5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы дәрi
дайындау;
6) егер қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар құралдарды Қазақстан
Республикасының аумағына азаматтық айналымға тікелей патент иеленуші немесе патент
иеленушінің рұқсатымен өзге тұлға бұрын енгізген болса, оларды Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу, қолдану, сатуға ұсыну, сату, өзге де азаматтық айналымға енгiзу немесе
осы мақсаттарда сақтау.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015
№
365-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық
қорғау
1. Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан
Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк
объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға
мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану
құқығын) сақтайды.
Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе
оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен кейін, бiрақ
өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiге немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтер
жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған тұлға патент иеленушiнiң талабы бойынша одан
әрi пайдалануды тоқтатуға міндетті. Алайда, мұндай тұлға патент иеленушiге мұндай
пайдалану нәтижесiнде өзі келтірген залалды өтеуге мiндетті емес.
3. Ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмеге экспонат ретiнде қойылған
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне оны көрмеге қойған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей
осы объектiге өтiнiм берiлген жағдайда, көрмеге қойылған күннен бастап қорғау құжатын
беру туралы мәлiметтердiң алғашқы жариялануына дейiн уақытша құқықтық қорғау берiледi.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде өнеркәсiптік меншiк объектiсiн
пайдаланушы адам патент иеленушiге қорғау құжаты берiлген соң ақшалай өтемақы төлейдi.
Өтемақы мөлшерi тараптардың келiсiмдерiмен белгiленедi.
Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен
реттеу туралы келісіммен аяқтауы мүмкін, оларға тараптар қол қояды және оларды сот
бекітеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09.
N 586
, 2007.03.02.
N 237
;
07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға
құқық беру
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк
меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде
пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шарт лицензиатқа:
1) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн және басқа
адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай отырып, оны
пайдалану құқығын;
2) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтай
отырып, бiрақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру
құқығынсыз;
3) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай
және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын берудi
көздеуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензия түрi көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым болып
табылады.
3. Лицензиаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығына лицензияны басқа
тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруі туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық
шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн
лицензиар алдында лицензиат жауапты болады.
4. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға арналған
лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт, сондай-ақ оған қосымша келісім жазбаша
нысанда жасалады және уәкiлеттi органда міндетті түрде тiркелуге жатады. Жазбаша нысанды
немесе тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
Лицензиялық шартты тiркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау
нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиялық
шартты, сондай-ақ оған қосымша келісімді тiркеу тәртiбiне лицензиялық шартты тiркеу
туралы ережелер қолданылады.
4-1. Лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы
өтініш ұсынылады.
Өтінішке:
1) титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі.
Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба
жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған
уәкілеттік берілген екі тарап тұлғаларының қолдары қойылады.
Материалдарды тіркеуге беру шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай мерзімнен
кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы
мүмкін;
2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген
жағдайда – сенімхат;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.
Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, лицензиардың
(қосалқы лицензиардың) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлғаның атынан
өтініш берілген жағдайда кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі
жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтiнiш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен
көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, өтінішке олардың нотариат
куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.
Өтiнiш бiр лицензиялық шартқа қатысты болуға тиiс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті
органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар шартты тiркеуге
байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген
өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан
Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен
жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілсіз
жүзеге асырады.
4-2. Лицензиялық шартты тіркеген кезде осы Заңның 11-бабының 7-12-тармақтарында