138
4 .4 . Егер Куәлік жарамсыз болып қалса немесе жоғалса дайындықтан
өткен азаматтардың өтініші бойынша Куәліктің дубликаты беріледі, онда «Ду-
бликат» деген белгі болады . Бұл жағдайда дайындықтан өткен, алмастырушы
ата-аналыққа үміткерлерді есепке алу журналында «Ескерту» бағанына сәйкес
жазба жазылады .
V. Дайындықты жүргізген мамандар біліктілігі мен құрамына
қойылатын талаптар
5 .1 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді базалық кәсіби жоғары білімі
бар, сондай-ақ алмастырушы отбасылармен және асырап алынған балалар-
мен жұмыс істеген тәжірибесі бар, ересектерді оқыту дағдыларын меңгерген
мамандар, әлеуметтік педагогтар (әлеуметтік қызметкерлер), заңгерлер, психо-
логтар, медицина қызметкерлері дайындайды .
5 .2 . Дайындықты жүргізетін, тәжірибелік сабақтар (тренинг) өткізетін
қызметкерлер сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу тех-
нологиясын меңгерулері қажет .
5 .3 . Азаматты психологиялық зерттеуден өткізетін және оның отбасының
әлеуметтік-психологиялық диагностикасын жасайтын қызметкерлер аталған
зерттеулер мен диагностиканы жүргізу әдістері мен әдістемесін меңгерулері
тиіс .
5 .4 . Дайындықты жүргізетін қызметкерлер 3 жылда 1 рет дайындық
бағдарламасының мазмұнына және ересектерді оқыту технологиясына,
әлеуметтік-психологиялық тренингтерді өткізу технологиясына қатысты
мәселелер бойынша біліктіліктерін арттыру тиіс .
5 .5 . Дайындықты жүргізуге өз отбасыларында ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балаларды тәрбиелеуде оң тәжірибе көрсетіп отырған асырап алушы
ата-аналар тартылуы мүмкін (ереже бойынша 3 жылдан кем емес) .
139
Жетім баланы және/немесе ата-ана
қамқорлығынсыз қалған баланы өз
отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін
тұлғаларды дайындау жөніндегі
Регламентке
№1 қосымша
Өкілеттіктерді беру туралы
үлгілік келісімшарт
«___» ___________20__ж .
______________ тұлғасында, әрі қарай «№1 Тарап» деп аталатын
бір тараптан және _____________ әрі қарай «№2 Тарап» деп аталатын,
______________ негізінде жұмыс істейтін _____________ тұлғасында, екінші
тараптан төмендегілер туралы осы келісімшартты жасады:
1. Келісімшарт мәні
1 .№ 1 Тарап № 2 Тарапқа жетім баланы және/немесе ата-ана
қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін
(асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, меймандос
отбасы, асырап алушы отбасы) азаматтарды (әрі қарай – алмастырушы ата-
аналыққа үміткерлер) дайындау бойынша өкілеттікті жүзеге асыру құқығын
береді, ал №2 Тарап осы келісімшарт шеңберінде аталған өкілеттіктерді
адал атқаруға міндеттеме қабылдайдые .
2. №1 Тараптың міндеттері
2 .1 . № 2 Тарапқа «алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді» дайындау
өкілеттігін береді;
2 .2 . № 2 Тараптың қызметіне бақылау жасап, оған берілген өкілеттіктердің
орындалуын қадағалайды;
2 .3 . «Алмастырушы ата-аналарды» тағайындау туралы немесе «ал-
мастырушы ата-аналарды» тағайындаудан бас тарту туралы шешім
қабылдаған кезде және азаматтың «алмастырушы ата-ана» болу мүмкіндігі
немесе бола алмайтындығы туралы қорытынды жасаған кезде № 2 Тараптың
ұсыныстарын ескереді .
3. №2 Тараптың міндеттері
3 .1 . Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға алмастырушы ата-ана
болғысы келетін немесе Қазақстан Республикасының отбасы заңнамасында
140
белгіленген басқа формаларында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар-
ды тәрбиелеуге алғысы келетін азаматтарды іріктеу, есепке алу және дайын-
дау Регламентіне сәйкес алмастырушы ата-ана болуға ниетті азаматтарды
қайтарымсыз негізде дайындайды .
3 .2 . Алмастырушы ата-ана болғысы келетін азаматты асырап алушының,
қорғаншының, қамқоршының, патронаттық, меймандос және асырап алу-
шы тәрбиелеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
құқықтарымен, міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстырды .
3 .3 . Алмастырушы ата-ана болуға ниетті азаматтар үшін педагогика мен
психология, медициналық білім негіздері бойынша оқыту семинарларын,
тренингтік сабақтарды ұйымдастырады .
3 .4 . Алмастырушы ата-ана болғысы келетін азаматтардың келісімімен
олардың өз отбасына кәмелеттік жасқа толмаған баланы қабылдауға
дайындығын бағалау үшін психологиялық зерттеу жүргізеді .
3 .5 . Қорғаншылық және қамқоршылық органына азаматтың алмастыру-
шы ата-ана болу мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды .
4. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
Осы келісімшарт ________________ бойы қолданылады және қол
қойылған сәттен бастап күшіне енеді .
Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 2 данада,
тараптардың әрқайсына бір данадан жасалды .
5. Келісімшартты бұзу және шарттарын өзгерту
Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша немесе келісімшарттың
қолданылу мерзімі аяқталғанда бұзылады . Тараптардың қарауына қарай
келісімшартқа қосымша шарттар енгізілуі мүмкін . Бір жақты тәртіпте
өзгертулер енгізуге тыйым салынады . Тараптардың бірі келісімшарттың
шарттарын орындамаған жағдайда Келісімшарт қолданылу мерзімі
аяқталмай тұрып бұзылуы мүмкін .
6. Тараптардың мекенжайлары мен реквизиттері
7. Тараптардың қолы
141
Жетім баланы және/немесе ата-ана
қамқорлығынсыз қалған баланы өз
отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін
тұлғаларды дайындау жөніндегі
Регламентке
№2 қосымша
Өзара байланыс жөніндегі
үлгілік келісімшарт
«___» ___________20__ж .
____________________________ әкімшілігі, ______________ негізінде
жұмыс істейтін ______________ тұлғасында, әрі қарай «№1 Тарап» деп ата-
латын бір тараптан және _____________ әрі қарай «№2 Тарап» деп атала-
тын, ______________ негізінде жұмыс істейтін _____________ тұлғасында,
екінші тараптан төмендегілер туралы осы келісімшартты жасады:
1. Келісімшарт мәні
1 .1 . Тараптар ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына
тәрбиелеуге алғысы келетін тұлғаларды дайындау және оларды қолдау
кезінде және мемлекеттік қорғауға мұқтаж балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау мақсатында психологиялық-медициналық-әлеуметтік
көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсету кезінде өзара байланыс
орнатуға өз өкілеттіктерінің шегінде міндеттемелер қабылдайды .
2. №1 Тараптың міндеттері
2 .1 . Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге
алғысы келетін азаматтарды іріктейді және есепке алады .
2 .2 . № 2 Тарапқа ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына
тәрбиелеуге алғысы келетін, алмастырушы ата-аналыққа үміткерлер туралы
ақпаратты жеткізеді .
2 .3 . ___________ бірге алмастырушы ата-аналыққа үміткерлердің отба-
сыларын зерттейді, үміткердің алмастырушы ата-ана болу мүмкіндігі туралы
қорытынды мен есеп дайындайды .
2 .4 . № 2 Тарап өкілдерінің пікірін ескере отырып, баланы отбасына беру
туралы шешім қабылдайды .
2 .5 . ___________ ауданының жергілікті атқарушы билік органы
Әкімшілігінің жанындағы Қорғаншылық кеңесінің отырысы өтетін уақыт пен
орынын хабарлайды .
Достарыңызбен бөлісу: |