-ші жұлдызы «қасиетті» деп аталады. «Құран 

Кəрімнің» түскен уақыты Қадыр түні ретінде атап өтіледі. Қадыр түнін күткен, оны 

көрген жəне тілек айтқан қабыл болады.

Көбіне, Қадыр түнін мешітте өткізеді, сонда құран оқып, ілім үйренеді, хадистер 

тыңдайды, молдалар пікір алмасады. Бұл түнде оқылған бір намаз басқа мың намаздың 

орнына жүреді деп саналады.

Жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұл бала əр рамазан айында отыз күн ораза 

ұстайды. Денсаулығы нашар адамдар, бала емізетін əйелдер, жолаушылар оразадан 

босатылады. 

ПІТІР-САДАҚА БЕРУ

Ислам дінінде рамазан айында мұсылмандар 

жан амандығына шүкірлік ретінде мешітке барып 

пітір-садақа береді. Пітір-садақа жан басына 

қарай есептеледі. Садақа айт намазына дейін 

беріліп бітуі керек. Оның мөлшері жыл сайын бір 

килограмм бидайдың құнына байланысты өзгеріп 

отырады. 

Пітір-садақа, негізінен, ақшалай, кейде заттай 

да берілуі мүмкін.



ОРАЗА АЙТ

Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт 

мейрамы өтеді. Айттан бір күн бұрын «арафа (арапа)» күні болады. Сол күні мерекеге 

арналған бауырсақ, шелпек пісіріледі. Арафа күні үй ішін тазалап, мерекеге дайындық 

жұмыстарын жасайды жəне балаларға арнап жаңа киімдер тігіліп, ас молынан 

пісіріледі.

Ораза айттың бірінші күні мұсылмандар таң атпастан мешітке барып, айт намазын 

оқиды. Айт намазынан бұрын азаншы мұнараға шығып, бірнеше рет «Намаз мерзімі 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау