121
4 .6 . Білім беру ұйымының басшысы бала туралы берілген мәліметтердің
дұрыстығына заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік алады .
4 .7 . Тәрбиеленушілер баланы (балаларды) тәрбиелеу және қамтамасыз
ету шарттары туралы келісімшарт негізінде келісімшартта көрсетілген мерзімге
тәрбиелеуге беріледі . Асырап алушы отбасына берілген әр жетім балаға не-
месе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға жеке келісімшарт жасалады .
4 .8 . Балалардың асырап алушы отбасына берілуі асырап алушы ата-
аналар мен тәрбиеленушілер арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық
қатынастарды туындатпайды .
4 .9 . Балаларды тәрбиелеу және қамтамасыз ету шарттары туралы
келісімшарт маңызды себептер болған жағдайда (дерт, отбасылық немесе
мүліктік жағдайдың өзгеруі, баламен (балалармен) түсінісе алмау, балалар
арасындағы жанжал және басқалары) асырап алушы ата-аналардың баста-
масымен, сондай-ақ асырап алушы отбасында баланы (балаларды) ұстауға,
тәрбиелеуге және білім алуына қолайсыз жағдайлар туындағанда, баланы
ата-анасына қайтарған немесе асырап алған жағдайда қорғаншылық және
қамқоршылық органының бастамасымен бұзылуы мүмкін .
4 .10 . Балаларды тәрбиелеу және қамтамасыз ету шарттары туралы
келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу салдарынан туындаған барлық мүліктік
және қаржылық мәселелер тараптардың келісімімен шешіледі . Егер тараптар
келісе алмаса, дау сот тәртібінде шешіледі .
4 .11 . Асырап алушы отбасындағы тәрбиеленушілердің ата-ана құқығынан
айырылған әке-шешелерімен және туысқандарымен араласуы қорғаншылық
және қамқоршылық органының асырап алушы ата-аналармен келісілген
рұқсаты негізінде асырап алушы отбасының орналасқан жері бойынша жүзеге
асырылады . Ол рұқсатта кездесу уақыты, орыны және ұзақтығы көрсетіледі .
4 .12 . Баланы асырап алушы отбасына бергенде баланың пікірі ескеріледі .
10 жасқа толған баланың жазбаша келісімі болған жағдайда ғана ол бала асы-
рап алушы отбасына беріледі .
4 .13 . Бауырлар мен апалы-сіңілілерді ажыратуға жол берілмейді . Олардың
мүдделері үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда .
4 .14 . Асырап алушы отбасына берілетін әр балаға қорғаншылық және
қамқоршылық органы немесе білім беру ұйымы тәрбиелеуші-ана-аналарға
келесі құжаттарды береді:
1) жергілікті атқарушы органдардың асырап алушы отбасына тәрбиелеуге
беру туралы рұқсаты (әкімшілік қаулысы мен білім басқармасының бұйрығы);
2) туу туралы куәлік (жеке куәлігі);
3) денсаулық жағдайы мен екпелер туралы медициналық құжаттар;
4) білімі туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) ата-анасы туралы мәлімет (ата-анасының қайтыс болғаны туралы
Қосымша
122
куәлікті көшірмесі, сот шешімі (ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру не-
месе шектеу туралы, ата-анасын хабарсыз кеткен деп тану немесе қабілетсіз
(қабілеті шектелген) деп тану туралы, қайтыс болды деп жариялау тура-
лы, ауруы туралы анықтама, ата-анасын іздестіру туралы анықтама және
ата-анасының жоқтығын немесе олардың балаларды өздері тәрбиелеу
мүмкіндіктерінің жоқтығын растайтын басқа құжаттар);
6) бауырларының, әпкелерінің және басқа жақын туыстарының бар екендігі
және тұрғылықты мекенжайлары туралы анықтама, олардың тұрғылықты ме-
кенжайларын, телефонын, жұмыс орындарын көрсету;
7) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүлік тізбесі, оның сақталуына
жауапты тұлғалар туралы мәлімет;
8) кәмелеттік жасқа толмағандарға баспана бекітілгені туралы құжаттар,
мемлекеттік баспана қорынан баспана алуға есепке қойылғаны туралы
мәлімет, кезек нөмірін көрсету;
9) ата-анасында жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы мәлімет;
10) әлеуметтік жәрдемақы (егер болса) алатын баланың атына дербес шот
ашу туралы келісімшарт көшірмесі, соттың алимент өндіру туралы шешімінің
көшірмесі (оны баланың ата-анасы немесе оны алмастырушы тұлға алған
жағдайда) .
11) ЖСН;
12) баланың анкетасы .
4 .15 . Асырап алушы отбасына мүгедек баланы немесе ата-анасы қайтыс
болған (сот тәртібімен қайтыс болған деп танылған, хабарсыз кеткен деп
танылған) баланы тәрбиелеуге берген жағдайда асырап алушы ата-аналарға
бір уақытта зейнетақы куәлігі беріліп, білім беру ұйымының орналасқан
жері бойынша аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау басқармасына зейнетақы төлеу мәселесі бойынша жүгіну тәртібі
түсіндіріледі . Егер мүгедектігі бойынша зейнетақы немесе асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша зейнетақы тағайындалмаған болса асырап алу-
шы ата-аналарға зейнетақы алуға құқылы екенін растайтын құжаттар беріліп
(ата-анасының жұмыс өтілі мен табысы туралы құжаттар, медициналық-
оңалту сараптамалық комиссиясының балаға мүгедектік белгілеу туралы
қорытындысы және т .б .), аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасына зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен
жүгіну тәртібі түсіндіріледі .
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тікелей асырап алушы ата-аналарға
қорғаншылық және қамқоршылық органы баланы (балаларды) асырап алушы
отбасыларға тәрбиелеуге беру туралы шешім шығарғаннан кейін 2 апта ішінде
беріледі .
123
4 .16 . Тәрбиеленушінің асырап алушы отбасында болу уақыты өткенде
барлық аталған құжаттар тәрбиеленушіге немесе оның қорғаншысына беріледі,
ал асырап алушы ата-аналармен жасалған еңбек келісімшарты мерзімінен
бұрын бұзылған жағдайда оларды акті бойынша білім басқармасына (бөліміне)
береді .
5. Тәрбиеленушінің құқықтары мен міндеттері
5 .1 . Асырап алушы отбасындағы тәрбиеленушілер құқылы:
1) тегін қамтамасыз етілуге және мемлекеттік білім беру стандарттарына
сәйкес білім алуға;
2) өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға;
3) адами қасиеттері мен абыройын қорғауға, ақпарат еркіндігіне;
4)
эмоционалдық-тұлғалық
қарым-қатынаста
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға;
5) физикалық және психикалық күш көрсетудің барлық түрінен, жеке ба-
сын қорлаудан қорғануға;
6) өзінің шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға;
7) оқуда кәсіби көмек алуға;
8) демалуға, демалыс, мереке күндері мен каникул кезінде
ұйымдастырылған ойын-сауыққа .
9) баспанаға меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтауға, ал
баспанасы болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй
заңнамасына сәйкес алуға құқылы;
10) банктік салымнан пайыз түрінде алынған табысқа;
11) өзіне тиесілі баспананы жалға беруден түскен табысқа;
12)
ата-анасынан
алатын
алиментке,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақы мен басқа әлеуметтік
төлемдерге;
13) ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 60-62
және 67-баптарында қарастырылған басқа құқықтар;
5 .2 . Он жасқа толған тәрбиеленушінің пікірін ескеру міндетті . Бұған оның
мүддесіне қайшы келетін келесі жағдайлар қосылмайды:
1) соттың оның ата-анасының баланы білім беру ұйымынан өздеріне
қайтару туралы талабын қарастыруы кезінде;
2) соттың оның ата-анасының ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы
талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуы;
3) соттың оның ата-анасының ата-ана құқығын шектеудің күшін жою тура-
лы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуы .
5 .3 . Жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған, асырап алушы ата-
анаға берілген бала өзіне тиелісі алименттерді алу, ата-анасының бірыңғай
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |