авторға тек
техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты
ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды.
3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз
қорғалады.
4.
Алып тасталды - ҚР 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Неғұрлым маңызды және кең пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары «Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге ұсынылуы мүмкін. «Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын уәкілетті
орган айқындайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014
N
239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Патент иеленушi
1. Қорғау құжаты:
1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына);
2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс берушіге;
3) құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға), оның ішінде басқаға беру
тәртібімен тиісті құқықты алған адамға (адамдарға);
4) бір-бірімен келісімдері болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бірге
беріледі.
2. Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше
көзделмесе, өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне қорғау құжаттарының құқықтары
жұмыс берушіге тиесілі болады.
3. Егер автор мен жұмыс беруші арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автор өзінің
қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындаумен байланысты
емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ техникалық немесе өзге де материалдық
құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік
үлгіге қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады.
Егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі құрамына осы жұмыс берушінің
қызметкері болып табылмайтын адам кіретін бірнеше адамның бірлескен
шығармашылық
еңбегімен жасалса, мұндай адамның осы өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне
қатысты құқықтары оның аталған жұмыс берушімен және басқа да авторлармен жасасатын
шартында анықталады.
Егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілерін шарт негізінде бірнеше жұмыс
берушінің жұмысты бірлесіп орындауы нәтижесінде авторлар жасаса,
осы жұмыс берушілердің
өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне құқықтары олардың арасындағы шартпен
анықталады.
4. Өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі жасалған жағдайда, автор
өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісін жасау фактісі анықталған күннен бастап бір
ай ішінде жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Хабарламаға автор (авторлар) қол қояды және онда:
1) автордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі
көрсетілуге;
2) өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің атауы;
3) оның жасалу жағдайы мен орны, болжалды қолданылу саласы;
4) жұмыс берушінің қызметіндегі өнеркәсіптік меншік объектісінің мәнін ашуға,
санатын айқындауға және жарамдылығын бағалау үшін жеткілікті түрде толық жасалған
сипаттама қамтылуға тиіс.
Жұмыс беруші автор (авторлар) берген өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің
жасалғаны туралы хабарламаны оны берген күні қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл
жөнінде авторға (авторларға) жазбаша нысанда хабарланады.
Егер сипаттама және өтінімді ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтер толық болмаса,
онда жұмыс берушінің қызметкерден өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі туралы
қосымша материалдарды сұратуға құқығы бар, ол қосымша материалдарды сауал алған күннен
бастап бір ай ішінде ұсынады. Мұндай жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген
мерзімінің өту барысы тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер алынғаннан бастап
қайта қалпына келтіріледі.
5. Егер қызметкер қорғау құжатын алуға құқылы жұмыс берушіні өнеркәсіптік
меншіктің қызметтік объектісінің жасалғандығы
туралы хабардар етпесе, онда осы баптың 7-
тармағында көрсетілген мерзім жұмыс берушіге оның жасалғаны туралы белгілі болған күннен
басталады.
Егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің жасалу фактісін жұмыс беруші
анықтаса, онда ол бұл жөнінде авторды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бұл
ретте, егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын алу құқығы жұмыс
берушіге тиесілі болса, жұмыс беруші авторды өзінің тиісті өтінімді ресімдеуді бастағаны
туралы хабардар етуге тиіс, ал автор жұмыс берушінің талап етуі бойынша өнеркәсіптік
меншіктің қызметтік объектісіне өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және
барлық авторлардың тізімін жазбаша нысанда ұсынуға тиіс.
6. Жұмыс беруші өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын
алудан оларды беруге өтінім бергеннен кейін не қорғау құжатын күшінде
ұстап тұрудан бас
тартқан жағдайда, бұл жөнінде авторды уақтылы жазбаша нысанда хабардар етуге және
авторға қорғау құжатын алу құқығын не алынған қорғау құжатын өтеусіз беруге міндетті.
7. Егер жұмыс беруші өзін автор хабардар еткен күннен бастап төрт ай ішінде
өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын беруге өтінім бермесе,
қорғау құжаттарын алу құқығын басқа тұлғаға бермесе және тиісті объектіні құпия сақтау
туралы авторға хабарламаса, онда қорғау құжатын алу құқығы авторға көшеді. Бұл жағдайда
жұмыс берушінің тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін патент иеленушімен шарт бойынша өз
өндірісінде пайдалануға басым құқығы бар.
8. Тараптардың ешқайсысының бұл жөнінде екінші тарапты хабардар етпей,
өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қатысты өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін
сараптама ұйымына қорғау құжатын алуға өтінім беруге құқығы жоқ.
9. Авторға қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін сыйақы
төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісімде
айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң қызметтiк өнертабыстарды, пайдалы модельдi
немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы
төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
айқындалады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10.
N 179-IV
Заңымен;
өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015
№ 382-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға
ерекше құқық
11-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқығы мен мiндеттерi
1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша
пайдалануға айрықша құқығы болады.
Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша
құқықты қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен