Қазақстандық полиция: жазалаушы орган ба әлде



жүктеу 104,22 Kb.
бет8/26
Дата14.03.2023
өлшемі104,22 Kb.
#41751
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
12) Транскрипт каз Полиция 2

Динара Сәтжан, модератор: Қазір бізде тағы бір спикеріміз бар. Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы, стратегиялық талдау орталығының директоры. Бұл соңғы баяндама. Бұдан кейін талқылауға көшеміз.


Динара Хайрикенова, «Қазақстан 2050»: Сәлеметсіздер ме, біздің сарапшылық клубтың қатысушылары! Бірден айтып келетіні, бүгін сөз сөйлейміз деген жоспарымыз жоқ еді. Біз «Полиция – жазалаушы орган ба әлде қызмет көрсетуші ұйым ба» деген тақырыпты жариялаған кезде, көптеген адамдарға бұл тың тақырып емес болып шықты. Тұрғындардың полициямен өзара қатынасы және осы қарым-қатынасты жақсарту мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, әсіресе Астанада жоқ болып шықты. Біз шақыртуды өте көп жібердік, бірақ сіз осы жерден мұндай ұйымдарды таппайсыздар, себебі шындығында олар жоқ. Сөйтіп ақыр соңында бізге шығуға тура келді. Себебі тақырып өте өзекті. Мен Ольгамен, яғни полицияға қызмет көрсететін ұйым ретінде қарамайды деген мәнмәтінмен келіспейтін шығармын. Егер сіздер сауалнаманы полициямен қарым-қатынасқа түскен адамдармен емес, жалпы барлық адамдар арасында жүргізсеңіздер, әрине, олар полицияны бір абстрактілі нәрсе ретінде қабылдайды. Ал полициямен байланысы болған адамдар оған белгілі бір оқиға болған кезде қалай болса да бір әрекет жасауы тиіс орган ретінде қарайды. Мен алдыңғы екі спикер айтқандарды қайталамай-ақ қояйын, олар тұрғындар полицияға қалай қарайтыны туралы айтқан еді. Мен аздап бәрін жерге түсіріп, шын мәнінде мен тәрізді қарапайым адам полиция маған не істеуге міндетті немесе азамат ретінде полиция жұмысынан не күтетіні туралы айтайын. Біздегі құқық қорғау органдары шығады да «біз халыққа мынадай қызметтер көрсетудеміз» деп айтады. Мен Ішкі істер министрлігі туралы айтып отырмын. Соңғы бір берген сұхбаттарын көргенде, 38 қызмет түрін көрсетеміз деген екен. Егер біз мемлекеттік қызметтер тізімдемесіне үңілетін болсақ, бұл жерде мемлекет тұрғындарға көрсететін барлық қызметтер жазылған, мұны сайттан табуға болады, онда мұндай қызметтер саны 41. Ал бұл қызметтердің бірінің де полиция функциясына еш қатысы жоқ, ал қоғамдық тәртіпті қорғаушы және құқықбұзушылықтың алдын алушы ретінде полицияның рөлі азаматтар үшін өте маңызды. Бұл туралы барлық мемлекеттік органдар хабардар деп ойлаймын. Қазір менде көрсетілетін қызмет түрлерінің тізімі бар, ол төлқұжат беру, құжаттау, мұрағаттық анықтамаларға апостиль қоюдан басталып, солай жалғаса береді, бұл қарапайым адамға және әңгіме полициямен арақатынас туралы болып отырғандықтан онша қызықты емес. Халық полиция туралы айтқанда, біздің ойымызға ең алдымен, учаскелік инспектор оралады. Келесі слайд «Өзіңіздің учаскелік инспекторыңызды көрмегеніңізге көп болды ма?». Біз бүгін бұл сандарды естідік. Мен сіздерге мынаны айтпақшымын. Бізде «Танысуға рұқсат етіңіздер», «Мен сіздердің учаскелік инспекторларыңызбын», тағы сол сияқты акциялар жыл сайын өткізіледі. Осыншама акция өткізді, керемет деп БАҚ жарыса жазып жатады. Егер біз учаскелік полиция жұмысын ұйымдастыру ережесіне қарайтын болсақ, ол үшін акция өткізудің қажеті жоқ, бұл кез келген учаскелік инспектордың күнделікті атқаратын қызметі екенін білеміз. Жылына екі рет ол толықтай пәтерлерді аралап шығуы тиіс, ал екіншіден, ол жылына төрт рет, яғни тоқсан сайын халық алдында есеп беруі тиіс. Тіпті баяндаманың ұзақтығы 30 минут болу тиіс және ол хаттамамен рәсімделіп, тіркеледі дегенге дейін жазылған. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы дайындаған және әлеуметтік желілерде таратқан мына инфокескіндемені сіздер еш жерден, не ІІМ-нің бірде-бір сайтынан, не Ішкі саясат департаментінің сайтынан таба алмайтындарыңызға өз ақшамды бәйгеге тіге аламын. Адамдар ұшырасып жататын екінші бір жайт: егер мен бір жағдайға тап болсам, мен полицияға барып арыздануға мәжбүрмін. Азамат ретінде мені мазалайтын нәрсе полиция маған қаншалықты тез келеді деген ой. Айта кететіні, полиция жасағын шақыру, жедел жәрдем қызметін шақыру сияқты уақытпен шектеліп белгіленбеген, ол мемлекеттік қызмет көрсетулер тізімдемесіне кірмеген, бұл бөлек әңгіме, әрине бұл тізімдемеде ол неге жоқ екені туралы сұрап, сөйлесу қызықты болар еді. Бізге полиция көлігін орташа қанша уақыт күту керек екенін білу қызық болар еді. Бізге белгілі бір бағыт-бағдар бере ала ма әлде жоқ па? Меніңше бұл өте маңызды сұрақ. Мен өз басымнан өткен нақты бір оқиғаны әңгімелеп берейін. Міне мына парақшада біздің полицияның келу уақыты көрсетілген, егер сіз полиция шақыртсаңыз, сіз оны ешқашан ала алмайсыз, себебі ол ешқашан қолға берілмейді. Бірақ бұл жерде күзет тобы қашан шыққаны және қашан келгені нақты жазылған. Оқиға орнына жету үшін оларға үш минут уақыт берілгенін көресіздер. Ал оқиға өз басымнан өткендіктен мен мынаны айтамын, күзет тобы 45 минут жүріп келді. Яғни жедел басқару орталығының статистикасы, атауы осылай сияқты, ол сандарды осылай тіркеп жазады екен. Егер маған қателесіп осы құжатты бермегенде, біз білмей жүре берер едік. Біз ресми сұраныс жазғанбыз, бізге патрульдің келу уақытын көрсететін бағдарламада үлкен ақау бар деп жауап берді. Мен бұл жүйе 2015 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді дегенді жиі естимін. Бұл бірді-екілі жағдай шығар. Алайда полицияны күту уақыты нақты көрсетілуі тиіс. Мүмкін, әр жағдайда әр түрлі шығар. Мүмкін ол өте маңызды, шұғыл оқиға шығар, біреу-міреу мерт болып жатқан шығар немесе бұл ерекше жағдай шығар, олар оқиға орнына жету уақытын деңгейлеп жобалай алады, бірақ қалай болғанда да қарапайым азаматтар үшін нақты бір күту уақыты белгіленуі қажет. Сонымен, сіз полиция кезекшілігін шақырдыңыз, енді сізге арызыңызды тіркеу қажет. Арызды тіркеу туралы өте көп нәрсе айтуға болады, бұл өте маңызды тұсы, бұл іс-әрекет нақты уақытпен шектеліп белгіленуі қажет. Азамат өз арызын тіркеді, енді олардан не алуы керек екенін білуі қажет. Сізге олар талон-уведомление берулері керек екенін полиция қызметкерлері өте сирек айтады. Бұл бірінші оқиға емес. Біз адамдармен әңгімелестік, шынымен, мұндай тәжірибе бар екен, бірақ қарапайым азамат басқаша бұл туралы қалай біле алады? Жаңа Шыңғыс таңертең Астана қаласының ІІМ сайтына кірдім деді. Ал мен таңертең сағат жетіде ақпаратты қайта тексеру үшін Алматы ауданының АІІБ-не бардым. Бізде арыздарды қабылдау іс-әрекетін реттейтін прокурордың бұйрығы ілініп тұр. Онда азамат ретінде менің арызымды қабылдағанда маған олар не беретіні түгел баяндалған. Ол жалғыз өзі ілініп тұр және өте ауыр тілмен жазылған, сондай-ақ тек орыс тілінде, қазақ тілінде мұндай ақпарат жоқ. Егер мен жоғары білімді және заң жаргондарын жақсы түсінетін, бірақ тек қазақ тілінде сөйлетін адам болсам, мен бұл ақпаратты мүлде білмеуім мүмкін. Бұл өте маңызды тұсы. Прокуратураның бұл бұйрығына қосымша ретінде арыздарды қабылдау және тіркеу стандарты бар екен. Шамалы түсінікті жазылған осы стандартта барлығы нақты жазылған, бірақ ол Алматы ауданының АІІБ-де ілініп тұрған жоқ. Басқа аудандарда жағдай бұдан жақсырақ деп үміттенейік. Жарайды, сізге бұл ескерту парақшасын алу керек екенін айтты, сіз оны алдыңыз, бірақ әрі қарай не істеу керек екенін айтар адам өте сирек кездесетін шығар. Мысалы, сіздің бір затыңызды ұрлап кетті, сіз барып арыз жаздыңыз. Екі апта өткен соң, менің арызым бойынша не істеді екен деп барғанда, сізге талон береді. Сөйтіп сіздің қолыңызға берген парақшадағы санды service.pravstat.kz сайтына кіріп, енгізіп, өзіңіздің арызыңыз қалайша қаралып жатқаны туралы толық ақпарат ала аласыз. Есептеп көріңізші, мына жерде 17 сан бар. Осының бәрін жасайтын ақпараттық сервис 14 немесе 15 саннан тұратын арыздарды ғана тіркейді. Яғни бізге берген мына талон бұл жүйеге тіркелмеген. Бұл бірді-екілі жағдай болуы мүмакін емес. Бұл жыртып берілетін талон, яғни үлкен бір кітапша бар деген сөз. Сонда, қазір полиция жалған нөмірлері бар ескерту парақшаларын беріп жатыр. Сондай-ақ аталмыш жүйе жұмыс істемейді. Тіпті, сіз қандай-да бір ақпарат беруге қатысты, мына бір сайтқа кіре аласыздар дегенге байланысты дау айтуға болады. Бұл біздің азаматтар ұшырасып жүрген қиындықтарға және бүгінгі таңда құқық қорғау органдары, яғни прокуратура, полиция жүргізіп жатқан жұмыстарға деген сенімді қалыптастыруға орай мысал. Өте бір маңызды тұсы – кезекші прокурор. Бұл бұрыннан келе жатқан керемет институт. Ол туралы көп айтуға болады. Міне, сіз келдіңіз, мысалы, сіз арызды қалай толтыратынын білмейсіз немесе сізге ескерту парақшасын берген жоқ – бұл жиі кездесетін жайт. Сіз өзіңіздің конституциялық құқықтарыңыз бұзылып жатқанын білдіңіз де, біреумен сөйлеспекші болдыңыз. АІІБ-де кезекші прокурордың телефоны жазылып тұр. Ол бәрі заңды іске асырылып жатыр ма, жоқ па, дегенді жалпы бәрін бақылауы тиіс. Қарайық, 2012 жыл, жаңалық: Қазақстанда кезекші прокурор жобасы енгізілуде. Олар әлі күнге дейін жұмыс істейді. Бұл жолы да, бірді-екілі жағдай шығар, мүмкін, бірақ пікірлерге көз жүгіртейік, онда бұл институт жұмыс істемейді дегенді оқисыз. Көп жағдайда, түнде шұғыл желілер тұтқаны көтермеген кезде, ол сізге қатты керек болғанда сіз кезекші прокурорды орнынан таппайсыз. Адамдардың жазған пікірлерін оқып көріңізші, бұл 2000 жылы болған, аталмыш институт енді енгізілген кезде, ол уақытта да, қазіргідей, кезекші прокурорды орнынан таппапты. Біз осы қазір, мен қоғамдық тәртіп туралы ойланып, ол туралы өзімнің учаскелік инспекторыммен сөйлескім келген сәттен басталып, мен құқықбұзушылық оқиғасына тап болып, арыз беріп, кейін менің арызым қаншалықты заңды рәсімделгенін білгім келген сәтпен аяқталған оқиғаны қарастырдық. Бұл шын мәнінде барлық азамат жолықтыруы мүмкін қиындықтардың соңы емес. Сондықтан, егер 2014 жылы бас прокурор құқық қорғау органдарына қаншалықты сенеді деген веб-сайттан алған ақпаратта 9% ғана сенеді деп тұрғанына таң қалмаңыз. Пайыз неге сонша төмен? Әсіресе, Ольга айтқан сандармен салыстырғанда. Себебі сауалнамаға құқық бұзушылық туралы арыз берген, яғни сол жолда қиындықтарға кезіккен адамдар қатысты. Ал бұлар өте маңызды сандар. Айта кететіні, құқық қорғау органдарын жаңғырту бағдарламасында айтылғаны – бағдарламаның нәтижеге қол жеткізу өлшемдерінің бірі халықтың сенім артуы болып табылады. Ол жерде 2020 жылы 60% адамның сеніміне ие болу көрсетілген. Бұл жерде жалпы халықтың сенімі емес, нақты қиындықтарды жолықтырған халықтың сенімі ескеріледі деген үміттемін. Шыңғыс дұрыс атап өтті, мүмкін, билікке сене ме, жоқ па деу керек шығар, тұрғындар үшін полиция қызметкері немесе учаскелік инспектор билік өкілі болып табылады. Шын мәнінде, шешімдері өте көп. Бұлар оңай іске асыруға болатын шешімдер, олар үстіңгі жағында көрініп жатыр, бәрін тізу қиын. Мен тек Ресейдің Азаматтық бастамалар комитеті қаржыландырып отырған «Ашық полиция» деген жобаны көрсетемін. Маған тіпті «ашық полиция» деген сөз емес, «түсінікті полиция» деген ұнады. Біздің полицияның бізге, азаматтарға түсінікті болуы өте маңызды. Мен оны түсінетіндей болу керек, адам ретінде мен оған келгенде маған не істеу керек екені түсінікті болу керек. Бұл бағытта бастамалар өте көп, кіріп, олардың бірнешеуін алсаң болғаны. Ал бірақ егер нақты өзіміз туралы айтар болсақ, қазір біз өмір сүріп жатқан уақытта көп нәрсе керемет, мінсіз. Биылғы жылы қарастырылған немесе қабылданған заңдар құқық қорғау органдарының жүйесін түбегейлі өзгертіп, оны халыққа жақын етуге жол ашады. Бірінші, қоғамдық бақылау мен мониторинг механизмдерін айтып отырмыз. Бүгін жұмыс істемейді деп айтқан кез келген институтты алыңыз да, қоғамдық бақылау мен мониторинг жүргізіп көріңіз. Өте жеңіл, қаржы аз жұмсалатын жоба, жүзеге асыру оңай. Полиция жұмысының ақпараттық ашықтығы. Есімізге түсірейік, қазір бізде ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданбақшы. Сол кезде, мемлекеттік органдар бар ақпаратын, оның ішінде бүгін Шыңғыс Лепсібаев өз таныстырылымында айтып кеткен ақпаратты да ашық көрсетуге, сондай-ақ полиция бөлімшелерінде азаматтардың құқығы туралы пайдалы ақпараттарды барынша орналастыруға міндетті болады. Жай ғана кезекші прокурордың, басқалардың да тақталарын бір қарап шығыңызшы. Ол жерге қосарыңыз болады және бұл азаматтар үшін өте пайдалы. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты шағымдар бойынша бірыңғай желі құрылса. Өйткені мұндай келеңсіздіктерге азаматтар жиі ұшырап жатады, мысалы, сіз бір жерге қоңырау шалғанда, бұл сұрақ бізге емес, бұл бас прокуратураға немесе тағы басқа бір жерге деген жауаптарды жиі аламыз. Азаматтарымызды түрлі құзыретті орындарға жүгіртуді доғарсақ қайтеді, оның орнына қазіргі сияқты «1414» - мемлекеттік қызметтерді берейік. Мен өте жақсы есімде сақтап қалдым және пайдаланып жүрмін. Егер құқық қорғау органдарына қатысты осындай балама болса, өте керемет болар еді.



жүктеу 104,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау