Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет11/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
   
3.0 
   ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА 
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
49
Адамның  қимыл-қозғалысын,  жүріс-тұрысын,  киген  киімін,  сол  бөлменің  жасауын,  спикердің 
сөздерін, келтірген дәйектерін бақылай отырып, баяндап отырған тақырыбыңызды жаңа қырынан 
ашып, жаңа авторлық стиль тудыра аласыз. 
ОҚу
Бұл журналистің тақырып бойынша жұмыс істеу барысындағы қажет кезең. Тақырыптың бэкграундын 
зерттей отырып, қызықты деталь, сандар мен фактілерді табуға болады.
Айталық, жаңа өндіріс нысанын іске қосу жөнінде материал жасамақ болсаңыз, ондаған әріптесіңіз 
жазатын  материалдан  өзгеше  дүние  тудыру  үшін  не  оқу  керек?    Менің  кеңесім:  сол  өндіріске 
қатыстының  бәрі  (трендтер,  өзіндік  құн,  экологияға  зияны),  сол  өңірдің  демографиялық  және 
әлеуметтік-экономикалық жағдайы, компанияның тарихы мен оның иелерінің өмірбаяны.
Мүмкіндігінше мұның бәрін алдын ала оқып алған дұрыс, сонда, кем дегенде орынды, дұрыс сұрақ 
қоя аласыз. 
 
   тест 2: 
Журналист нені және не үшін бақылауы керек?
A.   Аспандағы тырналарды – медитация жасау үшін.
B.   өзенді – дұшпанының мәйіті ағып бара жатқанын көру үшін.
C.  Оқиғаның барлық детальдарын – эксклюзив  ракурс тауып, материалды көрнекі етіп беру 
үшін.
Санау ЖӘнЕ СалыСтыРу
Санау  сатысы  журналистке  аналитикалық  тұрғыдан  салыстыру  үшін  керемет  идеялар  бере 
алады. Кейде, бір қарағанда салыстыруға келмейтіндей көрінетін дүниелерді салыстыруға, сөйтіп 
тақырыпты ерекше етіп ұсынуға болады. Сондықтан да осы екі кезеңді бір бөлімде ұсынуды жөн 
көрдім.
Мысалы, жоғарыда аталған Vласть  интернет-журналында келесі сілтеме бойынша берілген мақалада 
Қазақстанның  ауылдық  аймақтарын  интернетпен  қамту  мәселесі  сипатталады:  «Эквивалент: 
Vласть  посчитала,  от  чего  надо  отказаться  сельчанину  ради  доступа  в  интернет»    https://
vlast.kz/obsshestvo/22352-ekvivalent-vlast-poscitala-ot-cego-nado-otkazatsa-selcaninu-radi-
dostupa-v-internet.html. Бірақ, ауыл тұрғындарының интернет-трафикке жұмсайтын шығындарын 
көрнекі ете түсу мақсатымен, автор интернеттің бір айлық ақысын төлеу үшін олар неден бас тартуы 
керек екенін есептепті.
Басқа  да  мақалаларда  осындай  ұстанымды  кездестіруге  болады,  мысалы: 
«
Эквивалент:  цена 
внедрения «Онай» https://vlast.kz/obsshestvo/15472-ekvivalent-cena-vnedrenia-onaj.html
Авторы  –  Тоғжан  Қалиасқарова  «Оңай»  жүйесін  енгізу  шығындарын  есептеп,  оқырманға  тосын 
салыстыру көмегімен ұсыныпты.
Esquire журналы да есептеуге, сандарға, салыстыруға креатив тұрғыдан келеді. 
немесе  https://esquire.ru/numbers/10052017


ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
50
практикалық нұсқаулық


ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
51


ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА    
3.0
52
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
 тест 3:
Журналист сандарға мән беріп, оларды қолдануы не үшін керек?
A.   Математика ойға пайдалы.
B.   Материалды қызықты да тосын тұрғыдан ұсыну үшін.
C.   Құпия сәйкестіктер табу үшін.
 
СалыСтыРу, СЕБЕП / БОлЖам
Мұнда да бөлімдерді біріктіріп отырмын. Себеп-салдар және салыстыру сараптама әдістері туралы 
айтып  отырғандықтан,  бұл  тұрғыдағы  ең  маңызды  кезең  –  оқу  екенін  атап  өтуім  керек  шығар. 
өйткені, оқусыз салыстыру да, есептеу де толыққанды әрі сапалы бола алмайды.
Сонымен, қандай да бір оқиғаның (теракт делік) себептері мен салдарын қалай анықтауға болады? 
Материалға  қызық  ракурсты  қайдан  табамыз?  Жай  ғана  «неліктен?»  деген  қарапайым  сұрақпен 
шектеліп қалмауға кеңес беремін. Сұрақтарды алуан түрлі етуге болады, мысалы: 
сеБеБі:
сАлДАРы:
•  Кімге тиімді? (бұл жалпы «журналистика 
классикасы»)
•  не ықпал еткен?
•  Қалай ықпал еткен?
•  неліктен ықпал еткен?
•  Бәрінен артық ықпал еткен не?
•  Арты не болады?
•  неге ықпал етеді?
•  не нәрсеге, неліктен және қалай ықпал етуі 
мүмкін?
•  ... әсері қандай болады?
 
Соңғы сұрақтың бірнеше нұсқасы бар. Осы тұста жалпыға белгілі PESTLE (Political, Economic, Social, 
Technological, Legal, Environmental) аббревиатурасын еске алуға болады: осы қандай да бір оқиға 
не нәрсеге ықпал етуі мүмкін екенін сараптағанда осы салаларды бір шолып өтсе болады. Бұған 
демография,  білім,  қауіпсіздік  және  сараптау  нысанына  байланысты  басқа  да  салаларды  қосуға 
болады.
Сәйкесінше,  оқиғаның  салдарын  болжауға  талпынып,  бір  сұрақ  қойып,  оған  жауаптың  бірнеше 
нұсқасын табуға болады. Және олардың әрқайсысы бөлек сараптама және мақала тақырыбы бола 
алады. Сонымен, «Х оқиға ... әсері қандай болады?»:
ЭКОнОмИКА
әлеУмет
•  Табыс деңгейі
•  Баға деңгейі (азық-түлік, жылжымайтын 
мүлік, көлік, жанар-жағармай)...
•  Тіршілік минимумы
•  Атқарушы органдардың бюджеттік 
ассигнациялануы артуы /кемуі
•  Атқарушы органдардағы қызметкерлер 
саны артуы
•  Жұмыссыздық
•  Қауіпсіздік/криминал
•  Білім беру
•  Денсаулық сақтау
•  Этносаралық қатынастар
•  Конфессияаралық қатынастар
 тест 3:


ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
53
ҚұҚыҚ
сАясАт
•  заң актілері
•  нормативтік актілер (қаулылар, бұйрықтар, 
жарлықтар, нұсқаулықтар)
•  Қылмыс деңгейі
•  Қылмыстардың ашылу деңгейі
•  Жаңа штат бірліктері/жаңа қызметтік 
міндеттер құрылуы
•  өкілеттіліктердің қайта бөлінуі
•  рейтингтер (?)
•  Тағайындау/орын ауыстыру
•  Мемлекеттік органдар арасындағы 
қатынастар (ықпалдың күшеюі/әлсіреуі, 
қақтығыстар, ықпал үшін, өкілеттіліктер үшін, 
бюджеттен қаржыландыру үшін күрес)
•  Халықаралық қатынас (виза режимі 
күшеюі/әлсіреуі, сауда қатынасы, инвестиция) 
Бұл тек сұрақ қойып, жауап іздеудің мүмкін нұсқаларының бір бөлігі ғана. Осындай кестені үнемі 
қолда ұстаған дұрыс.
СалыСтыРу
Журналист нені және немен салыстыруына болады? Айталық, министр ауыл шаруашылығындағы, 
білім  берудегі  немесе  құрылыстағы  жаңа  көрсеткіштерді  атады.  Ол  көрсеткіштерді  былайша 
салыстыруға болады:
1. өзГЕ мЕмлЕКЕттЕРмЕн
•   - белгілі біреулерімен (аймақ бойынша)
•  - серіктестермен (бірлестіктер бойынша – ЕАЭО, ШСҰ, т.б.)
•   - әлем бойынша орташа көрсеткіштермен
•   - салыстыруға келетіндермен:
•   Халық саны бойынша
•   Халық түрі бойынша (қала/ауыл халқының үлесі)
•   Халықтың жасы бойынша (жастардың үлесі және т.б.)
•   Гендер бойынша (ерлер/әйелдер үлесі)
•  Аумағы бойынша
•  Геосаяси орналасуы бойынша
•  Климаты бойынша
•  Климаттық белдеу бойынша
•  Шекара сипаты (ұзындығы, ашықтығы, ландшафт және т.б.) бойынша
•   Көрші елдер саны бойынша
•  Жіө мөлшері (экспорт көлемі) бойынша
•  Жіө өсу қарқыны бойынша
•  Экономика түрі бойынша (аграрлық/өнеркәсіптік секторлар үлесі) бойынша
•  Экономика ерекшеліктері (шикізат және басқа секторлар үлесі) бойынша


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау