бастап осы қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.
2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу,
сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау,
сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалану болып танылады.
Егер өнiмде оны пайдалану басталған күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi
формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң әрбiр
белгiсi немесе соған барабар белгi болып, ол қорғалатын әдiс пайдаланылса, өнiм
қорғалатын өнертабысы немесе пайдалы моделі бар деп танылады, ал қорғалатын әдiс
қолдануға болады деп табылады.
Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы
мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.
Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi
белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, ол қорғалатын
өнеркәсiптік үлгiсi бар деп танылады.
3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.
Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану
жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм
болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша
пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге
немесе қорғау құжатын басқа адамға беруге құқығы жоқ.
Патент иеленушi қолданылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнің патенттелгенін
көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.
4. Патент иеленушi өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және ол тиімді
коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, егер өнеркәсіптік
меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғашқы жарияланғаннан кейiн
өнеркәсіптік меншік объектісі осындай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген үш жыл
iшiнде үздiксiз пайдаланылмаған болса, сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан
күн ішінде кез келген адам өзiне мәжбүрлі ерекше емес лицензияны алып беру туралы
өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауының құқыққа сыйымды
себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот көрсетілетін лицензияны пайдалану шегiн,
мерзімдерін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн айқындай отырып береді. Төлем мөлшерi
лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған нарықтық бағасынан төмен болып
белгіленбеуге тиiс.
Мәжбүрлі ерекше емес лицензия:
1) ұлттық қауіпсіздікті немесе халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету қажет
болған;
2) патент иеленуші өзінің айрықша құқықтарын теріс пайдаланған, оның келісімімен
басқа тұлғаның осындай айрықша құқықтарды теріс пайдалануына жәрдемдескен немесе кедергі
жасамаған жағдайларда да беріледі.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жартылай өткізгіштер технологиясына жатқызылатын
өнертабысты пайдалануға арналған мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге оны мемлекеттік
және қоғамдық мүдделерге орай коммерциялық емес пайдалану үшін ғана немесе сот
тәртібімен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзады
деп танылған ережелерді өзгерту үшін жол беріледі.
Кез келген мәжбүрлі ерекше емес лицензия мұндай лицензия патенттелген дәрілік
затты немесе патенттелген процесс арқылы алынған дәрілік затты Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өндірістік құралдар болмаған немесе
жеткіліксіз болып табылатын аумаққа экспорттау мақсаты үшін дәрілік затқа немесе дәрілік
затты дайындау процесіне сұратылатын жағдайларды қоспағанда, бiрiншi кезекте Қазақстан
Республикасы iшкi нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілуге тиiс.
Мәжбүрлі ерекше емес лицензия берiлген адам көрсетілген өнеркәсіптік меншік
объектісін пайдалану құқығын басқа адамға осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен
бiрге ғана бере алады.
Мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге себеп болған мән-жайлардың қолданысы
тоқтатылған жағдайда оның күші сот арқылы жойылуға жатады.
5. Тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басқа қорғау құжатын иеленушiнiң құқықтарын бұзбай
пайдалана алмайтын патент иеленушінің Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк
меншiк объектiсiн пайдалануға мәжбүрлі ерекше емес лицензияны өзіне беру туралы
өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басқа қорғау құжатын иеленушінің құқықтарын
бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленуші өзінің өнеркәсіптік меншік объектісі маңызды
техникалық жетістікті білдіретінін және басқа қорғау құжатын иеленушiнiң өнеркәсіптік
меншік объектісінің алдында айтарлықтай экономикалық маңызға ие екенін дәлелдесе, сот
оған мәжбүрлі ерекше емес лицензия беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Көрсетілген лицензияны беру кезінде қорғау құжаты басқа тұлғаға тиесiлi
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, мерзімдерін, төлем мөлшерi мен
тәртiбiн сот айқындауға тиiс. Бұл ретте төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес
белгiленген лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Осы тармақтың негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы
бұл құқық қорғау құжатына байланысты берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне тек қана
осы қорғау құжатын берумен бірге берiлуi мүмкiн.
Осы тармаққа сәйкес мәжбүрлі лицензия берілген жағдайда, көрсетілген лицензияның
негізінде пайдалану құқығы берілген қорғау құжатына патент иеленушінің мәжбүрлі лицензия
берілген тәуелді өнертабысты пайдалануға лицензия алуға да құқығы бар.
6. Патент иеленушi өзі алған қорғау құжатын жеке немесе заңды тұлғаларға бере
алады. Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда мiндетті түрде тiркелуге жатады.
Қорғау құжатын басқаға беру шартын тіркеу сараптама ұйымы жүргізетін материалдарды
сараптама нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Өзгеге беру шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы
өтініш ұсынылады.
Өтінішке:
1) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын, титулдық
парақпен жабдықталған, өзгеге беру шартының төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың
әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған
қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік
берілген екі тарап тұлғаларының не өтініш берушінің қолдары қойылады.
Өзгеге беру шарты түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері
ұсынылуы мүмкін;
2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген
жағдайда – сенімхат;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.
Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты
немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе
акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою
өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімін ұсынады.
Өтiнiш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен
көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, нотариат куәландырған қазақ және
орыс тілдеріндегі аудармасы өтінішке қоса беріледі.
Өтiнiш бiр өзгеге беру шартына қатысты болуға тиiс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды