Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет2/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

5
КІРІСПЕ
Осынау тыныш кезде бізде мыңдаған жетімдер бар – біздің бала-
лар үйі мен жетім балалар үйі нық толы . Бұл, өкінішке орай, жалпы 
әлемдік беталыс және жаһандануға қарсы шығушылық . Бірақ біз 
осы беталысқа қарсы тұруымыз керек . Біздің мемлекетіміз және 
қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасылық типтегі ба-
лалар үйінің құрылысын салуды көтермелеу керек .
Қазақстан Республикасы Президенті - Ұлт Көшбасшысы  Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына  
«2050 стратегиясы» Жолдауы
«Әлеуметтік  саясаттағы  мемлекеттің  басымдылығы  адами 
капиталдың дамуына ауқымды инвестициялар болуы керек» .
Қазақстан Республикасы Президенті - Ұлт Көшбасшысы  
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 
2015 жылғы 30 қараша
Қазақстандық  қоғамның  заманауи  ауысу  барысы  балалыққа  қатысты 
әлеуметтік  саясаттың  қайшылықтарымен  шартталады .  Балалардың 
құқығын  қорғау  және  сақтау  бойынша  конституциялық  және  басқа  да 
заңнамалық  кепілдіктер  олардың  шынайы  қамтамасыз  етілуімен  елеулі 
қарама-қайшылықта  болып  келеді .  Бұл  қарама-қайшылық  айрықша 
дағдарыстық  болып,  жетім  қалған  (әртүрлі  себептермен)  және  әртүрлі 
типтегі  интернаттық  мекемелерде  тұруға  мәжбүрлі  балаларға  қатысты 
байқалады .
Қазақстан  өзін  1994  жылы  Балалардың  құқығы  туралы  конвенцияға 
қосылған және 20 жылдық тәуелсіздігіаралығында Конвенция ережелерімен 
және  баланың  отбасында  тұрып,  тәрбиелену  құқығына  сәйкес  балалардың 
мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету көзқарасынан ұлттық заңнаманы 
жетілдіру  бойынша  үлкен  жұмыс  жасаған  әлеуметтік  дамыған  және 
құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді . ҚР Заңдары қабылданды: «Қазақстан 
Республикасындағы  бала  құқығы  туралы»,  «Мемлекеттік  жастар  тәжірибесі 
туралы»,  «Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік 
жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң және т .б . 


6
2006  жылы  баланың  құқықтары  туралы  БҰҰ  Конвенциясына  сәйкес 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың 
құқығын қорғау комитеті құрылды, оның негізгі мақсаты балалардың құқығын 
және  заңды  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету  бойынша  мемлекеттік 
саясатты жүзеге асыру болып табылады .
2007 
жылы 
Қазақстан 
Үкіметімен 
«Қазақстан 
Балалары» 
Бағдарламасы  қабылданды,  онда  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін  от-
басыларына  жайғастыру  немесе  отбасылыққа  жақындатылған  жағдай 
жасау маңыздылығы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім 
балалардың  жемісті  әлеуметтік  бейімделуінің  маңызды  механизмдерінің 
бірі ретінде белгіленген .
Бірақ,  барлық  жасалған  жұмыстарға  қарамастан  Қазақстан  әлікүнге 
дейін  барлық  балаларға  олардың  отбасында  тұрып  және  тәрбиеленудегі 
заңды  құқықтарын  қамтамасыз  етуден  алыс,  ал  көңілді  жұбатпайтын 
статистиканың  көрсетуінше,  жылсайын  республикада  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған 8 мыңдай бала анықталуда, оның 3 мыңнан аста-
мы балалар үйіне түседі . Соңғы жылдары толық мемлекеттік қамтамасыз 
етілуге берілген балалар санының бірізді (жылдан жылға) өсуінің негативті 
тенденциясы айрықша қобалжу туғызуда . Егер 2012 жылы балалар үйіне 
2231 бала жайғастырылса, 2014 жылы 2839 бала, сонымен қатар 212 бала 
асырап алу, қорғаншылық,  қамқоршылық және патронат күшін жойғаннан 
кейін балалар үйіне түскен .
ҚР  БҒМ  Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  мағлұматы  бой-
ынша республикада 2015 ж . басына жетім балалар және ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  (бұдан  әрі-жетім  балалар)  балалар  саны  32  362 
жетті . Оның ішінде 21 350 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларында 
қорғаншылық пен қамқоршылықта және 1 820 – патронаттық тәрбиеленуде, 
9  192  бала  188  балалар  үйінде  тәрбиеленуде .  Балалар  үйіндегі  7395 
(80,4%) балаларды 7-ден 18 дейінгі жастағы балалар құрайды, сәйкесінше 
балалардың тек 19,6% ғана (1797 адам) – 6 жастағы балалар .
Бүгінгі күнде интернаттық мекемелердің жүйесі 58 балалар үйі мен ин-
тернат мектептер, 25 бала үйі, 18 ақыл-есі кем балаларға арналған балалар 
үйі-интернаттар, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінің 
13 жетімхана,  28 жастар үйі, 29 балалар үйі мен отбасылық типтегі ауыл-
дар және 17 жеке меншік балалар үйі құрайды [1] . 
Жетім балаларға қамқоршылық жасаудың Қазақстандық жүйесі әлікүнге 
дейін балаларды өз бетінше заңға бағынышты өмірге сапалы дайындауға 
назар бөлмей, «кәмілеттікке дейін ұстау» принципі бойынша жұмыс жасай-
ды . Ал тәрбиелеу мен әлеуметтендіру сапасының тиімсіздігі Жасөспірімдер 


7
Кіріспе
үйлері мен Жастар үйлерін ашу арқылы, яғни оларды күту құнының өсуімен 
жетім балалардың интернат мекемелерінде болуларының шектік мерзімін 
әрдайым «ұзарту» арқылы шешіледі .
Тарихи  шарттардың  (әлеуметтік  сүргіндер,  қуғын-сүргіндер,  соғыстар 
нәтижесіндегі  жетімдіктер),  әлеуметтік  қорғау  жүйесінің  нақты  инерттілігі 
мен  қалыптасқан  салттар  күшіне  орай  Қазақстанда  нақты  интернаттық 
типтегі  балалар  үйі  бірінші  орын  алады .  Қоғамдағы  құқықтық  қатынастар 
мен  экономиканың  дамуымен  қатар,  бала  мен  отбасы  мүддесінде  әр 
баланың потенциалының толық дамуына септік тигізетін қамқоршылықтың 
басқа да альтернативті формаларын кеңірек қолдануды талап етеді . Осы 
зерттеу  жобасы  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен 
жетім  балалардың  отбасылық  жайғастырылуының  қазақстандық  және 
халықаралық  тәжірибесін,  қазақстандық  асырап  алушы/алмастырушы 
отбасыларының экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық 
мәселелерін сараптау мақсатында жүргізілген болатын .
Зерттеу алдында келесі тапсырмалар тұрды:
1) Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды  асырап  алушы  және  меймандос  отбасыларына  жайғастырудың 
(тәртібі, механизмі) қазақстандық және халықаралық тәжірибесін зерттеу . 
Жасалған зерттеулерді, сараптама мен статистика деректерін, отбасылық 
жайғастыру  саласындағы  жетекші  қазақстандық  сарапшылармен  жарты-
лай құрастырылған сұхбат нәтижелерін кабинеттік сараптау жолымен ата-
ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  жайғастырудың  шетелдік  және 
қазақстандық тәжірибесі жиынтықталды . 
2)  Жетім  балаларды  және  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  асырап  алушы  және  меймандос  отбасыларына,  балаларды 
тәрбиелеуге  алуға  дайын  отбасыларына  жайғастыру  тәжірибесін  зерт-
теу  бойынша  әлеуметтік  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу .  Осы  сегменттік 
зерттеуді  зерделеудің  мәні  осы  күнде  асыранды  балалары  бар  отбасы-
лар, ал зерттеудің мақсаты – тәрбиелеуге балаларды алған адамдардың 
демографиялық  және  психологиялық  ерекшеліктерін  анықтау,  сонымен 
қатар адамдардың асыранды ата-ана болуларының айқын және жасырын-
ды себептерін анықтау болып табылады .
3)  «Меймандос  отбасы»  институтына  қатысты  сұхбатберушінің  түсінігі, 
қарым-қатынасы және нақты тәжірибесінің жүйесін, оның маңыздылығы мен 
Қазақстанға ендіру мүмкіндігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу . 


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау