өнертабыстардың,
пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне
өзгерістер енгізуді; бір үлгідегі өзгерістер енгізуді; халықаралық және еуразиялық
өтінімдерді өңдеуді, тексеруді және салып жіберуді; өнертабыстың, пайдалы модельдің және
өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін бағалау мақсатында техника деңгейін
айқындау үшін ақпараттық іздестіру жүргізуді; автордың куәлігін, қосымшаларды және
олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды,
ұзартуды, қалпына келтіруді және қорғау құжатын күшінде ұстап тұру, ұзарту немесе
қалпына келтіру туралы мәліметтерді жариялауды; бір және бір топ өнеркәсіптік меншік
объектісіне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шарттың сараптамасын
тіркеуге өтінім қабылдауды; шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қосымша
келісімдерге сараптама жүргізуді; ашық лицензия беруге өтінім қабылдауды;
өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен
үзінді көшірмелер ұсынуды; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды;
кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, өнертабыстарға, пайдалы модельдер мен
өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама жүргізу, қорғау
құжатын беруге құжаттар дайындау, қорғау құжатын беру туралы мәліметтерді жариялау,
қорғау құжатын күшінде ұстап тұру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, қорғау құжаттарын
басқаға беру және оларды алуға құқықты басқаға беру туралы шарттарға, лицензиялық
(қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Өнертабыстардың, пайдалы
модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет
мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық
нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:
1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін, өтінім материалдарының көшірмелерін,
қарсы қойылған құжаттардың көшірмелерін дайындау, қорғау құжаттары жөнінде анықтамалар,
статистикалық мәліметтер ұсыну;
2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу
бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 1-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09
N 586
Заңымен, жаңа
редакцияда - ҚР 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен
қорғалады.
2. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген
сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi.
Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi
бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты
куәландырады.
3. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы
заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа,
пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты
куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ
бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім
берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен
уақытқа ұзартылады.
Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады.
Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан
аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы
қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент
иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес
жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу
мерзiмiн ұзарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi
олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге патентпен берiлетiн құқық қорғау көлемi
бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған және өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi
белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады.
Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар
пайдаланылуы мүмкiн.
Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен алынған
өнiмге де қолданылады.
Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып
есептеледi.
5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау
құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе iшiнара
басқа адамға берiлуi мүмкiн.
6. Мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне осы Заңға сәйкес
құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбiн
уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2007.03.02
N 237
,
2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке
қабілеттілігінің талаптары
6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары
1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды
болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып
табылады.
Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса,
өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние
жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.
Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге
бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге
(қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында берiлген өтiнiмдер және
Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi.
Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да
салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады.